Семинар

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Ордабасы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданының мәдениет үйінде «Жұмыс орнында өндірістік кеңес құру – қауіпсіз еңбектің кепілі» атты семинар өткізді. Семинарға Түркістан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Қ.Төлебаев, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев, білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және еңбекті қорғау жөнінідегі техникалық инспекторлар қатысты.

Ерлік – тәрбие жемісі

«Соғысты көрмеген адамның соғыс туралы ләм деуге құқығы жоқ», демекші отты жылдарда тобықтан қан кешіп Отаным деп кеудесін отқа тосқан ұстаз – ардагерлерімізді ұлықтау – біздің басты парызымыз.

Ұлы отан соғысының аяқталғанына 74 жыл. Қаншама қандастарымыз отан үшін жанын қиды. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғыс кімге керек болды…

Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған соғысты бастады. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыста қайғы – қасірет тарпаған бірде бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Соғыстың зардабы – үлкен қасірет. Сондықтан адамзатқа, әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Жеңіс сонысымен қымбат. Батырларымыз 1418 күн мен түн қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Жеңіс өздігінен келген жоқ, оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қанды қырғынға 1,3 миллион ұлмен қыз аттанды. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500 – дей адам елге батыр атанып, аңызға айналып оралды. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен жауға қарсы тұрды. Солардың бірі бүгінгі таңда аңыз қарияға айналған біздің ұстаз – ардагерлеріміз Абдулла Ирисметов, Әбдіжаппар Дайрабаев, Ергеш Ташметовтер.

Жыл сайынғы дәстүріміз бойынша ардагерлерімізді ардақтап, олардың ерліктерін ұлықтап заттай, қаржылай сыйлықтарымызды ұсынып сұхбаттасып қайттық. Ардагерлерімізді ардақтау арқылы өскелең ұрпақтың болашағын қамтып, патриоттық тәрбиенің негізін қалыптастыруда өнеге бола білдік.

Қарияларымыздың әрқайсысы бір дастан, бір тарих. Жасы ұлғайсада қажымай, жігерлері жасымай өткен жолдарын әңгімелеген қарияларымыздың естеліктерін тыңдадық. Майданнан оралған біздің жеңімпаз батырларымыз қаруларын қаламға айырбастап, бала тәрбиесіне, біліміне ден қойған қайсар азаматтар. Үлгілі ұстаздар! Бігінгі таңда абзал ақсақалдар! «Ер есімі ел есінде мәңгі сақталады» деген осы емес пе? Дендеріңіз сау болып, келер жылға аман – есен жетіңіздер. Біз Сіздермен мақтанамыз!

 

 

«Білім жолындағы жас қырандар» байқауы

          «Білім жолындағы жас қырандар» байқауы

 

          Төлеби аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті Елбасының жолдауындағы жастар жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас ұстаздарды тек білім мен оқу бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін қалыптастыру, белсенділік, сөздік қорын дамытуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жан жақты дамыту мақсатында «Білім жолындағы жас қырандар» байқауын өткізді.

Байқауға 35 жасқа дейінгі  аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелерден 5 адамнан құралған командалар қатысты.

Байқау 5 кезеңнен тұрды.

І Кезең:  «Сәлем – сөздің атасы»

ІІ Кезең: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

ІІІ  Кезең:  Үй тапсырмасы.

ІV Кезең:  Проблемалық жағдаят.

V Кезең: «Өнерлінің өрісі -кең»

Байқаудың қортындысы бойынша жүлделі орын алған қатысушылар алғыс хатпен және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

 

Спорт денсаулык кепілі

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Сарыағаш аудандық комитетінің ұйымдастыруымен 2019 жыл – Жастар жылына арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің арасында волейбол, шахмат, үстел теннисі ойындарынан аудандық “Денсаулық” спартакиадасы өткізілді.

Спартакиаданы ұйымдастырып, өткізуші білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті, оның төрағасы Тастанбеков Әкімбай ағайдың бастамасы. Спорттық жарыс осымен екінші рет өткізіліп отыр.

21 сәуір күні ауданның 5 аймағында жарыстар өтіп, жүлделі 1-ші орын командалар 28 сәуір күні №38 Мақатаев мектебінде ақтық ойындарын өткізді.

Спорттың волейбол, шахмат, үстел теннисінен ойындар өте тартысты және қызықты өтті.

5 балабақшалардың командаларының ойындарының қорытындылары бойынша, жалпы командалық 1- ши орын №4 балабақшасы командасының (меңгерушісі Алтынбаева Қаламқас, кәсіподақ комитетінің төрайымы Муталиева Баян) 2 – ши орын №16 Мерей балабақшасы командасының меңгерушісі Жанкайдарова Тоғжан, кәсіподақ комитетінің төрайымы Қабыланова Сәуле) 3 – ши орын №15 Айна балабақшасының командасына (меңгерушісі Джорабекова Ардақ, кәсіподақ комитетінің төрайымы Мақұлбекова Айгерім) берілді.

Шахмат ойыны бойынша жүлделі орындарға Айтбаева Арайлым (№4 балабақша) Тұрлыбекова Болыс (№15 Айна балабақшасы) Маменова Сәуле (№16 Мерей балабақшасы) иеленсе,

Үстел теннисі ойыны бойынша Маменова Сәуле (№16 Мерей балабақшасы) Қарабаева Айдана (№4 балабақшасы) Қаржауова Мөлдір (№15 Айна балабақшасы) оқ бойы озып шықты.

Жарыстың ережесіне сәйкес, жүлделі орын алған командалар мен үлгілі ойын көрсеткен ойыншыларға аудандық кәсіподақ комитетінің Кубоктары, ақшалай және заттай сыйлықтары тапсырылды.

“Денсаулық” спартакиадасының жоғары дәрежеде өткізуге атсалысқан төрешілерге, Мақатаев мектебінің ұжымына, әрине аудандық кәсіподақ комитетіне үлкен алғыс білдіреміз.

 

Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы

Ордабасы ауданы,  Айгөлек балабақшасында “Еңбек күні” мерекесі қарсаңында ертеңгілік өтті. Балабақша ыңғайластырылған  жайда орналасса да оқу қызметін жүзеге асыруда көштен қалып жатқан жоқ. Балабақшада  көгалдандыру  жұмысы өте жақсы жолға қойылған, ұжым мүшелері бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істеуде. Тәрбиеленушілер алған білімі мен дағдысын өздерінің өнерлерімен көрсете білді, әсіресе ортаңғы топ балалары өте белсенді екен. Кәсіподақ мүшелері де ертеңгіліке аса жауапкершілікпен қатысты. Көп елене бермейтін, бірақ болашақ  ұрпақ үшін маңызы зор болып табылатын ұлттық “Құрсақ шашу” рәсімі  жұмыскерлердің  күшімен орындалып, керемет насиxатталды. Ұжым мүшелерімен кездесіп, әлеуметтік мәселелер төңірегінде сұқбат жасадық. Балабақша басшылығына, ұжым мүшелеріне және ата-аналар қауымына өз ризашылығымызды білдірдік! Саналы ұрпақты тәрбиелеуде жетістіктерге жете берсін!

Облыстық спартакиада

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осы Жастар жылы аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы өзінің іс-шаралар жоспарына сәйкес спорттың волейбол және кіші футбол түрлерінен облыстық спартакиада ұйымдастырып, өткізді. Спорттың волейбол түрінен облыстың барлық аудан, қалаларындағы білім беру ұйымдарынан 16 құрама команда қатысса, кіші футболдан да 16 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Облыстық спартакиаданың ашылу салтанатын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, әрі қарай өнерпаздар мен жас каратэшілер өз өнерлерін көрсетті. Спорттық ойындарға кәсіби төрешілер қазылық жасады.

Жарыстың қорытындысы бойынша волейболдан жүлделі І орынды Сайрам ауданы, ІІ орынды Сарыағаш ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы мен Созақ аудандары өзара бөлісті. Ал кіші футболдан жүлделі І орынды Түркістан қаласы, ІІ орынды Түлкібас ауданы алса, ІІІ орынға Ордабасы мен Қазығұрт аудандары ие болды. Жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар, медальдар және ақшалай сыйлықтар тапсырылса, үздік ойыншылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасыҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы активінің кезектен тысмәжілісінде талқыланды. Актив мүшелері аталған бастаманы бірауыздан қолдайтынын және бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына сенімді екендіктерін білдірді.

Еліміздің тұрғындары үшін ең қымбат құндылық – бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық тұрақтылық. Президенттік сайлау ел дамуына тың серпіліс, жаңа серпін беретіні сөзсіз. Президенттік сайлау – барша қазақстандықтардың азаматтық бостандығының ажырамас бөлігі, айқын дәлелі. Біз Қазақстанның азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік дамуын және үйлесімді қоғамдық-саяси бағдарын жалғастыра беретіндігіне сенімдіміз. Сонымен қатар, еңбеккерлердің құқығын қорғау, лайықты еңбек үшін тиімдішарттар қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің тиімді ынтымақтастығы саласына қатысты көптеген көкейкесті мәселелерді шешудің маңызы зор екенін түсінеміз. Бұл жауапты миссияны заң бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен тұрақтылық, айқындық және ашықтық жағдайында атқарған жөн. Біз еліміздегі барлық әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жасампаз күштерді Қазақстан Республикасында барлық халықаралық нормалар мен стандарттарға сай әділ де ашық сайлау өткізуге қолдау көрсетуге шақырамыз!

Үш жақты келісімге қол қойылды

2019 жылдың сәуір айының 9-жұлдызында  «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Филиалы- Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан қалалық комитеті арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған салалық үш жақты Келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қол қою рәсімі Түркістан қаласындағы  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында өтіп, Келісімге «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан бас маман Ж. Орынбасарова, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д. Турманова, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Б.Кенжебаев тараптар атынан қол қойды.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының құрамы бекітілді. Келісім   қала көлемінде білім беру ұйымдары мен мекемелерінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, өзге де заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісіммен, салалық келісіммен белгіленген оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін айқындау және бекіту мақсатында жасалған.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдер мен ұжымдық шарттар жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық акт болып қана қоймай, ұжымдар ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды реттеудегі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етпек. Жалпы, жоғарыда түзілен келісімдер кәсіподақ саласының жұмысы аясында бастау алып, жалғасып, жүзеге аспақ.

Жас ақындар мүшәйрасы

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, Мақтаарал ауданы әкімдігінің және аудандық маслихат депутаттарының қолдауымен 06 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауы аясынды және «2019 жыл – ЖАСТАР жылы» деп жариялануына орай «ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БАСТЫ БАҒДАР» атты жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып өткізілді.

Мүшәйраға 25-35 жас аралығындағы мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысып өз бақтарын сынады.

Мүшәйраға арнайы келген қонақтар: Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, Мақтаарал ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев, Мақтаарал ауданының қоғамдық келісім ұйымының төрағасы С.Мелдеханов, Мақтаарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, Мақтаарал аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық маслихаттың депутаты Б.Абилов құттықтау сөзге шығып, мүшәйраға қатысушы барша үміткерлерге сәттілік пен толағай табыстар тіледі.

Тартысты өткен мүшәйраның қорытындысына сәйкес жеңімпаз болған және бірінші орын алған үміткерлерге сайысымыздың бас демеушісі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының бас директоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері И.Үмбетаевтың арнайы сыйлықтары ТЕЛЕДИДАРМЕН және Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың атынан тағайындалған МАДАҚТАМА қағаздарымен марапатталды. Екінші орын алған екі үміткерлеге де КІР ЖУАТЫН машинамен мадақтама қағаздары және үшінші орын алған үміткерлерге де ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕР мен мадақтама қағаздары Мақтаарал ауданы әкімдігінің және аудандық маслихат депутаттарының атынан табысталды және ынталандыру сыйлықтары, яғни бес үміткерге номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудан деңгейінде өткен жас ақындар мүшәйрасын Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов өз сөздерімен қорытындылап, барлық үміткерлерге толағай табыстар тіледі.

Үш жақты келісім

2019 жылы әлеуметтік әріптестік жөніндегі Келісімдер мен ұжымдық шарттардың мерзімі аяқталып, жаңа мерзімге келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеу және бекіту жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылғы 2 сәуір күні Түркістан облысының білім басқармасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптің одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған үш жақты Келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қол қою рәсімі Түркістан облысының медиа-орталығында болып, Келісімге облыстық білім басқармасы атынан басқарма басшысының  орынбасары А.Садықова, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Б.Кенжебаев тараптар атынан қол қойды.

Келісімнің тараптары:

Жұмыс берушілер атынан.

  • Білім беру ұйымдарының өкілі болып табылатын Түркістан облысының білім басқармасы;
  • Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы;

Жұмыс істеушілер атынан:

  • Түркістан облысы аумағындағы білім беру мекемелері мен ұйымдарының атынан олардың өкілі болып табылатын – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты Келісім облыс аумағындағы білім беру ұйымдары мен мекемелерінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, өзге де заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісіммен, салалық келісіммен белгіленген оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін айқындау және бекіту мақсатында жасалған.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдер мен ұжымдық шарттар жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық акт болып қана қоймай, ұжымдар ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды реттеудегі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал ететін  маңызды құрал екендігін практика дәлелдеп отыр.

Сол сияқты, әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының құрамы бекітілді.

 

1 78 79 80 81 82 90