Аудандық жарыс

 Келес ауданының Білім бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын насихаттау» мақсатында Білім бөліміне қарасты ұстаздар арасында мектепаралық «Волейбол» спорт ойынынан Аудандық жарыс өткізілді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Артыков Нурлан Тастемірұлы, Келес ауданының мәслихат депутаты Мүсір Құрманғазы Мұстафаұлы және №25 «С.Сейфуллин» жббм-нің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Абдрахимов Мұрат Жахандарұлы алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Воллейбол» ойынынан::

26 мектеп командалар ішінен

Ерлер командасынан:

Бас жүлде – «№1 БЖСМ» командасы

І орын – «№22 З.Рүстемов» жббм командасы

ІІ орын – «№1 О.Есімов» жббм командасы

ІІІ орындарды – «№27 Н.Тілендиев» жббм командасы

Әйелдер командасынан:

Бас жүлде – «№22 З.Рүстемов» жббм командасы

І орын – «№ 23 1-мамыр » жббм командасы

ІІ орын – ««№2 Ө.Жәнібеков» мектеп гимназия командасы

ІІІ орынды – «№20 Т.Бердияров » жббм командалары иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар Чемпиондар кубогы, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг, 20000 және 15000тг сертификаттары мен Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші» және белсене қатысқан қатысушылар номинацияларымен марапатталып, әділ төрешілік көрсеткен 8 төрешіге қаржылай сыйлық пен марапаттар берілді.

Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз!

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал ауданында білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматов пен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек Мақтаарал ауданындағы білім саласының ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл билері, ата-аналар комитетінің төрағасы және білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізіп, салаға қатысты өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Кездесуде ұстаздардың беделін көтеру, білім беру сапасын жақсарту және мектептердегі тәртіп пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Облыстық әдіскерлер спартакиадасы өтті

20-21 ақпан күндері Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастыруымен «Алғашқы қазақ мектебінің құрылғанына 160 жыл» толуына орай облыстық «Әдіскерлер спартакиадасы» өткізілді.

Облыс көлемінен 200-ден астам әдіскерлер мен қызметкерлер үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, шахмат спорт түрлерінен бақ сынасты.

Спартакиаданың ашылу салтанатында Білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет іс-шараның мақсатын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қорытындысы:

Үстел теннисі

1 орын – Ордабасы ауданы

2 орын – Түлкібас ауданы

3 орын – Жетісай ауданы және Арыс қаласы

Тоғызқұмалақ

1 орын – Отырар ауданы

2 орын – Ордабасы ауданы

3 орын – Жетісай ауданы және Созақ ауданы

Волейбол

1 орын – Түлкібас ауданы

2 орын – Жетісай ауданы

3 орын – Ордабасы ауданы және Білім беруді дамыту орталығы

Шахмат

1 орын – Ордабасы ауданы

2 орын – Білім беруді дамыту орталығы

3 орын – Сайрам және Созақ ауданы

Жалпы командалық есеп бойынша:

1 орын – Ордабасы ауданы

2 орын – Жетісай ауданы

3 орын – Созақ ауданы

Жеңімпаздарды Түркістан облысы білім басқармасы тәрбие бөлімінің басшысы Даурен Босымбаев, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төраға орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Талғат Садуов, “Білім шыңы – Ғылым сыры” және “Ыбырай” журналдарының бас редакторы Бахытгул Есен, Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» директорының орынбасары Руслан Тоишыбеков жеңістерімен құттықтап, марапаттады.

Спартакиада жеңімпаздарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының дәрежелі медальдары мен кубоктары, қаржылай сыйақы, “Білім шыңы – Ғылым сыры” және “Ыбырай” журналдарының бас редакторының арнайы сыйлығы, сондай-ақ Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің дәрежелі дипломдары табысталды.

 

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебі орыс тілі пәнінің мұғалімі Байырхан Шолпан Сламбекқызы.

Қазақтың қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» – деп, М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс.

Осындай білімді де, дарынды ұстаздарымыздың бірі Қазақстан Респупбликасы Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасының» иегері Шолпан Сламбекқызы.

Шолпан Сламбекқызы 1964 жылы 6 қарашада Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1972-1982 жж. Шымкент қаласында Қ.Спатаев атындағы орта мектепті бітірген. 1982–1987жж. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтында «орыс тілі мен әдебиеті ұлт мектебінде» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1987 жылдан бері осы уақытқа дейін Шұбар ауылында (бұрынғы В.И.Ленин) қазіргі Д.Қонаев атындағы жббм орыс тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды.

Шолпан Сламбекқызы 1986 жылы отбасын құрған. Жолдасы Рысымбет Әбдіжаппар Сабденұлы мектеп директоры және тарих пәні мұғалімі болып қызмет еткен, қазіргі таңда зейнеткер – ұстаз.

Осы жылдарда Шолпан Сламбекқызы ұстаздық ұлағатымен ерекше сый-құрметке бөленіп, болашақ ұрпаққа жаңашыл білім мен тәрбие беруде. Еңбек жолында шәкірттеріне өнегесін дарытып, мейірім шуағына бөлеп келе жатқан ұстаз, қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі мол.

Қазақстан Респупбликасы Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасы» (2018ж),

ОҚО білім басқармасының әдістемелік кабинетінің «Алғыс хаты» (2018ж),

Түркістан облысының адами әлеуетті даму басқармасы «Алғыс хаты» (2020ж),

«Білікті ұстаз» төсбелгісінің иегері.

2020 жылы «Рухани жаңғыру» ақппараттық-сараптамалық орталығы және «Qazaq Bilimi» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік педагогиикалық мақала» республикалық конкурсының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2022 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған ІІ Республикалық «Жаңа Қазақстан – 2022» байқауына «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2022 жылы «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған орыс тілі мен әдебиеті ұстаздары арасындағы онлайн блиц-турнирдің жеңімпазы атанып І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Шолпан Сламбекқызы бақытты отбасының отанасы 3 ұл, 1 қызы және 14 немеренің аяулы әжесі. Ұл-қыздары қоғамда өз орындарын тапқан, үйлі-жәйлі азаматтар, білікті мамандар.

Әріптестері мен туыстарына беделді бола білген Шолпан Сламбекқызы мерейлі 60 жасқа толып отыр. Қай кезде болмасын әріптестеріне көмек қолын ұсынатын, ақыл-кеңісін беретін, байыпты да байсалды ұстаз.

Жұмысыңызға творчестволық табыс тілей отырып, шәкірттеріңізбен танымал болыңыз дегіміз келеді.

Өз сөзімді ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ауғанның асуында от кешкендер

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толып отыр. Интернационалист жауынгерлердің есімі ұмыт қалмайды. Ауғанстандағы соғыс-дәуір шежіресінің ең қасіретті беттерінің бірі. Ол соғыс ардагерлерінің ғана емес, барлық кейінгі ұрпақтардың жадында мәнгі қалады. Бұл күні ел 1979-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсетеді. Бұл қаза тапқан тапқандарды еске алу ғана емес, сонымен қатар өзінің әскери және халықаралық борышын адал әрі батыл атқарған тұлғалардың барлығына шынайы ризашылық пен алғыс білдіру.

Құрметті, Ауған соғысының ардагерлері! Сіздерді бүгінгі атаулы күнмен құттықтаймыз! Өшпес ерліктеріңізге бас иеміз, сіздерге деген алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Аспандарыңыз ашық болсын, өмірлеріңіз ұзақ, денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс-шара

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толып отыр. Интернационалист жауынгерлердің есімі ұмыт қалмайды. Ауғанстандағы соғыс-дәуір шежіресінің ең қасіретті беттерінің бірі. Ол соғыс ардагерлерінің ғана емес, барлық кейінгі ұрпақтардың жадында мәнгі қалады. Бұл күні ел 1979-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсетеді. Бұл қаза тапқан тапқандарды еске алу ғана емес, сонымен қатар өзінің әскери және халықаралық борышын адал әрі батыл атқарған тұлғалардың барлығына шынайы ризашылық пен алғыс білдіру.

Құрметті, Ауған соғысының ардагерлері! Сіздерді бүгінгі атаулы күнмен құттықтаймыз! Өшпес ерліктеріңізге бас иеміз, сіздерге деген алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Аспандарыңыз ашық болсын, өмірлеріңіз ұзақ, денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Республикалық алқа отырысы

Бүгін, Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “ ҚАЗІРГІ БІЛІМ: САПА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ, ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, ЭКОНОМИКА ҮШІН МАМАН ДАЯРЛАУ” тақырыбында алқа отырысы өтті. Іс-шараға министр Ғани Бейсембаев, өңірлік білім басқармаларының басшылары, педагогтер, сарапшылар, сондай-ақ кәсіподақ өкілдері қатысты.

Министр 2024 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы уақытта білім беру сапасын арттыру мен қатар, тәрбие жүйесін нығайту, педагог мәртебесін көтеру керектігін атап өтті.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, «Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қамшы Бегайым Серікбайқызы.

Қамшы Бегайым Серікбайқызы 1964 жылы 28 қарашада дүниеге келген. Арыс қаласындағы Ә. Жанкелдин атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1982 жылы Шымкент педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы «Математика-физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Еңбек өтілі 38 жыл. Қазіргі таңда Төрткүл аймағындағы «Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, шеберлігін үздіксіз жетілдіріп, кәсіби деңгейін арттырып отыратын ұстаз. Бастаған ісін соңына дейін жеткізу, тиянақтылық пен жинақылық, қайсарлық оның бойындағы қасиеттер.

Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында талмай еңбек етіп келеді. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыра біледі. Мұғалім сабақта оқушылардың ой-өрісін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаңа технологияны пайдалану шеберлігін ұштастырады. Қандай іске болмасын аса жауапкершілікпен қарайтын ұстаздың еңбегі бағаланып, жаңа ғасырдың саналы азаматын тәрбиелеудегі еселі еңбегі үшін облыстық, аудандық білім беру мекемелерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, бірлестік жетекшісі қызметін атқарады.

Осы жылдар арасында шәкірттері аймақтық, аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Соңғы жылдардағы еңбегін атап өтетін болсақ;

Шәкірті 10-сынып оқушысы Артықбай Алтынай жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадаға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (2020 ж).

«Математика оңайлан күрделіге» деген тақырыпта авторлық бағдарламасы жарияланған (2021 ж).

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәні бойынша «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебінің 8 – сынып оқушысы Шобан Меруерт марапатталған (2022 ж).

Мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін облыстық «Мақтау қағазымен» марапатталған (2022ж).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде математика пәнінен «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Артықбай Алтынай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (2022 ж).

2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде математика пәнінен 9- сынып оқушысы Шобан Меруерт ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (2023 ж).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің жүлдегерін дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталған (2023 ж).

Математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 6 – сынып оқушысы Нұрлыбай Аружан 2 – орын иеленді (2023 ж).

2023-2024 оқу жылында математика пәнінен 10 – сынып оқушылары арасында өткен «Алтын түлек» Республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінің жеңімпазы Шобан Меруерт 1 – орын иеленді (2023 ж).

Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы тарапынан қолдау тауып отыру керек. Қазақта «Тамыздығын тапсаң, тас та жанады» деген сөз бар. Өйткені, оның мақсаты – әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп ғана қоймай, әр баланың табиғи қасиетін, жеке қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру.

Алдағы уақытта да ардақты ұстаз Бегайым Серікбайқызына жемісті жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ мінбері.

Расулметов Хамракул Моминжанович № 92 «Ақсу» ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 24 жыл. 2001 жылы Шымкент университетін бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде бастап, осы күнге дейін еңбек етуде.

Расулметов Хамрақул Моминжанович білім беру саласындағы білімді маман, оның кәсіби қызметі оқушыларға білім мен тәрбие беруде айқын көрініс табады. Расулметов Хамрақулдың ерекшелігі – оның терең білімі, шыдамдылығы және оқушыларға деген жан-жақты көңіл бөлуі.

Расулметов Хамрақул сабақты қызықты және түсінікті өткізеді, оқу материалдарын тиімді ұсынып, оқушылардың өз бетінше ойлануына, сыни тұрғыдан ойлауына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Оның сабақтары интерактивті тәсілдермен, заманауи технологияларды пайдаланумен ерекшеленеді, бұл оқу процесін тартымды және тиімді етеді.

Мұғалімнің қарым-қатынас дағдылары ерекше атап өтіледі. Ол оқушылармен жақсы қарым-қатынас орната алады, олардың жеке қасиеттерін және дарындылықтарын ескере отырып, оқу процесіне жеке түрде көңіл бөледі. Бұл әрбір оқушының жеке өсуіне және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етеді.

Бұдан басқа, Расулметов Хамрақул Моминжанович әріптестері арасында да үлгілі және беделді ұстаз,әрі әріптес ретінде танылған. Ол кәсіби дамуға үнемі көңіл бөліп, заманауи білім беру тенденцияларын қадағалап отырады және оның білім берудегі жаңа тәсілдері өзге мұғалімдер үшін үлгі болып табылады.Жұмыс барысында шәкірттері бірқатар жетістіктерге жеткен. Аудандық пән олипиадаларында, ақын-жазушылар оқулары байқауларында жүлделі орындарға ие болған. 11-А сынып оқушысы Хайтметова Хуснора аудандық пән олимпиадасында жүлделі ІІ- орынға ие болды. Аудандық Абай оқулары байқауында Мирзакаримова Чарос жүлделі ІІ – орынды иеленді. Пән бойынша өткізілетін аудан, облыс көлемінде байқау, сайыс, олимпиадаларға , қашықтық олимпиадаларға бірнеше оқушыларды дайындағаны үшін аудандық білім беру бөлімі,облыстық білім басқармасының грамоталарымен марпатталған

Қорытындылай келе, Х.Расулметовтың еңбегі мен арнаулы қасиеттері білім беру процесіне елеулі үлес қосады. Бұл мұғалімнің жұмысы оқушылардың өмір бойындағы жетістіктеріне және дамуына тікелей әсер етеді. Оның берген білімі мен қолдауы, оқушылардың кәсіби маман ретінде өсуіне және өздерінің мүмкіндіктерін толық пайдалануына көмектеседі.

Расулметов Хамрақул өзінің кәсіби жолында үздіксіз дамып, өзгеріп отырады, бұл оның сабақтарын заман талабына сай етеді. Оның инновациялық көзқарасы және шығармашылы әдістері оқу процесін байыта түседі, оқушыларға өздерінің білімдерін қолдануда жаңа тәсілдерді іздеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Расулметов Хамрақул оқушылар арасында өзара сыйластықты және қолдауды нығайтуға үлес қосады, бұл олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мұғалімнің бұл қасиеттері оны тек үлгілі оқытушы ретінде ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сенімді досы және кеңесшісі ретінде де көрсетеді.

2005 жылдан бастап мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы. Кәсіподақтағы еңбек өтілі- 19 жыл. Сайрам ауданының қоғамдық жұмыстарына белсене қатысуда. Мектепте кәсіподақ комитетінің белсенділігін арттыру және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық құқықтық мүдделерін қорғаудың әсерін дамыту бағытында үлкен үлесін қосып келе жатыр. Мектепте кәсіподақ мүшелеріне консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді. Еңбек дауларын алдын алу және болдырмау, еңбек қатынастарына байланысты түсініспеушіліктер, наразылықтар мен арыз-шағымдарды ұжымда шешеді.

Еңбекшілердің әлеуметтік қорғауда атқарған белсенді еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері» белгісімен , облыстық, аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАН ЖАСЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

2025 жылдың 27-ші қаңтар күні №1 Өнер мектебінің базасында ауданымыздың бірдей мектеп директорлары «Қызылата» жббм директоры Бердіқұлов Балқыбек Балтабайұлы, «Қызылсеңгір» жббм директоры Уразов Мұса Мейрманұлы, П.Тәжібаева атындағы жббм директоры Жолаев Жидебай Шерімұлы ұлықталып, аудандық білім бөлімінің басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлы, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасы Анашев Қайрат Убайдуллаұлы құттықтады.

Өмір жолындағы елеулі сәттердің бірі – зейнетке шығу кезеңі. Себебі адам баласы үшін қандай да бір қызметтің, мансап жолының аяқталар тұсы болады. Ал бір салаға талай жылын арнап, сол бір жұмыстың тасын өрге домалату үшін білімі мен еңбегін аямаған жандарға жылы лебіз айту ерекше құрмет болып саналады. Зейнет жасына шыққан мектеп директорларына алдағы кезеңін тек қуанышты сәттермен өткізіңіздер дейміз.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 16 17 18 19 20 90