АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 27 қараша күні ” Цифрлы технологияны пайдаланып оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту” тақырыбында аудандық кәсіподақ комитетінің демеушілігімен аудандық семинар болып өтті.

Семинардың басында мектеп директоры Тәліп Даулетұлы сөз сөйлеп, құттықтау сөздерін жеткізіп, Жаңа Қазақстандағы білім беру бағытын жаңаша түрлендіріп, жасанды интеллектіні оқыту мен бағалауда қолдану аясын кеңейту қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінен химия пәні әдіскері Оспанова Зәуре мен көркем еңбек пәні әдіскері Тілеуқабылов Шыңғыс семинардың өту барысын жоғары бағалады.

Семинарда домбыра үйірмесінің оқушылары аудандық білім бөліміне қарасты 74 мектептен келген ұлағатты ұстаздарға ұлттық құндылығымызды дәріптеп , домбыра тартып ұлттық күймен келген қонақтарды қарсы алып, киіз үй тігіліп, онда халқымызды дәстүрлі тағамдары ұсынылып, мектептің білімді де зерек оқушылары халқымыздың дана ақыны Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берген болса , физика, химия пәнінен холлда замануи тәжірибе жұмыстары келген ұстаздарға көрсетілді. Аудандық семинар өте жоғары деңгейде болып өтті.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ мінбері

Кәсіподақ мінбері

Раззакова Ирада Рустамбековна 1981 жылы Қазақстан Республикасы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбай ауылында зиялы отбасында дүниеге келді. Ирада Раззакова 1987 жылы «Ақбай» ауылындағы №28 «Чапаев» атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1998 жылы мектепті бітіріп сол жылы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университеттің «Жаратылыстану педагогика» факультетінің күндізгі бөлімінде оқып, 2002 жылы химия мамандығы бойынша, химия пәні мұғалімі деген диплом алды. 2002 жылы өзі бітірген мектепке яғни жаңа атауы №28 «Ақбай» жалпы орта мектебіне мұғалім етіп жұмысқа қабылданды.

Заман талабына байланысты есептеу техникасын меңгеру мақсатында екінші мамандық алу үшін 2007 жылы Шымкент университетіне түсіп 2009 жылы 050111 « Информатика» мамандығы бойынша диплом алды.

2020 Орталық Азия Инновациялық Университетіне оқуға түсіп 2022 жылы 7М01501- Химия мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2019 жыл «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру ағылшын курсына қатысып А1, А2, В1, В2, С1 деңгейдегі сертификаттарды алды.

Педагогикалық тәжірибесі барысында бір неше оқушылары аудандық, республикалық, облыстық, халықаралық олимпиадаларға және байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып, құрмет граммоталармен алғыс хаттармен марапатталған.

2020 жылы Халықаралық Қазақстандық-Ресейлік мұғалімдер қауымдастығы және «Алые Парус» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының «Үздік ғылыми жоба» І -Халықаралық конкурсына 8-сынып оқушысы «Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғады ІІ -дәрежелі Диплом мен марапатталды.

2020 жылы «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі, Президенттік « Жас Ұлан» жастар ұйымының ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы облыстық пән олимпиадасында «Ең білімді педагог»-2020 Бас жүлдесі және төс белгісімен марапатталды.

2022 жылы информатика пәні мұғалімі Раззакова Муяссар Рустамбековна, Ағылшын тілі пәні мұғалімі Таджиева Айдин Махамаджановналармен бірігіп шығарған «CLIL әдісін қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары» авторлық бағдарламасы республикалық деңгейде таратылды.

2021жылы Республикалық үздік педагогикалық идея байқау, «Тіршілік химиясы» тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама республикалық деңгейде таратылды.

Тынымсыз еңбектің арқасында түрлі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларға, іс-шараларға қатысып, түрлі деңгейдегі жүлде қорларын толықтыруда.

2023 жылы 11 –сынып оқушысы Республикалық жалпы орта мектеп оқушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасырдың жас ғалымы» атты ғылыми жоба байқауында үздік деп танылған «НАНОХИМИЯ» тақырыбындағы ғылыми жұмысы республикалық жинақ кітабы басылымға шықты. Оқушысы және жетекшісі диплом және төс белгімен марапатталды.

Атап айтқанда 2016 жылы- «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз», 2023 жылы «Оқу мен тәрбие ісінің үздік ұстазы»,2020 жыл «Ең білімді педагог» төс белгімен, 2024 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Раззакова Ирада барлық қоғамдық жұмыстардың үздігі.

2018 жылдан бастап метептің кәсіподақ комитетінің төрағасы.Ауданның қоғамдық жұмысына белсене қатысуда. Мектепте кәсіподақ комитетінің белсенділігін арттыру және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық құқықтық мүдделерін қорғаудың әсерін дамыту бағытында үлкен үлесін қосып келе жатыр. Мектепте кәсіподақ мүшелеріне консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді. Еңбек дауларын алдын алу және болдырмау, еңбек қатынастарына байланысты түсініспеушіліктер, наразылықтар мен арыз-шағымдарды ұжымда шешеді. Ұжымда сый құрметке ие.

2023 жылы еңбекшілердің әлеуметтік қорғауда атқарған белсенді еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің,аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Үздік мұғалім-2024 байқауы

Үздік мұғалім-2024 байқауы

Отырар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық ұстаздар арасында “Үздік мұғалім-2024” байқауы өткізілді.Тәуелсіз Қазақстанды өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Байқаудың басты мақсаты мен міндеті-шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін, ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін ынталандыру, білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау. Байқау 5-турдан тұрды. Байқау жеңімпаздарын аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын тапсырды. Бас жүлде Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Иса Қалима Әбжаппарқызына тапсырылды.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ ЕЛ МАҚТАҒАН ШОЛПАН САЛЫБЕКҚЫЗЫ ҚҰЛАЖАНОВА

КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ ЕЛ МАҚТАҒАН ШОЛПАН САЛЫБЕКҚЫЗЫ ҚҰЛАЖАНОВА

Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі. Физиологиялық тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары болып келеді. Дарынды оқушылармен тіл табыса білу үшін де мұғалім еңбектену қажет.

Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады

Кулажанова Шолпан Салыбеккызы 1967 жылы 10 шілдеде Төлеби ауданы , Абай ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Қазығурт бастауыш мектебіне 1 -сыныпқа қабылданып, 1984 жылы Абай орта мектебін бітіріп шығады.

1984 жылы Жамбыл қаласындағы Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы Жамбыл пединститутының фзика-математика факультетінің студенті атанды.

1989 жылы институтты бітіріп, Ленгер қаласындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.

Өзінің қажымай атқарған еңбегінің арқасында мектеп оқушыларының сапалы білім алуына, сонымен қатар аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі жарыстарда жүлделі орын алуына өз үлесін қосты.

Кулажанова Шолпан 1989-2013 жылдары Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің №2 Ш.Уалиханов атындағы мектепте, 2013-2018 жылдары Төлеби аудандық арнайы мамандандырылған мектеп интернатында, 2018 жылдан бері №7 IT мектеп-лицейінде математика пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді. Біліктілік санаты: «Педагог-зерттеуші». Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауларына қатысты және оқушылары да облыс деңгейлеріндегі олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары болды. Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауларына қатысты және оқушылары да республика, облыс деңгейлеріндегі олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары болды. Марапаттары: Төлеби аудандық мәслихатының грамотасы-2012,2018 жж, «Дарын» орталығының алғыс хаты-2024. «Үздік авторлық бағдарлама-2022» мадақтама, Аманат партиясының алғыс хаты-2023, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы-21.10.2008ж, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы әкімінің Алғыс хаты-2018, Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Алғыс хаты-2013, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰП Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хаты-2014, аудандық білім бөлімінің , мектептің мақтау қағаздары: 2021,2023,2024жж.Шолпан Салыбекқызы өз еңбекқорлығының арқасында дүйім елге танылған жан.Мерейіңіз қашанда үстем болсын!

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары арасында аудандық турнир өткізілді.

Жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары арасында аудандық турнир өткізілді.

Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 қараша күні «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің 2024 жылды «Денсаулық жылы» деп жариялауына байланысты және Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 33 жылдығына орай «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты ұранымен жалпы білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында спорттың волейбол түрінен жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан деңгейінде ұйымдастырылып өткізілген жарысты Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Арап, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков және аудандық мәслихаттың депутаты, №57 жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Альтаев құттықтау сөздерімен ашып, жарысқа қатысушы барлық ұстаздарға сәттілік тіледі.
Жарыстың ережесіне сәйкес ойын алаңына шығатын волейбол команда құрамы 4х2 және команда құрамында бір мектеп директоры болуы міндеттеліп, Мырзакент кентінің, Атакент кентінің, Мақтаарал ауылдық округының, Бірлік ауылдық округының, Иіржар ауылдық округының, Достық ауылдық округының, Еңбекші ауылдық округының, Жамбыл ауылдық округының, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округының атынан жалпы саны 11 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тартысқа толы, аудан деңгейінде өткен жарыстың қорытындысы:
1 орынды – Атакент кентінің құрама командасы жеңіп алды және аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 150000 (жүз елу мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық пен мадақтама және чемпиондардың кубогы табысталды.
2 орынды – Мақтаарал ауылдық округының құрама командасы қанжығасына байлап, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 100000 (жүз мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық пен мадақтама және арнайы кубок табысталды.
3 орынды – Мырзакент кентінің құрама командасы жеңіп, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 70000 (жетпіс мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық пен мадақтама және арнайы кубок табысталды.
4 орын иеленгені үшін – Мақтаарал ауылдық округының екінші құрама командасы қанжығасына байлап, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 40000 (қырық мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.
Сонымен қатар аудан деңгейінде өткен турнир барысында «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік доп ұзатушы», «Үздік қорғаушы» номинациялары өз иелерін анықтаған болса және әділ төрешілік еткені үшін төрт төрешіге аудандық кәсіподақ комитетінің атынан арнайы номинациялар мен қаржылай сыйлық табысталды.
Аудан деңгейінде ұйымдастырылып өткізілген турнирге белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
Кәсіподақтың күші – бірлікте!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Аудандық семинар-кеңес

Аудандық семинар-кеңес

14 қараша 2024 жыл күні №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының думан залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті аудандық Семинар-Кеңесін өткізді.

Семинар-Кеңестің күн тәртібінде:

  1. ҚР “Еңбек кодексінің” еңбек қатынастары бойынша мәселелерді талқылау, және Келісу комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру туралы;
  2. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Статистикалық есепті толтыру туралы;
  3. 2025 жылға кәсіподақ мүшелерінің Сауықтыру орындарына сұраныстар беруі туралы;
  4. Білім саласындағы әртүрлі мәселелер бойынша тақырыптар талқыланып қаралды.

Семинар-Кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің маманы А.Аликулов кең көлемде түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Сұрақ-жауаптар болды.

Екінші мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков 2024 жылғы кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыру жұмыстары жөнінде жан-жақты мәселелерді қорытындылады, және Статистикалық есепті толтыру бойынша толық түсініктемелер айтылды.

Күн тәртбібіндегі үшінші мәселе бойынша 2025 жылға сауықтыру орындарына сұраныстар беру жоспарлары және 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай Республикалық, Облыстық марапаттарға ұсынылған мұғалімдер жөнінде мәселелер талқыланып қаралды. Семинар-Кеңесте БКҰ дайындалған құнды материалдар электронды нұсқада тарқатылды. Соңынан әртүрлі мәселелер бойынша сұрақ-жауаптар алынып, алдағы жұмыстарға жоспарлы мақсаттар қойылды.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ҰСТАЗ – ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  ҰСТАЗ – ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылы «Нұрсәт» бөбекжай бақшасы меңгеруші Муздыбаева Жамила Исаевна-ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында ұстаздың жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» – деп бекер айтылмаған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие — әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз.

Білікті маманның еңбек жолына зер салсақ: 1991 – 1995 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Әл- Фараби атындағы Шымкент педогокикалық мәдениет институтын «Музыка пәні мұғалімі» мамандығын алып шығады. Еңбек жолын 2001 – 2006 жылдары Шымкент қаласындағы №106 «Красная шапочка» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісінен бастайды. 2007 – 2012 жылдары Шымкент қаласы, №86 «Алтынай» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі болып жұмыс атқарады, 2006 – 2007 жылдары Шымкент қаласы, №95 «Алтын дән» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі, 2012 – 2021 жылдары Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бірінші мамыр ауылы «Айсұлтан» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі, 2021 – 2022 жылдары Ленгер қаласы, «Жансая» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі, 2021 – 2022 жылдары Ленгер қаласы, «Боташым» бөбекжай бақшасы МКҚК – әдіскер қызметін атқарды.

Қазіргі таңда 2022 – 2024 жылдары Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылы «Нұрсәт» бөбекжай бақшасы меңгерушісі болып жұмыс істеп келеді.

Осы орайда соңғы жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсек:

2022 жылы Түркістан облысы, Төле би аудандық семинар.

Халықаралық ІІ конференция «Махаббат жүректің даналығы», тақырыбы «Педогог от Сердца».

Республикалық конференция «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту моделін іске асыруда мектепке дейінгі білім берудегі басқару және менеджмент» – 72 сағат (22.04 – 30.04.2024ж.).

Республикалық ғылыми – әдістемелік конференциясы «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымындағы жобалық қызмет» 05.11.2024 жыл Алматы қаласы.

Осы жетістіктеріннің нәтижесінде:

Оқу – ағарту министірі Ғани Бейсембаевтан алғыс хат.

Төле би аудандық білім бөлімінен алғыс хат.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы.

Төле би ауданы, Көксәйек ауылдық округі әкімнен Құрмет грамотасы.

Төле би аудандық мәслихатының грамотасымен 2023 жылы марапатталды.

 

Төлеби аудандық кәсіаодақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Аудандық семинар

Аудандық семинар

М.Мақатаев жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен семинар өтті.

Семинардың тақырыбы «Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі», «Кәсіподақтың жұмысын ұйымдастыру».

Аудандық кәсіподақ комитетінің маман заңгері Х.М.Эрметов еңбек қауіпсіздігіне ішкі және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру туралы, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік–экономикалық, санитариялық–эпидемиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарымен қамту, мектептегі ішкі бақылауды іске асыратын еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың міндеттері мен құқықтары туралы мәлімет берді. Білім беру ұйымындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша облыстық қоғамдық байқау өткізу туралы айтып, Ережесімен таныстырып өтті.

Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Р.К.Искакова кәсіподақ ұйымының қызметін ұйымдастыру, сайланбалы кәсіподақ органдарының барлық жұмыс бағыттары бойынша мәлімдеді.

Төрағалар ойларын ортаға салып, өз ұсыныс пікірлерін білдіріп, белсенділік танытып отырды. Сөзге шыққандар Х.Расулметов, С.Шаназарова, Б.Адилбаев, Э.Бердикулова, Д.Жаркеновалар кәсіподақ ұйымының қызметі туралы сұрақтар қойып және оны жақсарту туралы ұсыныс жасады.

Кәсіподақ комитеті төрағалары тарапынан көптеген сұрақтар түсіп, барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Қатысушыларға әдістемелік көмекші құралдар таратылды.

Жиналыс соңында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар Э.Бердикулова, Х.Расулметов, Д.Юлдашбеков, У.Абдушбаев, А.Махмутов, А.Талхатовтар «Өрлеу» республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының, облыстық білім басқармасының, облыстық «Аманат» партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Аудандық «Ақбота – 2024» ән – би байқауы өтті.

Аудандық «Ақбота - 2024» ән – би байқауы өтті.

Төлеби аудандық мәдениет үйінде Халық ақыны Сатыбалды Тілеуовтың 140 жылдығына және Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Төлеби ауданының құрметті азаматы, әнші, композитор Болат Оразымбетовтің балаларға арналған әндерін насихаттау талантты балалардың шығармашылығын дамыту, білімді де өнерлі, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі аудандық «Ақбота» ән – би байқауы өтті.

Байқауға алдын – ала іріктеу кезеңінен өткен 33 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтижемен үміткерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ән жанры бойынша

БАС ЖҮЛДЕ – Төлен Әсел (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)

І – ОРЫН – Мырзакерім Аңсар (Әл – Фараби атындағы ЖББМ)

І – ОРЫН – Әбдімәлік Әмірәлі (Жамбыл ауылдық клубы)

ІІ – ОРЫН – Әріпбек Көркем (Қалалық саз мектебі)

ІІ – ОРЫН – Жарылқасын Айзере (Қалалық саз мектебі)

ІІ – ОРЫН – Әшірбай Әли (Алатау ЖББМ)

ІІІ – ОРЫН – Рахымберді Қарақат (№7 ІТ мектеп лицейі)

ІІІ – ОРЫН – Бекмаханбет Жансұлу (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН – Бекәділ Айару (Қалалық саз мектебі)

ІІІ – ОРЫН – Сайлыбай Алуа (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі)

Би жанры бойынша

І – ОРЫН – «Қазына» би тобы (№7 ІТ мектеп лицейі)

ІІ – ОРЫН – «Ақ кербез» би тобы (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН – «Балауса» би тобы (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)

Арнайы жүлделер.

Аудан әкімінің арнайы жүлдесі – Ерғалиұлы Жантөре (Мәдени ауылдық клубы)

Төлеби аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесі – Ермаханбет Ақзерім (Қалалық саз мектебі)

Б.Оразымбетов атындағы арнайы жүлде – Аманкелді Бақкелді (№2 ЖББМ)

Ә.Ақкөзова атындағы арнайы жүлде – Төленбек Кәусар (Момынай ауылдық клубы)

Аудандық кәсіподақ комитетінің дайындаған А.Қалтаев атындағы арнайы жүлде – Мұхиддин Камшат (Б.Түлкиев атындағы ЖББМ)

Б.Акимова атындағы арнайы жүлде – Оралбаева Кәусарға тапсырылды (Аршалы бастауыш мектебі)З.Тұртаева атындағы арнайы жүлдені Момынай ж б б м “Бегім”бишілер тобы жеңіп алды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2024» аудандық байқауы өтті.

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2024» аудандық байқауы өтті.

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 2024 жылдың 28 қазан күні «Өнерлі ұстаз – 2024» аудандық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен сайысқа 46 ұстаз қатысып, жарыс ережесіне сәйкес 3 кезең бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың қорытындысына сәйкес бабы мен бағы қатар шауып, арнайы номинация иеленген, жүлдегер болған, жеңімпаз болған ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитетінің дайындаған алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Өнерлі ұстаз – 2024» аудандық байқауының қорытындысы:

Бас жүлде – Жас алаш жалпы білім беретін мектебі.

І орын – А.Тұяқбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі.

ІІ орын – Мырзакент мектеп-гимназиясы.

ІІ орын – С.Датұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі.

ІІІ орын – Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебі.

ІІІ орын – И.Панфилов атындағы жалпы білім беретін мектебі.

ІІІ орын – М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі.

«Өнерлі ұстаз – 2024» аудандық байқауына белсене қатысқан барша ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

1 13 14 15 16 17 84