ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Облыстық тамыз кеңесі өткізілді

 

Тамыздың 24-і күні Түркістан қаласында білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі болып өтті.

Дәстүр бойынша өтетін бұл тамыз кеңесінде өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алға қойған мақсат-міндеттер туралы айтылды.

Тамыз кеңесін облыс әкімі Ө.Шөкеев келген қонақтар мен саланың ардагер ұстаздарын Түркістан қаласының көрнекті әрі білім саласына қатысы бар орындарын таныстырудан бастады. Облыс әкімінен өзге «CONGRESS HALL» ғимаратында өткен кеңеске «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы К.Шамшидинова, ғалым Е.Бейсембетов және басқалар қатысып, өз ұсыныстарын айтты және саладағы жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерін ортаға салды. Ал, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлы «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында баяндама жасады.

Жаңа форматта өткен жиынға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының басшылығы мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары де қатысты.

Іс-шара барысында өнерлі оқушылар қолөнер бұйымдарын жасап, сурет салды. Сондай-ақ ұстаздардың құрметіне концерт қойылып, көрме ұйымдастырылды.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Cеминар кеңес

 

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен  семинар кеңесін өткізді. Семинар кеңесінің күн тәртібі 3 мәселені қамтыды:

  1. Аудандық кәсіподақ комитетінің 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстары, қорытынды, мақсаттар.
  2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағасы, құжаттары.
  3. Әртүрлі мәселелер.

Күн тәртібі баяндалып, Раджу Сайлауұлы 2020-2021 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды толықтай айтып өтті, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағасы қызметі, құжаттары және 2022 жылғы мақсатттар жайлы аудандық кәсіподақ комитеті маманы Маккамбаев Сеитқожа баяндап, толықтай айтып өтті. Әртүрлі мәселелер бойынша хабарламалар айтылып, жаңадан жұмысқа қабылданғандардың өтініштерін толықтыру, білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитеті төрағаларына ескертпелер, ұсыныстар айтылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына көмекші құрал ретінде №2, №7, №11, №14, №19, №21, №27 ақпараттық бюллетендері таратылып берілді.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес Cеминар кеңес

«Мектепке жол» акциясы

            Республикалық «Мектепке жол» акциясы, дәстүрлі түрде басталды. Биылғы жылғы акцияның ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Президенті

Қ-Ж. Тоқаевтың жарлығымен белгіленген «Балалар жылы» аясында өтіп жатыр.

Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталып,  халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттай отырып, Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастамаға өз үлесін қоса отырып, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында, қажет құрал жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етуді жөн көрді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің  10.08.2022 жылғы №88 санды хаты негізінде Келес аудандық комитетінің ұйымдастыруымен 22 тамыз күні «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Келес аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты жалпы орта мектептерде қызмет атқаратын  көп балалы, кіші қызметкер, аз қамтылған отбасы кәсіподақ мүшелерінің мектепте оқитын  ұл-қыздарына мектеп формасын  (юбка, шалбар, жилет, рубашка, галстуктарымен) комитет төрағасы Н.Артыков және бастауыш ұйым төрағалары Т.Маматқұлов, О.Бекеев, З.Темирова, О.Турлыбеков мерекемен құттықтап, салтанатты түрде табыстады.

«Мектепке жол» республикалық акциясының өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен барша бастауыш ұйым төрағалары мен әлеуметтік педагогтарына Келес аудандық комитетінің атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Мектепке жол» акциясы «Мектепке жол» акциясы «Мектепке жол» акциясы «Мектепке жол» акциясы

Аудандық кеңейтілген мәжілісі

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің кезекті кеңейтілген атқару комитетінің мәжілісі өтті. Мәжіліске негізгі орта және жалпы орта мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды.

Мәжілістің күн тәртібінде:

1) Аудандық кәсіподақ комитетінің алты айлық бюджетінің орындалуы барысы туралы; 2) Аудандық “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы -2022” байқауын өткізу туралы;

3) 2022-2023 оқу жылындағы жаңа бағдарламаға сәйкес апталық сағат жүктемелерін бөлу туралы:

4) Аудандағы кәсіподақ қозғалысы жөнінде ақпарат қаралды. Мәжілістің соңында түрлі сұрақ -жауаптар болды заң аясында сұрақтарға жауап берілді.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық кеңейтілген мәжілісі Аудандық кеңейтілген мәжілісі Аудандық кеңейтілген мәжілісі

 

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ӨТКІЗІЛДІ.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің 10.08.2022 жылғы №88 хаты мен Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 03.08.2022 жылғы №16/08-04/143 санды хаттары негізінде аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 18-19 тамыз күндері «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде қызмет атқаратын «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарда оқитын ұл-қыздарына мектепке қажетті мектеп сумкасы мен құрал-жабдықтар табысталды.

Жалпы саны 2 кент және 9 ауылдық округтарда орналасқан білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарда оқитын ұл-қыздарына мектепке қажетті мектеп сумкасы мен құрал-жабдықтарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Атқару комитетінің мүшелері және мектеп директорлары мерекемен құттықтап, салтанатты түрде табыстады.

«Мектепке жол» республикалық акциясының өтуіне атсалысып, бізге қолдау көрсеткен барша негізгі және жалпы орта мектептердің директорлары мен әлеуметтік педагогтарына аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!

Кәсіподақтың күші бірлікте!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Аудандық семинар

2022 жылдың 18 тамыз күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті, «Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының үлкен залында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен аудандық семинар өткізді. Семинарда Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Шербаев «Білім саласында педагогтардың жұмысқа орналасу қағидалары» және «Педагогтардың біліктілік санаттарын беру туралы», Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас экономисі А.Зубайраева «Жаңа оқу жылының І жарты жылдығында тарификацияны бекіту туралы» баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар семинарда комитет төрағасының кеңесшісі Ә.Сәдірмек білім саласы қызметкерлерінің міндетті және мерзімдік медициналық қарап тексерулерден өту тәртібі мен халықтың декреттелген тобындағы адамдарды оқыту қағидаларымен таныстырды.
Семинар барысында комитет төрағасы Қ.Төлебаев Ордабасы ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің арасында жасалған екі жақты келісім мен ұжымдық шарт талаптарының орындалуына тоқталып, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берді.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Аудандық семинар Аудандық семинар Аудандық семинар Аудандық семинар Аудандық семинар Аудандық семинар

60-жас мерейтой

Шардара ауданы, Көксу ауылы, Т. Айбергенов атындағы жалпы орта мектебінде үлкен спорттық іс – шара өтті.

Мектеп мұғалімі, спорт майталманы Ерманов Есқуат ағамыздың 60 жас мерейтойына арналды.

Республикалық деңгейде өткен жарысқа Түркістан облысы басқарма басшылары, Шардара аудан әкімшілігімен бірге, Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұлықбек Назарұлы қатысып арнайы құттықтау сөзін арнады. Кәсіподақ тарапынан арнайы сыйлықтармен бірге, марапат тапсырылды. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлының арнайы ұсынысымен мерейтой иесі Есқуат мырзаға “Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін “ төсбелгісі тағылды.

Жарыс үлкен дәрежеде өтті. Алматы қаласынан келген спортшылар бас жүлдені қанжығасына байлады.

 

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

60-жас мерейтой 60-жас мерейтой 60-жас мерейтой 60-жас мерейтой 60-жас мерейтой 60-жас мерейтой

Үздік шығармашыл мұғалімдер марапатталды

ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛ МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

 

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы 2021-2022 оқу жылында өткізілген Халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқаулардың республикалық кезеңінде жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған мұғалімдерді «Құрмет грамотасымен» және облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Мақсат – 2021-2022 оқу жылында өткізілген Халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқаулардың республикалық кезеңінде жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған мұғалімдер мен үздік ұстаздар еңбегін бағалау, оларға алғыс білдіру.

Өзектілігі: өңір аймағындағы білім сапасын арттыру, зейінді, зерделі баланы анықтау. Мұғалім мамандығының құрметін ел алдында таныту.

Іс-шараға 2021-2022 оқу жылында өткізілген Халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқаулардың республикалық кезеңінде жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған Түркістан облысының аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларын дайындаған мұғалімдер қатысты.

Атап айтар болсақ: Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушының мұғалімі;

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегерін дайындаған – 22 мұғалім;

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлерін дайындағын – 8 мұғалім;

Республикалық оқулардың қорытынды кезеңінің жүлдегерлерін дайындаған -15 мұғалім.

Үздік шығармашыл мұғалімдер марапатталды Үздік шығармашыл мұғалімдер марапатталды Үздік шығармашыл мұғалімдер марапатталды Үздік шығармашыл мұғалімдер марапатталды Үздік шығармашыл мұғалімдер марапатталды

Жұлдыз ай фестивалі

«Алтын сақа» бала-бақшасында «Жұлдыз-ай»

фестивалі ұйымдастырылып өткізілді

 

Бүкіл әлемде 1 маусым – Балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау күні олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында алғаш рет бала-бақша ішілік “Жұлдыз-ай” фестивалі аталып өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған іс-шара Шорнақ ауылы “Алтын сақа” бөбекжай бала-бақшасында өткізілді.

Балаларға үнемі назар аудару керек, олар қамқорлықты сезінеді және өз қуаныштарын белсенді түрде білдіретінін атап өткен Сауран ауданы әкімі Ғ.Қ.Рысбеков бала-бақша меңгерушілері мен тәрбиешілерге Сауран ауданы әкімдігі атынан Алғыс хаттарын табыстады.

Мерекелік жиында балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі деп түсіндірген Сауран ауданының кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова тәрбиеші тағылымды тәлімімен бағалы екенін көрсеткен тәрбиешілерімізге “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төс белгісімен марапаттады. Олар “Шұғыла” бала-бақшасының меңгерушісі Бекмурзаева Дина, “Ақ көгершін” бала-бақшасының меңгерушісі Расулова Бахарамгул, “Алтын сақа” бала-бақшасының меңгерушісі Айтбенбетова Улжалгас, “Алтын ұя” бала-бақшасының меңгерушісі Хандиллаева Камшат, “Бәйшешек” бала-бақшасының меңгерушісі Бексейтова Гулжан.

Сонымен қатар бала тәрбиесінде рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаланатын тәрбиешілерімізге Түркістан облысының жергілікті кәсіподағынан құрмет грамоталары табысталды.

Барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі

Бақытты бала шақтан болашаққа

 

Бақытты бала шақтан болашаққа

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылы елімізде «Балалар жылы»  деп жариялағандығы бәрімізге де белгілі. Балалар – біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы! Балаларға еркеше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты шағы – бізідң жалпыұлттық міндетіміз.

Бүгін, яғни 1 маусым – балалар күні мерекесіне орай  «Мынжылқы» мәдениет сарайында аудан мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Балалар жылына» байланысты  салтанатты мерекелік шара өткізілді. Мәдениет сарайының 1- қабатында оқушылар шығармашылығына арналған  5-бағыттағы көрме ұйымдастырылды. Сахна төрінде ән шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен жиналған қауымды өздеріне баурап алды.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы қатысып, балалар мерекесімен құттықтай отырып, ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамып-өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау екендігін ерекше атап өтсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еспенбетов Қабылбек Амалбекұлы бата тілектерін білдірсе,  аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Айдаров Нұрәлі Тұрдыұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы ауданымыздағы білім саласындағы тың өзгерістермен, алға қойған биік мақсаттарымен таныстырып өтті.

Балалардың шаттық мерекесі мен думанды сәттері, ел болашағы балаларды мәдени, рухани тұрғыда қолдау шаралары алдағы уақытта да аудан білім және тәрбие беру ұйымдарында жалғасын табатын болады. Елімізде  басталған «Балалар жылында», ел келешегі –балаларымыздың бақытты да алаңсыз өмір сүруіне, дамып өсуіне еселі еңбегімізді арнауымыз қажеттілігі үнемі назарымызда болу керек!

 

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бақытты бала шақтан болашаққа Бақытты бала шақтан болашаққа Бақытты бала шақтан болашаққа Бақытты бала шақтан болашаққа

1 48 49 50 51 52 84