Білім мекемесіндегі өмір қауіпсіздігі мен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 15 қарашасы күні М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде «Білім мекемесіндегі өмір қауіпсіздігі мен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Түрістан облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім  басшысы – заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы,  аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Қайым Азамат Дәулетярұлы, аудандық білім бөлімінің маманы Қадырбаев Жандос Махамбетқалиұлы және білім мекемелерінің басшылары мен балабақша меңгерушілері қатысты.

Семинардың теориялық бөлімінде «Еңбек қатынастары жағдайындағы өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі» тақырыбында АКК төрағасы А.Ниязбеков, «Білім мекемесіндегі өндірістік кеңес жұмысы» тақырыбында М.Шоқай атындағы ЖОМ еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторы Ш.Мусырманов баяндама оқыды. Практикалық  бөлімде өрт кезіндегі іс-әрекет, өрт салдарынан зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету,  өртке қарсы құрылғылармен жұмыстар іс жүзінде көрсетілді.

Семинар соңында Түрістан облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім  басшысы – заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараның ұйымдастырылуына белсене атсалысқан әріптестерді марапаттады.

«Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік»

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 15 қараша күні Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары мен оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға барлығы 40 негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Байқауға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мен оқушыларға Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитеті тарапынан тағайындалған мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Денсулық спартакиадасы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, білім беру қызметкерлерінің арасында дәстүрлі “Денсаулық” спартакиадасы өткізді. Алдымен 8 аймақта “Денсаулық” спартакиадасында 75 мекемелерде 2300-ге жуық кәсіподақ мүшелері белсенді қатысып, жоғарғы деңгейдегі ойындарын көрсетті, ерлер және қыздар волейболы, шахмат, тоғыз құмалақ, үстел теннисінен спорттық сайыстардан күш сынасты. Ақтық ойындар 8 мектеп ұжымында Абылайхан, Панфилов, Мақатаев,  Гагарин,  Ғабдуллин, Шәкәрім, “Мәңгілік ел”, Байғозиев атындағы жалпы орта мектептеріне өтті.

Жалпы командалық І-ші орын  – №38 Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі, ІІ – ші орын – №28 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі, ІІІ орын – №53 Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі командалары арнайы сыйлықтармен, мадақтама және кубоктармен марапатталды.

Спорттық іс-шара аудандық “СӘТ” телеарнасында түсіріліп, аудан тұрғындарына көрсетілді.

 

Оқушылар арасындағы кіші футболдан сайыс

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 29 қазан күні Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектеп оқушыларының арасында спорттың кіші футбол түрінен күзгі демалыс кезіндегі мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Спорттық сайысқа барлығы 18 команда қатысып, жүлдегер болған және жеңімпаз болған командаларға Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитеті тарапынан тағайындалған мадақтама қағаздары мен кубоктар табысталды.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыс кезіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған спорттықсайыстың қорытындысына сәйкес:

І орынды – №4 «Мақтаарал мектеп-гимназиясы» иеленді.

ІІ орынды – «С.Рахымов атындағы №3 жалпы орта мектебі» иеленді.

ІІІ орынды – «Абай атындағы №17 жалпы орта мектебі» иеленді.

«Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың  қазан айында ұстаздардың шығармашылық талантын анықтау мақсатында Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектеп базасында аудандық «Өнерлі ұстаз – 2019» байқауы болып өтті. Байқау 4 шарт бойынша өткізілді: 1-кезеңде ұстаздар Өзін-өзі таныстырса,  2-кезеңде  Абайдың қара сөздерін жаттау,  жалғастыру,  аяқтау болды.  Ал, 3-кезеңде қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берсе, «Құлақтан кіріп бойды алар – әсем ән мен тәтті күй»… атты қорытынды 4-кезеңде ұстаздар өз өнерлерін көрсетті.

Нәтижесінде, аудандық кезеңнің жеңімпазы атанған Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Амангелдиева Гүлжазира аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

15 қазан күні А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі базасында «Үздік сынып жетекшісі» байқауы өткізілді. Ұжым және оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби деңгейлі сынып жетекшілерді табу мақсатында өткен байқауда ұстаздар 4 бөлім бойынша бақ сынасты. 1-бөлімде ұстаздар Өзін-өзі таныстырса, 2-бөлімде «Мен сынып жетекшімін» тақырыбында шығармашылық тұсау кесер презентация қорғады, ал «Шебер класс» деп аталатын 3-бөлімде сынып сағатынан үзінділер көрсетті. Соңғы 4-бөлімде «Менің сыныбым өзгеше» тақырыбында дайындаған бейнероликтерін көрсетті.

Байқау соңында жүлдегер мұғалімдер марапатталып, аталған байқаудың облыстық кезеңіне Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Дінтай Жұматай жолдама алды.

«Ұстаздар күні» мерекесі

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ  комитеті тарапынан 10-қазан – «Ұстаздар күні» мерекесіне орай төмендегідей іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда:

Қалалық білім саласының кәсіподақ мүшелеріне 293 мадақтама грамоталары, 232 алғыс хаттары және 235 бағалы сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, 50 жасқа толған  кәсіподақ мүшелеріне қалалық кәсіподақ комитетінің тарапынан 84 бағалы сыйлықтар берілді.

«Ұстаздар күні» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Ұстаз аты-биік», әрі мәңгілік» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Осы мерекелік іс-шарада білім саласының қызметкерлеріне және ардагерлеріне арналған бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. 64 кәсіподақ мүшелеріне мадақтау грамоталарымен марапатталды, 62 кәсіподақ мүшесіне сыйлықтар, ал зейнеткерлікке шыққан бір мектеп директорына теледидар сыйға тарту етілді.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген салтанатты шарада қалалық бастауыш кәсіподақ комитеттерінің 13 төрағасы жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтсақ: «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен 5 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының «Құрмет грамотасымен» 4 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, ал Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының «Алғыс хатымен» 4 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары марапатталды.

Ұстаздар күніне орай мұғалімдер арасында аймақтық спартакиада өтті. Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен өткен спорттық шарада білім саласының қызметкерлері апта бойында волейбол мен үстел теннисінен сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Нәтижесінде, үздіктер анықталып, арнайы қаржылай сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздары Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында салтанатты түрде марапатталды.

        

«Үздік сынып жетекші – 2019» байқауы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қазан күні  білім беру мекемелері арасында «Үздік сынып жетекші – 2019» байқауы  өткізілді.

Байқауға барлығы 55 жалпы орта және 1 негізгі орта мектептердің сынып жетекшілері қатысты.

Байқаудың қорытындысына сәйкес жүлдегер болған және жеңімпаз болған сынып жетекшілерге Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитеті тарапынан алғыс хаттар мен мадақтама қағаздары және бағалы сыйлықтар марапатталды.

«Үздік жыл психологы-2019»

 

         Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Төлеби аудандық  білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аудандық  «Үздік жыл психологы-2019», «Табысты менеджер – 2019» байқауын ағымдағы жылдың 7-8 қазан күндері аралығында №16 және №4 Қ.Сатпаев жалпы орта мектептерінде  өткізді.

Бауқауға аудандағы жалпы орта және негізгі  білім беретін 38 мекеме басшылары қатысып, 3-7 жыл еңбек өтілі бар 33 мұғалім қатысып, 1 кезеңде эссе тақырыпқа  сай тапсырылды, 2 кезеңге 8 мұғалім өтті. 2 кезеңде өзін-өзі таныстыру және шығармашылық жұмысын таныстырды. Байқау нәтижесінде  өзінің басшылық қызметтегі шығармашылығын жауапкершілікпен көрсете білген және басқарудағы жаңа ойын тұжырымдап жеткізе білген №7 ЖОМ директоры Орынбаев Жамбыл және 2 мұғалім еңбек өтілі 3 жыл және еңбек өтілі 7 жыл бойынша  іріктеліп, білім алу процесіндегі проблемалық жағдаяттарды шешу, психологиядан теориялық білімін, жалпы жанжақтылығы және мәдениетін кәсіби тұрғыда шыңдалып келе жатқандарын көрсете біліп облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқаудың қортындысы бойынша женімпаз мұғалімдер облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі орын алған қатысушылар алғыс хатпен және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Мүғалімдер күні мерекесі

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Ағымдағы жылдың 5 қазанында аудандық Жандарбеков атындағы мәдениет сарайында, Сайрам аудандық  білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күніне»  орай мерекелік іс-шарасын өткізді. Жергілікті баспасөз құралдарында құттықтаулар, озат мұғалімдер туралы  мақалалар жарияланды.

Мерекелік іс-шараға  білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ ұйымының төрағалары,  озат мұғалімдер, еңбек ардагерлері, БАҚ құралдарының  өкілдері қатысты. Сайрам ауданың әкімі, аудан мәслихатының хатшысы, білім беру бөлімінің басшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы  озат мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап Құрмет грамоталары мен сыйлықтар тапсырылды. Сонымен бірге қатар шақырылған зейнеткерлерге  сыйлықтар берілді. Ұстаздар құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Мұғалімдер күні» мерекесі

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеті,  аудандық білім бөлімімен  бірлескен «Мұғалімдер күні» мерекесі өткізілді. Мерекеге аудан  әкімі қатысып ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтап, жас мұғалімдерден ант қабылдап қызметтерінің табысты  болуына тілек білдірді. Қатысушыларға Абайдын қара сөздер жинағының кітапшасы сыйға берілді. Мерекелік іс-шараға  255  кәсіподақ мүшелері қатысты. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Абишев Дәулен мырза ұстаздарды құттықтап облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі және Құрмет грамоталарымен,  арнайы сыйлықтармен марапаттады. Мереке соңында ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып қатысушыларға  көтерінкі  көңіл күй сыйлады.

1 75 76 77 78 79 90