Есеп беру жиналысы

Сайрам аудандық білім бөлімінің №59 Жандарбеков атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті.

Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес, кәсіподақ комитетінің төрайымы Калыбекова Нағима мектеп ұжымы алдында, кәсіподақ комитетімен атқарған жұмыстары туралы жылдық есебін берді.

Нағима Абеновна есеп кезеңіндегі кәсіподақ жарнасының жұмсалуы, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, құқықтық қорғалуы, сауықтыруы, кәсіподақ комитеті бастамасымен өткізілген іс-шаралары туралы баяндады.

Ұжым бірауыздан кәсіподақ комитетінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

Жиналыс барысында кәсіподақ мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, аудандық кәсіподақ комитетінің мамандары Х.М.Эрметов пен Р.К.Искакова оларға жауап берді.

Жиналыс соңында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар Л.Молдабекова, Ж.Рахимов, А.Бекбенбетова, М.Қалыбековтер Республика күніне орай облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені баршамызға ақиқат. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Қайнар жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Дарханова Ләззат Серикқызы. Қазіргі Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы ОҚМУ. Мұхтар Әуезов атындағы университетінің математика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. 2002жылдан бастан “Қайнар жалпы білім беретін мектебінде үздіксіз жұмыс жасап келеді. Осы жылдар ішінде көптеген шәкірттері аудандық, облыстық және басқада жарыстарға қатысып жүлделі орындар қатарынан көрінуде . Атап айтсақ.

1) Шірінбек Н ” Самұрық” зияткерлік олимпиадасынан 1-орын.

2) Умирзақова Саманта аудандық пән олимпиадасынан 2- орын.

3) Қасым Думан аудандық пән олимпиадасынан 2-орын.

4) Қуандық Асылай 2-орын, Увайдулла Ұлбала ауыл олипиадасының облыстық кезенінде жүлделі орындарға ие болды.

5) “Кенгуру” республикалық зияткерлік олимпиадасынан Налибай А, Тұран Б, Қуандық Н, Қуанышбай Н, Сандыбек Е., Қуандық А осы оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Дарханова Ләззат Серікқызы пән мұғалімі ретіндеде көптеген жарыстарға қатысып, облыстық, республикалық басылымдарға өз іс-тәжірбиесін таратып алғыс хат, мадақтамаларға ие болған озық тәжірбиелі ұстаз. 2022жылы республикалық мұғалімдер арасындағы функционалдық сауаттылық бойынша “Пиза” тапсырмаларын әзірлеу сайысында жүлделі 1-орын, облыстық “SMART” сабақ -2023 байқауында 3-орын, “Жаңашыл ұстаз”-2024 байқауында 3-орынға ие болған.” Ұстаз борышы” республикалық журналынын, “ZIATKER” сайттарынын құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті көңілді тапқырлар клубында

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі Ордабасы аудандық білім бөлімі мен Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің бірлескен аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың 16 қазан күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында М.Исламқұлов атындағы жббм базасында «Күлкі-денсаулық көркі» атты аймақтық жас мамандар арасында КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ өте қызықты, тартысты өтті.

Сайысқа Шұбарсу аймағы бойынша 8 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары бастаған командалар КТК бағдарламасын басшылыққа ала отырып, қызу дайындықпен қатысты.

Сайыс 4 кезеңнен өтті.

  1. Сәлемдесу, таныстыру (3 мин)
  2. Үй тапсырмасы «Мектеп немесе балабақша өмірінен көрініс» (5-7 мин)
  3. Сұрақ-жауап (тақырыпқа байланысты сұраққа әзілмен жауап беру)
  4. Педагогикалық шеберлік (Берілген материалдардан сабақта қолдана алатын демонстративтік көрнекіліктер ойлап табу, 3-5 минут)

Сайыстың әділ-қазылар алқасының құрамы:

  1. Төлебаев Қайрат Асылбекұлы-Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, әділ-қазылар алқасының төрағасы,
  2. Жетимекова Айнур Тургунбаевна -С.Ысмайлов атындағы жалпы білім беру мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, әділ-қазылар алқасының мүшесі,
  3. Алтынбекова Эльмира Сайлаубековна- Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің маманы, әділ-қазылар алқасының мүшесі.

КТК бағдарламасы бойынша қатысушы командалар сәлемдесу, таныстыру кезеңінде музыкалық сүйемелдеумен басты тақырып аясында мекемелері мен команда мүшелерін қызықты таныстырып өз өнерлерін ортаға салса, екінші кезең үй тапсырмасында мектеп, балабақша өміріндегі өзекті мәселелерді әзілменен жеткізе білді. Ендігі қызықты сәт үшінші кезең, яғни сұрақ-жауап. Бірінші әр команда кеспе қағазын таңдап, ситуациялық сұраққа топпен кеңесіп, ұтымды жауап беруге тырысты. Дегенмен педагогтарымыз «мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек? және ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз:-сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,-дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата-анаға қандай кеңес берер едіңіз?»-деген ситуациялық сұрақтарда жағдаяттан шығу жолын іздестіріп қиындықпен жауап берді. Екінші әр команданың капитаны кеспе қағазын таңдап, қызықты сұраққа тез және дұрыс жауап беріп көрермендер мен қазылар алқасының көңілін көтерді. Соңғы кезең, берілген түрлі материалдардан сабақта қолдана алатын демонстративтік көрнекіліктер ойлап табуда педагогикалық шеберліктерін іс жүзінде көрсетті.

Төрт кезеңнен өткен сайысымыз өз мәресіне жетіп, әділ-қазылар алқасының шешімімен «Бас жүлде» мен КУБОКТЫ Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің “ШАҢЫРАҚ”, I орынды «Бал-бөбек» бөбекжай балабақшасының «Наркес», II орынды М. Исламқұлов атындағы жалпы білім беру мектебінің “Ақ Орда”, III орынды “Зерде” жалпы білім беру мектебінің «4+1» командалары иеленсе, “Ынтымақ” атындағы жалпы білім беру мектебінің “Ынтымақ” командасы «Көрермен көзайымы», ” Парасат” бастауыш мектебінің “Парасатты сұлулар” командасы «Өнерлі ұстаздар», “Зерек бала” бөбекжай балабақшасы “Зерек сұлулары” командасы «Шебер ұстаздар», “Айзере” бөбекжай балабақшасының “ГҮЛДЕРАЙ” командасы «Көңілді тапқыр ұстаздар» номинациясы және Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен Алғыс хатымен марапатталды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары өз тараптарынан сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, осындай қызықты сайысты үйлестіруші М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беру мектебінің әкімішілігі мен БКҰ-ның төрағасы Иманбаева Айым Есиркеповнаға алғыс айта отырып, директоры Ақылбекова Жанар Сатановнаға Алғыс хат табыс етілді.

Сайысты өткізгендегі мақсатымыз мұғалімдердің мектеп аясында жауапкершілік алу мен ынтымақтаса жұмыс жасауын қалыптастыру, топ болып кеңесу арқылы проблемалардың тиімді шешімін таба білуге үйрету, мектептегі жаңа бастамаларға қатысты шешім қабылдауға толыққанды тартуды қамтамасыз етуге ықпал ету; Жастардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін арттыру, көңілді тапқырлар сайысы арқылы мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру болатын. Бұл сайыста біз педагогтердің шығармашылық қырлары мен шеберліктерін де байқадық.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын-жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі деп түсінеміз. Ал, «мұғалім болу-талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?». Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы меңгерсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастырса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік-ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін»,-айтады.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КИЕЛІ ҚАЗЫҒҰРТТА «ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Қазығұрт ауданының білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың қыркүйек айының 3 күні аудандық «Мәдениет сарайында» ұстаздар күніне арналған «Ұстазыма мың алғыс» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Ұстаз- Шәкірттерін білім нәрімен сусындатушы, тәлім – тәрбие беруші, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар көрсетуші асыл жан.

Аталған іс-шараға құрметті қонақтар келіп, құттықтау сөз сөйлеп, марапаттар мен алғыс хаттарды табыстады:

Қазығұрт аудан әкімі Исмайлов Азизхан Азимханұлы

Түркістан облысы бойынша өкілдігінің Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманова Индира Сәбитқызы

Облыстық Дарын орталығының бөлім басшысы Байтуғанов Медет Амандықұлы

Аудандық маслихаттың тұрақты комиссия төрағасы, депутат Айтмурзаев Нұрлан Пернебекұлы

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлы

Қазығұрт ауданының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Анашев Қайрат Убайдуллаұлы

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің әдіскерлері мен қызметкерлері бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары білім саласына сіңірген еңбегі мен өз салаларына сай түрлі марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.

Олар: «Ы. Алтынсарин атындағы төс белгі»,«Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаты», «Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы, алғыс хаты», «Қазығұрт ауданы әкімінің алғыс хаты»,«Аудандық маслихаттың алғыс хаты»,« Қазығұрт ауданының білім бөлімінің алғыс хаты»,«Кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен» марапатталды.

Жиын соңынан кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен “Ханшайым” мейрамханасында 300 адамға арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні көңілдері жаздай жарқырап жүрген асыл Ұстаздарымыздың мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелеу жолында барша ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!

 

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес

«Зерек бала» бөбекжай бақшасында «Денсаулық-болашақтың жарқын кепілі» ұранымен спорттық іс-шаралар семинары өткізілді.

«Қарақұм» жббм базасында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы мен кітапханашының бірлескен «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты аймақтық денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Әріптестерге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын тиімді пайдалануға кеңес беріп, әріптестермен тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Денсаулық сағатына Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, мамандары, Төрткүл аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, «Қарақұм» жббм кәсіподақ мүшелері қатысты.

Мектептің кітапханашысы Балабиева Баян Сарсенбековна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбай Әлия Темірханқызы іс-шараны Уильям Уордтың

«Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады»-деген ойы арқылы бастап, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында түрлі тренингтер арқылы қатысушыларды 3 топқа бөліп, теңге алу әдісін қолдана отырып денсаулық сағатын қызықты өткізді. Топтардың белсенді қатысуымен денсаулық сағаты өз мәресіне жетіп, «Қарақұм» жббм директоры А.Стаева, кітапханашы Б. Балабиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Алпысбай және командалық сайыста тиісті орындарды иеленген командалар Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен Алғыс хатымен, командалық сайыста белсенділік танытқан қатысушылар «Қарақұм» жббм директоры мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының дипломымен марапатталды.

«Дені сау ұрпақ –жарқын болашақ» атты денсаулық сағаты шығыстың «Өмір-сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады» деген нақыл сөзімен қорытындыланды.

Семинарға Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы мен маманы, Шұбарсу аймағы бойынша балабақша меңгерушілеры және ата-аналар қатысты. Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, әр түрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру, тәсілдерін меңгерту, икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

Семинарды аулада балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері «Көңілді ырғақты би» таңғы жаттығуынан бастаса, «Қошақан» мен «Айгөлек» МАД тобы «Біз аэробикамен біргеміз», «Еркетай» ересектер тобы «Спорт біздің досымыз», «Балауса» ортаңғы тобы «Көңілді доптар», «Бәйшешек» ересек тобы «Шынықсаң шымыр боласың», «Балдырған» ересек тобы «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбында жасына лайықты қимыл-қозғалыс ерекшеліктерін іс-әрекетпен ұсынды. Тәрбиеленушілердің ата-аналары мен балабақша қызметкерлерінің арасында «Таза ауа, спорт болсын дәріміз» атты сайыспен жалғасын тапты. Қорытынды сәтінде тәрбиеленушілер «Көңіл күйім жоғары» музыкалық бағдарлама ұсынды.

«Денсаулық-болашақтың жарқын кепілі» спорттық іс-шаралар семинары өз мәресіне жетіп, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен «Зерек бала» бөбекжай бақшасының құрылтайшысы Каныбекова Раушан Шопановнаны, Алғыс хатпен меңгеруші Мұсаева Гүлжан Құдайбергенқызын және медбике, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Қосмуратова, тәрбиешілер Ж.Жамбулова, Г.Абдураманова, Д.Қонысбекова, А.Ораз, Ш.Телтаева, В.Орынбаева, Ә.Пүсірәлі және тәрбиеші көмекшілері М.Адильбекова, Г.Танирбергенова, Ж.Қожамқұлдарды аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттап, балабақша ұжымына шығармашылық табыстар мен мықты денсаулық тіледі. Құрылтайшы бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып өткізген ұжым қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етті.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

10 қазан Кәсіподақтар күніне орай Қазығұрт аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен кіші футболдан мектеп директорлары мен оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары арасында ұлағатты ұстаз, аудандық кәсіподақ комитетін басқарған С.Т.Мұсақұловты еске алу турнирі өтті.

Мақсаты:

1. Кәсіподақтар күнін атап өту.

2. Білім саласына өмірін арнаған ұстаздарды еске алу және олардың еңбек жолдарын насихаттау.

Жалпы жарысқа 6 команда қатысты. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларды білім бөлімнің бас маманы Е.Есіркепов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Анашев мадақтамалар, ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОДАҚ ТАРАПЫНАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУДА

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Бахыт Еркінбек мәлімдеді.

Облыстық кәсіподақ комитеті мүшелерінің хаттары мен арыз-шағымдарын қарауға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы бес жылдағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде 111 қызметкер жұмысқа қайта алынған. Сонымен қатар, 94 қызметкердің заңсыз жұмыстан босатылуына жол берілмеді. Сотта 58 рет өз мүшелеріне өкілдік етсе, 9 686 құқықтық кеңес берілген. Осы ретте биылғы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында түскен 275 арыз-шағым бойынша да тиісті жұмыстар атқарылды. Бүгінде педагог қызметкерлерге коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін жергілікті бюджеттен өтемақының берілуі кәсіподақ комитеттерінің бақылауында. Бұдан бөлек, облыстық білім басқармасы тарапынан медициналық сақтандыру жарнасының аударылуына өз ықпалын жасады. Кәсіподақ тарапынан өз мүшелерін сауықтыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, 5 жыл ішінде 24 682 адамға сауықтыру орындарына жолдамалар берілсе, оның 4 353-і балалар. Сондай-ақ, кәсіподақ комитеттері жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясына белсенді түрде қатысып келеді. Соңғы 5 жылда көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасында өмір сүретін 15 мың балаға көмек көрсетілді. 2024 жылы 2400-ден астам балаға 18 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, оқу құралдары мен мектеп формасы сатып алынды”,- деді спикер.

Бахыт Сейітжаппарұлының сөзінше, өңірдегі аудандық, қалалық және облыстық кәсіподақ ұйымдары тарапынан Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге 14,2 млн.теңге көмек көрсетілген. Одан бөлек, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 13 млн.теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданында апаттан зардап шеккен мектептерге 100 ноутбук пен сауықтыру орындарына 100 жолдама берілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мерекелік іс-шара

10 қазан Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық мәдениет үйінде, «Кәсіподақ-еңбек адамының сенімді тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, аудандық мәслихатының төрағасы Б.Жұмабеков, “AMANAT” партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Ә.Бердімұрат, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек және аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева қатысып, жиынға келгендерді мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаз, кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы З.Махановада қатысып, құттықтау тілегін білдірді.

Іс-шарада бірқатар ұстаздарға «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін” медалі және алғысы, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың және Түркістан облыстық, аудандық «АМАНАТ» партиясының алғыс хаттары, Түркістан облыстық білім басқармасының құрмет грамоталары және аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ардагер ұстаз З.Маханова кәсіподақтар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі шығармашыл мұғалімдер арасындағы «Әріптес туралы сыр» байқауының жеңімпаздарын дипломдармен марапаттап, сыйақы және 2024 жылы кәсіподақ мүшелігіне жаңадан қабылданған ұстаздарға Кәсіподақ билеттерін тапсырды. Мерекелік іс-шара кезінде аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары кәсіподақ белсенділеріне өз өнерлерін көрсетті.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №28 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Мұғалімдер күні мерекесіне орай мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаздарымызды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.З. Тастанбековтың Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттадық және де мерейлі елу жасқа толған ұстаздарға Құрмет грамотамен, бағалы сыйлықтар табысталды. Ең негізгісі мектепке бар өмірін арнаған Пернебаева Бубайша Сапарбаевна апайымыз осы салтанатты жиында үлкен құрметпен еңбек демалысына шығарып салынды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АТАЛЫП ӨТТІ

Арыс қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 Е.Молдабаев атындағы мектеп-интернатының мәжіліс залында «Ұстаз жолы – ұлы жол!» атты ұстаздар күніне арналған қалалық мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шара барысында Мухаев Жуматай есеп беріп, мұғалімдерді марапаттады.

І. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты

1.Уалиханова Гүлмира- №376 бастауыш мектебінің мұғалімі

2.Мауленова Ердәулет- М.Шаханов атындағы жббм директоры

3.Байысбай Гүлжан-И.Журба атындағы жббм кітапханашысы

ІІ. Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» Төс белгісімен

1.Шынхожаев Мұхамеджан-Ж.Тәшенов атындағы жббм мұғалімі

2.Тәңірбергенова Кулбала -Абай атындағы инновациялық ер балалар лицейі директордың орынбасары

3.Жусипбекова Клара-М.Шаханов атындағы жббм мұғалімі

4.Бекзатов Жумали -Жиделі жббм мұғалімі

5.Ысмайл Қалима- И.Журба атындағы жббм мұғалімі

ІІІ. Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы

1.Мүтәлі Төленді-Абай атындағы инновациялық ер балалар лицейінің мұғалімі

2.Байсынова Алима -Жиделі жббм мұғалімі

3.Байниязова Халида-С.Ерубаев атындағы жббм мұғалімі

4.Бапаева Асият-Б.Онтаев атындағы жббм мұғалімі

5.Тоқтарова Гүлжамал -С.Адамбеков атындағы жббм мұғалімі

6.Егизбаева Гулим -Айгөлек б/б меңгерушісі

7.Алипбекова Алмакүл-Балапан б/б тәрбиешісі

8.Аталбекова Гульжанар-Монтайтас жббм мұғалімі

9.Налибаева Салтанат-Теміржолшы шжбм меңгерушісі

10.Жуманова Палжауһар- Лезхоз шжбм меңгерушісі

11.Спатай Ербол-№32Ә.Жангелдин атындағы жббм мұғалімі

12.Аймурзаев Ербол-№32 Ә.Жангелдин атындағы жббм мұғалімі

ІҮ. Арыс қалалық мәслихатының Алығс хаты

1.Жұман Шерехан- Майлықожа ақын атындағы жббм мұғалімі

2.Жумабеков Аманғали- С.Қожанов атындағы жббм директоры

3.Жандос Албекұлы- Абай атындағы инновациялық ер балалар лицейінің директоры

Ү. Түркістан облыстық Аманат партиясының Алғыс хаты

Алшораев Бақдәулет -№5 М.Маметова атындағы жббм мұғалімі

ҮІ. Түркістан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасы

1.Муханов Арзыбек-Қаражантақ жббм мұғалімі

2.Аймаханбетова Жанна -М.Әуезов атындағы жббм мұғалімі

3.Бахшева Земфира-В.Комаров атындағы жббм мұғалімі

4.Жайсанбаева Махаббат-№4 бастауыш мектеп директордың оқу орынбасары

5.Тойбекова Айман – С.Қожанов атындағы жббм мұғалімі

ҮІІ. «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің медалі

Әшім Сәбит- №1 Е.Молдабаев атындағы жббм директоры

Серманитов Қаймахан-Ә.Жангелдин атындағы жббм мұғалімі

Салтанатты іс-шара соңы өнерпаз жастардың ұстаздарға əзірлеген концерттік бағдарламасымен ұласты.

МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҰСТАЗДАР!!!

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 20 21 22 23 24 90