Түркістанның төрінде республикалық конференция болып өтті.

Ел руханияты мен мәдениетінің алтын бесігі саналатын киелі Түркістан қаласындағы оқушылар сарайында директоры И.Икапова «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫ: ОҚУ МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцясы болып өтті. Аталмыш семинар жасанды интеллект технологияларының білім беру саласындағы мүмкіндіктерін зерттеуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға, оқулықтарды бейімдеу және оқытуды жекелендіру мәселелерін талқылауға арналып, жасанды интеллект дәуірінде білім берудің жаңа көкжиектерін бірге зерттеуге үндейді.

Іс шара баысында сөз алған спикерлер, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек, «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫНЫҢ» басшысы Г.Саймасаева, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы С.Жиенбаева аталмыш семинардың мұғалімдер мен оқушылар үшін маңызы ерекше екеніне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Төлеби ауданында кездесулер болып өтті!

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматовтың бастамасымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің қолдауымен 2025 жылғы наурыздың 12-сі күні Төлеби ауданында білім саласы өкілдерімен кездесулер болып өтті. Кездесудің басы аудандағы үздік мектептердің бірі «Шомшақты» жалпы білім беретін мектебінің тыныс-тіршілігімен танысудан басталып, сала ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ата-аналар, сала жанашырларының қатысуымен сұхбат дөңгелек үстел басында жалғасты. Бүгінгі таңда сала қызметкерлерінен жоғары тұрған органдарға жазатын арыздарының саны көбейгендігі, еңбек дауларының көбеюі, сондай-ақ сала қызметкерлерінің бір-бірімен соттасуының жиілеуі әңгімеге арқау болып, түрлі деңгейдегі даулардың алдын алу, болдырмау, даулы мәселелерді бірлесе отырып шешу жолдары талқыға түсті. Балаларға сапалы білім мен тәрбие беру, ол үшін ата-аналармен байланысты барынша жандандыру, орын алған дауларды ушықтырмай, дер кезінде жергілікті жерде билік өкілдері мен зиялы қауым өкілдерін қатыстыра отырып шешу жолдары көрсетілді.

Әрі қарай жоғарыда аталған мәселе ауданның білім беру ұйымдарындағы «Әдеп кеңесі» мүшелерімен, жас педагогтермен, аудан педагогтерімен кездесулерде талқыға түссе, жеке қабылдау өткізіліп, онда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылдау бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесулер жоғары деңгейде өткізіліп, сала қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА ДЕГЕН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 07 наурыз күні «Адамзаттың асылы – Ана деген» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Аудан көлемінде өткен іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қошқаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздар, БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шарада білім беру саласында толағай табыстарға кенелген ұлағатты ұстаздарымызға «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлының атынан «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталып, марапатталды.

Сонымен қатар бар ғұмырын ағарту саласына арнаған ардагер ұстаздарымызға Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұлағатты ұстаздарымыз көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ мінбері

Джуманкулова Дилдар Маулановна 24.09.1968 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Ташкент педучилищесіне оқуға түсті, 1994 жылы Қарабұлақ ауылындағы Киров атындағы мектепке еңбек пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1999 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетінінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығына оқуға түсті.

2002 жылдан бастап № 101 ЖББМ қазақ тілі пәні маманы болып жұмыс атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл. Педагог-зерттеуші санаты бар.

Джуманкулова Дилдар Маулановна өз пәні бойынша қызметін атқара жүріп, оқу процесін жетілдіру, оқу сапасын, оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында тың идеялар мен ұсыныстар айтып, ұйымдастырушылық, талап қоя білушілік, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерінің арқасында оны іс жүзінде асыра біледі. Ұжымда өзін өте білімді, сауатты, алға қойған мақсатына жете білетін, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер, білгір маман ретінде танылды.

Еңбек жолында атқарған жұмыстарының нәтижесі төмендегідей:

-2020 жылы «Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдары, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» авторлық бағдарламасы үшін Сертификат алды.

-2021 жылы «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі» атты байқауына қатысып І-дәрежелі Дипломмен және Медальмен марапатталған.

-2021 жылы Республикалық мұғалімдер пән олимпиадасының ІІ-дәрежелі Дипломы.

-2022 жылы «Үздік педагог» байқауы І- орын І-дәрежелі Диплом

-2022 жылы «Өнегелі ұрпақ» журналында өз тәжірибесімен бөлісіп әдістемелік материал ұсынғаны үшін Сертификатпен марапатталған

-2022 жылы «Тұран» облыстық онлайн байқауының аудан кезеңінде оқушысы ІІ-орынға иеленгені үшін Грамотамен марапатталған

-2022 жылы І.Жансүгіров оқулары аудандық кезеңінде оқушысы

М.Ирисдаулетова ІІ-орын иеленгені үшін Мадақтамамен марапатталған

-2023 жылы «Бәйтерек» Республикалық олимпиадасында І-дәрежелі Дипломмен 3 оқушысы марапатталған

-2023 жылы Зейінді балаларының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туған күніне орай «М. Мақатаев оқулары» конкурсына оқушы дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.

-2023 жылы Республикалық «Зейінді бала» олимпиадасында 3 оқушысы І-дәрежелі Дипломмен марапатталған

-2024 жылы Республикалық зияткерлік олимпиадасында 3 оқушысы І- орынға иеленіп Дипломдармен марапатталған.

Джуманкулова Дилдар Маулановна – ұжым арасында беделі жоғары, ортамен жақсы қарым-қатынас орната алатын, адал, кәсіби білікті, өз ісін жетік меңгерген ұстаз. Бойында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тиімді шешім қабылдай білетін, игі істерге ұйытқы бола алатын тәжірибесі мол маман. Қоғамдық жұмыстардың көшбасшысы. Қазіргі таңда осы мектепте кәсіподақ комитетінің төрағасы міндетін атқарып келе жатыр.

Мектепте кәсіподақ комитетінің белсенділігін арттыру және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық құқықтық мүдделерін қорғаудың әсерін дамыту бағытында үлкен үлесін қосып келе жатыр. Мектепте кәсіподақ мүшелеріне консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді. Еңбек дауларын алдын алу және болдырмау, еңбек қатынастарына байланысты түсініспеушіліктер, наразылықтар мен арыз-шағымдарды ұжымда шешеді.

Еселі еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері» төс белгісімен, облыстық кәсіподақ комитетінің Грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ

Отан – отбасынан басталады. М.Жұмабаев атындағы ЖББМ КММ-де “Мерейлі отбасы” байқауы өткізіліп, қатысқан ұстаз ата-аналар марапатталды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақтың салт- дәстүрін насихаттап отырған 4 отбасы сынға түсті:

1.Ерденовтер отбасы;

2.Шонықбаевтар отбасы;

3.Божымбетовтер отбасы;

4.Мұсабековтер отбасы.

Сайыстың шарттары:

1.”Отбасым – мақтанышым!” (Отбасының өзін-өзі таныстыруы);

2.Жалғасын тап (мақалдың жалғасын табу, мақалдың мағынасын ашу);

3.”Өнерлінің өрісі кең” отбасылар өнерлерін көрсетеді);

4.Баламның таңғы асы;

5.Бала арманы ( үй тапсырмасы).

Салтанатты шараға Жетісай ауданы білім бөлімінің әдіскерлері, аудандық кәсіподақ комитетінің қызметкерлері, сонымен қатар Қазыбек би ауыл округіне қарасты мектептердің басшылары, мектебіміздің ата- аналар комитеті төрайымы мен “ Әкелер кеңесі” төрағасы және ауыл әкімшілігінен қонақтар қатысты.

Сайысқа қатысқан отбасылар – отбасылық құндылықтарды биік ұстаған жанұялар. Дәстүрлі шараға қатысу арқылы олар салт- сананың жаңғыруына, ұрпақ тәрбиесіне жаңа серпін берді. Бұл сайыс әр отбасылардың бір- біріне деген сыйластығы, құрметі,көпке үлгі екені сөзсіз. “Мерейлі отбасы” ұлттық сайысының негізгі мақсаты- отбасы мен некенің жағымды үлгісін халық арасында кеңінен насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ АРДАҚТАЙЫҚ

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ АРДАҚТАЙЫҚ. 2025 жылдың 06 наурыз күні Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлы мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Анашев 8 наурыз «Аналар мерекесі» қарсаңында ардагер ұстаздарды ардақтап, шырайлы көктемнің айтулы мерекесімен құттықтады. Ұстаздардың ұзақ жылғы еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі зор үлесін атап өтіп, білім беру саласындағы сіңірген еңбектерін бағалап, білім бөлімі атынан ардагер ұстаздарды алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табыстады. Ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді. Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,Ананың биік тұғыры- анадан туған бар адам.Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам- демекші 8 наурыз «Аналар мерекесімен» барша әйел азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз. Қасиетті Рамазан айында кәсіподақ комитеті тарапынан екі мұқтаж отбасыға қаржылай көмек жәрдем берілді.

 

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Білімнің мініп шыңына» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 2025 жылдың 06 наурыз күні жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрмет көрсету мақсатында «Білімнің мініп шыңына» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қошқаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасның облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған, жүлдегер болған ұстаздарымызбен оқушыларға түрлі деңгейдегі марапаттар табысталып, аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген оқушыларымызға жетекшілік жасаған ұстаздарға шипажайға жолдамалардың сертификаттары табысталды.

Ауданымыздың намысын облыс деңгейінде қорғай білген барша ұстаздарымызбен оқушыларымызға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің мәжілісі өтті

2025 жылғы 28 ақпан күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды :

-Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2025 жылғы 1 қаңтарға кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ органдары жайлы статистикалық есебі туралы;

– Түркістан облыстық комитеті мен «Өрлеу» Салалық кәсіптік одағы ҚБ қызметтерін ұйымдастыруға бөлінетін кәсіподақ жарнасының аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері тарапынан аудару жұмысының 2024 жылғы қорытындылары және жақсарту жөніндегі шаралар жайлы;

– Түркістан облысы білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізетін аудандық, қалалық білім бөлімдері мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері арасындағы «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауы туралы;

– «Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің филиалдары – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағалары лауазымына резервке алынған кадрлар туралы;

– түрлі мәселелер.

Аталған мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің мамандары Б.Қилыбай, Д.Мухтаров, облыстық кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері Р.Жолдықараева хабарлама жасады, сұрақтарға жауап қайтарды, түсіндірме жүргізді. Қаралған мәселелер бойынша талқылауда Жетісай, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Шардара, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов, Д.Абишев, Ғ.Мырзалы, Қ.Анашев, Ұ.Жұман, Қ.Төлебаев қатысып пікірлер мен ұсыныстарын айтты. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылауға қатысып, қорытындылап отырды.

Қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне қатысушылар кәсіподақ жұмысының кейбір мәселелері бойынша ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, пікір алмасу жүргізілді.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

«Ой дода» интеллектуалдық сайысы

№76 жалпы білім беретін мектепте аудандық кәсіподақ ұйымы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бірлестіктер арасында «Ой дода» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Бұл сайыстың негізгі мақсаты – ұстаздардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Сайыс барысында қатысушылар өздерінің негізгі пәндерінен алыстап, әлемдік деңгейдегі логикалық сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін сынға салды.

Сайыс кезеңдері:

Логикалық сұрақтар: Ой ұшқырлығын тексеретін қызықты тапсырмалар;

Блиц-турнир: Жылдам әрі нақты жауап беруді талап ететін сұрақтар;

Жағдаяттық тапсырмалар: Берілген мәселелерді шешу арқылы көшбасшылық қабілеттерін көрсету;

Шығармашылық бөлім: Командалардың тапқырлығы мен ерекше ойлау қабілетін анықтау.

Қызықты әрі тартысты өткен интеллектуалдық сайыс барысында қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын, шешім қабылдау дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Олар күнделікті кәсіби бағыттарынан шығып, жаңа білім салаларында өздерін сынап көрді.

Мұндай сайыстар ұстаздардың жан-жақты дамуына, жаңа қырларын ашуына, сондай-ақ ұжым арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, ерекше әсерге бөленді.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш ауданында білім саласы өкілдерімен кездесулер болып өтті!

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматовтың бастамасымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің қолдауымен 2025 жылдың 27 ақпаны күні сала өкілдерімен кезекті кездесулер Сарыағаш ауданында өз жалғасын тапты. Кездесудің басы аудандағы үздік мектептердің бірі №27 Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектебінің тыныс-тіршілігімен танысудан басталып, сала ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ата-аналар, сала жанашырларының қатысуымен сұхбат дөңгелек үстел басында жалғасты. Бүгінгі таңда сала қызметкерлерінен жоғары тұрған органдарға жазатын арыздарының саны көбейгендігі, еңбек дауларының көбеюі, сондай-ақ сала қызметкерлерінің бір-бірімен соттасуының жиілеуі әңгімеге арқау болып, түрлі деңгейдегі даулардың алдын алу, болдырмау, даулы мәселелерді бірлесе отырып шешу жолдары талқыға түсті. Балаларға сапалы білім мен тәрбие беру, ол үшін ата-аналармен байланысты барынша жандандыру, орын алған дауларды ушықтырмай, дер кезінде жергілікті жерде билік өкілдері мен зиялы қауым өкілдерін қатыстыра отырып шешу жолдары көрсетілді.

Әрі қарай жоғарыда аталған мәселе ауданның білім беру ұйымдарындағы «Әдеп кеңесі» мүшелерімен, №1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі ұжымымен, жас педагогтерімен, аудан педагогтерімен кездесулерде талқыға түссе, «AMANAT» партиясының Сарыағаш аудандық филиалымен бірлескен қоғамдық қабылдау болып, онда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылдау бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесулер жоғары деңгейде өткізіліп, сала қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.

 

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 15 16 17 18 19 90