Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің V пленумы

2022 жылдың 31 мамыр күні Сарыағаш қаласындағы №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Кеңейтілген V Пленум мәжілісі өтті.

Пленумның күн тәртібінде:

“Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің” орындалу барысы жайлы мәселе қаралды.

Пленумға Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, төрағаның орынбасары А.Абуов, бөлім басшысы – заңгер Ғ.Ақбердиев, маманы Б.Қилыбай, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы С.Мусакулов, Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков және сонымен бірге аудандық білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жалпы 200-ге жуық білім саласының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша, екі тараптың өкілдері, Ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімі бсшысының міндетін қоса атқарушысы Д.Акатов, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Жарыссөзге: №39 Айбергенов жом, кәсіпоақ комитетінің төрағасы Ә.Мамбеталиев, №55 Жәутіков атындағы жом. директоры А.Қыстаубаев, №38 Мақатаев атындағы жом. кәсіподақ комитетінің төрайымы Р. Жанибекова, №53 Ғабдуллин атындағы жом. директоры Н.Сламов, “Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы Б.Еркінбек сөзге шыгып өз ойларын ортаға салды.

Қаралған мәселеде Келісімнің орындалмай жатқан тармақтары жөнінде пікір алмасты

– Апталық оқу жүктемелердің толық берілмеуі;

– Бала күтімінде отырған мұғалималарын жұмыс орнының сақталмауы;

– Кадр қабылдауда кәсіподақ комитетінің Келісімі бойынша қабылдау;

– Орталықтандырылған бухгалтерияның міндеттерінің айқындалмауы салдарынан

арыз-шағымның туындауы;

– 10% ЖЗҚ уақтылы толық аударылмауы;

– “Балақайлар мектебінде” еңбек еткен мұғалімдердің жалақысының төленбеуі;

– Шектен тыс СЭС, ТЖБ комиссиясының келіп, айыппұлдар салынуы;

– Кәсіподақ органдарының жұмысына кедергі келтірмей заңдылығын сақтау бойынша кеңінен әңгіме болды.

Соңында сұрақтарға білім бөлімінің басшысы Д.Акатов кеңінен заң аясында жауап берді.

Қорыта келе екі тарап “Келісімдегі” көрсетілген міндеттерді келісіп, жұмыла шешуге уәделесіп соңынан, 2022 жыл Әлеуметтік әріптес жылына байланысты бір қатар кәсіподақ мүшелері Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Түркістан облысының “AMANAT” партиясының Алғысы, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері” төс белгісі және Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің V пленумы Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің V пленумы Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің V пленумы Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің V пленумы Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің V пленумы

25-мамыр Соңғы қоңырау мерекесі

Төлеби аудандық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық мектептерде 25- мамыр күні мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны жоғары деңгейде атап өткізілді. Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу жылында оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттары мен үздіктері марапатталды. Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Сайлауұлы А.Молдағұлова және Қ.Байболов атындағы жалпы орта мектептеріне барып құттықтау сөзін айтып, Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы марапаттарын табыстады.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

25-мамыр Соңғы қоңырау мерекесі 25-мамыр Соңғы қоңырау мерекесі 25-мамыр Соңғы қоңырау мерекесі 25-мамыр Соңғы қоңырау мерекесі 25-мамыр Соңғы қоңырау мерекесі 25-мамыр Соңғы қоңырау мерекесі

 

«KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы

Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен Республикалық  «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің кітапханашылары мен педагогтеріне және білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары мен колледж білім алушыларына арналған «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы өткізілді.

Әр апталық шығарылымда оқырмандар өздері оқыған кітаптарын дәріптеді. Апталық жеңімпаздар әр айда айлық сайысқа шығып отырды. Бүгінгі күнге дейін педагогтер арасында 28 апталық, 7 айлық шығарылым өтсе, оқушылар арасында 17 апталық, 5 айлық шығарылым өтті.

Жеңімпаздарымызға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті демеушілігімен апталық, айлық, кезеңдерде қаржылай сыйлық беріп отырды және жыл жеңімпаздарына велосипедтер мен теледидарлар сыйға тарту етілді.

24-мамыр күні «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысының жылдық кезеңі өтті. Педагогтер арасында өткен жылдық сайыста жеңімпаз атанған қатысушылар:

  1. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Ерманова Сәуле Тұрарқызы «Жыл жеңімпазы» атағын иеленді.

Қорғаған кітабы: С.Керімбай “Бейсен және Болмыс”.

  1. Отырар ауданы, Ө.Жәнібеков ат. №4 жалпы орта лицей – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кәдірбек Балжан Қайратқызы жүлделі екінші орынды иеленді.

Қорғаған кітабы: І. Есенберлин “Ғашықтар”.

  1. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәулеталиева Сымбат Әлібекқызы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Қорғаған кітабы: А.Дакуорт “Табандылық құштарлық пен төзімділік қуаты”

  1. Төлеби ауданы, Қайнар жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Туребаева Бағила Жанатқызы “Мұқият оқырман” номинациясын иеленді.

Қорғаған кітабы: А.Алтай “Көзжендет”

  1. Ордабасы ауданы, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Таубаева Венера Айжігітқызы “Талғампаз оқырман” номинациясын иеленді.

Қорғаған кітабы: С.Досжан “Үлкен үйдегі үрей”.

  1. Төлеби ауданы, Алатау жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тастанов Абдымуталы Жаңабайұлы “Үлгілі оқырман” номинациясын иеленді.
  2. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сайлауова Айгерім Алтайқызы “Ойы ұшқыр оқырман” номинациясын иеленді.

Қорғаған кітабы: Отбасы хрестоматиясы “Логотерапия немесе өмірге құштарлық”.

 

Оқушылар арасында өткен жылдық сайыста жеңімпаз атанған қатысушылар:

 

  1. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әпен Жібек Жазылбекқызы «Жыл жеңімпазы» атағын иеленді.

Қорғаған кітабы: С.Досжан «Қасірет пен Тағдыр».

  1. Бәйдібек ауданы, Шаян көпсалалы мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Болысбек Аяулым Бексеиқызы жүлделі екінші орынды иеленді.

Қорғаған кітабы: Т.Мәмісейіт «Тектінің кегі».

  1. Ордабасы ауданы, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тоқташ Гүлдана Маратқызы жүлделі үшінші орын иеленді.

Қорғаған кітабы: Дәлелбек батыр «Тастандының тағдыры».

  1. Сауран ауданы, Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Серікбай Назгүл Бағдатқызы «Зерек оқушы» номинациясын иеленді.

Қорғаған кітабы: Д.Роулин «Гарри Поттер мен Жасырын бөлме».

  1. Ордабасы ауданы, А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рысбек Ұлназ Нөкербекқызы «Зейінді оқушы» номинациясын иеленді.

Қорғаған кітабы: С.Көбеев «Мен оқытушы».

 

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы

 

«Жүзден жүйрік –мыңнан тұлпар» атты облыстық байқау

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК– МЫҢНАН ТҰЛПАР» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ¬-АЙМАҚТЫҚ БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ

2022 жылдың 20 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Білім беруді дамыту орталығы мен Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің, Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің жылдық жоспарына сәйкес жазушы Б.Сүлейменов білім алған Кенесары хан атындағы № 62 жалпы орта мектебінің базасында «Жүзден жүйрік –мыңнан тұлпар» атты облыстық-аймақтық байқау болып өтті. Байқау 2022 жылы «Балалар жылына» орай балалар жазушысы Бейсенбай Сүлейменовтің шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін және танымдық қызығушылығын мақсатында өтті. Байқауға Жетісай, Мақтаарал, Келес, Шардара, Сарыағаш аудандарындағы мектептердің 4-сынып оқушылары қатысты. Байқаудың шартына сәйкес қатысушылар жазушы шығармалырынан 3 бағыт бойынша тапсырмалар орындады. Қазылар алқасы берілген критерийлерге сәйкесбағалап,нағыз тұлпарлар анықталып, таланттылар озып шықты.

Бас жүлде Жетісай ауданының Н.Оңдасынов атындағы №14жалпы орта мектебінің оқушысы Төрегелді Меруерт Қуанышқызы;

І орын Мақтаарал ауданының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Полат Інжу Әлимұхаммедызы;

ІІ орын Шардара ауданының Ж.Жабаев атындағы №2 жалпы орта мектебінің оқушысы Оразбай Айдын Нурказыұлы;

ІІ орын Мақтаарал ауданының «Береке» жалпы орта мектебінің оқушысы Құрал Әдемі Абзалқызы;

ІІІ орын Сарыағаш ауданының №10 Қ.Сәтпаев атындағы М.И.Г оқушысы Қуандық Ахат;

ІІІ орын Мақтаарал ауданының «Мырзакент» мектеп-гимназиясының оқушысы Туробек Кәусар Жолдыбайқызы;

ІІІ орын Келес ауданының №28 «Мақташы» жалпы орта мектебінің оқушысы Анарбай Іңкәр.

Аталған шараға балалар жазушы Бейсенбай Сүлейменов және Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Т.Мирзалиев қатысты.Олар байқауға қатысқан балалардың өнерлеріне, шығармашылық жұмыстарына өз ризашылықтарын білдірді.

Жазушы Б.Сүлейменов бүгінгі шараның жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізілгенін айта келіп, ұйымдастырушыларға және қатысушыларға өз алғысын білдіріп, кітаптарын сыйға тартты .

Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Спарханов демеушілік жасап,марапаттау рәсімінде жүлделі орын алған оқушыларға сыйлықтар тапсырды.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !

«Жүзден жүйрік –мыңнан тұлпар» атты облыстық байқау «Жүзден жүйрік –мыңнан тұлпар» атты облыстық байқау «Жүзден жүйрік –мыңнан тұлпар» атты облыстық байқау «Жүзден жүйрік –мыңнан тұлпар» атты облыстық байқау «Жүзден жүйрік –мыңнан тұлпар» атты облыстық байқау

Аудандық саяхат іс шарасы

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 14 мамыр күні  Төлеби аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен төрайымдарын ынталандыру мақсатында түрленген түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласына саяхат жасалды.  Осы саяхатты  Сайрам ауданында Қарашаш ана мен Ибрахим ата кесенелерінен бастап Түркістан облысындағы Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде және Керуен сарай демалыс аумағында болып қайтты.  Киелі орындарда тарихи-танымдық ақпараттар берілді, тарихи жәдігерлермен жақынырақ танысты. Саяхат барысында тарихи-археологиялық ескерткіштерде және заманауи үлгіде салынған «Керуен сарайында» болған олар үлкен әсер алғандарын жеткізді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Аудандық саяхат іс шарасы Аудандық саяхат іс шарасы Аудандық саяхат іс шарасы Аудандық саяхат іс шарасы Аудандық саяхат іс шарасы

РЕФЕРЕНДУМ

Референдум – тарихи өзгерістер бастауы.

Республика бойынша өткізі­летін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қоғамдық ой-пікір­ді талқылау мақ­сатында Парла­мент Мәжілісінің депутаты, «QAZUNED» Білім және ғылымның салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Берік Әбдіғалиұлы Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының активімен «Ре­ферендум-2022: Еліміздің тарихындағы рөлі мен ма­ңызы» тақырыбында кездесу өткізді.

Алдағы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өткізіліп, Конституциямыздың 33 бабына тү­зе­тулер енгізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз пікірінде мақ­сатым – халқыма мейлінше еркін­дік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту дей келе, Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар еместігін айтқан. Алда бо­латын референдумның ең негізгі ой-түйінін осы сөзбен жеткізуге болады.

Президент өзінің туған халқына барынша мол бостандық беруді мақсат етіп отыр. Халық өз тағдырын өзі шешетіндей бо­луы үшін, мемлекеттің ісін бар­лық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. 1995 жылдан бері референдум өткі­зілген емес. Төрт рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет. Өйткені конституцияның 33 бабына, яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші. Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да үлкен мәселелер бар. Бастысы «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі енгізілгелі отыр. Президент өз қолынан өкі­лет­тік­терінің біраз бөлігін парламентке беріп, парламенттің өкілеттігін кеңейткелі отыр.

Мәжі­ліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы пайымды пікір, орамды ойларын ортаға салды. Мақсат – Конс­титуциялық референдумның маңыздылығын түсіндіру. Депутат референдумның стратегиялық маңызына тоқталып өтті. Алдағы конституциялық референдум тұтас мемлекеттің бола­ша­ғына әсер ететін, бұдан да жар­қын келешектің іргетасын қалай­тын аса маңызды күн екенін жеткізді. «Бүгін біз үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп осындай кездесу ұйымдастырып отырмыз. Бұл іс-шараның да негізгі мақсаты – контитуциялық реформаны бұхара халыққа барынша сауатты түрде жеткізу деді ол өз сөзін қорытындылап.

Кездесу барысында Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек республикалық рефе­рендум өткізу тәртібі туралы баян­дама жасап, Конституциясының референдумға қа­тысты баптарын таныстырды.

Жарыссөзге шыққан филиал төрағалары Ә.Тастанбеков, Д.Әбішев және А.Жолдасовтар орын алғалы отырған өзгерістердің өзектілігін айтып, өз пікірлерін білдірді.

Кездесуде сондай-ақ Салалық кәсіподақтың ұйымдастырушылық бағыты, саяси-стратегиялық бағыты мен қаржылық бағытындағы ұстанымдары, алға қойған мақсаты мен міндеттері, салаға қатысты нормативтік құқықтық актілерге сала қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық мәселелерін қолдауға қатысты тың ұсыныстар айтылды.

Кездесудің соңында алдағы тарихи сәт – жалпыхалықтық референдумға біркісідей атсалысатын болып келісілді.

Салаға қатысты маңызды мәселелерді Үкіметке жолдау жөнінде шешім қабылданып, ол жазбаша түрде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б.Әбдіғалиұлына табыс етілді.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

РЕФЕРЕНДУМ РЕФЕРЕНДУМ РЕФЕРЕНДУМ РЕФЕРЕНДУМ РЕФЕРЕНДУМ

Волейболдан турнир

 

Түркістан облысы, Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен  7- мамыр «Отан қорғаушылар» күніне және 9-мамыр «Ұлы Жеңістің 77 жыл» толуына орай 8 ауыл әкімшіліктер арасынан білім беру мекемесінің мұғалімдерінен іріктелген ерлер мен әйелдер арасында «Волейбол» ойынынан аудандық жарыс өткізілді.

Жарыста мұғалімдер арасында достық пен ынтымақтастықты насихаттау барысында, тәжірибе алмасып, физикалық денсаулықтарын нығайта отырып, өзара мықты командалар анықталды.

Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша Ерлер командасынан:

І орын – «Ұшқын» а/ә ;

ІІ орын – «Абай» а/ә;

ІІІ орындарды – «Ошақты» а/ә және «Біртілек»а/ә

Әйелдер командасынан:

І орын – «Абай» а/ә ;

ІІ орын – «Ұшқын» а/ә;

ІІІ орындарды –«Біртілек»а/ә және «Қошқар ата» ауыл әкімшіліктері  командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздарын Абай ауыл әкімі Е.Абдрахманов құттықтап, кубокпен, ақшалай сыйлық 50000тг,  40000тг, 30000тг және 20000тг сертификаттарын марапаттап табыстады.

Ерекше ойындармен көзге түскен ерлер және әйелдер командасының арасында Номинациялық грамоталармен:

«Үздік ойыншы»

  1. Абубакиров Е. «Абай» а/ә, №7 атындағы жоббм кмм
  2. Жораева Ұ. «Жамбыл» а/ә №60 Жамбыл атындағы жоббм кмм

Допты «Үздік қабыл алушы»

  1. Джиенбеков Ж. «Ұшқын» а/ә №20 Т.Бердияров атындағы жоббм кмм
  2. Айткасимова А. «Абай» а/ә №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясы

«Үздік тосқауылшы»

Сабиров Е. «Біртілек» а/ә №11 Жолбасшы атындағы жоббм кмм

Тулшибекова Ж. «Абай» а/ә №1 БЖСМ

«Үздік шабуылшы»

Қолдасов С. «Қошқар ата» а/ә №28 Мақташы атындағы жоббм кмм

Полатова А. «Ұшқын» а/ә №20 Т.Бердияров атындағы жоббм кмм марапатталды.

Белсене қатысып, өз үлестерін қосқан командалар Келес ауданының  Адами әлеуетті дамыту бөлім басшысы Б.Абдиев пен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитет төрағасы Н.Артыков бірлескен «Құрмет грамотасымен» және 15000 теңгелік сертификаттармен Ерлер командасынан:

«Ақтөбе» а/ә, «Қошқар ата» а/ә, «Жамбыл» а/ә

Әйелдер командасынан:

«Жамбыл» а/ә, «Ақтөбе» а/ә, «Ошақты» а/ә марапатталды .

Абай ауыл әкімі Е.Абдрахманов ерекше ойын көрсеткен «Абай» а/ә әйелдер командасы мен  «Ұшқын » а/ә ерлер командасын,  Сункарова А. мен Алдашев Ж. ойыншыларын мадақтау қағазымен марапаттап, Аудандық жарыс өз мәресіне жетті.

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Волейболдан турнир Волейболдан турнир Волейболдан турнир Волейболдан турнир Волейболдан турнир Волейболдан турнир

Мерекелік іс-шара

Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектепте үлкен іс – шара өткізілді.

Негізгі тақырыбы: Келешек еліміздің тірегі жас жеткіншектердің қолында.

7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылды.

Жас сарбаздармен кездесу ұйымдастырылып, отансүйгіштік тәрбиелеу мақсатында жақсы әңгімелер айтылды.

Мектеп басшысы Гүлжан Ганиева, алғашықы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұралы мырза өз іскерліктерін көрсете білді .

Ауған соғысы ардагерлері арнайы қонақта болды. Кәсіподақ ұйымының ұйымдастырған жұмыстарына жақсы бағасын берді.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

1 49 50 51 52 53 84