Ұстаз мінбері!

Ұстаз мінбері! Абсатаров Қуанышбек Әбутәліпұлы, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында туылды. Сол елді мекендегі С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебін 2008 жылы аяқтап, арманым алға жетектеп Абай атындағы Казақ ҰПУ-нің информатика мамандығының грант иегері атанды. 2013 жылы С.Сейфуллин атындағы ЖОМ-ке информатика пәнінің мұғалімі болып қабылданды.

XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім мен тәрбие беру үшін білімімді үнемі жетілдіріп отырамын. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін үштілділік бойынша курстан өттім. Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде «Робот техникасы» саласы бойынша курсты меңгердім. Білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру, визуалды графикалық ортада бағдарламалау, топтық, зерттеушілік жұмыстарды жасау дағдыларын дамыту, команда құрып, WRO бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларға оқушыларды дайындау жұмыстарын жасап жүрмін. Үздіксіз еңбегімнің нәтижесінде 2017 жылдан бастап оқушыларым аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлері атанды. Еңбегім еленіп, аудандық, облыстық марапаттарға ие болдым. 2021 жылы мектепте жыл қорытындысы бойынша «Үздік ұстаз» номинациясын жеңіп алдым. 2022 жылы пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында III дәрежелі дипломмен марапатталдым. “ROBOTOTUR” екінші облыстық педагогтар арасындағы байқауының аудандық кезеңінде I дәрежелі дипломмен марапатталдым. Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына орай өткізілген шахматтан мұғалімдердің аудандық спартакиадасында жүлделі I орынды жеңіп алдым. «Педагог құзіреттілігі» республикалық ғылыми әдістемелік педжурналына №8(50) 2022 жыл «Ақпараттық әлем бейнесін қалыптастырудағы информатиканың рөлі» атты еңбегім жарияланды. Білімімді жетілдіріп, 2023 жылы Шымкент университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтадым.

Пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында озық идеясы және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленгенім үшін ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.2022ж. №260

Болашақ ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп елеулі табыстарға жетіп, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік ұстаз» номинасиясын жеңіп алғаным үшін Мадақтама 2022ж. №14

«KazRoboSport-2023» робототехника республикалық чемпионатының облыстық кезеңі жалпы білім беру ұйымдарының аудан көлімінде өткізілген

Интернет-ресурстар саласындағы білім мен іскерлікті анықтауға бағытталған оқушылар мен ұстаздар арасындағы «Үздік веб-сайт» облыстық байқауына қатысып, веб ресурстағы үздік жұмысын дайындауда оқушыларға нақты бағыт-бағдар беріп, жетекшілік жасағаным үшін облыстық әдістемелік орталықтан Мадақтама №317

2023-2024 оқу жылында информатика пән олимпиадасынан аудандық кезеңнен 10 сынып оқушым Әлдибек Нұрдәулет І орын жеңіп алып, облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңнен І орынды жеңіп алды.

«Педагог құзіреттілігі» Республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық журналына №8 (№50) 2022ж. Қараша – желтоқсан. «Ақпараттық әлем бейнесін қалыптастырудағы информатиканың ролі» атты мақалам жарияланды

«Оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы көптілді білім беруді жүзеге асыру» атты Республикалық семинар практикумның қатысушысы болдым. «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы: білім беруді модернизациялауда үштілділіктің маңызы» тақырыбында өткізілген республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысып, тәжірибеммен бөлістім.

2023-2024 оқу жылы « Ауыл олимпиадасы -2024ж» республикалық олимпиадасында үш оқушымыз информатика пәнінен республикадан жүлделі І,ІІ орын алып келді. Оқушым Әлдибек Нұрдәулет Өскенбайұлы 10 сыныптар арасында республикалық « Ауыл олимпиадасы -2024ж » абсалютті бал жинап І дәрежелі дипломмен марапатталды. 9 сынып оқушылары Әлдибек Нұрислам және Серікбай Елмұрат жүлделі ІІ орындарды иеленді. Мектебіміз республикалық «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясына ие болды.

 

 

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жақсы жолға қойылған. Дарынды оқушым, Әлдибек Нұрдаулет Ускенбайұлы 2024 жылы Cpfed ұйымдастырылуымен өткен республикалық олимпиаданың II орын жүлдегері атанды. Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысып алғыс хатпен марапатталды.

2024-2025 оқу жылы « Ауыл олимпиадасы» республикалық олимпиадасында оқушым Әлдибек Нұрдәулет Өскенбайұлы 11 сыныптар арасында республикалық абсалютті бал жинап І дәрежелі дипломмен марапатталып, С.Демирель атындағы университетке грант жеңіп алды. Қазіргі таңда СДУ – де үздік студенттің бірі.

2025-2026 оқу жылында “Ауыл олимпиадасынан” аудандық кезеңнен 9 сынып оқитын оқушым Амангелді Балауса І орын жеңіп алып, облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңнен І орынды жеңіп алды.Республикалық кезеңінде Алтын медаль жеңіп, еліміздің жетекші білім ордаларының бірі –РФМШ – ға грант иегері атанды

Республикалық «Ауыл олимпиадасынан» 3 жыл қатарынан оқушыларым I орынды иеленді.

Еңбегімнің нәтижесі еленіп, 2025 жылдың «Білім беру саласының үздігі» номинациясымен марапатталдым.

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу үшін көп іздену керек. Codeforces.com , acmp.ru , esep.spfed.kz осы сайттардан оқушыларды логикалық есептермен жұмыс жасауға үйретемін. Сергіту сәті ретінде оқушылардың миын дамытуға шахмат ойындарын қолданамын. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ балалардың миын дамытуға арналған. Оқушыларды жан жақты шығармашыл, ізденімпаз етіп тәрбиелеу – бүгінгі заман талабы. Ғылыми техниканың дамыған кезеңінде оқушыларға ақпараттық технологияны меңгерту үшін жүйелі, жоспарлы жұмыс жүргізуіміз қажет.

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Аудандық іс шара

Қазығұрт аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті 1 Наурыз “Алғыс айту” күніне орай аудандық ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті.

Тағылымға толы кездесулерде ардагерлердің саналы ғұмырын білім саласына және бала тәрбиесін қамтамасыз етуге арнаған өнегелі жолы ерекше ілтипатпен аталып өтілді. Білім саласындағы саласындағы табанды еңбегі, кәсіби біліктілігі мен жас буынға үлгі боларлық өмір жолдары үшін шынайы алғыс білдірілді.

Құрмет белгісі ретінде иығтарына шапан жабылып, Алғыс хаттар және мерекелік сыйлықтар беріліп, ізгі тілектер мен ақжарма лебіздер жеткізілді. Өз кезегінде ардагерлер елге адал қызмет етудің маңызын атап өтіп, жас қызметкерлерге ақыл-кеңесін айтып, батасын берді.

 

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай, білім беру мекемелерінің мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау тәжірибе алмасуды жетілдіру және мәдени демалысты ұйымдастыру мақсатында Түлкібас ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетерінің және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдердің спартакиадасы спорт ойынының волейбол түрінен ақпан айының 06-17 аралығында өткізілді.

Спорттық жарыстар үш кезең бойынша өткізілді.

І – кезең 2026 жылдың ақпан айынан бастап мектепшілік бойынша барлық мектептердің қатысуы мен өткізілген ойынның жеңімпаздары болған 41 мектеп аудандық аймақтық ойындарға қатысу жолдамасына ие болды. Ақпан 18 күні аудандық жарысқа Майлыкент ЖББМ -25 мектеп, Түркібасы ЖББМ – 5 мектеп, Амангелді ЖББМ – 5 мектеп, С.Сейфуллин ат.ЖББМ – 6 мектеп спорт залдарында өткізіліп, аудандық жарысқа 8 мектептің спорттық командасы қатысу мүмкіндігіне ие болды. Аудандық жарыстың ашылуы рәсіміне Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысы Қыдыралиев Досжан Қуандықұлы, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Абишев Даулен Мырзалыұлы, мектеп директорлары қатысып өз құттықтауларын білдірді. Аудандық волейбол жарысы Майлыкент спорт залында өткізіліп жеңімпаз мектептердің тізімі анықталды.

І – орын М.Ломоносов атындағы МГ

ІІ – орын Жамбыл атындағы ЖББМ

ІІІ – орын М.Лермонтов атындағы ЖББМ

ІV – С.Сейфуллин атындағы ЖББМ

Жарыс жеңімпаздар командалары кубоктар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Соным қатар «Үздік ойыншылар» атағы бойынша: М.Ломоносов ат.МГ мұғалімі Құрманбай Нұржан, М.Лермонтов ат. ЖББМ мұғалімі Асырауов Ербол, С.Сейфуллин ат.ЖББМ мұғалімі Әуелбаев Марат, Жамбыл ат.ЖББМ мұғалімі Тастан Ердәулет марапатталды.

Спартакиаданың жоғары дәрежеде өткізіліп өз мақсатына жетуіне өз үлестерін қосқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Сағындықов Дастан, аудандық кәсіподақ комитетінің атқару комитет мүшесі, Абай атындағы мектеп лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрманқұлов Сейдахметтің еңбектері аталып өтілді

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Абыройлы еңбекпен – құрметті зейнетке!

Облыстық білім беруді дамыту орталығында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Сұлтанбеков Орынбасар Ұлықбекұлы құрметті зейнет демалысына шығарып салу іс шарасы өтті. Іс шараға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының кеңесшісі Ә.Тастанбеков құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

Ұстаздық жолдағы қажырлы еңбегі, кәсіби білімі мен адамгершілік қасиеттері әрдайым шәкірттері мен әріптестерінің жүрегінде сақталады. Еңбегіңіз – өшпес өнеге, мол тәжірибесі – кейінгі буынға үлкен мектеп. Зейнеткерлік кезеңіңіз тыныш та баянды, қуанышқа толы болсын Орынбасар Ұлықбекұлы!

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық жарыс

31 қаңтар күні Қазығұрт ауылындағы “Қайрат” спорт кешенінде Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаз, спорт жанашыры Бөрібаев Сапарғали Жүнісбекұлының 50 жас мерей тойына арналған кіші футболдан білім қызметкерлері арасында жарыс өтті. Жарысқа 6 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты:

Білім қызметкерлері арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Білім саласына өмір жолын арнаған ұлағатты ұстаздардың еңбегін насихаттау.

Жарыс жеңімпаздары арнайы кубокпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ПЕДАГОГ МІНБЕРІ

Білім мен тәрбие – ұлт болашағының темірқазығы

Арыс қаласы «№11 Арыс бөбекжай-бақшасы» МКҚК-да тәрбиеші болып еңбек ететін Ахметова Тамара Мейрбековна – өз ісіне адал, тәжірибелі, шығармашыл әрі ізденімпаз педагог.

33 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман бүгінгі таңда жас ұрпақтың тәрбиесі мен білімін қалыптастыру жолында аянбай қызмет етіп келеді. Балалардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіруде үлкен үлес қосып жүрген тәрбиеші әрдайым жаңашылдыққа ұмтылады.

Еңбек жолында көптеген жетістіктерге жетіп, түрлі деңгейдегі байқаулар мен жобалардың жеңімпазы атанды:

Қалалық, облыстық, республикалық марапаттардың иегері

«Үздік балабақша тәрбиешісі» төсбелгісі

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері

Патриоттық, шығармашылық, әдістемелік байқаулардың жүлдегері

Тамара Мейрбековнаның қажырлы еңбегі – әріптестеріне үлгі, жас мамандарға бағыт-бағдар.

  • Ұлағатты ұстазды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз!

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық кеңесіне 10 жыл

Бүгін Түркістан облысында Қоғамдық кеңестер институтының құрылғанына 10 жыл толуына орай маңызды әрі мазмұнды салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында қоғамдық кеңестердің қоғам өміріндегі рөлі, азаматтық белсенділікті арттырудағы және ашық диалогты нығайтудағы маңызы ерекше атап өтілді.

Аталған жиында бірқатар белсенді азаматтардың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды. Мен үшін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың қолынан марапат алу – үлкен мәртебе.

Бұл марапатты мен Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде атқарылып жатқан бірлескен еңбектің, сенім мен жауапкершіліктің бағалануы деп қабылдаймын. Бұл елдік мүдде жолында адал әрі жемісті еңбек етуге жаңа серпін береді.

Қоғамдық кеңестер бүгінде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, қоғамдық бақылаудың тиімді алаңына айналып отыр.

Айта кету керек, Қоғамдық кеңестер 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң аясында жұмыс істейтін тәуелсіз әрі ашық институт ретінде қалыптасты. Осы жылдар ішінде олардың өңірлік деңгейдегі маңызы артып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде Түркістан облысында жұмыс істеп жатқан қоғамдық кеңестер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Волейболдан аудандық жарыс

Келес аудандық білім бөлімі мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен.”Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында”

Білім саласындағы ұзақ жылғы еңбегі мен кәсіподақ комитетіндегі белсенділігі үшін, #25 “С.Сейфуллин” атындағы ЖББМ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдрахимов Мұрат Жахандарұлының зейнеткерлік жасқа толуына орай, ерлер арасында “Волейбол” спорт түрінен аудандық жарыс өткізілді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Т.Артыков алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Воллейбол» ойынынан:

13 ауыл әкімшілігі командалар ішінен

Ерлер командасынан:

Бас жүлде –Қошқар ата ауыл әкімшілігі.

I-орын Ошақты ауыл әкімшілігі.

II-орын Кәсіподақ құрама командасы.

III-орын Біртілек ауыл әкімшілік командалары иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар «Волейбол» спорт түрінен Чемпиондар кубогы. Келес аудандық білім бөлімімен бірлескен диплом марапаты, және ақшалай сыйлық Бас жүлде 100.000тг, I-орын 80.000тг, II-орын 60.000тг, III-орын 40.000 теңге.

Сонымен қатар «Волейбол » спорт түрінен «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші» және белсене қатысқан қатысушылар номинацияларымен марапатталды.

Жарысқа қатысушыларға түскі ас, Абдрахимовтар әулетінің есебінен жүргізілді.

Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз.

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Қалалық іс-шара

Арыс қалалық білім бөлімінің мәжіліс залында Жаңа жыл мерекесіне орай ауданымыздың озат ұстаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Құттықтау іс-шарасына Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Т.Момбеков және Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.И.Мұхаев қатысып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, марапаттады

Қазақстан Республикасының “Өрлеу” Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіптік одағының “Кәсіподаққа сіңген еңбегі” Төсбелгісімен:

1.Тұрсыналиев Жандос Амалбекович- Абай атындағы “Білім инновация ер -балалар”лицейі- интернатының директоры

“Өрлеу” Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен:

1.Жұман Шекерхан- Майлықожа атындығы жббм мұғалімі;

2.Болысбай Гулжан Лесбекқызы- И.Журба атындағы жббм мұғалімі;

“Өрлеу” Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы орталығының Алғыс хатымен:

1.Жаксыбеков Максат Турганалиевич- С.Сейфуллин атындағы жббм мұғалімі;

  1. Саухимова Гаухар – “Ұлсана” ЖШС бақшасының меңгерушісі;

Түркістан облысының білім басқармасының марапатына ұстынылғандар:

  1. Тойлыбаева Жайна- М.Тынышбайұлы атындағы жббм директоры;

2.Спакешова Жайна- Ә.Жангелдин атындағы жббм мұғалімі;

3.Кәдірберді Роза- М.Әуезов мектеп-гимназиясының мұғалімі;

  1. Сегизбаева Багила- И.Журба атындағы тарих пәнінің мұғалімі;
  2. Керимова Ирина- В.Комаров атындағы жббм мұғалімі;
  3. Малтаева Гульсим- Арыс қалалық білім бөлімінің әдіскері;
  4. Рустамова Рафина- Адамбеков атындағы жббм мұғалімі;
  5. Жусипбекова Сулушаш- С.Сейфуллин атындағы жббм мұғалімі;

Түркістан облысы Аманат партиясының марапатына ұсынылған ұстаздар:

1.Пашкеев Нұрлан- М.Маметова атындағы жббм мұғалімі;

2.Колдасова Шолпан -С.Ерубаев атындағы жббм мұғалімі;

Түркістан облысының кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасына ұсынылған ұстаздар:

  1. Турдалиева Гульбану- #11 Арыс бөбекжай-бақшасының әдіскер;
  2. Қантөре Ақмарал- “Сапар ата” бөбекжай-бақшасының әдіскері;

Түркістан облыстық “Кәсіподаққа еңбек сіңген қызметкер” Төс белгісімен:

  1. Сарманов Нургали – Арыс гуманитарлық- техникалық колледжінің директоры;
  2. Зияханова Ақбөпе- “Бегзада” бөбекжай бақшасының әдіскері;
  3. Байсынова Алима- Жиделі жббм мұғалімі;

Марапаттарыңыз құтты болсын ұстаздар!!!

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық салтанатты кеш

Абыройлы еңбектің зейнетін көрер шақ — әр адамның өміріндегі ерекше белес!

Осындай сәт “Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ” КММ-де еңбек етіп, бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаз Тойшыбеков Жарқынбек Жанысұлының құрметіне ұйымдастырылған салтанатты кешпен айшықталды.

Ән шырқалып, би биленген кеште ұжымдас әріптестері, басшылық, отбасы мен ұл-қыздары, асыл анасы бас қосып, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ақ тілек пен алғысын жаудырды.

Құрметті Тойшыбеков Жарқынбек Жанысұлы зейнеткерлік өміріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын дейміз! Еңбегіңіздің жемісі мол, денсаулығыңыз мықты, өміріңіз мәнді болғай!

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 6 7 8 9 10 90