Мерекелік іс-шара

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік іс-шараның бірінші ауысымы Мырзакент өңіріне қарасты Жаңа жол, Ж.Нұрлыбаев, Еңбекші, Достық, Иіржар ауылдық окургтары мен Мырзакент кентінде орналасқан білім мекемелерінің оқушылары сағат 10:00-де №1 Мырзакент мектеп-гимназиясында, екінші ауысым Бірлік, Жамбыл, Мақтаарал, Қалыбеков ауылдық окургтары мен Атакент кентінде орналасқан білім мекемелерінің оқушылары сағат 15:00-де №5 Мақтаарал мектеп-гимназиясында өткізілді.

Мерекелік шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары С.Сапарханов, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Мақтаарал ауданы қоғамдық кеңесінің және Мақтаарал ауданы    ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мелдеханов, Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов және мектеп басшылары мен әлеуметтік педагогтар қатысып, мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын мектеп оқушыларына Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің дайындаған жаңа жылдық сыйлықтары табысталды.

Мерекелік іс-шара Қ.Жандарбеков атындағы драма-театр әртістерінің театрландырылған сахналық қойылымдарымен және мектеп оқушыларының өнерлерімен жалғасын тапты.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі.

2019 жылғы 24 желтоқсан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті .

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитеті мүшелері, облыстық кәсіподақ ұйымы филиалдарының төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінде төмендегі мәселелер қаралды:

– «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының  Түркістан облыстық ұйымы»  ҚБ  облыстық   комитетінің  2020   жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы.

– «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының  Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ  облыстық комитетінің   2020 жылға істер номенклатурасы туралы.

– «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік                                     одағының  Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ  облыстық комитеті             аппараты қызметкерлерінің қызметтік міндеттері туралы» мәселелер                    бойынша облыстық  кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов         хабарлама жасап, түсіндірме берді.   Қаралған мәселелер бойынша        Сарыағаш, Отырар, Ордабасы, Мақтаарал аудандық кәсіподақ             комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Е.Қасым, Ә.Сәдірмек,             А.Жолдасов әлеуметтік әріптестік негізінде кәсіподақ мүшелерінің еңбек,             әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша        облыстық басқарма, аудандық, қалалық  білім бөлімдерімен бірлесіп         семинар немесе актив жиналыстарын өткізуді ұйымдастыру және басқа да         ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

–  Қазақстандық салалық білім және   ғылым қызметкерлері кәсіптік                    Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ  облыстық комитетіне 2019             кәсіподақ       мүшелерінен түскен хаттар, өтініштер     арыз- шағымдар бойынша        атқарылған жұмыстар, тексерулер  және             олардың қорытындылары жайлы                   кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы-заңгер Ғ.Ақбердиев хабарлама       жасады.

– Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің негізгі жабдықтары мен тауарлы-материалдық құндылықтарын түгендеу жүргізу туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері Р.Жолдықараева түсіндірме жасады.

Атқару комитеті Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын атап өту жөніндегі атқарылатын шаралар талқыланып, бекітілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

 

Сол күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының активі Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының «Кәсіподақ қамқоршым» тақырыбындағы салтанатты іс-шарасына  қатысты. Жиналыста кәсіпақ қызметкерлері мен активіне ҚРКФ, Салалық кәсіподақтардың және «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының марапаттары табысталды. Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек Түркістан облысы әкімінің «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Тәуелсіздік-тұғырым атты мерекелік іс-шарасы

Еліміздіңтәуелсіздікмерекесіауданорталағындағы “Жастар” сарайындабілімжәнеғылымқызметкерлерікәсіптікодағыныңТүркістаноблысыОрдабасыаудандықкәсіподақкомитетініңұйымдастыруыменшат-шадыманкөңілкүймен, жауапкершілікпенжәне аса белсенділікпенатапөтілді.Мерекеөтетінорынмерекегесайталғамменбезендірілді. МерекегебілімжәнеғылымқызметкерлерікәсіптікодағыныңоблыстықкәсіподақкомитетініңтөрағасыЕркінбек Б.С қатысып, құттықтауын жолдады. Мемлекеттік гимн ойналып,құрметкөрсетілді. “Тәуелсіздік-тұғырым” тақырыбындабаяндамажасалды. Мерекедезейнеткерлерге,мерейтойиелеріне,үздікжәнежасмамандарға,”Үздікжаскәсіподақкөшбасшысы”, “Әріптестуралы сыр!” байқауларыныңжеңімпаздарынакәсіподақоргандары мен атқарушыбиліктіңҚұрметграмоталары, дипломдарытапсырылып, бағалысыйлықтар мен сыйақылартартуетілді. Мерекетанымалөнериелерінің,сондай-ақөнертоптарыныңөнерлерін, өнертуындыларынтамашалауменжалғасты.

“Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара”

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 13 желтоқсан күні Мақтаарал мәдениет үйінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік шара барысында Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, Мақтаарал аудандық қоғамдық кеңесінің және Мақтаарал аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мелдеханов, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев және Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов барша білім саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, 2019-2020 оқу жылы барысында жақсы жетістікке жеткен білім саласының қызметкерлерін арнайы алғыс хаттармен және кәсіподақ белсенділерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төс белгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттап, табыстады.

Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Ұранды елдің ұрпағы қайсар

“Ұранды елдің ұрпағы қайсар” тақырыбында

 өткен семинар жайлы мәлімет

 

2019 жылдың 12 желтоқсаны күні Жетісай ауданында “Ұранды елдің ұрпағы қайсар” тақырыбында Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен жеңісті жолын насихаттауға арналған тәрбие сағаты өтті.

Тағылымды шараға Түркістан қаласынан Бекзаттың әкесі  Сейілхан аға мен анасы   Сырлыкүл апалар және ағалары Мейірхан мен Ғалымжан  арнайы шақырылды. Мазмұнға бай кездесу қатысушыларды керемет әсерге бөлеп, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, жігерлілік пен табандылыққа тәрбиелеуде өз мақсатына жетті. Іс-шараға қатысқан аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А. Ниязбеков ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, мектеп басшысы С. Шаулиеваны ұйым атынан марапаттады.

«Үздік мұғалім-2019» байқауы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес Отырар аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың  27-28 қараша күндері  Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің базасында «Үздік мұғалім-2019» байқауы өткізілді. Байқауға аудандағы 23 орта мектеп, 6 негізгі мектептер  қатысты. Байқаудың ережесі мектептерге 1 ай бұрын таратылды. Байқау 5 турдан тұрды.

1.Өзін-өзі таныстыру. Менің өлкем,менің мектебім, менің кәсіби жетістіктерім.

2.Шығармашылық тур. Білім берудегі менің инновациям.

3.Панорамалық сабақ.

4.Жағдаяттарды шешу.

5.Заманауи мұғалімнің мәртебесі.

Байқауды аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Мұсатаева ашып қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқаудың қорытындасы бойынша әділқазылар алқасы, төмендегідей қортынды бойынша.

Бас жүлде:  Жамыл атындағы мектеп лицейінің мұғалімі  Абызбек Гүлнар

1-орын: Т.Ибрагимов атындағы ЖОМ мұғалімі Райымбекова Бағжан

2-орын: С.Әлиев атындағы ЖОМ мұғалімі Мырзашева Ақмарал мен Темір ЖОМ мұғалімі ДүтбаеваАягөз

3-орын: Абай атындағы ЖОМ мұғалімі Қыдырбеков Дарханбай, Отырар ЖОМ мұғалімі Мыңбай Шолпан, Ө.Жәнібекоа атындағы мектеп интернат лицейінің мұғалімі Қасымбекова Айымкүл иеленді.

Байқауға қатысқан  ұстаздарды, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым  құттықтап ізгі тілектерін білдірді.Сонымен қатар жүлделі орын алған мұғалімдерге  аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

мерекелік іс- шара

2019 жылдың 29 қараша күні Бəйдібек аудандық кəсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күні мерекесіне орай салтанатты           іс-шарасын өткізді. Жылдың үздіктері Түркістан облыстық адами əлеуетті дамыту басқармасы жəне Түркістан облыстық кəсіподақ ұйымы бірігіп өткізген “Үздік жас мұғалім – 2019” байқауының жүлдегерлері марапатталды , “Үздік кəсіподақ көшбасшысы-2019” байқауының қатысушысы “Алғыс хатпен” марапатталды. Кəсіподақ активтері Түркістан облыстық ұйымының ”Кəсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төсбелгісімен, ”Құрмет грамоталарымен” марапатталды. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс шара

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне

орай іс-шара болып өтті.

 

Шымкент политехникалық колледжінде қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қала колледждерінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті. Мемлекеттік әнұранды орындаудан басталған шарада елбасы Н.Назарбаевтың өмірінен бейнеролик көрсетіліп, өнер иелері патриоттық әндер орындаса, би шеберлері ұлттық билерді нақышына келтіре орындады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы тарапынан ұйымдастырылған «Үздік студенттік кәсіподақ ұйымы – 2019» байқауында жүлделі 1 орынды иемденген Шымкент политехникалық колледжі марапатталып, арнайы диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ, аталған колледждің бірнеше студентіне облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталары табыс етілді.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі

2019 жылғы 22 қыркүйек күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті

 

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитеті мүшелері, облыстық кәсіподақ ұйымы филиалдарының төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінде төмендегі мәселелер қаралды:

-«Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, өндірістік кеңестер, келісу комиссиялары мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмысын ұйымдастыру, практикалық көмек көрсету жөніндегі жұмыстары туралы»;

– «Облыстық кәсіподақ комитетінің Жастар жылына байланысты ұйымдастырған «Үздік жас кәсіподақ жетекшісі», «Үздік студенттік кәсіподақ ұйымы», «Үздік студенттік жатақхана» байқауларының қорытындысына сәйкес жеңімпаздарды марапаттау туралы»;

– Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ XIV съезі шешімдері мен материалдарын насихаттау және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жайлы»;

– Облыстық кәсіподақ комитетінің «Үздік әлеуметтік әріптес», «Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі», Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай студент жастар арасында «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» облыстық байқауларын өткізу туралы және ішкі кәсіподақ жұмысына байланысты мәселелер қаралды.

Мәселелерді қарау барысында Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, өндірістік кеңестер, келісу комиссиялары мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмысын ұйымдастыру, практикалық көмек көрсету жөніндегі жақсы жұмыстары атап көрсетіліп, кемшіліктер де айтылды, орындау жөніндегі кеңестер беріліп тиісті қаулы қабылданды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің Жастар жылына байланысты ұйымдастырған «Үздік жас кәсіподақ жетекшісі», «Үздік студенттік кәсіподақ ұйымы», «Үздік студенттік жатақхана» байқауларының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға облыстық кәсіподақ комитетінің Дипломдары, Алғыс хаттары, номинациялар бойынша статуэткалар мен ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Күн тәртібінде қаралған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ XIV съезі шешімдері мен материалдарын насихаттау және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің «Үздік әлеуметтік әріптес», «Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі», Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай студент жастар арасында «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» облыстық байқауларын өткізу туралы ережелер  жобалары талқыланып, қосымшалар мен өзгерістерді ескере отырып, қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіндегі қаралған мәселереді талқылау барысында кәсіподақ активі тарапынан айтылған ұсыныстар жинақталып, Қазақстандық салалық кәсіподақтың Орталық кеңесіне, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына жіберілетін болды.

 

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда

Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда

 

Өздеріңізге  белгілі  «Дара жол» бағдарламасы өмірдің әр саласында түрлі жетістіктерге  жеткен, елімізге  белгілі  танымал  тұлғаларға арналады.

Ал,бүгінгі біздің  дара жолда күнделікті тіршілікте қарапайым  қызметкерден комсомол, партия  хатшысы, мұғалімдіктен  мектеп  директорына дейінгі  баспалдақтан  өтіп, қарапайым  ғана адамдық  парасаттан  дара  жолын  сала  алған  Серікбай ағай  ортамызда.

Дүниеге  келген  әрбір  жанның өз  жолы, сол жолда  басып  өткен  ізі қалады. Кей іздер  «тайға таңба басқандандай» анық нық  қадамдардың  ізі  болса, кейбір  іздердің  бірін  танысақ, бірін  ажырата  алмай  жатамыз. Соған  байланысты  ел  ішінде  «сіз  салған жолмен  келеміз,сіздің ізіңізді  басып  келеміз» деген  сөз  бар. Әрине,бұл  үлгі,  өнеге жол.

Бүгін біз  бар ғұмырын  елге  қызмет  етуге арнаған  ұстаз, ардақты  әке, арқа  сүйер  аға, сүйікті  жар, батагөй  ата  атанған,  бейнеттің  зейнетін  көрер  шаққа  жақындаған  шақта  ортамыздан  «ел  асып» ортамыздан  кетіп  бара  жатқан  кейіпкеріміз Серікбай  ағайымыздың  жүріп  өткен  жолдарынан  сыр  шертсек  адами  қасиеттерін  танытатын  естелік  әңгіме  айтып  ойымызға  жақсысын  ала  білсек  деген  мақсат.

-Серікбай  ағай,  келген  қонақтарды  біз  танығанымызбен,  сіздің  өміріңізде  бұл  кісілердің  алатын  орны. Осы жөнінде  айтып, таныстырып  өтсеңіз.

-Бұл  кісілер  Шардара  ауданына  танымал  тұлғалар. Қызметтес,  әріптес, көңіл  қимас  дос  болдық. Момынов  Махмұт   қазіргі  таңда  зейнеткер, АББ-нің  басшысы, бірнеше  жыл  кәсіподақ  ұйымының  төрағасы  қызметін  атқарған; Нұрғали  Ибрайымов бірнеше  жыл АББ-де  әдіскер, мектеп директоры болып  қызмет еткен, зейнеткер ақын; Момынов  Әбдәшім  «Ақалтын» мектебінің директоры; Сол  мектепте  ұзақ  жылдар  мектеп директоры болып, қазіргі  таңда ДБІЖО болып  қызмет  атқарып жүрген Ендібаев  Мұхтар  және АББ-де кәсіподақ ұйымының төрағасы, інімдей болып кеткен Жұман  Ұлықбек  қатысып  отыр.

Таныстырудан  соң ағайдың өмірбаяндық  слайд көрсетілді.

-Серікбай ағай қандай бала, қандай оқушы болды?д еген  сұраққа  10 жыл мектеп қабырғасында  бірге  оқыған, мектебімізде физика пәнінің мұғалімі Сулеймани  Қурбан  мектептегі  оқушылық өмірінен  естеліктер  айтты.

Әрбір адамның қоғамдағы орнын  белгілейтін оның еңбегі.  Маңдай  тер, табан ақы адал еңбек қана адамды  ел  құрметіне  бөлейді.  Өмірін  өнегелі  етеді. Олай  болса,  біз таныған еңбек  адамы  қандай  еді?

Ағайдың  талапшылдығын,  тәртіптің  адамы екендігін, еңбекқорлығымен  қатар адамгершілігін мектебіміз  мұғалімдері де  тілге тиек етіп, талай оқиғаларды  еске түсірді.

Кісілік—адамгершіліктің  ең  биік  сатысы. «Жақсы  адам  көпшіл, жаман  адам  кекшіл» дейді  халқымыз.

 

Бәрі  де бар менде  Адамға тәннің бәрі бар.

Қанымда менің қайғының  құйған  уы бар

Жанымда  менің  қуаныштың  жиған  балы  бар.

Хайуанның  хайуандығы ғана  жоқ  менде

Бәрі де бар  менде

Адамға  тәннің  бәрі  бар,-деп  жырлаған

Иран-Ғайып ақынша  айтсақ,  сізде бәрі де бар.

Өмірде әр адамның  өз  жолы бар, оны  дара ету  әркімнің  өз  қолында.

 

 

1 74 75 76 77 78 90