Келісіп пішкен тон, келте болмас!

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитенінің ұйымдастыруымен  №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің думан залында, аудандағы мектеп басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық білім бөлімінің мамандары, әдіскерлері және есепшілердің қатысуымен ауқымды Семинар-Кеңес болып өтті.

Семинар-Кеңестің күн тәртібінде:

“Білім беру мекемелеріндегі еңбек заңдылығының сақталуы және тарификация комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру туралы” мәселе қаралды.

Семинарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің бөлім басшысы, заңгері Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы арнайы шақырылды.

Семинар-Кеңесті аудандық білім бөлімінің басшысы Майрихов Бауыржан Қурбанәліұлы жүргізіп отырды.

Алғашқы сөзді аудандық білім бөлімінің экономисті Жылгелдиева Анарға берілді.

А.Жылгелдиева тарификация жасау кезінде қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керектігі жөнінде хабарлама жасады.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Тастанбеков Әкімбай Зейтбайұлы білім беру мекемелерінен келіп түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстарды саралап, 2019 жылы 30 мамырда аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің біріккен алқа мәжілісінде “тарификация” жасауда есепшілердің де қатысуы қажеттігі айтылып, 2019 жылдың 1 қыркүйектен бастап тарификацияны есепшілердің қатысуымен жасау келісілген болатын. Бұны сол кезде аудан әкімі Әбдуәлиев Қайрат Амангелдіұлы де білім бөліміне тапсырған болатындығын хабарлады.

Бірақ, өкінішке орай бұл сұрақ толық шешілмей келеді. Тарифті өткізу үшін мектеп директорының орынбасарлары апталап, айлап аудандық білім бөлімін жағалап жүреді. Оқу-тәрбие процесін бір тоқсан бойы атқара алмайды.

Осы сұрақтың заңдылығы жөнінде Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы, заңгері Ғ.Ақбердиев заң шеңберінде түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.01.2008 жылғы №77 қаулысы бойынша барлық есепшілер мектептің штаттағы қызметкерлері, яғни “мектептің адамы” ал “пилоттық жоба” (бұл тек Түркістан облысында ғана) бойынша есепшілер аудандық білім бөлімінде отыр. Жұмыс беруші – мектеп басшысы есепшіге ешқандай тапсырма бере алмайды.

Ал, есепшінің лауазымдық міндеттерінде  педагогикалық қызметкерлердің тарифін жасау міндеттелген.

Сондықтан есепшілер мектеп директорын оқу ісі жөнінде орынбасарларымен тарифті бірлесіп жасағандары жөн – екендігі түсіндірілді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов мектеп басшыларына әр ұжымда тарификация комиссияларын құрып, есепшілермен бірге тарифті уақытты аяқтауға бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.

Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар болды?

Бірінші сұрақ: Мектеп қарауылдарының жұмыс уақыты қалай белгіленеді?

жауап: Қарауылдардың жұмыс уақыты мектепте ешкім жоқ кезде, яғни кешкі 1800-ден таңғы 800-ге дейін, ал жексенбі күндері 24 сағат ретінде белгіленеді.

Екінші сұрақ: Бастауыш сыныптардағы орыс тілі сағатын бастауыш сынып мұғалімдері өтуге құқы бар ма?

жауап: Құқы бар. Егер сағатын алатын болса, жазбаша келісімі қажет.

Үшінші сұрақ: Мұғалімдер өздерінің жалақысы жөнінде айма -ай ақпарат (квитанция) алуға бола ма?

 жауап: ҚР. “Еңбек Кодексінің” 113 бабы 2 тармағында жұмыскерге жалақы мөлшері, ұсталынған қаржы, зейнетақы жарналары туралы жазбаша мәлімет немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлау міндеттелген.

Семинар-Кеңестің барысында тағы басқа сұрақтарға жауаптар берілді.     

Аға ұрпақты құрметтеу, болашақ ұрпақтың көрегендігі

Аға ұрпақты құрметтеу, болашақ ұрпақтың көрегендігі.

 

Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырындағы №303 қаулысы нормативтік – құқықтық актлердің ақпараттық – құқықтық жүйесінде «10 – қазан Қазақстан кәсіподақтары күні», деп жариялануына орай Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, «Қазақстан Кәсіподақтары күнін» атап өту үшін, комитеттің іс шара жоспарына сәйкес біршама жұмыстар атқарды.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі және «Қарттар күні» белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Кәсіподақтар күнімен тұстас келген қос мерекені бірге атап, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекке ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата – бабадан келе жатқан салтымыз болғандықтан, қоғамға елеулі үлесін қосып, ұстаздық жолда тынбай еңбек еткен ұстаздарға сый – сияпат жасалынды. Көп жыл білім саласында басшы қызметін атқарған ұстаздардың ұстазы атанған Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің директоры Элмир Абдувахабовқа теледидар тарту етілді. С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарған, зейнеткерлік жастың зейнетін көремін деген үміті ақталмай өмірден өткен кәсіподақ мүшесі Р.Нышановтың жанұясында болып, «Еске алу» мақсатында өзі көре алмаған теледидарды жанұясына сыйға тарту еттік. Рахым Бабажанұлы еңбегінің барлық бөлігін ұрпақ тәрбиесіне арнаған, адал, еңбексүйгіш, ізденімпаздығымен есімізде мәңгі сақталады.

Шәкірттеріне білім мен тәрбиені қатар берген аға ұрпаққа деген ілтипатымыз шексіз. Аға ұрпақты құрметтеу – ол болашақ ұрпақтың көрегендігі. Кәсіподақтар мерекесіне арналған салтанат осындай игі іс шаралармен басталды.

 

 

Созақ ауданы

2019 жылдың 14 қыркүйек күні Шолаққорған ауылы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі базасында Созақ аудандық білім бөлімі мен  білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің  арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сай, «Жастар жылына» байланысты жас мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруіне, кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында жас педагогтар арасында «Үздік жас мұғалім 2019» аудандық байқауы өтті. Аудандық  байқауда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы мен білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Сүйгенбаев Бақытжан Серікұлы сөз сөйлеп, құттықтап қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 35 жасқа дейінгі педагогикалық өтілі 1-5 жыл аралығындағы  мұғалімдер  қатысты. Байқауға негізгі  пән мұғалімдері, атап айтқанда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, биология, химия, физика, информатика, тарих, география, бастауыш сынып мұғалімдері жалпы 87 мұғалім қатысты.

Байқау 2 турдан тұрды: 1 турда  критерийларға сай мұғалімнің портфолиосы сарапталып, 2 турда белгіленген регламентке сай әр жас маман өзін өзі таныстырып, панорамалық сабағын немесе педагогикалық шеберханасын көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 1-3 орындар белгіленіп, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің тарапынан арнайы жеңімпаздарға құнды сыйлықтармен марапатталды және үздік көрінген мұғалімдерге мадақтамалар берілді.

 

Атқару комитетінің мәжілісі

2019 жылғы 12 қыркүек күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті .

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитеті мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары С.Әуесханов қатысты. Мәжілісте Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын талқылау өткізді.. Президент Жолдауы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев баяндама жасады.

Баяндамада Президент жолдауының әр тарауы бойынша негізгі мәселелерге көңіл бөлінді, соның ішінде «IV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» тарауы бойынша егжей-тегжейлі айтылды.

ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Жолдауы бойынша Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары С.Әуесханов, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Әбішев, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәдірмек, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Р. Сайлаулы және басқалар  Президент Жолдауындағы өзекті мәселеерге тоқталып,  Жолдауды насихаттау, түсіндіру және түсінік жұмыстарын жүргізу, орындау жөніндегі жұмыстар жайлы өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салып, Жолдауды қолдайтындарын білдірді.

Талқылауды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, қорытындылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, түсіндіру және орындау жөніндегі білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық комитетінің іс-шаралар жоспары жайлы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Облыстық кәсіподақ комитетінің іс-шаралар жоспары мақұлданып, бекітілді. Облыстық кәсіподақ комитетінің іс-шаралар жоспары аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне жұмыс жүргізу үшін жіберілді.

 

Мақтаарал волейболдан турнир

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа жолдаған Жолдауын қолдау аясында білім беру ұйымдарындағы мұғалім апайлар арасында «А.Фердауси атындағы №24 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде спорттың волейбол түрінен сайыс ұйымдастырылып өткізілді.

Сайыстың ашылу салтанатына арнайы келген Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің атқару комитетінің мүшелері Б.Абилов, С.Утебаев, Д.Дүрменбаев және  «А.Фердауси атындағы №24 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Сапар сайысқа қатысушы білім саласының қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Сайыстың қорытындысына сәйкес 10 команданың ішінен жеңімпаз болған және үздік ойын көрсеткен ұстаздарға Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің атынан арнайы мадақтама қағаздарымен кубоктар табысталды.

 

 

Жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. 2020 жылы мұғалімдер жалақысының 25 пайызға өсуі мұғалім еңбегінің бағалануы мен оның мәртебесінің артуына үлкен бір серпін береді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беруде аянбай еңбек етіп, саналы ұрпақтың өсуіне үлкен үлес қосып жүрген мамандық иесі – ол мұғалім.
Президент Жолдауы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының ұжымында талқыланды. Алдағы уақытта Жолдау негізінде бірқатар жұмыстар белгіленіп, насихаттау жөніндегі іс-шаралар мақұлданды.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы

Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы атқару комитетінің шешіміне сәйкес, 2019-2020 оқу жылына арналған «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясына үлес қосу мақсатында, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Достық,  Ж.Нұрлыбаев,  Жаңа жол, Еңбекші, Иіржар ауылдық округтары мен Мырзакент кентінде орналасқан білім мекемелерінің қызметкерлері арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері аналардың бастауыш сыныпта оқитын балаларына Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті  тарапынан оқу-құрал жабдықтары және мектеп сумкалары табысталды.

Атаулы іс-шараға басшылық жасап, оқу-құрал жабдықтарын өз қолымен табыстаған Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлері  кәсіподағы комитетінің төрағасы Алданияз Жолдасов, атқару комтетінің мүшелері аудандық маслихаттың депутаты Бауыржан Абилов,  Сафуан Утебаев және ауылдық округ пен кент әкімдерінің орынбасарлары.

Мектепке жол акциясы əле де өз жалғасын тауып, қалған төрт ауылдық округпен Атакент кентінде орналасқан білім мекемелерінің Алтын алқа мен күміс алқа иегерлерінің бастауыш сыныпта оқитын ұл-қыздарына жаңа оқу жылына арналған оқу-құрал жабдықтарымен мектеп сумкалары табысталатын болады.

 

Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек

2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында орын алған жарылыстардың салдарынан зардап шеккен аймақтарда орналасқан білім беру ұйымдарына (колледж, мектептер мен балабақшалар) білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы мақсатта 13 шілде күні Арыс қаласына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы М.Амантаева келіп, білім беру ұйымдарына Республика бойынша білім және ғылым саласының кәсіптік одақтары аударған жалпы көлемі 13 млн. теңгені құрайтын соманы таратып берілуіне мұрындық болды. Қайырымдылық іс-шара Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткізіліп, оған Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрағасы Б.Еркінбек, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының төрағасы Б.Бекжановтар қатысты. М.Амантаева сондай-ақ жарылыс салдарынан зардап шеккен бірқатар білім беру ұйымдарын аралап көрді.

Атқару комитетінің мәжілісі

2019 жылғы 28 маусым күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы»  ҚБ   атқару комитетінің  кезектен тыс кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитеті мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібіндегі «Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты облыстық кәсіподақ комитетінің, филиалдарының қайырымдылық көмек көрсету  және алдағы атқарылатын жұмыстары жайлы»  облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек  хабарлама жасады.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайды есітіп, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығы және облыстық салалық кәсіподақтар сол күні Арыс қаласының 100 адамын кәсіподақтар орталығы ғимаратына қабалдауды ұйымдастырды. Кейінгі күндері әлеуметтік көмек алуға тіркелгендер саны 400-ге жуықтады. Салалық кәсіподақтар Арыс қаласынан көшірілген адамдарға қалыпты тұрмыстық жағдайлар жасау, балаларына аяқ-киім алып беру, тамақтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету  үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық комитеті Қазақстандық салалық кәсіподақ оргалығына хат жолдап, Республика бойынша білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеттерін Арыс қаласы тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетуге тартуға көмектесу туралы өтініш білдірдік. Қазір Салалық кәсіподақтың орталық кеңесі қайырымдылық көмек ретінде 5 млн. теңге қаражат аударды.  Басқа облыстар да осы қайырымдылық жұмысқа белсенді атсалысуда. Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері  бір күндік еңбек ақысын көмек көрсету қорына аударуға ниет білдірді және алдағы кезде көмек көрсетуді жалғастырады. Облыстық кәсіподақ комитеті Арыс қаласы білім беру ұйымдарында  жұмыс істеушілердің 300 баласын жазғы лагерлерде демалуын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Атқару комитетінде сөз сөйлеген, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қ.Мусабеков университеттің 3 жатақханасына  1800-ден аса адам қабылданып, 2500-ге адамға ыстық тамақ беру, тұрмыстық жағдайлар жасау, киім-кешек әперу жөнінде жұмыстар атқарылды. Университеттің қызметкерлері, психологтары мен дәрігерлері психологиялық-моральдық қолдау жұмыстарын атқарып отырды. 27 маусым күні А.Қоразбаев, Р.Мухамедқызы, Н.Албан және «Жігіттер» тобы Арыс қаласы тұрғындарының көңілін көтеру шараларын өткізді, қайырымдылық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Атқару комитеті мәжілісінде сөз сөйлеген А.Абуов, Ә.Тастанбеков, Ж.Мухаев, Ә.Сәдірмек  облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан  берілетін көмекті нақты және атаулы түрде және барынша ертерек  беруді ұсынды.

Осы мақсатта облыстық кәсіподақ комитетінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссия,  Арыс қаласы бойынша білім беру саласында жұмыс істейтін адамдардың тізбесін құрып, зардап шегу дәрежесіне қарай түскен қаражатты бөлу мәселесін шешетін болады.

Облыстық кәсіподақ ұйымының  атқару комитеті қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

Атқару комитетінің қаулысына сәйкес, Арыс қаласы бойынша білім беру ұйымдары мен мекемелері қызметкерлеріне қайырымдылық көмекті атаулы түрде беру,   ол үшін оларға зардап шегу деңгейін зерделеу жасау, кімге қандай көлемде қаражат беру мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құрылды. Қайырымдылық көмек үшін түскен қаражатты облыстық комиссия ұсынысына сәйкес жария түрде беуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

 

 

Семинар

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2019 жылғы 09-сәуірдегі № 09-04/72-санды хатына сәйкес, ұйымдардағы еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында 22.04.2019 жылғы                                                                                                Ордабасы аудандық білім бөлімінің № 412 бұйрығымен және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің № 5/ә-санды қаулысымен бірлескен шешім шығарылды. 2019 жылдың мамыр, қыркүйек, қазан айларында  ұйымдардағы еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алу, жұмыскерлерді қауіпсіз әрі санитарлық гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, оларға еңбек заңнамаларын түсіндіру, сондай-ақ олардың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін таппай отырған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты 96 бастауыш кәсіподақ ұйымдарында аудандық кәсіподақ комитеті өкілдері мен білім беру мекемелеріне жауапты бухгалтерлердің қатысуымен семинарлар өткізу жоспарланып, қазіргі таңда ол жұмыстар басталып кетті.

Бірлескен шешім 96 бастауыш кәсіподақ ұйымдарына таратылды және жиналысты ұйымдастыру, жалақы төлеу мәселелері бойынша алдын ала төрағалар мен буxгалтерлерге нұсқаулықтар мен түсіндірмелер берілді.

Осындай кездесудің 2019 жылғы 21 мамыр күні «Аққу» балабақшасында мағыналы да мәнді өтті. Кәсіподақ комитеті тарапынан комитет кеңесшісі Маханова З.С. қатысты. Семинарда жұмыс берушінің 2019 жылы атқарған жұмыстары, бас  буxгалтер жалақының есептелуі және төленуі туралы ақпарат берді. Ал аудандық кәсіподақ комитетінің өкілі Замира Сабекқызының тарапынан кәсіподақ қозғалысының жұмысын жақсарту, беделін арттыру мақсатында пікірлер мен ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

 

 

 

1 77 78 79 80 81 90