ТҮРКІСТАНДА КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН ДИРЕКТОРЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН ДИРЕКТОРЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында оқу-ағарту саласындағы «KitapХАН» кітап оқыту әдісінің жылдық қорытындысы өтті. Шараға Түркістан облысы білім басқармасының басшы міндетін атқарушы Жандос Маханбетов қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітап қоры толығып, білім алушылардың кітап оқу мен кітапты таңдау мүмкіндігінің аясы кеңейгені байқалып отыр. Республикадағы әр білім беру ұйымын оқуға құштар мектепке баули отырып, алдағы уақытта кітап оқу дағдысы бұқаралық сипатқа айналады деп сенеміз, – деді ол.

Жалпы жоба апталық, айлық, жылдық кезеңдерден тұрады. Әр аптаның жеңімпаздары айлық сайысқа шығады. Ал айлық жеңімпаздар жылдық финалға шығып, нәтижесінде «KitapХАН» жеңімпазы атанады. Облыс бойынша кітап оқу сайысына жалпы 1000 мектеп ішінен 80 мың мұғалім, жарты миллион оқушы қатысып, соның ішінде ақтық мәреге 21 үміткер жолдама ұтып алды. Бүгінгі финалдық кезеңде іріктеуден өткен қатысушылар белгілі ақын-жазушылардың еңбектерінен үзінді оқып, қоғамда кітап оқудың маңыздылығына ерекше мән берді. Сондай-ақ өздері оқыған кітабын 7 минутта қорғап, нәтижесін бөлісті.

Байқауда басшылық құрам арасынан Төлеби ауданы, Қ.Сатпаев атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Лаззат Сандыбаева «KitapХАН» жеңімпазы атанса, ал ұстаздар арасынан Арыс қаласы, Жиделі жалпы білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нұрсұлу Алышева жеңіп алды. Сондай-ақ оқушылар арасынан Отырар ауданындағы С.Әшірбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Таңшолпан Қалдыбай жеңімпаз атанды.

Финалға шыққан барлық үміткерге «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» демеушілігімен құнды, бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, мектеп оқушыларына 8 велосипед, 5 мектеп директоры мен 8 мектеп мұғаліміне 13 теледидар тарту етілді. Одан бөлек белсенділік танытқаны үшін бірқатар жандарға «Құрмет» грамотасы табысталды.

Аталған шараны Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты «Білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастырып отыр. Орталық басшысы Бақытжан Төлімбеттің айуынша «KitapХАН» жобасына «Болат Өтемұратов» қоры, жергілікті кәсіподақ ұйымы, «Stepp&World баспасы», Kitap.kz серіктестері қолдау көрсетуде. Негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының басшылық құрамы мен педагогтары, оқушылар (колледж студенттер) және ата-аналардың отандық, әлемдік әдебиеттермен таныс болуына ықпал етіп, оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашыл әлеуетін көтеру, елдік, патриоттық, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді қалыптастыру.

«Айта кетейік, Түркістан облысы білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен оқушыларға арналған «КitapХАН» кітап оқыту әдісі ҚР Әділет министрлігінде ресми тіркелген. Мемлекет басшысының білімді ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың қазан айынан бері үш жыл бойы жүйелі жүргізіліп келеді. Осы әдіспен үш жыл ішінде 10 мыңға жуық педагог пен оқушылар қатысқан.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаздан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаздың жүрегіндегі лаулаған жылулығы әр шәкірттің бойына нұр құятын киелі күш. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»

Мауленова Гулдана Султанбековна информатика мен физика пәні мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-сарапшы.

Еңбек жолын 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде аға тәлімгер қызметіне ауысып, 4 жыл жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аталған мектепте физика және информатика пәндерінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ төрайымы болып жұмыс істеуде. 2019 жылы магистр дипломын алған.

Талмай еңбек етіп, шәкірттеріне терең білім, өнегелі тәрбие беріп, оқушы бойындағы талантты ашуда үлкен жетістіктерге жеткен маман. Ол өз пәнін жетік меңгерген, ізденімпаз,өзіне берілген жұмысты тиянақты орындай білетін жан-жақты мұғалім. Оқушылармен тез тіл табысып, тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына жиі еніп, өз білімін шыңдай түсірген, тәжірибеліұстаз. Сабақ барысында жаңа педагогикалық әдістерін пайдалана отырып, оқытудың жаңаша тәсілдерін жетік меңгерген. Ол сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін шыңдап, олардың дүниетанымын арттырған білікті ұстаз. Ашық сабақтары мен тәрбие сағаттары балалардың білімге деген құштарлығын арттырып, өз елінің елеулі орны бар азаматы болуға тәрбиелеген .Еңбегінің арқасында жақсы көрсеткіш көрсеткені үшін мектеп мадақтамаларымен, АББ-нің марапаттауларымен марапатталған;

2018 жылы «Ұстаз жаршысы», «Ұстаз тілегі» республикалық журналдарында мақаласы жариаланып, алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылы оқушылар арасында өткізілген «Самұрық», «Ақбота» зияткерлік сайыстарында оқушылары жүлделі орындарды иеленгені үшін Дипломмен марапатталған;

2018 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал, Астана қаласында мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген №16781-Ж «Қазақстан ұстазы» Алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы «Білген аламан» байқауына қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы-қимыл агенттігіТүркістан облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы Төлеби аданқық мәслихаттың грамотасымен марапатталған.

2019 жылы Түркістан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Тіркеу нөмірі №154

2020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму мадақтамамен марапатталған. Тіркеу нөмірі №216

2020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған

2021 жылы «Python бағдарламалау тілінде паралельді есептеулер жүргізу» әдістемелік-көмекші құрал шығарған.

2021 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталған. Тіркеу нөмірі №2125

2022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының мадақтамасымен мараптталған. Тіркеу нөмірі №1091

2022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының мадақтамасымен мараптталған. Тіркеу нөмірі №1091

2022 жылы Республикалық білім мен қорғау «Тіл, өнер мен білім» орталығының «Үздік педагог-2022» төсбелгісімен, 1-дәрежелі дипломмен, алғыс хатпен марапатталған.

2023 жылы оқушылар мен студенттерге, жас ғалымдар мен жас зерт теушілерге арналған ІХ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпазды дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды. Тіркеу нөмірі №428

2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 10 сынып оқушысы Загребельников Артем І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2024ж «IT ресурстарын қолданып дуалды оқыту жүйесін құру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық іс-тәжірибемен бөліскені үшін Мадақтамамен марапатталды. Тіркеу нөмірі №1322

Гулдана Сұлтанбековна ұжымда іскерлік қарым-қатынасы жақсы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпаған. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында сыйлы, беделі жоғары ұлағатты ұстаз.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Марапаттау іс-шарасы

Марапаттау іс-шарасы

25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай, Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұсынысымен ауданның білім саласында қызмет етіп жүрген мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары және ұстаздардың өз қызметтерінде жеткен жетістіктерін бағалау мақсатында, 22 мамыр күні «AMANAT» партиясының мәжіліс залында, марапаттау іс-шарасы өткізілді.

Марапатталуға шақырылған білім саласы қызметкерлерін аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев және аудандық «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жүнісов Ержан Әліұлы қатысып, құттықтау сөздерін айтып «AMANAT» партиясының «Алғыс хаттарымен» марапттады. Мараптталушыларға өз қызметтерінде жетістіктерге жете берулеріне ізгі тілектерін білдірді.

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жүнісов Ержан Әліұлы Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының «Алғыс хатымен» марапаттады.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев «Өрлеу білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаты», Түркістан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы»,«Алғыс хаты» марапаттауларын табыстады.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Аудандық іс шара

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәкес І.Есенберлин атындағы жббм базасында “Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі” ұранымен педагог-психолог Базарбаева Динара Жолдабековна мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ташкенбаев Ерхан Бимахановичтің ұйымдастыруымен аймақтық тәжірибелік тренинг өте жоғары деңгейде өткізілді.

Тренингке Қараспан аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, І.Есенберлин ат. жббм кәсіподақ мүшелері белсенді қатысты.

Тренингтің мақсаты педагогтарды эмоционалды күйінудің алдын алу, психологиялық кедергілерден шыға білу қасиеттерін дамыту.

Іс шара іс-қимыл арқылы сәлемдесумен басталып, тренинг сабақтың өзінің ережелері таныстырылып жоспар бойынша «Маған айт, мен оны ұмытамын, маған көрсет – мен оны есте сақтаймын, маған көрсетуге мүмкіншілік бер – мен түсінемін» принципі арқылы проблемаларды табуға және оны жеңе білуге, «Дыбыстық гимнастика» жаттығулармен сергіту сәті өткізіліп, «Бақыт телпегі» жаттығуы арқылы қандай да бір ситуация болса, ситуацияға бақытты оптимист адамның көзқарасында қабылдауға үйретті.

Тәжірибелі педагог-психолог Динара Жолдабековна өмірде бақытты сәттер мен ешкімді көргің келмейтін де кездерді «Бақытты болып білесіз бе?» атты тест арқылы сұрақтың жауабын алуды ұсында. Қатысуышылар мен қонақтар тест жауаптарын белгілеп, әр жауаптың ұпайлары арқылы өз бақыттарын бағалады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Ташкенбаев Ерхан Бимахановичтің ұйымдастыруымен тренингке қатысушылар бір- бірлеріне қарама-қарсы тұрып, тілек айту арқылы бір-бірлеріне түрлі-түсті қағаздардан жасаған ұшақтарды ұшырып тренинг өз мәресіне жетті.

Ұстаздарға жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудың жолдарын, бақытты болу үшін позитивті ойлануымыз керектігін, позитивті ойлау-бұл бақытты сәтті, қуанышты, денсаулықты, жақсы шешімін табатын іс-әрекеттер екенін ұғындырған тәжірибелі тренинг қорытындыланып, комитет төрағасы Қ.Төлебаев тренингті ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Ә.Мелдебек пен педагог-психолог Динара Жолдабековнаны және белсенділік танытқан Ш.Есенберлин атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері Ахметова Жазира Оркеновна, Жанлысова Дарига Сериковна, «Айгөлек» бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Назымбетов Нургали Ануарбекович аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы білім беру жүйесіндегі құндылықтарды, білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен “Ыбырай Алтынсарин атындағы Педагогтердің Ұлттық Сыйлығы “, «Жаңа Қазақстан-білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанған кәсіподақ белсендісі, Т.Рысқұлов атындағы N 20 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі – Ахметова Гульнара Ибрагимовна – Педагог-Зерттеуші,Педагогика Ғылымдарының Магистрі ,2022 Жылдың Үздік ағылшын тілі мұғалімі , I Дәрежелі жүлделі орынға ие болды.Ғылыми жоба,жалпы жобалық жұмыстарды жүйелі жүргізу тәжірибесімен бөлісе отырып,еліміздің әр бұрышынан жиналған әріптестерінің арасында сынасу барысында ерекше ұсынымдары үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін “Ы.Алтынсарин Төсбелгісі” атты төсбелгісі мен статуэткасымен марапатталды. АСТАНА -2024 жыл.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Аудандық іс шара

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәкес І.Есенберлин атындағы жббм базасында “Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі” ұранымен педагог-психолог Базарбаева Динара Жолдабековна мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ташкенбаев Ерхан Бимахановичтің ұйымдастыруымен аймақтық тәжірибелік тренинг өте жоғары деңгейде өткізілді.

Тренингке Қараспан аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, І.Есенберлин ат. жббм кәсіподақ мүшелері белсенді қатысты.

Тренингтің мақсаты педагогтарды эмоционалды күйінудің алдын алу, психологиялық кедергілерден шыға білу қасиеттерін дамыту.

Іс шара іс-қимыл арқылы сәлемдесумен басталып, тренинг сабақтың өзінің ережелері таныстырылып жоспар бойынша «Маған айт, мен оны ұмытамын, маған көрсет – мен оны есте сақтаймын, маған көрсетуге мүмкіншілік бер – мен түсінемін» принципі арқылы проблемаларды табуға және оны жеңе білуге, «Дыбыстық гимнастика» жаттығулармен сергіту сәті өткізіліп, «Бақыт телпегі» жаттығуы арқылы қандай да бір ситуация болса, ситуацияға бақытты оптимист адамның көзқарасында қабылдауға үйретті.

Тәжірибелі педагог-психолог Динара Жолдабековна өмірде бақытты сәттер мен ешкімді көргің келмейтін де кездерді «Бақытты болып білесіз бе?» атты тест арқылы сұрақтың жауабын алуды ұсында. Қатысуышылар мен қонақтар тест жауаптарын белгілеп, әр жауаптың ұпайлары арқылы өз бақыттарын бағалады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Ташкенбаев Ерхан Бимахановичтің ұйымдастыруымен тренингке қатысушылар бір- бірлеріне қарама-қарсы тұрып, тілек айту арқылы бір-бірлеріне түрлі-түсті қағаздардан жасаған ұшақтарды ұшырып тренинг өз мәресіне жетті.

Ұстаздарға жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудың жолдарын, бақытты болу үшін позитивті ойлануымыз керектігін, позитивті ойлау-бұл бақытты сәтті, қуанышты, денсаулықты, жақсы шешімін табатын іс-әрекеттер екенін ұғындырған тәжірибелі тренинг қорытындыланып, комитет төрағасы Қ.Төлебаев тренингті ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Ә.Мелдебек пен педагог-психолог Динара Жолдабековнаны және белсенділік танытқан Ш.Есенберлин атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері Ахметова Жазира Оркеновна, Жанлысова Дарига Сериковна, «Айгөлек» бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Назымбетов Нургали Ануарбекович аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Аудандық іс шара

2024 жылдың 15 мамыр күні «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес Б.Нұрлыбеков атындағы жббм базасында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жахан Жансұлу Тайғанақызының ұйымдастыруымен «Денсаулық-байлықтан қымбат» ұранымен дөңгелек үстел жоғары деңгейде өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін, дұрыс тамақтанудың, ұйқының денсаулық үшін маңыздылығын, тазалық және жеке бас гигиенасының маңыздылығын түсіндіру болатын.

Жиынға Шұбарсу аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ мүшелері, медбике және «Medikal1» орталығының тәжірибелі дәрігері мен мамандары қатысты.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. “Денсаулық-зор байлық”,-деген сөз бекер айтылмаса керек.

Дөңгелек үстелде денсаулықтың маңыздылығы қандай, денсаулықты байлықтан қымбат дегенді қалай түсінесіз, денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек, салауатты өмір салтын ұстану дегеніміз не, т.б. тақырыптық сұрақтармен өрбіді. Қатысушылар сұрақтарға жауап берумен қатар жеке тәжірибелерімен бөлісіп іс-шараның маңыздылығын арттырды.

«Пайдалы кеңес» айдарында «Medikal1 медициналық орталығының жалпы тәжірибелі дәрігері Тастемирова Жадыра Абдраймовна «Тиімді тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында кеңестер берсе, социолог Жүніс Айгүл Көбейқызы мен психолог Турекулова Нургуль Абишевна психологиямыз дұрыс болмаса ауруды оймен жасап алатынымыз туралы нақты мысалдар мен өте құнды ақпараттар және кеңестер ұсынды.

Мектептің педагог-психологы Кутбергенова Майраның ұйымдастыруымен қатысушылармен танысу ойынынан бастап, дене және психикалық денсаулықтың өзара байланысы, өз эмоциялары мен мінез-құлқын басқару нығайту және қолдау үшін “Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлай білейік” жаттығулары арқылы психологиялық сергіту сәтімен толықты.

Құнды ақпараттармен өткен дөңгелек үстел қорытындыланып, комитет төрағасы Қ.Төлебаев дөңгелек үстелді ұйымдастырған мектеп директоры Ж.Ақылбекованы және белсенділік танытқаны үшін «Зерек бала» бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Космуратова Айжан Ергалиевна, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Салменов Ерғали Жанатбекұлы мен «Medikal1 медициналық орталығының психологы Турекулова Нургуль Абишевналарды аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.

Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді екенін басты назарға алайық.

Келесі «ДЕНСАУЛЫҚ» аялдамасы І.Есенберлин атындағы жббм базасында “Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі” ұранымен аймақтық тәжірибелік психологиялық тренингте жалғасады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы «Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі әрі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аралбаева Назым Өмірзаққызы.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүрген Аралбаева Назым Өмірзаққызының жас ұрпақты тәрбиелеу барысында еңбегі айтарлықтай елеулі.

Аралбаева Назым Умирзаковна 1975 жылы 06 ақпанда Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысы Фарыш ауданы Шымқорған совхозында қарапайым отбасында дүниеге келген. Фарыш ауданына қарасты С.Мұқанов атындағы негізгі орта мектебінде негізгі мектепті бітіріп, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін 1991 жылы бітірді. Педагогикалық еңбек жолын 1991-1992 жылы С.Мұқанов атындағы мектепте аға вожатый болып бастады. 1992-1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының филология факультетінің күндізгі бөлімін бітіріп , ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. Педагогикалық еңбек жолын 1996 жылы Өзбекстан республикасында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жалғастырды.

2002 жылы отбасылық жағдайымен Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылына қоныс аударуына байланысты Ордабасы ауданының Шұбарсу негізгі мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте 22 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Назым Өмірзаққызы 2019 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде Назым Өмірзаққызының еңбегі орасан. Мыңдаған шәкірттің жүрегіне жол таба білген, мыңдаған шәкірттің бойына ұлттық құндылықты сіңіре білген педагог өз шәкірттерімен мақтана алады.

Білімі-жоғары. Санаты: Педагог-зерттеуші. 33 жыл педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан, білікті маман. Аталмыш мектепте 2019 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Шыдамдылығы мен шеберлігінің, біліктілігінің, іскерлігінің арқасында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталайық.

2013 жылы Педагогикалық шеберлік орталығында Бірінші (ілгері) деңгей біліктілік курсынан өткен Назым Өмірзаққызы шығармашылық, көшбасшылық міндетін жауапкершілікпен атқарды.

2017 жылы «Оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік көмекші құралы мектепішілік көлемде таратылды.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінен «Критериалды бағалау жүйесі: теория және тәжірибе» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталды.

2018 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінің» аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін марапатталды.

2019 жылы білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет жасап, еңселі еліміздің келешек тірегі – жас ұрпақты білімді азамат етіп қалыптастыруда жоғары жауапкершілік көрсетіп, ерекше үлес қосқаны үшін марапатталды.

2020 жылы Ордабасы аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» байқауында педагогикалық шеберлігі мен озат тәжірибесін, ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсеткені үшін марапатталды.

2020 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» тақырыбындағы Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық байқауында бас жүлде иеленгені үшін марапатталды.

2020 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Дәстүрлілік пен жаңашылдықты үндестіре отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталды.

2020 жылы «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген «Ең білімді педагог – 2020» ІV облыстық пән олимпиадасының І орын иегері ретінде марапатталды.

2020 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығынан Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

2020 жылы Ордабасы аудандық білім бөлімінен «Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинарда жоғары дәрежеде ұйымдастыруға белсенділік танытқаны үшін марапатталды.

2021 жылы «Тәрбие жұмысын «Үздік сынып» және «Үздік сынып жетекшісі» кубогі жобасы негізінде ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік құрал жазып мектепішілік таратылды.

2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысының әдістемелік орталығынан «Оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық кеңес беру жолдары» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық идеялары мен тәжірибесімен бөлісіп, үздік сабақ көрсеткені үшін марапатталды.

2022 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің сараптамалық кеңесінің шешімімен әдістемелік нұсқаулық баспаға ұсынылды.

2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі және кәсіби қызметтегі озат табысы мен жас ұрпақты оқытудағы жоғары жетістіктерім үшін марапатталды.

2022 жылы Түркістан облысы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Аудандық тамыз педагогикалық оқуындағы құнды баяндамасы мен озат педагогикалық тәжірибесі үшін марапатталды.

2022 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктігін арттыру институтынан мемлекеттіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғарғы нәтижелері үшін марапатталды.

2022 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысы әдістемелік орталығы «Оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық кеңес беру жолдары» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық идеялары және тәжірибесімен бөлісіп, үздік сабақ көрсеткені үшін марапатталды.

2022 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін марапатталды.

2022 жылы «AMANAT» Партиясының стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқаны үшін марапатталды.

2022 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен аудандық тамыз педагогикалық оқуындағы құнды баяндамасы мен озат педагогикалық тәжірибесі үшін марапатталды.

2022 жылы Ордабасы аудан әкімдігінен елдің ертеңі болашақ жас ұрпақтың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастырудағы еңбегі үшін алғыс хат алды.

2023 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен «Ата-аналар жиналысын өткізудің инновациялық тәсілдері» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық педагогикалық іс-тәжірибесін, жаңаша әдіс-тәсілдерін көрсете білгені үшін марапатталды.

2023 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру, жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, қоғамға қызмет ету қажеттілігін нығайту ісіне үлес қосқаны үшін марапатталды.

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.» – деп Әл-Фараби айтқандай, Назым Өмірзаққызының бойынан Ұстазға лайық жаратылысты, өнер-білімге құштарлықты, қанағатшылдықты, ар мен намысты, әділдікті, онымен қатар жұрттың бәріне бірдей қарым-қатынас жасайтын, жақсылық пен ізгілікті көреміз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Сауран ауданы , Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Ташенов Абуталип Нурышович

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы

Ұстаз болу — адамның асылдығы.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаздық жолын сонау бастауыш сыныпта оқып жүргенде кім боласың деген сұраққа ойланбастан бастауыш сынып мұғалімі боламын деген сөзін періште амин деп қойдыма сол мектепті бітірісімен мұғалім мамандығын таңдап , саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Ташенов Абуталип Нурышович туралы айтпақпыз.

Бүгінгі кейіпкеріміз Түркістан облысы, Сауран ауданы, Абай ауылында орналасқан Абай атындағы атындағы жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.

Ташенов Абуталип Нурышович 1968 жылдың 8 шілдесінде Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Түркістан ауданы (қазіргі Түркістан облысы ), Абай ауылында дүниеге келді.Осы мектептің сеғіз жылын тамамдап, Түркістан педагогикалық училишесіне түсті. Бітіре салысымен Чардара ауданына Байырқұм совхозының фермасына жолдамамен барып , ол жақтада Абай сегіз жылдық мектепте жұмыс жасап,сол жақтан СА қатарына барып келіп , 1991жылдан өзімнің туып өскен ауылын келіп Бастауыш мұғалім болып жұмыс жасауда. Қазіргі білімі жоғарғы. Санаты зерттеуші. Пед стажы 37жыл.

Қазіргі таңда осы мектепте еңбек жолын жалғастырып келеді. Бастауыш сынып мұғалімі және мектептегі бастауыш Аманат партия ұйымының төрағасы қызметін қоса атқарып келеді. Ұжымда өзіндік орны, барлық ұстаздармен қарым қатынасы жақсы. Әрбір ұстазға көмек қолын созуға дайын, білікті, білімді, өз ісіне жауапты қарайтын мейірімді жан.

Бойындағы бар білімі мен тәлімін шәкірттерді тәрбиелеу жолына арнаған ұлағатты, үлгілі ұстаз. Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып мектептің мерейін асқақтатып жүрген ізденімпаз мұғалім. Іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер, болашағынан үлкен үміт күттіретін білімді де білікті ұстаз.

Ұстаздық қызмет пен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Ташенов Абуталип Нурышовичтің жетістіктеріне тоқтала кетсек. Енді қазіргі заман талабына сай кейінгіі 5жылдық мадақтамалар мен Алғыс хаттарын ғана жазамыз

1. Пед старт байқауынан ІІ дәрежелі Диплом, 2024 ж

2. Дарын республикалы Ғылыми практикалық орталығынан Ақбота зияткерлік олимпиадасынан 3-дәрежелі Дипломы оқушыға және мұғалімге 2024ж

3. Алтын сақа олимпиадасынан Аудандық кезеңінен 3-орын екі оқушысына және және мұғалімге , Диплом 2023ж

4. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы», 2023 жыл

5. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Білім сапасының алшақтығы мен тәжірибелер жәрмеңкелерін өткізу тақырыбында өткізілген обылыстық семинарда озық идеялары мен жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөліскені үін, «Мадақтама» Түркістан, 2023 ж.

6. Бастау Республикалық математикалық турнирде аудандық кезеңде 3орын алғаны үшін . оқушы мен мүғалімге Диплом2023 ж

7. Республикалық Бәйтерек зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын дайындап оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мен білімдерін тереңдетуге үлес қосқаны үшін пән мұғалім ретінде Алғыс хат 2023ж

8 Түркістан облысы Аманат партиясының Алғыс хаты 2023ж

9. Білім саласын дамыту жолындағы қол жеткен табыстары және оған қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасының оқу -ағарту министрлігінің Алғысы 2023ж

10… «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы», 2022 жыл.

11Республикалық ALTYN URPAQ олимпиадасында 3 оқушысына Алғыс хат және мұғалімге 2022ж

12.Ustaz Tilegi ғылыми -әдістемелік орталығы ұйымдастырған Үздік ұстаз пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц-турнирдің жеңімпазы Диплом 1-дәрежелі 2021ж.

13.Түркістан облысының адами әлеуеттік басқармасы облыстық әдістемелік орталығының Құрмет грамотасы 2021ж

14. Мұғалімдерге арналған бәскелестік Қазақстан таланттары сайысы Диплом 1орын Астана

15. Түркістан облысы Кентау қаласы 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Кентау қббб Алғыс хат 2020ж

16. Қазақстан Республикасы Білім жіне Ғылым министрлігі NOBEL EDUCATION Халықаралық Педагогикалық орталығының Құрмет грамотасымен және төс белгісі 2020 Қызылорда

17. Түркістан облысының адами әлеуеттік басқармасы Түркістан обылысының әдістемелік орталығы КММ

Президенттік Жас Ұлан ұйымы Білім шыңы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырумен Пән олимпиадасының үзік педагогы Бас жүлде Диплом және Төс белгсі

18. Кентау қалалық білім бөлімі Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2019ж Бас жүлде Мадақтама 2019ж.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Оқыту семинары

Оқыту семинары

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10 мамыр күні Толыбай батыр атындағы №66 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Халықаралық медиация орталығының директоры, халықаралық медиатор Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы, Сарыағаш ауданы білім бөлімінің бас маманы Кошкинбаев Ерлан Абдирахимұлы, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Тастанбеков Әкімбай Зейтбайұлы және 300 ге жуық білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері қатысты. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Халықаралық медиация орталығының директоры, халықаралық медиатор Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы келісім комиссиясы мүшелеріне жалпы медиация туралы ақпарат берді . Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын, сертификаттар табысталды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 19 20 21 22 23 84