«KitapХАН» кітап оқу байқауы

2025 жылғы 21 мамыр күні Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық “KitapХан” кітап оқыту әдісінің финалдық кезеңі өтті.

Сайысқа 5-7, 8-11 сыныптар арасынан барлығы 16 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен 5-7 сыныптар арасында Арыс қаласы, “Жиделі” ЖББМ оқушысы – Жәнібек Інжу, 8-11 сыныптар арасында Келес ауданы, Б.Момышұлы атындағы ЖББМ оқушысы – Абдували Әділет жеңімпаз деп тынылды. Барлық финалдық кезеңге өткен оқушыларға облыстық кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Осындай үлкен маңызға, рухани құндылыққа толы байқаудың арқасында сол құндылыққа жақын болып, сүйіспеншілік танытып, жанына тұрақты серік ететін оқушыларымыз, кітап сүйер оқырмандарымыз артады деп сенеміз.

2025 жылғы 22 мамыр күні Қазақ даласының ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «KitapХАН» кітап оқыту әдісі финалдық кезеңінің екінші күні білім беру ұйымдарының басшылық құрамы, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен өтті.

Сайысқа қатысушылар аты әлемге, қазақ даласына танылған ұлы тұлғалардың еңбектерін, тамаша туындыларын саралап, талдап, жиналған кітап сүйер оқырман көкейіне жеткізуге тырысты.

Қазылар алқасының әділ шешімімен сайыс қорытындысы бойынша:

Басшылық құрам бойынша – Созақ ауданы, аудандық білім бөлімінің әдіскері – Бөкенова Зәуре;

Педагогтар арасынан – Сауран ауданы, Ә.Сығай атындағы ЖББМ мұғалімі Елубай Гүлсім;

Ата-аналар арасынан – Бәйдібек ауданы, Сапарбекова Мөлдір жеңімпаз атанды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сайысқа қатысушыларға өз жылы лебізін, құттықтауын білдіріп, марапаттар тапсырды.

Сайыс соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының, Білім беруді дамыту орталығының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл сайыс кітаптың адам өміріндегі алар орны, үлкен маңызға, құндылыққа толы дүние екендігін көрсетіп, елдің кітапқа қызығушылығын арттырып, оқырмандар қатарын едәуір ұлғайтты.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Созақ ауданында оқыту семинары болып өтті.

Созақ аудандық білім бөлімі және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 20 мамыр күні Созақ аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары болып өтті. Семинарды Созақ аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы жүргізіп отырды. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы, бөлім басшысы-заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Созақ аудандық білім бөлімінің басшысы Өтебаев Абай Шәріпбекұлы және білім беру мекемелерінің басшылары, келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Б.Еркінбек семинарға қатысушыларға мекемелердегі келісу комиссияларының маңызы мен жауапты миссиясы жайлы айтып өтті. Ғ.Ақбердиев тақырыпқа байланысты лекция оқып, сұрақтарға жауап берді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өтебаев келісу комиссиясының маңыздылығы туралы айтып, өзінің ой-пікірін ортаға салды.

Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар, үздік кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыс етілді.

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

2025 жылғы мамыр айының 16 күні «Жастар ресурстық орталығында» «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары, Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы М.Темірбаева, медиатор Қ.Оңалбеков және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бөлім басшысы, заңгер Ғ.Ақбердиев негізгі тақырып бойынша баяндама жасады. Семинарға аудандық білім бөлімінің заңгері М.Молдабаев қатысып, келісу комиссиясының маңыздылығы жөнінде өздерінің ойларын ортаға салып, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

М.Исламқұлов мектебінің кәсіподақ мүшелері келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру жөнінде көріністер көрсетті.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев келісу комиссиясының әрбір еңбек ұжымында құрылуы және комиссия мүшелерінің жылда оқудан өтуі міндетті екенін тағыда еске салып, семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп жұмыстарына табыс тіледі.

Семинар соңында, семинарға қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

«Еңбек даулары және оларды шешу жолдары» тақырыбында Келісу комиссиясының мүшелерін оқытудан өткізу бірлескен

семинарда сөз болған ұсыныстар мен пікірлерді ескере келе шешімге келді.

1. Жұмыскер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуде барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек даулары жөніндегі келісу комиссияларының мүшелерін қайта қаралып, жаңартылсын.

2. Келісу комиссиясының құрамы жұмыскерлерге мәлімет үшін көзге түсетін жерге ілініп, келісу комиссиясының атқаратын міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілсін.

3. Келісу комиссиясының жұмысын құқықтық реттеуде жауапкершілік арттырылсын.

4. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясының жұмысын барынша жандандыруда тараптар белсенділік танытсын.

5. Медиация туралы білім мен дағдыны қалыптастыруда, әсіресе еңбек, және өзгеде құқық қатынастарынан туындайтын дауларда, балалар құқығын қорғауда өзара тиімді шешімді табуға бағытталған медиация бағытын ұйымдарда насихатталсын.

6. Тараптар еңбек дауының алдын алу және оның туындауына жол бермеу шараларын оқып-үйренуді мақсат етсін.

7. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастырудағы үлгілі жұмыстары бойынша нақты іс тәжірибелер аудан көлемінде таратылсын.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

Түлкібас ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 15 мамыр 2025 жылы, Абай атындағы мектеп лицейінің мәжіліс залында білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімінің қолдауымен білім беру мекемелеріндегі сайланған келісу комиссиясы төрағалары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының қатысуымен оқыту семинары өткізілді.
Семинарға ауданның 53 ЖББМ-нің келісім комиссиясы мен бастауыш кәсіподақ комитетінің 106 төрағалары қатысты.
Оқыту семинарына Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы- Абишев Даулен Мырзалиевич
Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы – «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің» бөлім басшысы-заңгер.
Багисбаев Руслан Нуржанович – Түлкібас ауданы білім бөлімінің бас маманы қатысты.
Семинар оқытудын негізгі мақсаты:
– Білім беру мекемелерінде қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері.
– Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
– Еңбек дауларын шешу.
– Ұжымдық еңбек дауының туындауы, оны шешудің жолдары.
– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 15 тарауы 8 бабы негізінде комиссия мүшелерінің ҚР Еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларын пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту.
Сонымен қатар келісу комиссиялары мүшелерінің қызметтік міндетілігі туралы Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы түсіндірме жасап өтті. Оқыту семинары барлық тақырыптар бойынша фото слайдтар арқылы көрсетіліп, нақты түсініктемелер айтылды.
Оқыту семинар бағдарламасы тақырыбы негізінде қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Абишев Даулен Мырзалыұлы, Түлкібас ауданы білім бөлімінің бас маманы Багисбаев Руслан Нуржанұлының ұйымдастырылуымен өткен оқытуы семинары өз дәрежесінде өтіп «Сертификаттар» табысталуымен өз мақсатына жете білді.
Семинар соңында «Кәсіподаққа еңбегі сіңген төс белгімен» төмендегі ұстаздар марапатталды
1. Алтынкозова Галима Сулейменовна – С.Сейфуллин ат.ЖББМ, бастауыш сынып мұғалімі.
2. Оразова Нурзия Шопаевна – М.Әуезов ат.ЖББМ, математика пәнінің мұғалімі.
3. Куланбаев Кайрат Куанышбекович – Жаңаталап ШЖЖББМ, технология пәнінің мұғалімі.
4. Ошаев Асхат Исаметович – А. Байтұрсынов ат.ЖББМ-нің физика пәнінің мұғалімі.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық жарыс

Келес аудандық білім бөлімі және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау барысында «Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне» және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ардагері, жоғары кеңесінің депутаты,Түркістан облысының құрметті депутаты,Келес және Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы, Бейсенәлі Қырғызалиевті еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы «Волейбол,үстел теннисі,шахмат, арқан тарту» спорт түрлерінен өтетін аудандық жарыс өткізілді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Т.Артыков алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Воллейбол» ойынынан:

Ерлер командасынан:

Бас жүлде –Абай а/ә командасы

І орын – Ақтөбе а/ә командасы

ІІ орын – Ошақты а/ә командасы

ІІІ орынды – Жүзімдік а/ә командалары иеленді.

Әйелдер командасынан:

Бас жүлде –Кәсіподақ құрама командасы

І орын – Абай а/ә командасы

ІІ орын – Қошқарата а/ә командасы

ІІІ орынды – Жүзімдік а/ә командалары иеленді.

«Үстел теннисі» спорт түрінен:

Ерлер:

І орын – Қошқарата а/ә командасының спортшысы Батырқұл Д.

ІІ орын – Біртілек а/ә командасының спортшысы Керимбаев Д.

ІІІ орынды – Жүзімдік а/ә командасының спортшысы Бейсенов Б.

Әйелдер:

І орын – Қошқарата а/ә командасының спортшысы Тұрысбекова Ж.

ІІ орын – Біртілек а/ә командасының спортшысы Халшабекова А.

ІІІ орынды – Жүзімдік а/ә командасының спортшысы Серикбаева Қ.

«Шахмат » спорт түрінен:

Ерлер:

І орын – №37 «Р.Қошқарбаев» жббм-нің спортшысы Тұрғынбаев Д.

ІІ орын – №5 жббм кмм-нің спортшысы Алдашов Ж.

ІІІ орынды – №20 «Т.Бердияров» жббм-нің спортшысы Хасанов А.

Әйелдер:

І орын – №4 жббм-нің спортшысы Байқабылова Г.

ІІ орын – №25 «С.Сейфуллин» жббм спортшысы Сатымбекова А.

ІІІ орынды – №20 «Т.Бердияров» жббм-нің спортшысы Абишов Ж.

«Арқан тартыс» ұлттық спорт түрінен:

Ерлер:

І орын – Абай а/ә командасы

ІІ орын – Қошқарата а/ә командасы

ІІІ орынды – Ұшқын а/ә командасы

Әйелдер:

І орын – Кәсіподақ құрама командасы

ІІ орын – Ақтөбе а/ә командасы

ІІІ орынды – Абай а/ә командалары иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар «Волейбол» спорт түрінен Чемпиондар кубогы, ақшалай сыйлық Бас жүлде 100.000тг, I-орын 80.000тг, II-орын 60.000тг, III-орын 40.000 .

«Үстел теннисі» I-орын 30.000 тг, II-орын 25.000тг, III-орын 20.000тг.

«Шахмат» спорт түрінен I-орын 30.000 тг, II-орын 25.000тг, III-орын 20.000тг.

«Арқан тартыс» ұлттық спорт түрінен I-орын 30.000 тг, II-орын 25.000тг, III-орын 20.000тг және 15.000тг сертификаттары мен Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар «Волейбол » спорт түрінен «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші» және белсене қатысқан қатысушылар номинацияларымен марапатталып, әділ төрешілік көрсеткен 8 төрешіге қаржылай сыйлық пен марапаттар берілді.

Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз!

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

28-сәуір – Дүние жүзілік еңбекті қорғау күніне орай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауының қортындысы бойынша Қазыұрт ауданы, Қазығұрт жобм бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы Найманбай Ә.Б ) облыстық кәсіподақ комитетінің “Алғыс хаты” табысталды. Сонымен қатар іс-шарада биылғы жыл “Жұмысшы мамандықтар” жылы деп жариялануына байланысты бірқатар білім қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбек сіңген қызметкер” төс белгісімен, “Құрмет грамотасымен” және аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің “Алғыс хатымен” марапатталды.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық жарыс

Келес ауданы білім бөлімі мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 28-сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау » күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау барысында ұлағатты ұстаз, білікті басшы, аудандық кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау инспекторы Айтқұлов Пердебай Әкімбайұлын еске алуға арналған мектепаралық әйелдер арасында Аудандық жарыс өткізілді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Т.Артыков алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Воллейбол» ойынынан::

20 мектеп командалар ішінен

Әйелдер командасынан:

Бас жүлде –№20 «Т.Бердияров» атындағы жббм командасы

І орын – №23 «1-мамыр» жббм командасы

ІІ орын – №49 «Қоңыртөбе» жббм командасы

ІІІ орынды – №28 «Мақташы» жббм командалары иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар Чемпиондар кубогы, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг, 25000 және 15000тг сертификаттары мен Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Т.Артыков. Келес аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Нұрмат және №5 жббм кмм-нің директоры Ұ.Полатов алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Воллейбол» ойынынан::

22 мектеп командалар ішінен

Ерлер командасынан:

Бас жүлде –№49 «Қоңыртөбе» атындағы жббм командасы

І орын – №7 жббм командасы

ІІ орын – №1 «О.Есімов» атындағы жббм командасы

ІІІ орынды – №11 «Жолбасшы» жббм командалары иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар Чемпиондар кубогы, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг, 25000 және 15000тг сертификаттары мен Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші» және белсене қатысқан қатысушылар номинацияларымен марапатталып, әділ төрешілік көрсеткен 8 төрешіге қаржылай сыйлық пен марапаттар берілді.

Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз!

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектебінде “Үздік ұстаз -2025” сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа ұстаздар өте жақсы дайындықпен келіп, өз шығармашылықтарымен әріптестерін тәнті етті.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай С.Асанов атындағы ЖББМ базасында спорттың волейбол түрінен және жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир өтті.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Даулбаева Гүлмарал Әбжаппарқызы ұлағатты ұстаз. Бүгінде 35 жылдық еңбектің нәтижесі болған, өзінің білімдік деңгейін көрсете білген мұғалім.

Оқушылары ауданаралық, облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктерге жетіп, марапаттармен оралды. Ол өз маманының шебері, әрбір шәкірттерінің білім сапасын арттыруға, шығармашылыққа баулуға,жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды енгізуге, ерекше үлес қосқан педагог.

2023-2025 оқу жылы аралық жеткен жетістіктерге тоқталсақ төмендегіше: —Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Бабалар салған ізімен» Түркістан облысы іс-шарасын іске асыру мақсатында «Дала данышпандары» республикалық байқауының ғылыми жоба номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Алдаберген Назгүл II орын дипломмен марапатталды.

Республикалық қазақ тілі пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері 10 сынып оқушысы Қайрат Кәусар Талғатқызы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Атап айтсақ Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың республикалық олимпиадасының жүлдегері Қайрат Кәусар III дәрежелі дипломмен марапатталды. Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс оқулары» байқауының «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша III орын иегері Қайрат Кәусар марапатталды. —Республикалық қазақ тілі пән олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегері 11 сынып оқушысы Қайрат Кәусар Талғатқызы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Даулбаева Гульмарал еңбек жолын №376 бастауыш мектептен бастаған, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 2001 жылы аталған институттың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Бастауыш мектепте 20 жыл көлемінде директордың тәрбие ісінің орынбасары және оқу ісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарды.

И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. В.А.Сухомлинскийдің «Білікті ұстаз деп кімді айтамыз?» деген сұраққа «Нағыз ұстаз – шәкіртін өзінен айнымайтын етіп тәрбиелемейді, ол әр шәкірттің дара болмысын ашып, өзінен асып түсетін етіп тәрбиелейді», – деп жауап береді. Сол сынды өз шәкірттерін асқан шеберлікпен тәрбиелеп, балалықтан даналыққа жеткізуді мақсат тұтқан ұстаз. Осы аталған шәкірттерді дайындаған Даулбаева Гүлмарал Әбжаппарқызының еңбегі орасан зор деп білеміз. Сабақ барысында баланың болмысы мен оның тәрбиесіне тереңінен үңіліп, рухани азығын ұлғайтып, көкжиегін кеңейтіп, қабілетін шыңдай білгені үшін алғыс білдіреміз.

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің кезекті кеңейтілген мәжілісі өтті

2025 жылғы 25 сәуір күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Атқару комитеті отырысында қаралған мәселелер :

1.«Облыстық кәсіподақ комитетінің 2024 жылғы кәсіподақ бюджетінің орындалуы және 2025 жылға кәсіподақ бюджеті туралы».

2. «Облыстық кәсіподақ комитетіне 2024 жылы түскен кәсіподақ мүшелік жарнасы және жұмсалуы жайлы есебі туралы».

3. Облыстық кәсіподақ комитетіне 2024 жылы кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау қорытындылары туралы.​​​​​​​​

4. Облыстық кәсіподақ ұйымының атқару комитеті өткізген «Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауының» қорытындылары туралы.

5. Түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері Р.Жолдықараева, үшінші мәселе бойынша бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады, түсіндірме беріп, сұрақтарға жауап қайтарды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, облыстық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі, Түлкібас, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары А.Абуов, Ә.Тастанбеков, Д.Әбішев, Қ.Төлебаев қатысып, өз ұсыныстарын, пікірлерін білдірді.

Қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Облыстық кәсіподақ ұйымының атқару комитеті өткізген «Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауының» қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды:

-бірінші орын алған Созақ ауданы, Н.Төреқұлов атындағы IT- мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы – О.Нәбиев);

-екінші орын алған Сарыағаш ауданы, № 61 жалпы білім беретін мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы – М.Беделов);

үшінші орын алған Жетісай ауданы, № 71 жалпы білім беретін мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы – А.Суюнханова) және Ордабасы ауданы, М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы –А.Иманбаева) облыстық кәсіподақ комитетінің Дипломдары және қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Аудандар мен қалалардан ұсынылған басқа озат бастауыш кәсіподақ ұйымдары облыстық байқау барысындағы жақсы жұмыстары үшін облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен және байқауға белсенді қатысқандары үшін облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

​​​​​​

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне қатысушылар кәсіподақ қызметінің алда атқаратын мәселелері бойынша ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, талқылау және пікір алмасу жүргізілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 12 13 14 15 16 90