“Менің елім – жеңіс мекені”

25 қазан Республика күніне орай №77 жалпы білім беретін мектепте “Менің елім – жеңіс мекені” тақырыбында жас мамандар арасында эстафеталық спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жас педагогтердің дене белсенділігін арттыру, ұжымдағы ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Сайыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік пен ұйымшылдық танытып, өзара қолдау мен серіктестік рухын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

КІТАПХАНА – МӘРТЕБЕСІ БИІК КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ.

Бүгінгі дамыған заманда жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.

Кітапхана – оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады.

№55 ЖББМ мәжіліс залында «Кітапханашылар күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиында Сайрам аудандық білім бөлімінің бас маманы Ф.А.Оспанова, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.К.Сейдалиева мектеп кітапханашыларды мерекелерімен құттықтап, үздік және ардагер мамандарға марапаттар мен сыйлықтар табыстады.

Шара барысында оқушылар мен ұстаздар дайындаған концерттік бағдарлама, сахналық көріністер мен бейнероликтер, слайдтар көрермендердің көңілінен шығып, іс шараның сәнін кіргізді.

Құрметті кітапханашылар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

Бүгін 2025 жылдың 17 қазан күні Ордабасы ауданында білім және ғылым қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен «Білім беру мекемелеріндегі Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау туалы» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы семинар ұйымдастырылды.

Семинарды Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Тулебаев бастап ашып берді. Сөз барысында кәсіподақ мүшелері үшін педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау маңызды да, қажет екенін сөзге тиек етті. Сонлай ақ семинар барысына Ордабасы аудандық білім бөлімінің бас маманы, заңгер Марат Молдабайұлы қатысты. Өз сөзінде педагогикалық әдептің білім қызметкерлері үшін маңызын заңмен түсіндіре өтті.

Семинардың негізгі мақсаты-педагог қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқын реттеу, оқу-тәрбие үдерісінде әділдік, адамгершілік және өзара құрмет қағидаларын сақтау арқылы жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру болды.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ БОЛЫП ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» Ұлттық құндылықтар академиясының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлт руханияты және Ө.Жәнібеков тағылымы» тақырыбында халықаралық форум болып өтті. Айтулы іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, еліміздің және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдерінің ғалымдары, мәдениет және білім саласының мамандары, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында Ұлттық құндылықтар академиясының мүшелігіне қабылдау жүргізіліп, куәліктер берілді. Академияның мүшелік куәлігі Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Еркінбекке де табыс етілді.

 

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық кездесу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” жариялануына байланысты Спатаев атындағы жбб мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі, кәсіподақ мүшесі Бекенұлы Рахымжанның ұйымдастыруымен 9,10,11 сынып оқушыларымен мамандық таңдац бойынша кездесу өтті.

Кездесуде мамандық таңдау бойынша түсіндірулер жүргізілді.

Кездесуде 9,10,11 сынып оқушылары мектепте оқып жүріп, яғни аспазшы, плотник, сантехник, тігінші мамандықтары бойынша білім беріліп, аттестатпен бірге алып шығуына мүмкіндік жасау туралы ұсыныстарын енгізді.

 

Ордабасы ауандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Мұғалімдер спартакиадасы – 2025

Жетісай ауданында “Мұғалімдер спартакиадасы – 2025” табысты аяқталды!

9-11 қазан күндері аралығында

Жетісай ауданы

Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің қолдауымен өткен бұл ауқымды спорттық шараға қала, кент және ауылдық округ мектептерінен үздік командалар қатысты. Үш күнге созылған додада 7 спорт түрінен сайыс өтті.

Ерлер волейболы

Д.Қонаев МЛ

Әйелдер волейболы

Д.Қонаев МЛ

Кіші футбол

Б.Момышұлы МГ

Асық ату

Ш.Құдайбердиев

Бес асық

№3 Ю.Гагарин

Тоғызқұмалақ

А.Байтұрсынов

Үстел теннисі

№76 мектеп

Жалпыкомандалық есеп:

Жетісай қаласы

Жетісай қаласы

Абай ауылдық округі

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл спорттық бәсекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына кәсіподақ маманы Бейсенов Сәкеннің белсенді еңбегі мен кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхамеджан Спархановтың қолдауы ерекше үлес қосты.

Алда өтетін облыстық спартакиадада барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен кездесу

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен жаңадан сайланған «Д.Қонаев», Тәукехан», «Ұлағат», «Б.Нұрлыбеков», «Ғ.Мұратбаев» атындағы жббм бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында кәсіподақ комитетінің бас есепшісі М.Шураева қаржыға қатысты мәселелермен ой бөліссе, «Аққу» және «Балбөбек» бала бақшаларының төрайымдары М.Курымбаева мен Ж.Калимбетова бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы төрайымның рөлі жөнінде ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Кездесуді кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев жүргізіп, қорытындылап аяқтады.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Кәсіподақ кубогі» атты аудандық жарыс

Келес аудандық білім бөлімі мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10-қазан «Кәсіподақтар күніне» орай ерлер мен әйелдер арасындағы «Кәсіподақ кубогі» атты аудандық жарыс өткізілді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Т.Артыков алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Воллейбол» ойынынан:

12 ауыл әкімшілігі командалар ішінен

Ерлер командасынан:

Бас жүлде –Кәсіподақ құрама командасы иеленді.

Әйелдер командасынан:

Бас жүлде –Кәсіподақ құрама командасы иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар «Волейбол» спорт түрінен Чемпиондар кубогы,және облыстық жарысқа жолдама жеңіп алды. Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар «Волейбол » спорт түрінен «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші» және белсене қатысқан қатысушылар номинацияларымен марапатталып, әділ төрешілік көрсеткен төрешілерге және жарысты өткізуге жауаптыларға қаржылай марапаттар берілді.

Жарысқа қатысушыларға түскі ас, келіп, кету жолақылары Келес аудандық кәсіподақ комитетінің есебінен жүргізілді.

Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз.

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық келісім

Бүгін аудандық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісінде “Ордабасы аудандық білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерінің жергілікті кәсіптік одағы” Қоғамдық бірлестігінің филиалы- Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтар комитетінің арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-әріптестік туралы келісім туралы Ордабасы аудандық білім бөлімінің заңгері М.Молдабаев бүгінгі жиында таныстырып өтті

Күн тәртібіндегі екінші мәселе “Жолдау – 2025.

Адами капитал-дамудың маңызды факторы”.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауына Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев насихат жұмыстарын жүргізді.

Президент Жолдауы – ел болашағына бағытталған нақты қадамдар мен стратегиялық шешімдер жиынтығы. Әсіресе, білім беру саласына қойылған міндеттер – қоғамның дамуында ұстаздың рөлін арттыра түсетін маңызды бағдар.

Жасанды интеллект, цифрлық трансформация, жаңа білім беру модельдері – мұның барлығы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың кепілі.

Бұл бастамалар тек мұғалімдерге ғана емес, ата-аналар мен оқушыларға да үлкен серпіліс береді.

Білім беру саласындағы жаңашылдықтарды қолдай отырып, біз – ұстаздар қауымы, әр баланың жеке қабілетін ашуға, елімізге адал, парасатты азамат тәрбиелеуге үлес қосамыз. Президенттің сенімі – біздің ісімізде көрініс табуы тиіс.

Ұстаз – жаңғыру көшінің бастауы!

Білім – мемлекет тірегі, ұрпақ болашағының негізі!

Жиын кәсіби мереке ” Кәсіподақтар күні” мерекесіне орай құттықтаулар мен марапатқа ұласты.

 

Ордабасы ауандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

10 қазан – Кәсіподақтар мерекесі ретінде тойланатын атаулы дата болып саналады. Биыл еліміздегі кәсіподақтардың құрылғанына 120 жыл толып отыр. Осынау мерейлі мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы жиын өткізіп, аудандағы кәсіподақ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

–Сіздерді Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдық мерекесіне орай шын жүректен құттықтаймын. Кәсіподақ – ең бірінші кезекте жұмысшы құқын қорғап, олардың заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуын қадағалайтын ұйым. Сондықтан да бұл ұйымның қоғамдағы орын алатын маңызы ерекше, – деген аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан «Алғыс хаттар» мен сый-сияпаттар табыстады.

Аудан әкімінің марапатына кәсіподақ қозғалысын дамытып, еңбеккерлердің құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ұлықбек Жұман, мемлекеттік мекемелер кәсіподағы аудандық комитетінің төрайымы Бақтыгүл Биманова, түрлі мекемелерде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелері ие болысты.

Жиынға қатысқан “Аманат” партиясының аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет те құттықтау сөз сөйлеп, партия атынан құттықтау хат пен сыйлықтар тарту етті.

Мұғалімдер мүддесін қорғауда жемісті еңбек етіп жүрген білікті басшы, ұлағатты ұстаз, ақын Ұлықбек Жұман әріптестеріне ақ тілегін арнады.

–Президент жолдауынан туындаған цифрландыру үдерістері, әлеуметтік-экономикалық реформалар кәсіподақтан тиімді және ашық жұмыс істеуді талап етеді. Кәсіподақ ұйымдары бүгінгі таңда құқықтық сауаттылықты арттыру, еңбек дауларының алдын алу сияқты жаңаша жұмыс тәсілдерін қолға алуда. Цифрлық шешімдер мен заманауи технологияларды пайдалану – кәсіподақ қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл – ұйым мен кәсіподақ мүшелері арасындағы байланысты нығайтып, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға жол ашады. Бізді төл мерекемізбен құттықтап, қуанышымызға ортақтасып отырған аудан әкімі Арман Қарсыбаевқа, орынбасары Бейсенбай Төребеков сынды азаматтарға кәсіподақ ұйымының атынан зор алғысымды білдіремін, – деді аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ұлықбек Назарұлы.

 

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

1 8 9 10 11 12 90