Мектепке жол

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті мәлімдейді. Жалпы республикалық “Мектепке жол” атты қайырымдылық акциясы №7 IT-мектеп лицейі базасында Amanat партиясы төрағасы мен Шымкент қалалық Евразия банкі филиалы директоры, Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті төрайымы қатысуымен өтті. 100 балаға (сөмкесі, концелярлық заттары) білім бөлімімен келісе отырып қайырымдылық көмек көрсетілді. Сонымен қатар демеушілер 50 балаға мектепке қажетті заттарымен (сөмкесі, концелярлық заттары) қамтамасыз етті.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Құрметті әріптестер, ұстаздар қауымы!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі Тамыз кеңесінің өтуімен шын жүректен құттықтаймын!

Тамыз кеңесі – өткенді саралап, жаңа мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын, білім саласының басты басқосу алаңы. Бұл жиын әрбір ұстазға жаңа серпін, шабыт беріп, ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбегіне демеу болары сөзсіз.

Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын – Сіздер, құрметті ұстаздар! Сондықтан Сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық.

Осы орайда Тамыз кеңесінде біршама ұстаздарымыз марапатталды, атап айтатын болсақ,

І. Түркістан облысының білім басқармасының ҚҰРМЕТ грамотасымен:

1.Алимбекова Молдер Нуржановна -Ә.Жангелдин атындағы жббм мұғалімі;

2.Қопанова Бейсенкул Ергешовна – «№4 бастауыш мектеп» КММ мұғалімі;

3.Турсынов Галимжан Алишерович – С.Ерубаев атындағы жббм мұғалімі;

ІІ. ҚР «Өрлеу білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен:

1.Тойлыбаев Багдат Мырзакулович – Кенжебаев атындағы жббм мұғалімі;

ІІІ. «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасының Алғыс хаты;

1.Уалиханова Гаухар Шыналбайқызы – «Алтын тұмар» балабақшасының меңгерушісі;

ІҮ. Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағы комитетінің «Кәсіподаққа еңгебегі сіңген қызметкері» Төс белгісімен:

1.Жантуған Гулмира Құралбайқызы – №376 бастауыш мектебінің мұғалімі;

2.Жұмабек Есіркеп – Майлықожа атындағы жббм мұғалімі;

3.Қонысбаева Гауһар Идеятовна – Б.Момышұлы атындағы жббм мұғалімі;

4.Маханова Камиля Мнуаровна – Макоренко атындағы жббм мұғалімі;

5.Мауленов Ердаулет Еркекулов -М.Шаханов атындағы жббм директоры;

Ү. Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы комитетінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ;

1.Ербосынова Назгүл Шагирбаевна- М. Шаханов атындағы жббм директорының орынбасары;

2.Кожамкулова Нагимаш Жандаровна- С.Сейфуллин атындағы жббм мұғалімі;

3.Кулмурзаева Жаксыкул Жумахановна-С.Адамбеков атындағы жббм мұғалімі;

4.Бадырова Нагимаш Кулбатыровна- И.Журба атындағы жббм мұғалімі марапатталды.

Жаңа оқу жылы табысты болып, шәкірттеріміздің биік шыңдарды бағындыруына себепкер болыңыздар. Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріңізге береке тілеймін! Марапаттарыңыз құтты болсын!

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Арыс қаласының ұстаздары Ыстықкөлде!

Арыс қаласынан 55 ұстаз Қырғыстан еліндегі Ыстықкөлге демалуға аттанды!

Ұстаздарымыз жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп, білім беруде үлкен үлес қосып келеді. Енді міне, өз еңбектерінің жемісіндей болып, табиғаты тамаша, мөлдір көлдің жағасында бір сәт тынығып, қуат алуға жолға шықты.

Бұл – тек демалыс емес, бұл – шабыт пен жаңарудың сәті. Ұстаздарымыз демалып қана қоймай, ем алып, күш жинап келеді.

Ұстаздарымызды Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің бас есепшісі Еділбекова Ботагөз Ақтауыққызы сәтті сапар тілеп, шығарып салды.

Жолдарыңыз ашық, күндеріңіз шуақты болсын, ардақты ұстаздар!

Сәттілік пен жарқын әсерлер серіктеріңіз болсын!

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Демалыс, саяхат туры

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ҚБ ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің бір топ мұғалімдері, 136 білім саласындағы азамат азаматшаларымыз Қырғызстан Республикасы Ыстықкөл аймағындағы “Алмазный берег” демалыс үйіне барып 5 күн демалып, саяхаттап келді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған Түркістан облысы кәсіподақ комитетінің маманы Б.Қилыбай мырзаға үлкен алғысымызды айтамыз, яғни кәсіподақ мүшелеріне барынша ыңғайлы етіп орындар беріп, көліктерімен қамтамасыз етті. Саяхат барысында, Григоревский, Семеновское ущелье, сарқырама, Қаракөл, Таулы аймақтары, Ыстық емдік суы, Ыстықкөл ортасына Лайнермен аралау т.б баға жетпес керемет өлкелерімен таныстырылды. Ыстықкөлдегі әрбір сәт керемет позитивке, және эмоцияға толы болды. Кәсіподақ мүшелері ризашылығын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен елге оралды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Педагогтердің облыстық тамыз кеңесі

2025 жылғы 21 тамыз күні Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» сарайында білім саласы қызметкерлерінің «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі өтті.

Кеңеске Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбіш, облыстық мәслихат депутаттары, «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы А.Үмбетәлиев, басқа да облыстық мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары, мұғалімдер мен ұйым басшылары, білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ активі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Биылғы жаңа оқу жылы алдындағы облыс білім саласының басты жиынының ерекшелігі – таяуда ғана өткен Республикалық тамыз кеңесінің жұмысы, оған Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың қатысып,  сөз сөйлеуі болды.

Президент Қ-Ж.Тоқаев өз сөзінде ұстазды «ұлттың шамшырағы» деп атап, бүгінгі саналы ұрпақты тәрбиелеу – ертеңгі заман көшін бастайтын буынды қалыптастыру екенін атап өтіп, білім беру мен тәрбие жұмысына байланысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Президент –«Ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия» деп, ұстаз еңбегінің маңызын ерекше атап өтті. Бұл – педагогтар үшін үлкен жауапкершілік екені белгілі.

Облыстық тамыз кеңесінде Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова және басқалар сөз сөйледі.

Өз кезегінде облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғ.Орынов ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Республикалық тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі мен көтерген мәселелер бойынша атқарылатын міндеттер, Республикалық тамыз кеңесі жұмысының қорытындылары, білім беру мен тәрбие жұмысын жақсартуға байланысты жұмыстар туралы баяндама жасады.

Іс-шараның соңы сала үздіктерін марапаттаумен аяқталды.

Ұлағатты ұстаздарға құрмет!

Арыс қалалық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде көп жылдар бойы талмай еңбек етіп, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген ардақты ұстаздарымыз — Аманқұлова Гүлжан Прмашовна мен Алибаева Жанил Алипбековна апайларымызды зейнеткерлікке шығарып салу кеші жоғары деңгейде өтті.

Кешке Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхаев Жұматай Ишантайұлы қатысып, ұстаздарымызға шапан жауып, арнайы сыйлық табыстады.

Бұл кеш — ұстаздарымыздың шәкірттер жүрегінде, әріптестер есінде өшпес із қалдырған еңбектеріне деген зор алғыстың, терең құрметтің айғағы болды. Ұстаздарымыздың жылы сөзі мен мейірімі талай жастың өміріне жол сілтеп, болашағына бағдар болғаны сөзсіз.

Шара барысында әріптестер мен шәкірттер жүрекжарды тілектерін білдіріп, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Ән мен жыр арналып, ұстаздарымызға деген ілтипат ерекше сезілді.

Ұстаздық — ұлы жол, зейнет — сол еңбектің зейнеті.

Гүлжан Прмашовна мен Жанил Алипбековна апайларымызға мықты денсаулық, жарқын өмір, немере-шөберенің қызығына кенелген бейбіт зейнет жасыңыз баянды болсын деп тілейміз!

Рақмет Сіздерге — әр шәкірттің жүрегінен орын алған ұлағат иелері!

Құрметті зейнеткерлікке шығарып салу кеші!

Арыс қалалық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты Жиделі мектебінің ұлағатты кітапханашысы, саналы ғұмырын білім мен тәрбие ісіне арнаған мектеп кітапханшысы Сартаева Бексұлу Абылдабековнаны құрметті зейнет демалысына шығарып салу кеші өткізілді.

Кешке Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мұхаев Жұматай Ишантайұлы қатысып, обыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төсбелгісімен және кәсіподақ тарапынан шапан жауып, сыйлық берілді.

Бексұлу Абылдабекқызының мектеп кітапханасында атқарған еңбегі – ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлес.

Кітапқа деген сүйіспеншілікті дарытқан, рухани байлыққа жол ашқан ұстазымызға алғысымыз шексіз!

Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Еңбегіңіз ескерусіз қалмай, алдағы өміріңіз шаттық пен тыныштыққа толы болсын!

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі

4 маусым күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Атқару комитеті отырысында қаралған мәселелер :

1.«Жетісай және Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов және Д.Абишевтің аудандық, қалалық білім бөлімдері мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері арасындағы «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауын өткізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстары жайлы хабарламалары туралы».

2. Облыстық «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен озаттарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар туралы.

3. Қазақстандық ағарту қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрылуының 100 жылдығын аудан, қала және облыс деңгейінде атап өту мәселелері жайлы.

4. Түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жетісай және Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов және Д.Абишев «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауын өткізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстары туралы хабарламалар жасады. Әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал ететін байқауға байланысты аудандық кәсіподақ комитеттері бірқатар жұмыстар атқарған: келісімдердің орындалу барысы тұрақты комиссияларда қаралған, аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп атқарылатын шаралар пысықталып, жұмыстар жүргізілуде. Олар – спорт түрлерінен аймақтық жарыстар, мәдени іс-шаралар, семинарлар, «үздік класс жетекшісі» және пәндер бойынша байқау жарыстары және тағы да басқалар. Екі жақты келісімдердің орындалу барысын кәсіподақ активі жиналысында қарауға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Мәселені талқылауға Түркістан, Шардара, Ордабасы, Мақтаарал аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Г.Төрежанова, Ұ.Жұман, Қ.Төлебаев, А.Ниязбеков қатысып, ой-пікіплерін білдіріп, ұсыныстар айтты.

Қаралған мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Облыстық «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен озаттарды марапаттау және Қазақстандық ағарту қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрылуының 100 жылдығын атап өту мәселелері жайлы ұсыныстар талқыланып, шешімдер қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне қатысушылар кәсіподақ қызметінің алда атқаратын мәселелері бойынша ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, талқылау және пікір алмасу жүргізілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Арыс қалалық іс шара

Арыс қаласындағы ер балаларға арналған Білім инновациялық лицейінің алғашқы түлектері қанат қақты. Лицей оқушылар оқу жылының қорытындысын жоғары дәрежеде зор табыспен аяқтады. Лицей оқушыларының оқу жылымен аяқталу іс-шарасы жоғары дәрежеде өткізілді.
Осы іс-шараға Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті Мухаев Жуматай Ишантайұлы қатысып, ізгі тілегін білдірді.
Республикалық, Халықаралық, облыстық олимпиадаларда және түрлі байқауларда топ жарған Пайызхан Ерайдын Асылханұлы 86 мемлекеттен шақырту алды. Ерайдын Асылханұлы мен сынып жетекшісіне Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің атынан Манкент шипажайына арнайы жолдама табыстады.
Сонымен қатар, Таджибаев Фаррухжон Мирвахидовичке, Мельдеханова Ботакоз Мусырхановнаға, Анарбаев Самат Берікұлына, Сапарбаева Гулзат Кожагелдіқызына Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамотасы табысталды.
Түркістан облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен Жуманов Бауыржан Жақыпұлы марапатталды.
Қалалық кәсіподақ тарапынан ұстаздарға облыстық білім басқармасының және Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің тарапынынан марапаттар беріліп, табыстады.

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Соңғы қоңырау» мерекесі

Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітірушілер мен басқа да оқу жылын аяқтаған оқушылар үшін Соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау тек оқушыларға емес, олардың ата –аналарына , сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке.

Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз.

Сіздерді бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейміз. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

«Соңғы қоңырау» мерекесіне орай аудандық кәсіподақ комитеті «Айнабұлақ» НОМ, «Разия ана» ЖМ,№ 42 Фурқат ЖББМ, № 77 «Тұран» ЖББМ, № 59 Жандарбеков ат ЖББМ, №47 ЖББМ ұстаздарын облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі, Республикалық «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасы, Түркістан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы, Ы.Алтынсарин «Ерен еңбек иесі» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің және аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады.

«Соңғы қоңырау» мерекесі құтты болсын!

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Оқу жылында Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 22.05.2025ж күні «Аманат» партиясының мәжіліс залында, білім саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік эконмикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы ерекше белсенділігі үшін төмендегі білім беру мекемелерінің ұстаздары марапаталды.

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңгені» үшін медальмен

1. Бабаев Жандарбек Сулейменович – С.Сейфуллин атындағы ЖББМ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімі

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының марапатына

Құрмет грамотасына:

1. Толымбекова Айман Алипбайқызы – А.Гайдар атындағы ЖББМ, география пәнінің мұғалімі

2. Капалбаева Динакуль Бердикуловна – Ғ.Мұратбаев атындағы ЖББМ, химия пәнінің мұғалімі

Алғыс хатына:

1. Нурымбетов Бахтжан Орымбасарович – Т.Әубәкіров атындағы ЖББМ директоры, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

2 Истлеева Роза Камалбековна – Ш.Уәлиханов атындағы ШЖЖББМ, бастауыш сынып мұғалімі

Түркістан облыстық білім басқармасының марапатына ұсынылғандар тізімі:

1. Асильбеков Сардар Узенбекович – О.Ағыбайұлы атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2. Егенбердиева Қатира Кемелбековна – Әл-Фараби атындағы ШЖНОМ, кітапханашы

3. Суттинбетова Акмарал Оралбаевна – Жамбыл ЖББМ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

4. Алтыбаев Марат Есмаханбетович – Қ.Жандарбеков ат. ЖББМ көркем еңбек пән мұғалімі.

5. Тұртаев Төрехан Жандарұлы – Жанкент ЖББМ Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

6. Джунусов Досжан Тастанбекович – Жиынбай ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі.

7. Бердиханова Улдай Сейлхановна – З.Ғұбайдуллин ЖББМ, математика пәні мұғалімі.

8. Исламкулов Берик Дуйсембекович – О.Кошевой атындағы ШЖЖББМ тарих пәні мұғалімі.

9. Жунисова Патима Турсынбаевна – М.Әуезов атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.

10. Куандыкова Айгуль Байзаккызы – А.Макаренко атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.

11. Орынбаев Нурсултан Алиханулы – А.Оразбаева атындағы ЖББМ, дене шынықтыру пәні мұғалімі.

12. Алтыбаева Мадина Талгатовна – И.Рыбалко ат. ЖББМ, бастауыш сынып мұғалімі.

13. Аршеева Венера Нурмагамбетовна – Тұрар ат. ЖББМ орыс тілі пәнінің мұғалімі.

14. Есентаева Атира Бейсебайкызы – Ұрбұлақ ЖББМ орыс тілі пәнінің мұғалімі.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 11 12 13 14 15 90