КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекені, «Зерде» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Турмаганбетова Сандугаш Оралбаевна.

Бала – яғни ұрпақ Аллах тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Адам ұрпағымен мың жасайды деген аталы сөз де бар. Бала – ата-ананың көзінің нұры, көңілінің гүлі, өмірінің жалғасы. Себебі ұрпақ тәрбиесі бұл ерекше көңіл бөлетін нәрсе.

Ұлы ұстаз, адал ұстаз. Қазақтың қасиетті сөздерінің ұстазға қосыла айтылуында үлкен мән, терең ой жатқандай. Абай атамыздың қырық бес қара сөзінің бірінде, адамның өн-бойын жүрек басқарады деп келтірсе, мектепті басқарып, әрбір шәкіртінің білім алуына ғұмырын арнап, жетістігіне қуанып, шәкіртті жүлделі болғанда денесіне құмырсқа жүгіргендей махаббатпен мақтана алатын, ұстазды мектептің жүрегі деп атасақ артық дүние болмас. Таудағы арша қандайда бір өмір суынан нәр алып өседі, сондықтан да ол мың жыл өмір сүреді. Сол секілді ұстаз да қаншама шәкірттерге мәңгілік білім суын ішкізген, ішкізе білген адал жан саналмақ.

Турмаганбетова Сандуғаш Оралбайқызы 1979 жылы ұстаздар отбасында дүниеге келді. Отбасындағы асыл тәрбиені бойына сіңіріп өскен Сандуғаштың арманы ұстаз болу еді.

1993 жылы 9-сыныпты бітіріп, өзі қызыққан оқу орнына түсіп, 1997 жылы Өзбекстан Республикасы, Жыззақ қаласындағы мемлекеттік педагогикалық училищесін жақсы оқып, қызыл дипломмен бітірді.

2003 жылы Өзбекстан Республикасы, Жыззақ қаласындағы мемлекеттік педагогикалық ниститутына түсіп 2005 жылы бітірді.

Ата-бабаламыздың дәуірінде шырақ жарығымен білім алып, өмірде тұлға болып қалыптасқан жандар аз емес. Шырақ-бүкіл әлемге жарық сыйлай алмаса да, жарықтың бар екенінен үміт сыйлайды. Шырақ секілді әрбір шәкірт жүрегіне үміт сыйлап, бір жарықпен алған білімнің бүкіл ғұмырын жарқ еткізер қасиетін ұғындыра білген ұстазды, ұлы деп атайтынымыз осыдан болса керек.

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Турмаганбетова Сандуғаш ұжымдағы әрбір ұстазбен тіл табысып, қолынан келген көмегін аямайтын жанның бірі.

«Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп өнуінде» деп ұлы ғалым Д.И.Мендеелев айтқандай, өзі тәрбиелеген шәкірттерінің жеткен жетістіктерімен ұстаз мамандығын мамандықтардың ең қастерлісі, қадірлісі санайтын Сандугаш Оралбаевна әлі талай дарынның бойындағы талантын ашып, биік шыңдарға жетелейтіні сөзсіз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен семинар өтті.

Семинарда қаралған мәселелер:

1. Ұжымдық шартты талқылау;

2. Аудандық кәсіподақ комитетінің 2025 жылға арналған жылдық жоспарымен таныстыру;

3. Аудандық кәсіподақ комитетінің және БКҰ 2025 жылғы сметасын бекіу;

4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде;

5. Түрлі мәселелер;

Семинарды аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Спарханов ашып, БКҰ төрағаларына сәттілік тіледі. Ұжымдақ шарт терең талқыланып, БКҰ төрағалары өз ұсыныстарын айтты.

Аудандық кәсіподақ комитетінің жылдық жоспарымен таныстырылып өтті, БКҰ жылдық сметаларын бас бухгалтер Н.Бектурганова түсіндіріп, смета бекітілді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде баяндама оқылды.

Семинар барысында БКҰ төрағаларының жұмыс нәтижелері қаралып РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ марапаттармен марапатталды.

Түрлі мәселелер бойынша сан түрлі пікірталас өтіп, қойылған мәселелер назарға алынды.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

ШӘКІРТІНІҢ ОЗҒАНЫ, ҰСТАЗЫНЫҢ ЕҢБЕГІ!

Жетісай ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Жетісай аудандық Мәдениет үйінде облыстық олимпиадада оқушылары жүлделі орын алған ұстаздар мен шәкірттері марапатталды. Марапаттау рәсіміне Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Ш.Адайбеков, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Спарханов және әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Исаева қатысты. Аламанда шәкірттері оза шапқан 21 ұстазға аудандық кәсіподақ тарапынан Ыстық көлге жолдама , 23 шәкіртіне смартфондар берілді. Шәкірттерін жоғары дәрежеде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға өз алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық шабыт тілейміз!

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қ.Сыпатаев атындағы жалпы білім беретін мектебі география пәнінің мұғалімі Елбасы Айгүл Арыстанбекқызы.

«Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақ. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай бұл мамандық иелерінің білімді болашақ ұрпақ қалыптасуындағы еңбегі ерен.

Осындай керемет ұстаздарымыздың бірі Елбасы Айгүл Арыстанбекқызы, 1983 жылы 27 қаңтарда Түркістан облысы, Бадам елді мекенінде дүниеге келген. 2000 жылы Шымкент қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы «Әлем тарихы» пәні мұғалімі мамандығын бойынша тәмамдап шыққан. Еңбек жолын «Шұбар» елді мекеніндегі Әлия Молдағұлова атындағы негізгі мектепте тарих және география пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2011 жылы Шымкент қаласындағы №55 жалпы орта мектебінде іс басқарушы қызметін атқарған, ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкершілігі осы қызметте айқын көрінді. 2013 жылы екінші жоғары оқу орнын аяқтап, география пәнінің мұғалімі мамандығын алды. Сол жылы Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектепке география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

Ұлы ойшылдардың бірі Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деп атап өткендей, оқушыларды біліммен қатар адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулуды өзінің басты міндетім деп санап, әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды елдің адал азаматы етіп тәрбиелеу, ұстаздық өмірлік ұстанымым деп қабылдап, осы жолда қажырлы еңбек етіп келеді.

Білім саласында оқушылармен жұмыс жасап пән олимпиадаларына және ғылыми жобаларға дайындап, оқушылары жүлделі орындарды иеленген. Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауына қатысты және оқушылары да республика, облыс деңгейлеріндегі олимпиада, ғылыми жұмыс, байқауларға қатысқан.

2016 жыл, Бауыржанұлы Талант ғылыми жобалар байқауынан аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІІ орын.

2021 жыл, Республикалық «Жас ғалым» ғылыми жоба Бас жүлде, Мұсахан Шырын.

2021 жыл, Азамат Мұхаммедәлі аудандық кезеңнен І орын, облыстық пән олимпиадасында ІІІ орын.

2022 жыл, Исмайыл Сағыныш Республикалық «Зерде» балалар шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІІ орын.

2023 жыл, Сәдібек Ажар пән олимпиадасында аудандық кезеңде ІІ орын.

2023 жыл, Аудандық пән олимпиадасы ІІ орын Азамат Мұхаммедәлі.

2023 жыл, Ғылыми жоба байқауынан аудандық кезеңінен ІІ орын Мұсахан Шырын.

2024 жыл, Сәдібек Ажар пән олимпиадасында аудандық кезеңде ІІ орын.

2024 жыл, Аудандық пән олимпиадасы І орын Азамат Мұхаммедәлі.

2024 жыл, Ғылыми жоба байқауынан аудандық кезеңінен І орын Мұсахан Шырын.

2024 жыл, Ғылыми жоба байқауынан облыстық кезеңінен ІІІ орын Мұсахан Шырын.

Марапаттары:

2021 жыл, КИО олимпиадасы І орын диплом.

2021 жыл, Үздік педагог І орын диплом.

2021 жыл, Алғыс хат» аудандық кезең оқушылардың шығармашылығына үлес қосқаны үшін марапатталды.

2022 жыл, Үздік педагог «Бас жүлде» диплом, медаль.

2022 жыл, «Кемеңгер ұстаз» Републикалық олимпиадасы І орын.

2022 жыл, «Алғыс хат» облыстық кезең оқушылардың шығармашылығына қосқан үлесі үшін марапатталды.

«Мың бала» олимпиадасы «Алғыс хат».

Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Білім беру қызметкерлері арасында өткізілген “Денсаулық” спартакиадасы

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептер орта білім беретін мектептерінде қызмет істейтін ұлдар, қыздар арасында “Волейбол” ойыны бойынша 21 желтоқсан 2024 жылы аймақтық, 07 қаңтар 2025 жылы күні аудандық “Денсаулық” спартакиадасы болып өтті. Кәсіподақ мүшелерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымда ынтымақ пен бірлікті қалыптастыру мақсатында өткізілген ауқымды іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Спартакиаданың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Тешебаев, Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының кеңесшісі Ә.Тастанбеков, тілек білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қонақтарға және жарысқа қатысушы спортшыларға түскі ас беріліп, әрі қарай топтық ойындар басталды.

Жарысқа 7 аймақтан жеңімпаз болған ұлдар арасында №12 С.Сейфуллин, №69 ЖББМ, , №28 Абылайхан, №17 Алтынсарин, №78 ЖББМ, №74 ЖББМ,

Қыздар арасында №70 С.Байғозиев, №54 ЖББМ, №67 Т.Тәжібаев, №31 Т.Бигелдинов, №53 Ғабдуллин, №5 Ысмайылов, №74 ЖББМ, ұжымдарынан құралған командалар ақтық ойындарда сайысқа түсті. Қызықты да тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында

1-ші орын №49 М.Жұмабаев мектебі 75 мың теңге, Кубок, және аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің Дипломы,

2-ші орын №69 ЖББМ, 50 мың теңге, Кубок, және аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің Дипломы,

3-ші орын №74 ЖББМ, 40 мың теңге, “Кубок” және аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің Дипломымен марапатталды.

Қыздар арасында 1-ші орынды №67 Т.Тәжібаев, 75 мың теңге, кубок, Диплом, 2-ші орын №54 ЖББМ, 50 мың теңге, кубок, Диплом, 3-ші орынды №31 Т.Бигелдинов қыздар командасы иеленіп, 40 мың теңге, кубок, және бірлескен дипломға қол жеткізді.

Беріліп, жақсы ойын көрсеткен қатысушылар “үздік шабуылшы”, “үздік ойыншы” “үздік қорғаушы” “үздік үйлестіруші” номинацияларымен аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Ақтық ойындарда белсене қатысқан қалған командаларға, бағалы сыйлық ретінде “Шахмат” тақтасы, “Волейбол” доптары табысталды. Спартакиаданың ережесіне сәйкес, жоғары деңгейде төрешілік еткен, 4 төрешіге 5 мың теңгеден қаржы бөлініп аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің “Алғыс хаттарымен” марапатталды.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Мерекелік іс-шара

2024 жылдың желтоқсан айының 27 күні Келес аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Жаңа жылдық мерекелік іс шараға білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздар Түркістан облысының білім басқармасының марапатымен №1 «О.Есімов» атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Н.К.Кукебаев, №3 «Ә.Молдағұлова» атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі пән ұстазы Ю.М.Ергешова, №4 «Ж.Баласағұн» атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі А.Б.Койлибаева, №5 жалпы білім беретін мектебінің тарих пән мұғалімі Ж.А.Жиенбаева, №6 «Бастауыш» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.А.Полатова, №13 «Т.Бигельдинов» атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі А.Д.Жамиевна, №17 «Еркіндік» атындағы бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К.М.Рахаева, №31 «Ш.Уалиханов» атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог психологі Р.А.Камбарова, №36 «М.Мәметова» атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пән мұғалімі С.А.Елубаев, сонымен қатар «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының алғыс хатымен №10 «Игілік» атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын пән мұғалімі С.Р.Чилтанбаева, №11 «Жолбасшы» атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Б.Б.Кеңесов және Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектен төс белгілер, Құрмет грамоталар, Алғыс хаттар, және бастауыш кәсіподақ комитетінің “Дау келісім” комиссиялары сертификаттармен Келес ауданы Білім жене ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков марапаттады.

Мектептер мен балабақша ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелігіндегі Батыр ана ұстаздарымыз, «Алтын алқа» және «Күміс алқалы» көпбалалы аналарымызға әр бала санына қарай және үйде оқитын мектеп оқушыларына Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің атынан барлық кәсіподақ мүшелерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, әр отбасына жаңа бақыт , жаңа табыс пен қуаныштарға бөлене берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Құрметті әріптестер! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАТЫН КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқарып, 2024 жылдың барысында толағай табыстар мен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелерін марапаттауға арналған салтанатты шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Н.Саттаров, аудандық кәсіподақ кмоиетінің төрағасы А.Ниязбеков, аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Пулатова, аудандық мәслихаттың депутаты, С.Айни атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ш.Бабаев, атқару комитетінің мүшелері және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелеріне Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының, Мақтаарал ауданы әкімінің, Аманат партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының, аудандық мәслихат төрағасының, аудандық білім бөлімінің, аудандық кәсіподақ комитетінің марапаттары табысталды.

Жылды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, іс-шараға келген кәсіподақ мүшелері көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

2024 жылдың барысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген барша кәсіподақ мүшелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

2024 жылғы Желтоқсан айының 27 күні Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» кіші залында, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел өткізіліп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Іс-шарада бірқатар ұстаздар Түркістан облысы мен аудан әкімдерінің, «AMANAT» партиясының, Түркістан облыстық білім басқармасының, Ордабасы аудандық мәслихатының марапаты, Республикалық «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін” медалі, «Құрмет грамотасы және алғысы», «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің грамоталарымен, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгілерімен және Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Аудандық іс-шара

Білім беру саласында толағай табыстарға кенелген кәсіподақ мүшелері марапатталды.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарды ынталандыру мақсатында түрлі деңгейдегі марапаттау жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков барша ұстаздарға ізгі тілегін білдіре отырып, «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, Түркістан облысы білім басқармасының, Аманат паритясының Түркістан облыстық филиалының және облыстық кәсіподақ комитетінің марапаттарын салтанатты түрде табыстады.

Атап айтар болсақ:

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген үшін» медалімен №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының директоры Д.Дошманов марапатталды.

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Әжіғалиев Нұрбол Жорабайұлы, М.Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ердешова Нұрсұлу Ахметқызы марапатталды.

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Алғыс хатымен №41 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нишанбаев Куванш Сакенович, Нұрлы жол жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сафарханова Тамара Оразбаевна марапатталды.

Түркістан облысы білім басқармасының марапатымен Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Доскараев Канай Турсынулы, Мырзакент мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Вольвакова Елена Ивановна, М.Тұрсын-Заде атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Май Станислав Владимирович, Қ.Қайсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Каныбекова Алма Маликовна, Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мирзагелдиева Балжан Мейрамбаевна, Болашақ жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Телходжаева Мадина Балтабаевна, Мәдениет жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ташбулатова Мухаббат Амбарбековна, Н.Бекежанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исабекова Лаура Мейрамхановна, Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Амантаев Алихан Асилханович, Мақтажан жалпы білім беретін мектебінің тарих-география пәнінің мұғалімі Ахназаров Нурбол Турабайевич марапатталды.

Аманат партиясының Түркістан облыстық филиалының марапатымен Жас алаш жалпы білім беретін мектебінің директоры Акназаров Ербол Ережепович, Х.Доспанова атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Устенов Бердибек Абдиханович марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен №19 «Шұғыла» жалпы білім беретін мектебінің директоры Алтынбеков Нурбол Кауасбекович, Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектебінің директоры Балғабеков Заман Раимкулович, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ақназаров Есенгелді Елжанович марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ибраева Камила Ассаурбаевна, В.Комаров атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мынбаева Болғанай Канадиловна, Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Құлжабаев Болат Алтынбекович, А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Тулендиева Сауле марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» №25 «Жаңа жол» жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абубакирова Сауле Нурбергеновна, Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Қалдыбаева Жібек Сопыхановна марапатталды.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Кәсіподақтың күші – бірлікте!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Семинар

Жетісай қаласы “А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп” білім шаңырағының 50 жылдық мерекесіне орай “Білім берудегі жаһандық заманауи талаптар-білімді ұрпақ тәрбиелеудің зияткерлік қуаты” тақырыбында облыстық семинар өтілді. Іс-шара барысында 1994-2013 жылдар аралығында мектепті басқарған Мұқан Әліпбекұлының есімімен 1 кабинет жабдықталып ашылды. Осындай игілікті іс шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы мырза,Түркістан облысы “Білім беруді дамыту орталығы”КММ-нің басшысы Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы, Жетісай қаласының әкімі Бахтияров Нұрлыбек мырза, Жетісай ауданының білім бөлімінің м.а Адайбеков Шохан мырза, “САНҰР қоғамдық телерадиосының басшысы Саржанова Гулмира ханым, ардагер ұстаздар, ауданның құрметті азаматтары мен бітіруші түлектер арнайы келіп, қатысты. Сонымен қатар қазіргі заманауи үлгіде жабдықталған”Робототехника” сыныбы ашылып, информатика пәні мұғалімдері Г.Есенбекова, Н.Қаныбекова, Қ.Бақыбаев және 7 сынып оқушыларының жасаған жұмыстарымен танысып, ізгі лебіздерін білдірді. Концерттік қойылымдар көрсетілді. Пән мұғалімдері оқушылар мен келген ұстаздар арасында түрлі сабақтар мен шебер сабақтарын өткізіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізе білді. Осы іс шараны өткізуге демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Жетісай аудандық кәсіподақ комитетіне алғысымызды білдіреміз.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

1 17 18 19 20 21 90