Семинар – кеңес өткізілді.

Сайрам аудандық кәсіподақ жоспарына сай жаңадан сайланған кәсіподақ комитетінің төрағаларымен семинар – кеңес өткізілді. Семинар барысында кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттері, кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары туралы, кәсіподақ ұйымындағы негізгі құжаттар мазмұнының құрылымы, кәсіподақ ұйымындағы іс-жүргізу туралы түсіндірме жүргізілді.

Әрі қарай қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтың рөлі, кәсіподақтардың жұмыс берушілермен өзара іс-әрекеті, яғни Ұжымдық шарттағы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. Кәсіподақтың ең басты құқықтық актілерінің бірі «Бастауыш кәсіподақ ұйымының Ережесі», «Кәсіподақтар туралы заңы» талқыланды.

Семинардың аяғында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің бастамасымен, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 09 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 31 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Мүшәйраға Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары қатысып, өз бақтарын сынады.

Аудан деңгейінде өткен мерекелік мүшәйраға Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, Мақтаарал газетінің жауапты хатшысы Ұ.Исмайлова және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Б.Тынысбай қатысып, жарысқа қатысушы ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Бірнеше сайыс бойынша сынға түсіп, бабы мен бағы қатар шауып, «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасында жеңімпаз болған, жүлдегерлер мен номинация иегерлеріне Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жарыстың қорытындысына сәйкес Бас жүлдені – М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Шотаев иеленді. Жүлделі І орынды – Нұрлы жол жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Тәжібай иеленді. ІІ орынды – Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы М.Тұрсын мен О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы Ә.Сүлейменов иеленді. ІІІ орынды – №32 жалпы орта мектебінің ұстазы С.Қалдарбекова, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы А.Адаман, А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы Е.Қарақұл иеленді.

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасына қатысқан барша ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!  Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ШӘКІРТІНІҢ ЖЕҢІСІ, ҰСТАЗЫНЫҢ ЖЕМІСІ!

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Қарағанды қаласында өткен олимпиаданың Республикалық кезеңінің ІІ орын жүлдегері Шермаханбет Сымбатты Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шукурбаева Ғазиза қабылдап құттықтады. Бөлім басшысы Ғазиза Әлібекқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің ІІ дәрежелі дипломын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен Оңтүстік Қазақстан М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университетінде оқуға ГРАНТ сертификаты табыс етілді. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, білім және ғылым қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымы олимпиада жеңімпазы Шермаханбет Сымбатқа және білім нәрін сусындатқан ұстаздарына сыйлықтар табыс етті. Бөлім басшысы Ғазиза Әлібекқызы Шукурбаева олимпиада жеңімпазына биік мақсаттары орындалып, арманына жетуіне тілектестігін білдіріп, жетекшілік еткен ұстаздары Манапбек Сүндетғали, Тасымбекова Гүлбану, Меңлібаева Жанар, Әбілда Жәудірге және мектеп басшысы Үмбетаева Гүлмира апайға алғысын айтып, шығармашылықты шыңдай беруге тілектестігін білдірді.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің Кезекті мәжілісі өтті.

2022 жылғы 7 желтоқсан күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

К ү н т ә р т і б і :

1.Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыстарын жақсарту және белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстары туралы.

2. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі және «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдері» Қоғамдық бірлестігі арасындағы орта білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумын орындауға байланысты шаралар жайлы.

3.Облыстық кәсіподақ комитетіне тапсырылатын есептіліктер туралы.

4. Түрлі мәселелер.

«Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыстарын жақсарту және белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстары туралы» бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов анықтамамен таныстырды, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Талқылауға атқару комитетінің мүшелері Ә.Тастанбеков, Ж.Мухаев қатысты.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі және «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдері» Қоғамдық бірлестігі арасындағы орта білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумын орындауға байланысты шаралар жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлама жасап, меморандумды түзу мақсаты мен міндеттері жайлы түсіндірме берді. Білім беруді дамыту, озат педагогтердың жұмыстарына қолдау жасау кәсіподақтың жұмыс бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Қаралған мәселе бойынша Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков сөйлеп, меморандумдағы айтылған мәселелерді мүмкіндігімізге қарай қолдау және көмек көрсету, оқушылардың білімін арттыруға біздің қосқан үлесіміз деген пікір айтты.

Б.Еркінбек – бұл жұмысты қолдау біздің кәсіподақ ұйымының білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қосқан үлесіміз болып табылады деп қорытындылады.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Мәжілісте облыстық кәсіподақ комитетінің ағымдағы жұмыстары бойынша талқылау және пікір алысу жүргізілді.

Атқару комитеті мәжілісінің соңында Б.Еркінбек Сауран, Түлкібас, Келес аудандары мен Түркістан қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ф.Рысбековаға, Д.Абишевке, Н.Артықовқа және Г.Төрежановаға облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін» төс белгілерін, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне Құрмет грамоталарын тапсырды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті 30 қараша 2022 жыл күні №10 Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернатында Семинар -Кеңес өткізді. Семинар-Кеңеске жалпы орта, негізгі орта мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды.

Семинардың күн тәртібінде:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдауға байланысты

атқарылатын жұмыстар туралы.

2) “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2022” аудандық байқауының қорытындысы.

3) Түрлі мәселелерді қарау жоспарланып талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына алдағы уақытта 2023-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдауға байланысты құжаттары туралы, Ұжымдық шарт жасасу бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық келіссөздерге дайындық, келіссөздер жүргізу бойынша комиссия құру, Ұжымдық шарттың жобасын дайындау және ұжымдық шартты тіркеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соңынан БКҰ төрағаларының түрлі сұрақтарына жауап берді.

Ал, “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2022” аудандық байқауының қорытындысы бойынша 15 бастауыш кәсіподақ ұйымы қаржылай марапатталды.

І орын №44 Мұстафин ат.жом. БКҰ төрайымы Б.Қалыбаева, аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы, вымпел және 75 000 теңге қаржылай сыйлықпен

ІІ орын №16 Панфилов ат.жом. БКҰ төрайымы Г.Құралова Құрмет грамотасымен және 50 000 теңге қаржылай сыйлықпен,

ІІ орын №29 Ұлықбек ат.жом. БКҰ төрағасы Н.Айтубаев Құрмет грамотасымен және 50 000 теңге қаржылай сыйлықпен,

ІІІ орын №72 жалпы орта мектебінің БКҰ төрағасы Е.Кулбаев Құрмет грамотасымен және 30 000 теңге қаржылай сыйлықпен,

ІІІ орын №3 Ломоносов ат.жом. БКҰ төрайымы К.Бегманова және

ІІІ орынды Окороков атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Орымбаева Жамиля апайлар иеленіп аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен және 30 000 теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Белсене қатысқан тоғыз бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төраға-төрайымдары ынталандыру мақсатында 20-25 мың теңге мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марпатталды.

Семинардың соңында түрлі мәселелер талқыланып, ҚР Еңбек кодексі бойынша және бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы т.б. көптеген сұрақтарға жауап берілді. Фото суреттер видео роликтер түсіріліп, Семинардан төрағалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Әдістемелік жұмыстар жүргізілуде

Облыстық Білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет мен облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек бірлескен іс шаралар жоспарына сәйкес, «Білім беру ұйымдарындағы басқару сапасы мен сапаны басқару менеджменті» тақырыбындағы кезекті әдістемелік десант 23-25 қараша күндері Арыс қаласында жүргізілуде. Бұл игі бастама облысымыздың бірнеше аудан, қалаларында жүргізілген болса, алдағы уақытта да өзінің жалғасын таппақ. Аталған іс шара аясында облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев Арыс қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларына және басшылардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына «Қолданыстағы еңбек заңнамасының негіздері» тақырыбында баяндама жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Үздік жыл психологы»

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті аудандық «Үздік жыл психологы» байқауын ағымдағы жылдың 28 қазан күні №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде өтті.

Бауқауға аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі 15 мұғалім қатысып, өзін-өзі таныстыру және шығармашылық жұмысын таныстырды. Байқау нәтижесінде 3 мұғалім іріктеліп, білім алу процесіндегі проблемалық жағдаяттарды шешу, психологиядан теориялық білімін, жалпы жанжақтылығы және мәдениетін кәсіби тұрғыда шыңдалып келе жатқандарын көрсете білді.

Байқаудың қортындысы бойынша 3 мұғалім облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі орын алған қатысушылар алғыс хатпен және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы.

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасын насихаттау, ұлттық және жалпы адамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, өнер шығармашылығын зерделеу және насихаттау, ұстаздардың рухани шығармашылығын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында мектеп ұстаздары арасында «Өнерлі ұстаз-2022» өнер байқауы 30 мұғалімнің қатысуымен Бірінші мамыр жалпы орта мектеп базасында өткізілді.

Байқауға қатысушылардың арасынан №1 мектеп гимназиясы мұғалімі оқ бойы озып шығып, өз өнерін сан қырынан көрсетіп, байқауда бас жүлдені жеңіп алып облысқа жолдама алды. Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерге мақтау қағазы мен кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Құрметті әріптестер білім саласының қызметкерлері!

Құрметті әріптестер білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні 1990 жылғы 25 қазан Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне батыл қадам жасалып, декларация қабылданған күн. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық.

Құрметті әріптестер, білім саласының қызметкерлері!

Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын.

Осындай маңызы бар тарихи күнде еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сәтті күндер мен зор жетістіктер тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы Б.Еркінбек

Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті!

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы және Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мүғалімдердің облыстық спартакиадасы» өз мәресіне жетті. Спорттың волейбол, кіші футбол, үстел теннисі түрлері бойынша өткен жарыстың іріктеу сайыстары аудан, қалаларда өткізілсе, ақтық жарыс Түркістан қаласының бірнеше білім беру ұйымдарында 18.10.2022 ж. күні болып өтті. №28 мектеп-лицейінің спорт залында өткізілген Ашылу салтанатында облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, спортты жанына серік еткен мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Жарысқа аудандары мен қалаларынан 104 спортшы бақ сынасты. Спорт алаңдарындағы сайыстар өте тартысты басталып, жарысқа қатысушылар өздерінің өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша:

Спорттың волейбол түрі бойынша (ерлер):
І орын – Сайрам ауданы;
ІІ орын – Арыс қаласы;
ІІІ орын – Жетісай ауданы.

Спорттың волейбол түрі бойынша (әйелдер):
І орын – Түркістан қаласы;
ІІ орын – Сарыағаш ауданы;
ІІІ орын – Бәйдібек ауданы.

Спорттың кіші футбол түрі бойынша:
І орын – Түркістан қаласы;
ІІ орын – Түлкібас ауданы;
ІІІ орын – Шардара ауданы.

Спорттың үстел теннисі түрі бойынша (2 ер, 1 әйел):
І орын – Сауран ауданы;
ІІ орын – Шардара ауданы;
ІІІ орын – Отырар ауданы.

Командалық есеп бойынша:
І орын – Түркістан қаласы;
ІІ орын – Сайрам ауданы;
ІІІ орын – Сауран ауданы

сайыс жеңімпаздары атанып, марапаттарға ие болды. Жарыс жеңімпаздарына марапатты облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қ.Арап және облыстық Білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет табыстады. Ұстаздар арасында өткен осынау жарыстың нәтижесінде қазақ спортының мәртебесі көтерілді. Болашақ ұрпақты спортқа баулып, олардың бойында ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында өткізілген дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Ұстаздарымыздың бүгінгі жеңістері құтты болсын!

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 50 51 52 53 54 90