ҰСТАЗ МІНБЕРІ

Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі жоғары, тәрбие мен тұлғалық даму саласында мол тәжірибесі бар педагог. Еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданындағы «Салтанат» балабақшасында тәрбиеші болып бастап, білім беру мен тәрбиелеу саласында үздіксіз қызмет етіп келеді. Әр жылдары педагог-психолог, әлеуметтік педагог, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, балабақша меңгерушісі қызметтерін атқарып, мол тәжірибе жинақтаған.

Қазіргі таңда Түлкібас ауданының білім бөлімінің тәрбие әдіскері ретінде аудан көлемінде тәрбие жұмысының сапасын арттыру, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, оқушылардың көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Эльмира Абилкасимовна тәрбие саласында жаңашылдықты қолдайтын, оқушылардың көшбасшылық қабілетін, азаматтық көзқарасын және адамгершілік құндылықтарын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жүрген тәжірибелі маман. Ол Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясын тәрбие үрдісінде іске асыру» тақырыбындағы авторлық жобасы мен «Түркістандық дебат форматын» пікірсайыс технологияларын тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогтер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді. Жаңа жобалар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді енгізіп, педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған семинарлар, курстар мен шығармашылық алаңдар ұйымдастырады. Сонымен қатар, пікірсайыс қозғалысын дамыту, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың азаматтық белсенділігі мен патриоттық сезімін қалыптастыру бойынша тың идеяларды жүзеге асырып жүр. Эльмира Абилкасимовнаның жеке авторлық «Құндылық мектебі» жобасы аясында жас ұрпақтың тұлғалық дамуына, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне, оқушының өз-өзіне сенімді, ізгі мінезді тұлға болып қалыптасуына бағытталған шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруда. Жоба аясында мектептерде «Қайырымдылық сабақтары», «Рақмет айту мәдениеті», «Менің өмірлік ұстанымым» сияқты рухани-тағылымдық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, әрбір баланың жүрегіне мейірім мен жауапкершілік дәнін себуге ерекше көңіл бөледі.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ұжыммен тіл табыса білетін, педагогикалық қауымдастықта беделі зор маман.

Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна – тәрбие саласына жаңашылдық енгізіп, жас ұрпақты елжандылыққа, ізгілікке баулу ісіне өзіндік үлесін қосып жүрген кәсіби шебер маман.

Еңбектегі жетістіктері үшін марапатталған:

  • АЛҒЫС ХАТ “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ДДжПСО директоры Ғ. Тұрсынов AD2021-14
  • АЛҒЫС ХАТ Нұр-Сұлтан Қаласының «Әділет» Білім Беру Қызметкерлерінің Кәсіподағы Төраға Б.Әлиев Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 жыл.
  • ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ Астана қаласының Білім басқармасы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша жүлдегері №42 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жиенәлі Ақмоншақ және жетекшісі, Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна

МАРАПАТТАЛДЫ. Басшы:К.Сенғазыев РЕЖҚК №ІІІ-16 Астана-2022

  • МАДАҚТАМА”Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының қалалық кезеңі “Таза қала сізден басталады” номинациясы бойынша көрсеткен жетістігі үшін №42 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Ақшал Аяулым және Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна марапатталды.

Директор: Ғ. Тұрсынов Нұр-Сұлтан 2021 жыл, 10 қараша PROECO-G-150

  • І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ «Халықаралық Тәрбиешілер Мен Зияткерлік Балалар Ғылымдар Академиясы» ҚҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №42 орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Тоқтар Сымбат Жетекшісі: Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна. «ХТМЗБҒА» ҚҚ Тіркеу №А056 Қазақстан 2021 ж.
  • Диплом «Ұлы дала – ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған ѴІ Республикалық байқауында «Жарқын болашақ» номинациясымен № 12 орта мектебінің ұжымы жет. Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна марапатталады. Директор: В. Моторин Нұр-Сұлтан. 2022
  • АЛҒЫС ХАТ “Жас Сарбаз”жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РКБ, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Налшыбек А.Б Астана 2022ж
  • АЛҒЫС ХАТ Астана қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» №005390 Астана,2022
  • АЛҒЫС ХАТ Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы директоры Р.Кушибаева Р.КУШИБАЕВА Астана қаласы 2022 ж
  • АЛҒЫС ХАТ Түркістан Облысының Білім Басқармасы Басқарма басшысы:Д.Болатханұлы, Тіркеу № 2420 Түркістан – 2023
  • АЛҒЫС ХАТ Кентау Қалалық Адами Әлеуетті Дамыту Бөлімі

«Білім – тәрбие беру кеңістігін ұйымдастырудағы жүйелілік тәсілі» атты кәсіби қолдауда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін Бөлім басшысы: Ә.Ауелбеков Кентау 2023 жыл.

  • АЛҒЫС ХАТ Түркістан облысы білім басқармасының т/н №2420 Түркістан – 2023
  • АЛҒЫС ХАТ Түркістан облысының білім басқармасының “Қосымша білім беруді дамыту орталығы” КММ-НІҢ «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңінде үздік шәкірттерді анықтауға төрешілік еткені үшін Түркістан – 2025 жыл №09
  • АЛҒЫС ХАТ Түркістан облысының білім басқармасының “Қосымша білім беруді дамыту орталығы” КММ-НІҢ Өзін-өзі басқару көшбасшыларының жұмысына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Т/Н №05 Түркістан 2025
  • МАДАҚТАМА Түркістан облысының білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” Кмм-Нің Мадақтамасы “Ұлттық Құндылықтар: Ұлттық Мүдде, Ар-Ұят, Талап” Облыстық форум N1573 Түркістан-2024
  • МАДАҚТАМА Түркістан Облысы Адами Әлеуетті Дамыту Басқармасының «Білім Беруді Дамыту Орталығы» Кмм

«Ата-ана – ұстаз – оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында өткізілген облыстық ата-ана форумында озық идеялары және инновациялық тәжірибесімен бөліскені үшін. Түркістан – 2023 Tipкеу №878

  • МАДАҚТАМА «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институт «Қазіргі Қоғамдағы Бала: Отбасы Тәрбиесі Мен Мектеп Ынтымақтастығы»Тақырыбында Өткен Семинарға Қатысып, Іс-Тәжірибесімен Бөліскені Үшін. Бірінші вице-президент: Е.Н. Сакенова, Алматы қаласы, 2024 жыл № 0282
  • МАДАҚТАМА Түркістан Облысының Білім Басқармасы «Білім Беруді Дамыту Орталығы» Кмм «Толық адам» концепциясын тәрбие үрдісінде іске асыру тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан – 2024 Т/Н №2297
  • МАДАҚТАМА Түркістан Облысының Білім Басқармасы «Білім Беруді Дамыту Орталығы» Кмм «Әлеуметтік жобалар мен іс шаралар арқылы құндылықтарды енгізу» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан – 2025 Т/Н №2389
  • СЕРТИФИКАТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ХХІ ғасыр педагогы: оқытудың жаңа технологиясы» Түрік елі оқу ағарту министрлігі, Ыстамбул Жайрақша университеті 12.07.2025 10С-2025-0408-0066
  • МАДАҚТАМА Түркістан Облысының Білім Басқармасы «Білім Келешегі: Адал Азамат – Кәсіби Маман» тақырыбындағы педагогтердің облыстық тамыз кеңесінің секциялық жұмысында кәсіби және шығармашылық белсенділік танытып, құнды материалдар ұсынып, өзіндік озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан – 2025 Т/Н №2354
  • Тамыз кеңесі Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің АЛҒЫС ХАТЫ Астана – 2025
  • ДИПЛОМ «Үздік мектеп парламенті» Республикалық байқауының «Командалық рух» номинациясы Қызылорда – 2025

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Ұстазға тағзым – болашаққа салынған жол!»

7 қазан күні Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Кентау қаласының ұстаздарына құрмет көрсетілді! Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы Тасов мырза қала ұстаздарын арнайы келіп құттықтап, марапаттарын ұсынды. Кентау қалалық мәслихаты төрағасы Қабылан Жамалбекұлы Елеусизов, Түркістан облыстық білім басқармасының өкілі Талғат Аңдабай, Кентау қалалық «Аманат» партиясы филиалының төрағасы Арман Амангелдіұлы Басаровтар ұстаздар қауымын құттықтап, марапаттарын ұсынды! Кентау қалалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Арысбайұлы Әуелбеков және Кентау қалалық кәсіподақ комитеті төрағасы Сұлтан Арипжанұлы Ташполатов мырзалар Ұстаз еңбегінің өлшеусіз екенін, Ұланды Ұлыға жеткізу жолындағы тынбай еңбектерін атай келе Республика, облыстық білім басқармасының және қалалық марапаттармен мрапаттады! Мерекелік іс –шараны қала өнерпаздарының әсем әндерімен, оқушылардың тамаша тілектерімен қорытындылады.

 

Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аудан мектеп мұғалімдері арасында дәстүрлі волейбол жарысы ұйымдастырылды. Мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлікті шыңдау және ұжымдық бірлікті нығайту.

Аймақтық кезеңнен өткен командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерін паш етті.

Мұғалімдер күні қарсаңындағы бұл дода ұстаздардың бірлігін арттырып қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі боларлық салауатты өмір салтын дәріптеді.

Жарыс нәтижесі бойынша

1-орын – Ләнде Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектеп

2-орын – Қ. Сәтбаев Мектеп-гимназия

«Қарағұр» жалпы білім беретін мектеп

Жеңімпаз командаларды бөлім басшысы құттықтап, арнайы дипломдар мен ақшалай сый-сияпат табыстады.

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан қаласында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлт рухының шамы» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері қатысты.

Мерекелік кеш қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оқушылардың «Ұстазға хат» көрінісі мен өнерпаздардың би және музыкалық композицияларымен басталды. Шара барысында ұстаздарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы рөлі ерекше аталып өтті.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар білім саласының үздіктеріне Ы.Алтынсарин медалін және арнайы алғыс хатын табыстап, ұлағатты ұстаздарға алғысын білдірді.

Мерекелік кеште қалалық өнерпаздар мен оқушылардың орындауындағы «Ұстазға тағзым», «Ұстазым» көріністері мен оқушылардың арнаулары ұстаздар қауымына деген ерекше құрметтің көрінісіне айналды.

Бүгінде Түркістан қаласында 88 мектеп жұмыс істеп тұр, оның 50-і – жекеменшік мектептер. Жалпы қала бойынша 56 мыңға жуық оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 150 мектепке дейінгі ұйымдарда 17 мың бүлдіршін тәрбиеленуде. Бұл – білім саласына мемлекетпен қатар, кәсіпкерлердің де ерекше көңіл бөліп отырғанының айғағы.

 

Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Ұстаздар күніне орай «Мұғалім болу – мәртебе» атты салтанатты жиын өтті. Әсем әуен мен бүлдіршіндердің жүрекжарды өнерімен басталған шараға ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік кеште аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ұстаздарды құттықтап, қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды.

Ұстаз – жас ұрпаққа білім нәрін беріп қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт сілтейтін тұлға. Сіздердің еңбектеріңіз – елдің ертеңіне салынған берік іргетас. Барлық ұстаздарға шын жүректен алғыс білдіріп, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев ұстаздарға ізгі тілегін жеткізіп, – «Білім – мемлекеттің болашағы десек, оны қалыптастыратын ұстаз еңбегі қашанда биік тұрады. Шәкірт тәрбиелеу жолындағы адал қызметтеріңіз үшін баршаңызға ризашылық білдіремін», – деді.

Жиын барысында облыс және аудан әкімдерінің, облыстық мәслихаттың, «AMANAT» партиясының, сондай-ақ білім саласы кәсіподағының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді. Мерекелік жиын өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шара

Шардара ауданында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты мерекелік іс-шара өтті

04 қазан күні Шардара ауданында Ұстаздар күні мерекесіне орай білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құддайбергенұлы, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Ұлықбек Назарұлы қатысып, ұстаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Сөз алған қонақтар ұлт болашағын тәрбиелеудегі ұстаздардың өлшеусіз еңбегін атап өтіп, олардың қоғамдағы мәртебесі мен рөлінің маңыздылығына тоқталды.

Салтанатты жиын барысында білім саласында табысты еңбек етіп жүрген мұғалімдер мен басшыларға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ аудан әкімінің марапаттары табысталды. Атап айтқанда, бірқатар ұстаздар «Еңбек ардагері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Құрмет грамотасы» және алғыс хаттармен марапатталды.

Марапат иелерінің қуанышты сәттерін әріптестері жылы лебіздермен қарсы алып, мерекелік атмосфераны одан әрі айшықтады.

Іс-шара соңында ауданның өнерпаздары ұстаздарға арнап әсерлі концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен күйге толы мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бұл күні барша ұстаздар құрмет пен ризашылыққа бөленіп, «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» ұраны өз мәнінде жаңғырды.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық салтанатты іс-шара

2025 жылдың 4 қазан күні Түлкібас ауданының Аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаз– ұлттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Бұл – бар өмірін білім мен тәрбиеге арнаған ұстаздар қауымына деген зор құрметтің көрінісі. Мерекелік шараның басты мақсаты – ұстаздар еңбектерін ұлықтап, өскелең ұрпаққа ұстаздар тұлғасын үлгі ету.

Салтанатты шара мәдениет үйінің алдындағы “Менің Түлкібасым” аллеясында бастау алды. Ол жерде барлық білім беру ұйымдарының гүлдер мен қолөнер көрмесін көпшілікке ұсынды.

Шараға Түлкібас ауданының әкімі Естібаев Асқар Сұлтанұлы, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбаев Серғали Шыныбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы, “AMANAT” партиясының төрағасы Жүнісов Ержан Әліұлы, Кәсіподақ комитетінен Полатбеков Ануар Шолпанқұлұлы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы Кыдыралиев Досжан Куандықұлы , ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері мен 300-ден астам педагог қатысты.

Аудан әкімі Асқар Естібаев Сұлтанұлы, өзінің құттықтауында ұстаздардың жас жеткіншектерге саналы тәрбие сапалы білім берудегі ұстаздардың еңбектерін баға жетпес құрметке лайық екенін, әлемдегі ең қадірлі мамандық ол – мұғалім екеніне тоқталып, абырой биігінен көріне беруіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты кеш барысында еліміздің білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосқан ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік марапаттарымен, атап айтқанда, ҚР Оқу-ағарту министрінің “Еңбек ардагері ” медалімен, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері төсбелгісімен, “Ы.Алтынсарин” төс белгісімен, облыс және аудан әкімінің, мәслихат төрағасының, “AMANAT” партиясы Түлкібас аудандық филиалының , Кәсіподақ комитетінің төс белгісі, алғыс хаттарымен марапатталды.

Аудандық Іс-шара соңында аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Балалар “Өнер” мектебі ұсынған мерекелік концертке ұласып, ұстаздар қауымына мерекелік көңіл- күй сыйлады.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шара

2025 жылдың 4 қазан күні Келес аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесі және «Кәсіподақтар күніне» арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өткізілді.

Бұл мерекелік шарада ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек еткен ардагер ұстаздар мен білім саласында үздік жетістіктерге жетіп жүрген мұғалімдер ерекше ілтипатқа бөленді.

Салтанатты кеш барысында білім саласына, кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды, зейнеткерлік демалыста отырған, зейнетке шыққан ардагер ағайларымыз бен апайларымызды Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков Республикалық «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің, Түркістан облыстық білім басқармасы мен Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен , «Ұлағатты ұстаз», «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен, Аудан әкімі, Абай ауыл әкімі марапаттарымен және Аудандық білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, мұғалімдерге демалыс орындарына арналған шипажай жолдамалары мен гүл шоқтары ұсынылып, ұстаздар қауымына деген зор құрмет айқын көрініс тапты.

Шара барысында әсем әндер шырқалып, әсерлі күйлер орындалды. Келес ауданының әншісі Манапова Светлана, Оқушылар мен ұстаздар дайындаған концерттік бағдарлама көрермендердің көңілінен шығып, кештің сәнін кіргізді. Ұлттық нақыштағы өнер мен заманауи шығармашылықты тоғыстырған бұл кеш – ұстаз еңбегінің маңызын тағы бір мәрте айшықтай түсті.

Кеш соңында аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық білім бөлімінің мамандары мен мектеп басшылары барша ұстаздарға алғыс білдіре отырып, алдағы еңбектеріне сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. Осындай рухани бай, мағыналы кеш ұстаздардың мерейін үстем етіп, ұлағатты мамандықтың қадірін тағы бір мәрте сезіндірді.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шара

Отырар ауданы 2025 жылғы 3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты салтанатты мерекелік жиын өткізді. Іс-шара Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып, оған ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, мектеп директорлары, , білім беру саласының қызметкерлері мен қонақтар қатысты. Жиын барысында:

Аудан әкімі Қ.Жолдыбай құттықтау сөз сөлеп, ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің марапаттары мен әкімнің Алғыс хаттарын тапсырды, аудан мәслихатының хатшысы Ұзақов құтықтау сөз сөйлеп мәслихаттың марапатын тапсырды.Аудандық білім бөлімінің жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы П. Жаппарқұлов ұстаздарды құттықтады.Аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға алғыс білдіріп, облыстық білім басқармасының марапатын тапсырып, зейнеткер ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынды, аудандық кәсіподақ комитеті сый-сыйапат жасады.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым жиынға қатысушы ұстаздар мен ардагер ұстаздарды құттықтап, марапаттар тапсырды.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Өнерпаздар ұстаздарға арнап ән-жыр шырқап, концерттік бағдарламаға жалғасты.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздар күні мерекесі – ұлт болашағына бағытталған ұлық мейрам!

Арыс қаласында ұстаздар қауымына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында ұлағатты ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланып, білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Атап айтатын болсақ,

І. Түркістан облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

1. Туленова Айнур Торехановна-С.Қожанов атындағы жббм еңбек пәнінің мұғалімі;

2. Кенжекулова Аягуз Абдыкуловна- В.Комаров атындағы жббм химия пәнінің мұғалімі;

3. Урумбаева Динара Султанбековна- Е.Молдабаев атындағы жббм математика пәні мұғалімдері;

4.Раманкулова Қаламқас Куанышбековна- С.Адамбеков атындағы жббм химия пәнінің мұғалімі;

5.Аскарханов Ерасыл Аскарханович- Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей интернатының химия пәнінің мұғалімі;

6. Есилбекова Тажикуль Сеитжаппаровна-№372 бастауыш мектебінің директоры;

7. Мусаева Толкын Ақбердиевна- М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;

ІІ. «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасына:

1.Абиева Сәуле Жасузаковна -М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

2.Бимурзаев Меиржан Касымбекович -Е.Молдабаев атындағы мектеп интернатының география пәнінің мұғалімі;

ІІІ. Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасына ұсынылғандар:

1.Ербасова Закира – «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі;

2. Султанмуратова Гульзира Ахметовна- Аққала жббм мұғалімі;

3. Зайнутдинова Роза Турсынбаевна- Ж.Тәшенов жббм кіші қызметкері;

4.Тампеев Керімжан Сапарұлы-Қабылсай жббм кіші қызметкері;

5. Аубешова Рыскүл Жақсытаевна- Аққала жббм мұғалімі;

6. Жакипова Калдыгыз Исабаевна- №372 бастауыш мектебінің мұғалімі;

7.Бердиярова Назира Керимбековна-Еңбекші шағын жинақты бастауыш мектебінің мұғалімі;

8. Елшібаев Жарас Усенович- Майлықожа атындағы жббм мұғалімі;

9. Тойлыбаева Жайна Мырзакуловна-М.Тынышбайұлы атындағы жббм мұғалімі;

ІҮ. Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» төс белгісімен марапатталғандар:

1. Бапаева Асият Сеитжаппаровна -Б.Онтаев атындағы жббм мұғалімі;

2.Дауренова Гулжан Сахановна-№11Б.Момышұлы атындағы жббм есепшісі;

4.Ташиметова Айжан Муратхановна- Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің мұғалімі;

5.Баиырбекова Айнакуль Исаевна- «№4 бастауыш мектеп» КММ мұғалімі

Ү. Арыс қалалық маслихатының хатшысы Қ.Ахметовтің марапатыме н марапатталғандар:

1.Килибаева Айнур- “Балапан” балабақшасының тәрбиешісі;

2.Асанбаева Шархия Батырхановна- С.Ерубаев атындағы жббм мұғалімі;

ҮІ. Арыс қалалық білім бөлімінің марапатымен марапатталғандар:

1. Избасарова Акмарал Туребековна- Ы.Алтынсарин атындағы жббм мұғалімі;

2. Оралбаева Улбике Еркинбаевна- М.Шаханов атындағы жббм мұғалімі;

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы атынан барлық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен шәкіртке деген шексіз мейірімдеріңіз – ел ертеңінің кепілі.

Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Білімнің шамшырағын жаққан ұстаз еңбегі қашанда биік!

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 9 10 11 12 13 90