Аудандық іс-шара

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков облыстық мұғалімдер спартакиадасында топ жарған кәсіподақ мүшелерін қабылдады

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы мен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен өткен облыстық мұғалімдер спартакиадасында спорттың волейбол, асық ату, бес асық түрлерінен жүлделі орындарға ие болған ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында аудандық кәсіподақ комитетінде іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты облыс деңгейінде ауданымыздың атын шығара білген ұлағатты ұстаздарымызға құрмет көрсету.

Іс-шара барысында облыстық және аудандық кәсіподақ комитетінің атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.

Облыс деңгейінде спорттың волейбол, асық ату, бес асық түрлерінен жүлделі орындарға ие болған ұстаздарымыз:

1. Әбутаев Ерсұлтан Сәдуақасұлы – Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ

2. Мамбетов Салават Муратович – А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ

3. Заманов Дәурен Қалыбайұлы – М.Тоқжігітов атындағы ЖББМ

4. Ибрагимова Калбике Аманкаловна – Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ

5. Нурова Кабира Алтынбековна – Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ

6. Мелдеханова Гулсим Сейдахановна – Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ

7. Байымбетов Медет Полатбекұлы – Мақтаарал мектеп – гимназиясы

8. Тастемір Нұрдаулет Бақтыбекұлы – Мақтаарал мектеп – гимназиясы

9. Мәмедов Самат Сұлтанбекұлы – Қ.Сәтбаев атындағы ЖББМ

10. Төрежанов Бауыржан Жолмұханұлы – Қ.Сәтбаев атындағы ЖББМ

11. Жорабек Асадулла Әлжанұлы – Қ.Үкібаев атындағы ЖББМ

12. Намиялыев Амзе Уразбаевич – А.Фердауси атындағы ЖББМ

13. Абулов Фуркат Рахимович – Т.Бигелдинов атындағы ЖББМ

14. Оголенко Владимир Олегович – А.Пушкин атындағы ЖББМ

15. Таубай Марат Мұқамбетұлы – Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ

Барша жеңімпаз ұстаздарымызды аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

“Спорт – қызыққа толы өмір”

Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Мектеп келешекте ел басқарып, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды жетілдіретін киелі де, қасиетті ұя. Ал ұстаз – мектеп жүрегі демей ме? Мектеп – білім кені, тәлім – тәрбиенің қайнар бұлағы.Ал, ендеше сол алтын ұя «Ы.Алтынсарин атындағы №63 жалпы білім беретін мектепі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығы мерекесі қарсаңында ұстаздар арасында “Спорт – қызыққа толы өмір”атты салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша спорттық сайыс өтті.

Сайысқа 5 команда шығып күш сынасты.

1. «Қыран -1» тобы жетекшісі Сулеева Феруза ағылшын пәнінің мұғалімі

Қайырбекова Жадыра, Хоштаева Айгерім, Жамантай Әліби, Игем Қадір Нұрғиса

2. «Жалын» тобы жетекшісі Кошалиева Гаухар география пәнінің мұғалімі

Асабаева Аякоз, Қожабаева Тұрсынай, Серік Ерасыл, Есім Шынболат

3 «Самүрық» тобы жетекшісі Маханбетова Хадиша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кенжеева Аякөз ,Толыс Албина ,Жүманов Ернұр,Келес Мұхтархан

4 “Елтаңба”Анасова Салтанат апай

Еркебаева Ақбота,Жарылқасын Ақерке,Ибрагим Әли ,Қожабай Бекнұр

5 «Бәйтерек» тобы жетекшісі Тыңғозы Айдана математика пәнінің мұғалімі

Раимкулова Айгерим,Әшірбек Мөлдір ,Алтынбек Әсет, Құрал Рамазан

Сайыс төмендегі 5 кезеңнен тұрады:

1.Өз тобыңды таныстыр

2. Допты шеңберге тастау

3. Гимнастикалық жатығу “Шармен стакан жинау”

4.Нысананы көздеу.

5. Сұрақ жауап

Осы жоғарыда айтылған бес кезең бойынша апайларымыз өз топтарын таныстырып, әр кезеңнің шарттарына күшті дайындықпен келгендігін және өздерінің жан – жақты екендігін көрсете білді. «Еліміздің бүгіні, ертеңі – болашақ салауатты жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – сауатты ұстаздардың қолында» дегендей Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған сұрақтар қойылып, командалар өздерінің дұрыс жауаптарын беріп жатты.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі.Спорт салауатты өмір салтының кепілі демей ме? Олай болса ұстаздарымыз “Дені саудың -жаны сау “- деген ұранды алға тартып, сайыста өз белсенділіктерімен, ептіліктерін және шапшаңдықтарын көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша «Қыран » тобы , «Жалын» тобы және «Самүрық» топтары

3 – орынды иеленсе «Елтаңба тобы 2 орын, «Бәйтерек» тобы 1- орын мен марапатталды. Мектеп директоры Мумынов Амангелді ағай мен оқу ісінің меңгерушісі Көлбаев Болат ағай сөз сөйлеп өздерінің сый -сияпаттарын тапсырды. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағай аудандық кәсіподақ ұйымының аттынан құттықтап дипломдар мен сыйлықтарын тапсырды. Келген қонақтар өз ризашылығын білдіріп, өте жоғары деңгейде, қызықты жарыс болғанын айтты. Ұйымдастырушы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағайға және Жасұзақова Айна мен Тилеубекова Эльмира апайға, сонымен қатар Асылбекова Гулжамал апайға мектеп директоры өз алғысын білдіріп, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыс тіледі.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.

Бүгін біз Қазақтан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, тарих пәнінің мұғалімі, педагог–зерттеуші Сапарбек Зубайра Орынбекқызының еңбек жолымен таныстырамыз. Зубайра Орынбекқызы 09 желтоқсан 1964 жылы Түркістан облысы, Бәйдебек ауданы, Ағыбет ауылында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институты «Тарих және қоғам тану» пәндерінің мұғалімі бөлімін тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы «Қызыл жар» бастауыш мектебінде мұғалім болып бастады. 1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы, Ордабасы ауданының «Қ.Сыпатаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқаруда.

Білім беру мекемелеріндегі 40 жылдық жұмыс өтілі кезеңінде оқушылармен үздіксіз жұмыс жасап пән олимпиадаларына дайындап, оқушылары жүлделі орындарды иеленген. Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауына қатысты және оқушылары да республика, облыс деңгейлеріндегі олимпиада, ғылыми жұмыс, байқауларға қатысқан.

2015 жылы Темірәлі Күнай Облыстық пән олимпиадасында ІІІ орын.

2016 жылы Республикалық «Яссауи тану» байқауының облыстық кезеңінде Мамадиярова ІІІ орын.

2023 жылы Республикалық ғылыми жобалар байқауы аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде ІІІ орын Амалбек Қасиет 10 сынып.

2023 жылы Аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын Нариманұлы Нұртөре.

Марапаттары:

1. 2020 жылы ІІ дәрежелі Диплом БжҒМ республикалық ғылыми практикалық орталығы Нұрсұлтан қаласы.

2. 2019 жылы облыстық білім бөлімінің «Құрмет Грамотасы».

3. 2020 жылы Диплом. Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығы.

4. 2023 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Менің шағын отанымның символы» тақырыбында өткен Республикалық шығармашылық байқауында аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде белсенділік көрсеткені үшін марапатталды.

5. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік кітапханасының ұйымдастыруымен өткен онлайн түрдегі ғылыми жұмыстар байқауында 9 сынып оқушысы Мырзахмет Дастан ІІІ орын.

6. 2023 жылы Тарихшы Нұртас Оңдасынов Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 10 сынып оқушысы Нариманұлы Н. жеңімпаз атанды.

7. 2024 жылы Білім беру саласында қосқан үлесі үшін Түркістан облысы, Ордабасы ауданы білім бөлімі Алғыс хат.

8. 2024 «Кемеңгер ұстаз» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Алғыс хат.

Зубайра апайдың ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектері-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды. Жақсының жақсылығын дәріптеу, адамның ел үшін еткен игілікті істері мен мұрасын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету-ежелгі ел дәстүрі. «Тауға жақындаған сайын оның биіктігін түсінесің»-деген мәтел бар. Осы керемет сөз біздің ардақты ұстазымызға қатысты айтылғандай, өйткені, сол тау секілді өміріне үңілген пендеге биіктей түсетіндей. Біз ұстазымызды қастерлейміз, құрмет тұтамыз және мақтан етеміз!

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

Түркістан облысының білім және ғылым қызметкелерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен, Қазығұрт аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 06 желтоқсан күні аудандық Өнер мектебінің мәжіліс залында Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Анашев Қайрат Убайдуллаұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Егізек Алия Алекбарқызы және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауап берді. Білім бөлімнің бас маманы Егізек Алия Алекбарқызы оқыту семинарының маңыздылығы мен практикалық тиімділігін атап өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жұмыстарын жандандыруын тілге тиек етті. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

2024 жылдың 05 желтоқсан күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

к ү н т ә р т і б і :

1. «Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің 2023-2024 жылдары кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстары туралы»;

2. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің 03.05.2024ж. №2/7-4 «Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауды өткізу туралы» қаулысына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасымның хабарламасы.

3. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы.

4. Түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров «Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің 2023-2024 жылдары кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстары туралы» анықтама жасады. Аталған мәселе бойынша Жетісай, Отырар аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов, Е.Қасым пікірлерін білдірді, ұсыныстарын айтты. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстарына аудандық, қалалық кәсіподақ көмитеттерінің тұрақты көңіл бөліп, қажетті жұмыстар атқаруына баса назар аударды.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің 03.05.2024ж. №2/7-4 «Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауды өткізу туралы» қаулысына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым хабарлама жасады.. Бұл мәселеге қатысты Түлкібас, Түркістан, Арыс аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Д.Абишев, Г.Турежанова, Ж.Мұхаев өз ойларын, пікірлерін айтты. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек байқауды жоғары деңгейде өткізу жұмыстарына барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерін ерекше назар бөліп, белсенділік танытуды тапсырды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады, түсіндірме берді, жоспарға толықтай талдау жасап, оның кәсіподақ қозғалысы үшін маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталды. Аталған мәселе бойынша жоспарға қосымша өзгерістер енгізуге Қазығұрт, Ордабасы, Шардара аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ағымдағы оқу жылындағы кәсіподақ кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарында барлық аудындық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің атқарған жұмыстары, жай-күйіне тоқталып өтті. Әлеуметтік әріптестік негізінде білім саласы қызметкерлерінің беделін арттыру, құқықтары мен мүдделерінің заң аясында қорғалуы, кәсіподақ қозғалысының жандануы жұмыстарына ұдайы көңіл бөлу қажеттігін айтты. Мәжіліске қатысушылар өзара пікір алмасты, кәсіподақ жұмысына байланысты сұрақтар қойылды. Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін қорытындылады.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

Келес аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 04 желтоқсан күні №5 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында Келес аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Артыков Нурлан Тастемірұлы, Халықаралық медиация орталығы және Тәжірибелі Заңгерлер орталығы РҚБ-нің Шымкент қаласы бойынша директоры Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы, Келес аудандық білім бөлімінің әдіскері Полатов Кайыржан Медетұлы, Келес ауданының маслихат депутаты Мүсір Құрманғазы Мұстафаұлы және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауап берді. Халықаралық медиация орталығы және Тәжірибелі Заңгерлер орталығы РҚБ-нің Шымкент қаласы бойынша директоры Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы да келісім комиссиясы мүшелеріне өз баяндамасын оқыды. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын сертификаттар мен Абзал Құспанның «Алаш Заңгерлері» атты кітабы табысталды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырған

Нурилла Баймаханқызы жас ұрпаққа өнеге!

Баймаханова Нурилла Баймаханқызы Түркістан облысы Төлеби ауданы,Алғабас ауылында 18.06.1986 жылы дүниеге келген.Үлкен отбасында тәрбиеленіп, әкенің қамқорлығы мен өнегесін тоқып, анасының жылы алақанында өскен. Ұлты қазақ. Білім жолын 2003-2007 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік униврситетінің «Биология бокалавры» мамандығының күндізгі бөлімін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2007-2015 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «Авиценна»медициналық колледжінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған

2015-2022 жылдар аралығында Төлеби ауданындағы ,Төлеби Жалпы орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды

2022- жылдан бері Төлеби ауданындағы ,Қ.Мамытов атындағы Жалпы орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді

Баймаханова Нурилла Баймаханқызы бірінші санатты, педагог-сарапшы. 2007 жылдан бері өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан – ұлағатты ұстаз. Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, өз ісінің білікті маманы, қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында мектепте жаратылыстану ғылымының көшбасшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, мектеп ұжымының және шәкірттердің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Қазақстан Республикасының білім беру саласында 17 жылдан бері өз үлесін қосып келеді.

Ұстаз Баймаханова Нурилла Баймаханқызы сүйікті ісі – жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен үздіксіз сапалы білім беру. Игілікті еңбек қандай адамға болсын зор мәртебе саналары анық. Бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген, оның нағыз мақсаты айқын маман екенін көруге болады. Оған дәлел Педагогикалық еңбек өтілінде атқарған жұмыстарының нәтижелерін Ғылыми жобалардан,олимпиядалардан жүлделі орындар алып,ұлттық бірыңғай тестілеуде грант иегерлерін дайындап олардың жақсы маман болуына өз үлесін қосуда.Республикалық, Облыстық аудандық марапаттары, наградаларының иегері .

2022-2024 оқу жылында Аудандық пән олимпиядасынан оқушылылардың алған жүлделі орындары

9 сынып оқушысы Керімхан Әдемі биология пәнінен жүлделі ІІІ -орын

8 сынып оқушысы Болат Рамазан биология пәнінен жүлделі ІІ –орын

Мұғалімдер арсындағы Аудандық пән олимпиядасынан Баймаханова Нурилла жүлделі ІІІ –орын

Облыс көлемінде авторлық бағдарлама таратты. «Генетикалық есептерді шығарудың оңай тәсілдері» атта бағдарламасы жарық көрді.

Құрмет грамотасы. Түркістан 2019 жылы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Басқарма басшысы Р.Қ. Жолаев;

Мадақтама «Әділетті Қазақстан:сапалы білім, адал ұрпақ,табысты ұлт»тақырыбы аясында өткен педагогтердің кеңейтілген әдістемелік басқосуында білім беру үдерісіндегі педагогикалық әдістері педагогикалық әдістеді,озық ойлы идеяларды креативті түрде бөлісіп ,кәсіби біліктілігі мен тәжірибиесін көрсеткені үшін марапатталады .Білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев 2023-2024 оқу жылы.

– Мадақтама «Биология және химия сабақтарында оқушының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту»тақырыбында облыстық форумға белсене қатысқаны үшін . Шымкент қаласы-2023 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова .;

Құрмет грамотасы Егемен еліміздіңжарқын болашағы- жас ұрпаққа сапалы білім мен сналы тәрбие беруде және педагогтердің құзреттілік деңгейі педагогикалық шеберліктерін шыңдау мақсатындағы үздіксіз кәсіби серіктестік аясында жасалған нәтижелі жұмыстары үшін. Шымкент қаласы-2023 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова

Диплом «Педагогикалық идеялар понарамасы » республикалық конкурс аясында «Жаратылыстану –ғылыми сауаттылық»бағыты бойынша І орын иегері .Шымкент қаласы-2023 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова .;

Диплом «Педагогикалық идеялар понарамасы » республикалық конкурс аясында «Жаратылыстану –ғылыми сауаттылық»бағыты бойынша ІІІ орын иегері .Астана қаласы-2023 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Е.Қ.Айбульдинов

Төсбелгі «Жыл үздігі 2023» Елеулі еңбегі үшін «Жылдың үздік педагогы» наминациясымен аудан әкімі Т.Телғараев 2023 жыл.1924-жылы Түркістан облысының Әкімі Д.Сатыбалдының “Алғыс хатымен” және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің төрағасы Б.Еркінбектің “Алғыс хатымен “марапатталды.

Отбасының ұйтқысы, сүйікті жар, аяулы ана. Біліктілігімен, табандылық қасиетімен жұлдызы жарқыраған қазақтың дана да дара қызы. Жолдасы Бейсебаев Бекжан Болатұлы екеуінің отбасын құрғанына 17 жылдай уақыт өтті. Отбасында бес ұл,бір қыз тәрбиелеп өсіріп отыр, елге өнегелі үлгілі отбасы. Болашақ еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі, жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай қазақы болымысында тәрбиелеуге атсалысуда.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 27 қараша күні ” Цифрлы технологияны пайдаланып оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту” тақырыбында аудандық кәсіподақ комитетінің демеушілігімен аудандық семинар болып өтті.

Семинардың басында мектеп директоры Тәліп Даулетұлы сөз сөйлеп, құттықтау сөздерін жеткізіп, Жаңа Қазақстандағы білім беру бағытын жаңаша түрлендіріп, жасанды интеллектіні оқыту мен бағалауда қолдану аясын кеңейту қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінен химия пәні әдіскері Оспанова Зәуре мен көркем еңбек пәні әдіскері Тілеуқабылов Шыңғыс семинардың өту барысын жоғары бағалады.

Семинарда домбыра үйірмесінің оқушылары аудандық білім бөліміне қарасты 74 мектептен келген ұлағатты ұстаздарға ұлттық құндылығымызды дәріптеп , домбыра тартып ұлттық күймен келген қонақтарды қарсы алып, киіз үй тігіліп, онда халқымызды дәстүрлі тағамдары ұсынылып, мектептің білімді де зерек оқушылары халқымыздың дана ақыны Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берген болса , физика, химия пәнінен холлда замануи тәжірибе жұмыстары келген ұстаздарға көрсетілді. Аудандық семинар өте жоғары деңгейде болып өтті.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ мінбері

Раззакова Ирада Рустамбековна 1981 жылы Қазақстан Республикасы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбай ауылында зиялы отбасында дүниеге келді. Ирада Раззакова 1987 жылы «Ақбай» ауылындағы №28 «Чапаев» атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1998 жылы мектепті бітіріп сол жылы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университеттің «Жаратылыстану педагогика» факультетінің күндізгі бөлімінде оқып, 2002 жылы химия мамандығы бойынша, химия пәні мұғалімі деген диплом алды. 2002 жылы өзі бітірген мектепке яғни жаңа атауы №28 «Ақбай» жалпы орта мектебіне мұғалім етіп жұмысқа қабылданды.

Заман талабына байланысты есептеу техникасын меңгеру мақсатында екінші мамандық алу үшін 2007 жылы Шымкент университетіне түсіп 2009 жылы 050111 « Информатика» мамандығы бойынша диплом алды.

2020 Орталық Азия Инновациялық Университетіне оқуға түсіп 2022 жылы 7М01501- Химия мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2019 жыл «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру ағылшын курсына қатысып А1, А2, В1, В2, С1 деңгейдегі сертификаттарды алды.

Педагогикалық тәжірибесі барысында бір неше оқушылары аудандық, республикалық, облыстық, халықаралық олимпиадаларға және байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып, құрмет граммоталармен алғыс хаттармен марапатталған.

2020 жылы Халықаралық Қазақстандық-Ресейлік мұғалімдер қауымдастығы және «Алые Парус» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының «Үздік ғылыми жоба» І -Халықаралық конкурсына 8-сынып оқушысы «Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғады ІІ -дәрежелі Диплом мен марапатталды.

2020 жылы «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі, Президенттік « Жас Ұлан» жастар ұйымының ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы облыстық пән олимпиадасында «Ең білімді педагог»-2020 Бас жүлдесі және төс белгісімен марапатталды.

2022 жылы информатика пәні мұғалімі Раззакова Муяссар Рустамбековна, Ағылшын тілі пәні мұғалімі Таджиева Айдин Махамаджановналармен бірігіп шығарған «CLIL әдісін қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары» авторлық бағдарламасы республикалық деңгейде таратылды.

2021жылы Республикалық үздік педагогикалық идея байқау, «Тіршілік химиясы» тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама республикалық деңгейде таратылды.

Тынымсыз еңбектің арқасында түрлі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларға, іс-шараларға қатысып, түрлі деңгейдегі жүлде қорларын толықтыруда.

2023 жылы 11 –сынып оқушысы Республикалық жалпы орта мектеп оқушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасырдың жас ғалымы» атты ғылыми жоба байқауында үздік деп танылған «НАНОХИМИЯ» тақырыбындағы ғылыми жұмысы республикалық жинақ кітабы басылымға шықты. Оқушысы және жетекшісі диплом және төс белгімен марапатталды.

Атап айтқанда 2016 жылы- «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз», 2023 жылы «Оқу мен тәрбие ісінің үздік ұстазы»,2020 жыл «Ең білімді педагог» төс белгімен, 2024 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Раззакова Ирада барлық қоғамдық жұмыстардың үздігі.

2018 жылдан бастап метептің кәсіподақ комитетінің төрағасы.Ауданның қоғамдық жұмысына белсене қатысуда. Мектепте кәсіподақ комитетінің белсенділігін арттыру және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық құқықтық мүдделерін қорғаудың әсерін дамыту бағытында үлкен үлесін қосып келе жатыр. Мектепте кәсіподақ мүшелеріне консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді. Еңбек дауларын алдын алу және болдырмау, еңбек қатынастарына байланысты түсініспеушіліктер, наразылықтар мен арыз-шағымдарды ұжымда шешеді. Ұжымда сый құрметке ие.

2023 жылы еңбекшілердің әлеуметтік қорғауда атқарған белсенді еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің,аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Үздік мұғалім-2024 байқауы

Отырар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық ұстаздар арасында “Үздік мұғалім-2024” байқауы өткізілді.Тәуелсіз Қазақстанды өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Байқаудың басты мақсаты мен міндеті-шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін, ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін ынталандыру, білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау. Байқау 5-турдан тұрды. Байқау жеңімпаздарын аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын тапсырды. Бас жүлде Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Иса Қалима Әбжаппарқызына тапсырылды.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 18 19 20 21 22 90