Семинар

Шардара аудандық білім бөлімі және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10 Сәуір күні Б.Соқпакбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында Шардара аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Семинарды Шардара аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Ұлықбек Назарұлы жүргізіп отырды. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы , бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Шардара ауданының маслихат депутаты Раймуханов Болат және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты.

Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы тақырыпқа байланысты білім беру ұйымдарда Еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек даулары және олардың шешу жолдары, келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру жөнінде баяндама жасап, басқада сұрақтарға нақты жауап берді.

Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар табыс етілді.

Аудандық Балалар саз мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Облыстан келген кәсіподақ ұйымының басшылығына алғысын білдірді.

Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.

 

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “ҰСТАЗ БАРЫСЫ” ТУРНИРІ ӨТТІ.

Жарыс 7 салмақ бойынша өткізіліп, түйе палуан анықталды. Жеңімпаз мұғалімдерге аудандық кәсіподақ комитетінің грамоталары мен бағалы сыйлықтары табысталды. Бұл ауданымызда қазақ күресінің дамуына жасалған елеулі қадам. Мұғалімдер мен барлық спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жеңімпаз мұғалімдер облыс біріншілінде аудан намысын қорғайды.

 

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы білім басқармасы Арыс аудандық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәнінің мұғалімі Мырзалы Айзада Көпжанқызы.

Біліктілік санаты: “Педагог-модератор”.

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Мырзалы Айзада Көпжанқызы 31.07.1995 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Мырзалы Айзада Көпжанқызы еңбек жолын 2018 жылы Арыс қаласы “№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мекемесінде өзін-өзі тану пәні мұғалімі болып бастады. 2021 жылдан қазірге дейін осы мектепте биология пәні мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді.

Мырзалы Айзада Көпжанқызы шәкірттері аудан, облыс көлемінде өтілген сайыстар мен жарыстарда жоғары деңгейде көрініп, ұстаз беделін асқақтатуда.

— 2019жылы «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының қалалық кезеңінде III орын алғаны үшін диплом;

-2021жылы Диплом «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің II орын иегері;

-2022жылы Қалалық пән мұғалімдерінің олимпиадасында биология пәні бойынша III орын иеленгені үшін Диплом;

-2022жылы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне дарынды оқушыны дайындаған еңбегі үшін Алғыс хат;

-2022 жылы Алғыс хат «Арыс қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

-2022 жылы оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің Диплом Ш дәрежелі жүлдегері;

-2023 жылы оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің Диплом I дәрежелі жүлдегері; -2023 жылы «SMART сабақ-2023» байқауының III орын иегері; -2024 жылы оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің Диплом II дәрежелі жүлдегері; -2024 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқаудың облыстық кезеңінде 3 орын иеленгені үшін ДИПЛОММЕН; -2024 жылы Арыс қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Айзада апайдың шәкірттері аудандық, облыстық байқаулаға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп мектептің атын биіктетіп, абыройын асқақтатуда.

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы білім басқармасы Арыс аудандық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “№4 бастауыш мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Тұрғанбаева Сәулекүл Орынбасарқызы

Біліктілік санаты: “Педагог-зерттеуші”, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ» төсбелгісінің иегері.

Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүрген жұмыс — ұстаздыкі. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларының оқуда озат, өмірде патриот болуы ұстаздың ұстанымына байланысты.

Тұрғанбаева Сәулекул Орынбасарқызы 12.11.1964 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласының дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Турганбаева Саулекул Орынбасарқызы еңбек жолын 1986–1988 жылдары Ленгір ауданы «Балдыберек» мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.1988-1995 жылдар аралығында Шымкент облысы Темір орта мектебінде бастауыш сыныпты оқыту мұғалімі қызметін жалғастырды.

1995-2025жылдардан бастап №4 бастауыш мектепте бастауыш сыныпты оқыту мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі таңда осы мекемеде өз еңбегін абыроймен атқарып келеді.

Тұрғанбаева Сәулекүл Орынбасарқызы шәкірттері аудан, облыс, республика көлемінде өтілген сайыстар мен жарыстарда жоғары деңгейде көрініп, ұстаз беделін асқақтатуда.

— 2018 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивальі» байқаудың қалалық кезеңінде 1 орын иеленгені үшін ДИПЛОММЕН;

–2018 жылы Облыстық «Педагогикалық идеялар фестивальі» байқауында I дәрежелі ДИПЛОММЕН;

–2019 жылы Қазақстан Республикасы БІЛІМ және ҒЫЛЫМ министрлігі оқу әдістемелік орталығының Алғыс хатымен;

–2019 жылы Облыстық «Ең үздік әдістемелік басылымдар» сырттай байқауында үлгілі әдістемелік жинақ номинациясын иеленгені үшін Турганбаева Саулекул ДИПЛОММЕН;

–2020 жылы «Білім беруді жаңартуда сабақ үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар барысында үздік сабақ көрсеткені үшін Турганбаева Саулекул мадақтамамен марапатталды.

–10.04.2023 Бұйрық № 132 Арыс қаласы Бастауыштар сыныптар білім сапасын арттырудың –жаңаша әдіс-тәсілдері жинағы облыстық деңгейде іс-тәжірибесі таратылды. 4 кітаптың авторы.

Сәулекүл апайдың шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық байқаулаға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп мектептің атын биіктетіп, абыройын асқақтатуда.

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы білім басқармасы Ордабасы аудандық білім бөлімі Елтай Ерназаров атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақыпбек Ұлбала Қалдыбекқызы.

Біліктілік санаты: «Педагог-шебер», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрақтың тағдыры-ұстаздардың қолында екені белгілі.. «Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы»- деп, қалай дәл тауып айтылған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықты Ұлбала Қалдыбекқызы өміріне арқау етті. Шәкірттері — оның өмірінің бір бөлшегі. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласа, ешқашан өз мамандығымды өзгерткісі келмейді. Абай атамыз айтқандай: «Бала тәрбиесіне үш жақ әсер етеді, ата-анасы, ұстазы және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» -деген.

Жақыпбек Ұлбала Қалдыбекқызы 1973 жылы Бөген ауданы Ақжол ауылында туылды. Мектепті «Алтын медалмен» бітіріп, асқақтаған арманы Алматыдағы қыздар мемлекеттік институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын алды. 1993 жылдан бері отыз жылға жуық ұстаздық жолын шәкірттеріне арнап келеді. Отбасында Пернеханұлы Абаймен 1 ұл, 2 қыз өсіріп отырған ардақты ана,аяулы жар.

Жақыпбек Ұлбаланың шәкірттері аудан, облыс, республика көлемінде өтілген сайыстар мен жарыстарда жоғары деңгейде көрініп, ұстаз беделін асқақтатуда.

Соңғы бес жыл көлемінде:

Алматы қаласы республикалық ғылыми-әдістемелік «Білім әлемі» «Стилистика» тақырыбындағы авторлық бағдарлама жарияланды Алматы 2024ж №445 санында жарияланды.

«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары» республикалық ғылыми-тәжірбиелік журналының «Алғыс хаты» (дипломы №19 қараша 2022ж),

«Қазақстан ұстаздары» редакциясы мен «Talent Akademy» ұжымы ұйымдастыруымен республикалық байқауға шәкірттерді белсенді қатыстырғаны үшін «Алғыс хат» 2023ж «Үздік нәтиже «көрсеткені үшін ІІ дәрежелі диплом.

«Балалар мен жасөспірімдер»арасындағы өнер байқауына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» грамотасы ( 2022ж №783).

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (18.09.2024ж№2024-2/00002254).

«Балалар жылы» аясында «Оқуға құштар ұлт» жобасында «Каникулда кітап оқимыз» атты марафонға шәкірттерін қатыстырғаны үшін «Алғыс хатпен» (01.11.2022ж №79937) марапатталған.

Түркістан облыстық педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Пән олимпиадасының» ІІ орын иегері (13.01.2020ж №437 Түркістан қаласы).

Оқу-ағарту саласына қомақты үлес қосқаны үшін «Алғыс хат» (№157027).

Түркістан облыстық «КітапХан» жобасы негізінде педагогтардың арасында 2023ж 29 апталық сайысында жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Оның шәкірттері заманауи қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, елін, жерін қорғайтын нағыз ұлтжанды тұлға болып өсіп келеді.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БАСШЫ КАДРЛАРҒА ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

Түркістан облысының білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының бастамасымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен 2025 жылғы наурыздың 20-сы күні Жетісай ауданындағы №76 жалпы білім беретін мектеп базасында басшы кадрларға резерв дайындау мақсатындағы дәстүрлі тәжірибелік семинар болып өтті. «Педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамыту бойынша мұғалімдердің командалық жұмысы» тақырыбындағы бұл семинар орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Семинар барысында баяндамашылар ретінде №76 ЖББМ КММ директоры Әлімқұл Әнетбек Өтеуліұлы, директордың орынбасары Тынгозиев Жупарбек Айтмурзаевич, С. Ерубаев атындағы №56 ЖББ мектеп директоры Баян Бақытқызы, Қ. А. Яссауи атындағы №22 ЖББ мектеп директоры Бауыржан Әбдізәкірұлы, Ғ. Мұратбаев атындағы №61 ЖББ мектеп директоры Исабек Данабекұлы сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті

Іс-шара барысында облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев «Қолданыстағы еңбек заңнамасының негіздері» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шарасы

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің филиялы Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастырылуымен «Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз» мерекесіне орай білім саласының өркендеуіне, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берудегі жетістіктері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қоғамдық жұмыстарына өзіндік үлестерін қосуда біліктіліктерін көрсете білген ұстаздарды еңбектерін бағалау мақсатында Наурыз айының 19 күні «Аманат» партиясының Түлкібас аудандық филиалының мәжіліс залында мерекелік іс-шара өткізіліп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықталды. Мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздар, балалар бақшасының меңгерушілері және қызметкерлері: «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген үшін» медалі мен «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты», Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» «Кәсіподаққа еңбегі сіңген Төс белгісімен» Түркістан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Сонымен қатар Аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Қыдралиевтің, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишевтің, Аманат партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісовтың құттықтау марапаттары табысталды.

Түлкібас ауданының жалпы білім беру мектептеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» жөніндегі өткізілген байқаудың қортындысы бойынша мектептерде Техникалық қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерінің орындалуын жүзеге асыруда ішкі бақылауды жүзеге асырудағы жетістіктері үшін аудандық кәсіподақ комитетінің байқау комиссиясының шешімі бойынша:

Жүлделі орын алған мектептер

1. М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназия – І орын

2. Түркібасы жалпы білім беретін мектеп – ІІ орын

3. Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп – ІІІ орын

орындар беріліп. Аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаты» және сыйлықтар мен марапатталды.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

22 НАУРЫЗ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен Арыс жалпы білім беретін мектебінде 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барсында Арыс жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама берілді. Арыс қаласының кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхаев Жұматай мен Арыс мектебінің директоры Е.Кушкарбеков құттықтап, лебіздерін білдірді.

Кәсіподақ комитеті ұстаздарды марапаттады.

I.Өрлеу республикалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет және Алғыс хатымен-

1.Алтынбек Айтбек Арынбекұлы-Майлықожа атындағы жбб мектебінің директоры

2.Исаева Алия -№1 Е.Молдабаев атындағы жббм педагог-психологы

3.Абилова Динара Қасқарбекқызы-Жиделі жббм директоры

4.Досыбаев Мурат Молдакадырович-Б.Кенжебаев атындағы жббм АӘД мұғалімі

II.Аманат партиясы партиясының Алғыс хатмен-

1.Оңалбаев Ғалымжан-Ы.Алтынсарин атындағы жбб мектебінің директоры

2.Менгелбеков Куатбек Ниязбекович-Ж.Ташенов атындағы жббм дене шынықтыру мұғалімі.

III.Түркістан облыстық білім басқармасының марапатымен-

1.Қосжанов Мурат Жусипович-С.Ерубаев атындағы жббм тарих пәнінің мұғалімі

2.Сералиева Гүлзина Елубаевна-Баләлемі б/б тәрбиешісі

3.Сындарова Джайнагул Абдрашидовна-Тынышбайұлы атындағы ббм қазақ тілі ж/е әдебиеті пәнінің мұғалімі.

4.Сегизбаев Ғалымжан Бердибекович-А.Тілеубердин атындағы жббм дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

5.Исабекова Ботакөз Парменовна-С.Сейфуллин атындағы жббм көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

6.Жузжанов Шаттык Спартакович-Макаренко атындағы ббм директоры.

7.Тансықбай Таңшолпан Нұрманқызы-Аққала жббм көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

8.Тасқынбаева Айгул Жаркынбаевна-С.Қожанов атындағы жббм орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі

9.Алимбекова Сара Калдыбековна-№4 бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

10.Искенов Берик Икрамович-Арыс қаласы білім бөлімінің әдіскері.

11.Амиркулова Гульнара Амзехановна-Балдырған б/б меңгерушісі

12.Ахметжанова Динара Бахытжановна-Білім бөлімінің әдіскері

13.Исмайлова Мейрамгуль Сулеймановна-№8 В.Комарова атындағы жббм ағылшын пәнінің мұғалімі.

14.Асқарова Мейркуль Отарбековна-С.Адамбеков атындағы жббм директоры марапатталды.

МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!!!

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРҒА КЕНЕЛГЕН КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 19 наурыз күні аудандық кәсіподақ комитетінде білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелерін марапаттау жұмыстары жүргізілді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынысымен «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен:

1. Тортаева Жамила Смадияровн – С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

2. Кадырова Жахан Копжасаровна – Мақтаарал мектеп гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Алғыс хатымен:

1. Бимаганбетов Бакытжан Айтжанович – Жаңа жол жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

2. Маханбетова Гулайм Тасболатовна – И.Панфилов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры

Аманат паритясының Түркістан облыстық филиалының марапатымен:

1. Алмаганбетов Нуржан Бахытович – С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры

2. Мамбетова Ардақ Талиповна – Н.Бекежанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры

Түркістан облысы білім басқармасының марапатымен:

1. Абилов Марат Умбеталиевич – Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

2. Оразов Бахытбек Кошкарович – Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры

3. Мырзаева Назипа Мусировна – Шұғыла жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі

4. Оголенко Владимир Олегович – А.Пушкин атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

5. Танирбергенов Ержан Амангелдиевич – Нұрлы жол жалпы білім беретін мектебінің директоры

6. Султанова Любида Канатовна – Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

7. Ташмуратов Уктам Баймуратович – Қажымұқан атындағы жалпы білім беретін мектебінің шеберхана меңгерушісі

8. Утегенов Туйлибай Шамбаевич – Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі

9. Бектурганова Жанат Оразбековна – Мақтаарал мектеп гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі

10. Базарбаева Ақмарал Зулпыхаровна – Асыл мұра жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

11. Бибосынова Мулдир Аралбаевна – МКҚК №7 «Шолпан» бөбекжай бақшасының меңгерушісі

12. Кулыншакова Жанат Нурбековна – МКҚК №3 «А.Әуметхан» бөбекжай бақшасының әдіскері

13. Галеева Алина Саматовна – №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

14. Мусалина Гульмира Нургалиевна – «Б.Соқпақбаев атындағы №48 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

15. Еркебаева Сауле Сергазиевна – «С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Бүгін 2025 жылғы Наурыздың 19 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел өткізіліп, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

Іс-шарада бірқатар ұстаздар Түркістан облысы білім басқармасының, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамотасымен, Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының марапаты, Ы.Алтынсарин «Ерен еңбек иесі» орденімен, «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырып, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 14 15 16 17 18 90