Ауған соғысы ардагерлері марапатталды

Ауған соғысы ардагерлері марапатталды

 

Биыл, 2020 жылы, 1979-1989 жылдар аралығында болған Ауған соғысының біткеніне 31 жыл толып отыр. Он жылға созылған соғысқа 22 000 қазақстандық жауынгер қатысса, оның 924-і мерт болып, 1 015 майдангер соғыс зардабынан мүгедек атанған, тағы 21 азамат хабар-ошарсыз кеткен болатын. Осындай ауыр зардапты соғыс кезеңі, онда қаһармандықпен шайқасқан аға-апаларымыздың ерлігі қазіргі жастарымызға үлгі, оларды патриоттық рухта тәрбиелеудің негізі.

Осынау айтулы күнге байланысты жылдағы дәстүрге сай Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде ардагерлермен кездесулер, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына күніне орай түрлі іс-шаралар көптеп ұйымдастырылды. Ол шараларда батырларымыздың ерлік істері дәріптеліп, бейбіт күннің маңызы, әлем елдерінің татулығы мен бейбітшілігі насихатталды.

Аталған мерекеге орай өткізілген іс-шаралардың қорытындысы ретінде білім саласында еңбек етіп жүрген ардагерлерімізді аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Мырзалиев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков барша білім саласы қызметкерлерінің атынан құттықтап, марапаттады. Жас ұрпақты патриотизм мен ұлтжандылықта тәрбиелеуге қосқан елеулі еңбектері үшін ардагерлеріміз – аудандық білім бөлімінің заңгері Шүкірбаев Әлібек Шүкірбайұлы мен М.Әуезов атындағы ЖОМ мұғалімі Нұрбабаев Темірхан Өмірбекұлы Алғыс хатпен марапатталып, төл мереке иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Жауларға қарсы келген жасқанбаған,   Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолы өнеге болып,  Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

Жауларға қарсы келген жасқанбаған,   Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолы өнеге болып,  Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

 

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінінің 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты «Ауған соғысы-жүректегі жара» атты  Ауған соғысының ардагерлері білім саласында еңбек ететін кәсіподақ мүшелері және Шұбарсу ауылында тұратын ардагерлермен кездесу өткізілді.

Олар, Бектай Ералхан Өскенбайұлы Ордабасы аудандық білім бөлімі бухгалтерінің орынбасары, Ұзақов  Әріпхан  Қамбарұлы Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің жұмысшысы, Оралбаев Нұрлан Керімбайұлы Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, Бектұрған Құлқарбек Бектұрсынұлы С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, Темірхан  Ғани Тұрсынұлы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, Махан Әбдіғаппар Қосайұлы К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі және Шұбарсу ауыл әкімшілігінің «Ауған соғысы ардагерлер қауымдастығының» төрағасы Сүюнов Беркінбай бастаған бірқатар азаматтар қатысты.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Солардың бірі осы азаматтар.

Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Ауған соғысы-жүректегі жара» атты іс-шараны мектептің педогог- ұйымдастырушысы  Е.Салменов пен АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Ғ.Кубеков дайындап оқушылардың қатысуымен естеліктер, сахналық қойылым, өлең шумақтары мен 1979-жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданғанда  соғыс-зұлымдық, жазықсыз төгілген қан, тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі «Ауған соғысы» екендігі,10-жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылдап шыңғыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс яғни 9 жыл 10 айға созылғандығы мен Қазақстаннан Ауған соғысына 22 мың адам қатысып 761-і қаза тауып 21-адам хабарсыз кеткені. Бүгінгі таңда 7 мыңға жуық Ауған ардагерлерінің барлығы, олардың 3 мыңдайы мүгедектер қатарынан екендігі айтылды. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің біразы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.

Жиын барысында Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Кездесу барысында, кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәдірмек пен Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ж.Ақылбекова ардагерлерге алғыс хат пен сыйлық тапсырды.

Кездесу «Жастар» триосының орындауында «Көтер көкке туынды» әнімен өз шегіне жетті.

Ауған соғысы ардагерлері, іс-шара

  Кеңес  әскерлерінің Ауғанстан  жерінен  шығарылғанына 31жыл  толуына арналған іс-шара

 

Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ                                                                комитеті тарапынан кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл  толуына орай 2020 жылдың 11 ақпан күні төмендегідей іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда:

Кентау қалалық білім  бөліміне  қарасты  мекемелерде  жұмыс  жасайтын  Ауғанстан                  республикасында  интернационалист  борышын  өтеген  9 ардагерлер қалалық оқушылар үйіне шақырылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ:

  1. Шорнақ жалпы  орта  мектебінен –  Дүйсекеев  Серік  Мусаханұлы.
  2. Кентау оқушылар  үйінен –  Ескеев  Марат  Төлегенұлы.
  3. М. Балақаев атындағы  шағын  жинақталған  жалпы  орта  мектептен-

Беркимбаев  Ардабай  Сейлбекұлы.

  1. М.Қашқари мектебінен – Бабанов  Розибай  Рахматуллаұлы.
  2. Қарнақ жалпы  орта  мектебінен – Низамов  Салахиддин  Фархадұлы.
  3. Қарашық жалпы  орта  мектебінен – Парманкулов   Хамза  Насруллаұлы.
  4. Қызыл әскер жалпы  орта  мектебінен –  Гуламов  Толкин  Шарипович.
  5. Шобанақ жалпы орта мектеп директоры – Османов Халдар
  6. Ауған соғысы  ардагерлер  кеңесінің мүшесі – Шахабаев Құрманәлі Омарұлы

Кентау қалалық білім және  ғылым  қызметкерлерінің   кәсіподақ  комитетінің  төрағасы Садуов Талғат Нұралыұлы, Кентау қаласының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімше бастығы, аға лейтенант Рысбек Нұрдаулет Жомартұлы, қалалық білім  бөлімінің әдіскері  Тұрманов Үрмаш Пірмаханбетұлы, қалалық ардагерлер  кеңесінің төрағасы Пукашев Өмірбек Өмірәліұлы және ауған соғысы ардагерлер  кеңесінің мүшесі Шахабаев Құрманәлі Омарұлы өздерінің ризашылықтарын, тілектерін білдіріп құттықтады. Сонымен қатар білім бөліміне қарасты барлық мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты. Соңынан концерттік бағдарлама беріліп, арнайы ардагерлерге арнап дастархан мәзірі дайындалды.

Әлеуметтік-әріптестік туралы келісім

ӘЛЕУМЕТТІК-ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ  КЕЛІСІМ

 

11 ақпан 2020 жылы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы, Майрихов Бауыржан Құрбанәліұлы, «Атамекен»  ҰКП Сарыағаш аудандық филиалының директоры, Мұсабеков Абылай Нұржанұлы және Білім және ғылым  қызметкерлері кәсіподағының Сарыағаш аудандық комитетінің төрағасы Тастанбеков Әкімбай Зейтбайлұлы, 2020-2022 жылдарға арналған Әлеуметтік Әріптестік туралы Келімге қол қойылды.

Келісім жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін, жұмыс берушінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді қамтамасыз етеді.

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» тақырыбындағы әдеби кеш

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай         №24 жалпы орта мектебінің ұжымымен өткізілген «Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» тақырыбындағы әдеби кеш

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын білім беру ұйымдарында талқылау және Абай  Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс шараларды жүзеге асыру мақсатында №24 жалпы орта мектебінің ұстаздары және оқушыларымен «Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» тақырыбындағы әдеби кешті кәсіподақ комитеті бірге өткізді.

Кештің негізгі мақсаты: Ақын шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып терең меңгерту.

Абай қазақ даласының қараңғы түніндегі жарқыраған жарық жұлдызы. Мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Бүгінгі таңға дейін Абай жайлы қанша айтылса да, зерттеу жұмыстары жазылса да шығармалары талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Абайды зерттеген М.Әуезов «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» деген.

Әдеби кеште Абай өлеңдері, қара сөздері жатқа айтылды. Оқушылардың Абайға арналған өлеңдері тыңдалды. Абай әндері орындалды. Ұстаздар мен оқушылардың бірігіп жасаған көріністері тамашаланды. Ақынға деген құрмет болашақта да ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі жалғасады. Кәсіподақ комитеті мәнерлеп  оқуда  ерекше көзге түскен 2 «ә» сынып оқушысы Нағашыбек Аянды, Абай қара сөздерін мәнерлеп оқыған 7 «в» сынып оқушылары Өстемір Ұлбосын, Өстемір Нұрбибіні марапаттады.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Абайқызы «Абай мұрасының сарқылмайтын бұлақ екенін» тілге тиек етіп, жас ұрпақтардың Абай шығармаларын жатқа айтып, ақынды тануда тынбай еңбек еткендеріне ерекше ықылас білдірді. Бұндай кештердің бір білім мекемесінде ғана емес қала көлемінде аталып жатқандығын және атала беретінін, сонымен бірге басқа білім салаларында да жалғасатынын айтты.

 

“Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы

Мақтаарал ауданының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жылдық жоспарына сай 05 ақпан күні  МКҚК “Үлгілі” бөбекжай балабақшасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  орай “Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы ұйымдастырылды. Төрт топтан жұппен қатысқан тәрбиешілер өз білімі мен шеберліктерін ортаға салды. «Ақ көгершін»тобынан В.Атабекова, З.Балғабаева, «Балдырған» тобынан К.Әбенова, Г.Қалдырова, «Күншуақ» тобынан М.Мирашова, Ш.Исаева, «Балапан» тобынан Қ.Жангирова мен А.Аязхановалар қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. «Абай әлеміне саяхат» ақынның өлеңдерін, әндерін мәнерлеп оқу сайысында барлық тәрбиешілердің дайындығы өте жоғары деңгейде болды. Ал, «Ой шақыру» сұрақ-жауаптар кезеңінде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан берілген тапсырмаларды да жақсы орындап шықты. Соңғы «Өнерпаз болсаң, арқалан» кезеңінде тәрбиешілер өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын қорғады.

Байқау барысында төрелік еткен З.Амирсейтова, Л.Саржанова, Е.Жанисовтер барлық тәрбиешілердің дайындығын әділ  бағалады. Нәтижесінде Бас жүлдені «Ақ көгершін»тобының тәрбиешілері В.Атабекова мен З.Балғабаева жеңіп алды. Ал І орынды «Күншуақ» тобының тәрбиешілері М.Мирашова мен Ш.Исаева иеленді. ІІ орынды «Балдырған» тобының тәрбиешілері  К.Әбенова мен Г.Қалдырова иемденді. ІІІ орынды «Балапан» тобының тәрбиешілері Қ.Жангирова мен А.Аязханова иеленді.

Ұлы ақынның мұраларын насихаттау, үлгі ету шараларына белсенділік танытқан Білім және ғылым қызметкерлерінің Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Комитет атынан балабақша меңгерушісі М.Ақбалаеваға алғыс білдіреміз.

Салменов Ж. ағай 63 жас

Ордабасы ауданы Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің сан жылдар қызмет еткен,  пайғамбар жасына толған Салменов Жанатбек Усербаевич ағайымызды  өз ұжымында зейнет демалысына шығарып салу іс-шарасы болып өтті. Ел игілігі мен тыныштығын ойлаған Жанатбек ағайымызды  Ордабасы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Замира Сабекқызы құттықтап ыстық лебізін білдіріп сыйсияпатын тапсырды.

Ұстаз беделі – ұлт мерейі

Барша адамзат баласының өміріне нәр беріп, жақсылық пен жамандықты айыруға, өмірдің мәнін түсінуге зор ықпал ететін тұлғаның бірі, әрі бірегейі-ұстаз екендігі даусыз. Өмірдің мәнін ұқтырып жол сілтейтін тау тұлғалы ұстазынан тәлім-тәрбие алмаған жан болмайды.                                         –    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін мысалға келтіріп, елімізде білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керектігін атап өтті .                                        Бұл ретте салада ауқымды жұмыстар атқарылғанмен, отандық білім беру ісінде әлі де кемшілік тұстар барын тілге тиек етті.                                                                                                                                                                     –    «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы, кез келген қоғамда ұстаздардың орны бөлек. Мұғалімдердің абыройын арттыруға бағытталған құқықтық құжат ұстаздар қауымын қуантып отыр.                                                                                                                                                                                                  –    Мемлекет басшысының жаңа заңға қол қоюы – білім беру саласындағы тарихи сәттердің бірі деп білемін. Кәсіптік қызметті қамтамасыз ету, педагог мәртебесі, құқықтары мен міндеттері және әдептер жазылған 21 бапты құрайды.                                                                                                                            –    Заңда ең басты мәселе педагогтардың құқықтарын кеңейту және мұғалімге деген жүктемені азайту, оларды қатысы жоқ жұмыстардан босатуға, тек қана өзін-өзі дамыту арқылы шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беруге бағытталған. Осындай жеңілдіктермен қоса оқытушылардың жалақысын көтеру, еңбек демалысын арттыру, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу мүмкіндіктері де қаржылық қолдаумен қамтылғанына қуанамыз.    0                                                                                           0   Сондай-ақ, мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде ақы төленеді. Жалпы заң шеңберінде педагогтардың мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдар,барлық мұғалімдерге жауапкершілік жүктеп отыр.                                                                                                                     –   0    Педагогке тән емес міндеттерге тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу нормалары көзделген. Осы нормалар бұзылған жағдайда құқық бұзушылық субьектісіне байланысты  20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салынады. Бұдан бөлек, педагог мамандардың балаларын бала-бақшаға кезексіз орналастыруға басымдық беру, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапаты сынды бірқатар материалдық емес ынталандырулар қарастырылған. Сонымен қатар жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен «Үздік педагог» атағын иеленушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде сыйақы төленеді.                                                                                                                         –    Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға педагогтардың еңбегін көтермелеудің қосымша шараларын, оның ішінде жергілікті ерекшелік белгілерімен, құрметті атақтармен марапаттау, біржолғы сыйақы төлеу құқығы берілді.

–    Бұдан басқа, заңда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін нақты шектеулер бар. Енді заң баптарын бұзғандарға айыппұл салынады, қайталанған жағдайда қатаң жазаға тартылатын болады.                                               –    Алайда ұстаздардың құқығы, беделі әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға қойылатын кәсіби талап та арта түседі. «Мектептің жаны»-мұғалім:  Ол қандай болса, мектепте сондай. Яғни, мұғалім білімді болса, балалар мектептен терең білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика мен методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім; – деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі бүгінгі ұстазға жүктелетін жауапкершіліктің салмағын дөп басып тұр. Көптен күткен заң қабылданып, күшіне енді. Кез келген заң оны сауатты қолданғанда ғана тиімді болатыны баршамызға аян екендігі белгілі. Оның тиімділігін арттыру заң орындаушы органға ғана емес,сіз бен бізге де байланысты екендігін басты назарда ұстап, жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек.                                                                                            1 «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген.Жас ұрпаққа  сапалы,өнегелі тәрбие беру,оқушының қалыптасқан даралығын анықтап, жігер-қайратын ескеріп,ұлттық болмысымызды бойларына сіңіріп жүрген ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт және жетістіктер тілеймін.

 

Созақ аудандық білім және                                                                                                                               ғылым қызметкерлері кәсіподағы                                                                                                                           комитетінің төрағасы:  М.С.Қасым

«ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңын оқып-үйрену мәселелері» тақырыбында өткен семинар

«ҚРПедагог мәртебесі туралы Заңын оқып-үйрену мәселелері»тақырыбында өткен семинары

 

 

Жетісай ауданына қарасты Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мктебінде 2020 жылдың 24 қаңтары күні аудан көлеміндегі білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен«ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңын оқып-үйрену мәселелері» тақырыбында оқу-семинары өтті.

Орта білім беретін мектептер мен балабақшалардың 91 бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары қатысқан жиында жуырда қабылданған ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңының тиісті баптары мен осы Заңның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері мен кодекстеріне енгізілгенөзгертулер мен толықтырулар туралы айтылды.

Бұдан бөлек оқу-семинары барысында білім мекемелеріндегі еңбек дауларының алдын алу, бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржылық жұмыстары бойынша толтырылатын құжаттарының үлгілері, білім мекемелері арасында тәжірибе алмасу мақсатында көшпелі семинарлар ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды.

Жиын соңында ерен еңбектерімен танылып, кәсіподақ ұйымының жұмысын ізгілендіруге үлес қосып жүрген бірнеше әріптесіміз түрлі деңгейдегі марапаттармен марапатталды.

 

 

Аудандық кәсіподақ

комитетінің төрағасы

А.Ниязбеков

Ұстаз мәртебесінің биік болуы – заман талабы

Ұстаз мәртебесінің биік болуы – заман талабы.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауындағы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп қабылдау қажет деген тапсырмасын басшылыққа алған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы педагогтардың мәртебесін көтеруде, кәсіподақ белсенділерімен бірлесе отырып жан – жақты жұмыстар атқаруға барлық күш – жігерімен кірісті. Педагог кадрлардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, ұстаздардың Заң аясында қорғалуын қамтамасыз етілуін қамту мақсатында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жиналыс, семинар, «Дөңгелек үстел», пікір талас, кездесулер ұйымдастырылып, анкеталық сұрақ – жауаптар алынды. Кәсіподақ комитеті келелі пікірлерді ескерді. Кәсіподақ белсенділері ұстаздар қауымымен етене араласа отырып, олардың тұрмыс – тіршілігімен танысып, пікірлесті. Осындай нәтижелі жұмыстар жүргізе отырып педагогтардың өтініш, талаптарын Үкіметке жеткізуде жоғарғы басшылық пен ұстаздар арасында «Алтын көпір» орнатты.

Елбасының мұғалімдердің құқықтық мәртебесін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында да қозғалды. Мемлекет басшысы ұстаздардың мәртебесін арттыру мен бірге, білім сапасын жақсарту, отбасы және бала институтын қолдауды да тапсырды. Жаңарған, өркениетке қадам басқан Қазақстанның жас ұрпақтарын тәрбиелеуде, білім сапасы жаңа сипатқа көшіп жатқанда мұғалімдерге, мектепке қойылатын талапта жоғары болатыны белгілі. Дамыған елдер қатарына кіру білім саласына жүктелетін үлкен жауапкершілік. Сондықтанда білім мәртебесін арттыра отырып, ұстаздардың беделін арттыру – біздің қоғамдағы кезек күттірмес бірінші мәселе. Осы орайда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның «Ұстаздың қоғамдағы беделіне бәріміз жауаптымыз» деген тақырыптағы сұхбатында ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру мәселесі барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ комитеттерінің көкейінде жүрген келелі бастамалардың бірі екенін ерекше атап өтіп, педагог мәртебесін арттыруда заң талаптарын жүзеге асыру мәселелеріне жеке – жеке тоқталғаны атқарылып жатқан жұмыстың үлкен нәтижесі.

Тәуелсіз кәсіподақ ұйымдарының тынбай еңбектенуі ұстаздар қауымы үшін жасалынып жатқан игі шара. Педагогтардың әлеуметтік кепілдіктерін шешуге жауапты жергілікті және атқарушы органдар. Аталған органдарға үкімет үлкен жауапкершілік жүктеді. Осындай келелі мәселелерді жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып шешуге кәсіподақ ықпал етіп, атсалысуымыз қажет. Жалпы алғанда кәсіподақ өкілдерінің басты мақсаты: бірлік пен тыныштықты, сабырлылық пен мәдениетті ұштастыра отырып, жоғары табысқа жету. Ұжымдағы алауыздықпен күресе отырып, бейбіт бітімгерлікпен жұмыс атқару. Кәсіподақтың негізгі мақсаты:  ұстаздар қауымының рухани–моральдық, әлеуметтік–тұрмысының құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін бірден бір қоғамдық ұйым екенін ұмытпауымыз керек.

 

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Д.Турманова

1 73 74 75 76 77 90