КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

2025 жылғы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының иегері. Әрдайым ізденіспен алға бастап келесіз, Ұстаздарға бағыт беріп биік мақсат көресіз. Еңбегіңіз ел есінде із қалдырған асыл жан, Білім жолын нұрландырып шабыт беріп жүресіз.

Молжігіт Гүлжаухар Тұрсынқызы – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөлімінің әдіскері. 2005 жылдан бері Ордабасы ауданының білім бөлімінде бастауыш сынып әдіскері болып жұмыс істейді. 2016 жылы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен әдіскерлер арасында өткен «Үздік педагогикалық идеялар» фестивалінде 1 орын иеленді.

2018 жылы 24-25 қазанда өткен республикалық Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

2023 жылы «Бастауыш сыныптардағы сын жұмыстарды жүргізу әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік құралы облыс көлемінде таратылды.

2024 жылы «Оқу сауаттылығы» 4 сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы облыс көлемінде таратылды.

2025 жылдың 6 қараша күні Шымкент қаласында «Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа парадигмалары: бастауыш буынға жаңа қадам» тақырыбында өткен республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясында «Оқу сауаттылығы креативті ойлаудан функционалдық оқуға дейін» тақырыбында баяндама жасады.

2025 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Жұмыс жылдары ішінде аудан, облыс, республика деңгейінде тәжірибелік семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізген байқаулар мен олимпиадаларда мұғалімдер мен оқушылар облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындар иеленіп, жетістіктер көрсетті.

2024-2025 оқу жылы барысындағы бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктеріне тоқталатын болсақ:

Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Білім берудегі жаңа инновациялық тәсілдер: тәжірибе, ізденіс, қолдану” тақырыбында республика көлемінде тәжірибелік семинар өткізді.

Облыстық “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” олимпиадасында Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құлпиева Ұлдана Нұрлыбекқызы 1 орын иеленді.

Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқауында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Исмагулова Нургуль Жетписбаевна 1 орынды иеленді.

Түркістан облысы мұғалімдерінің арасында өтілген «ІҮ Ыбырай жазулары» байқауының облыстық кезеңінде Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлмира жүлдеді ІІ орынды иеленді.

Облыстық «Педагогикалық дуэт» байқауында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Шалхар Гаухар мен Ерманова Гүлрайхон жүлделі 3 орын иеленді.

Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында «Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қырықбаева Ұлжан Манатқызы 1 орын иеленіп, республикалық қорытынды кезеңде 3 орын иеленді.

3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасында облыстық кезеңге қатысқан 10 оқушының 3-еуі орын, 3-еуі 2 орын, 3-еуі 3 орын, 1 оқушы ынталындыру грамотасымен марапатталды. Республикалық кезеңде М.Исламқұлов ат.жббм 4 сынып оқушысы Тұрарбек Нұрдаулет 1 орын, Ш.Уәлиханов ат.ЖББМ 3 сынып оқушысы Асқар Айша 3 орын иеленді.

2-4 сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» ХҮІІІ математикалық турнирінің облыстық кезеңіне қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындар иеленді: 1 орынды – 2 оқушы, 2 орынды -2 оқушы, 3-орынды -2 оқушы иеленді. Республикалық кезеңде А.Иманов ат.жббм 4 сынып оқушысы Айтбек Балауса 3 орын иеленді.

Өмірдегі сенімді серігі,жолдасы әрі әріптесі Бекпейісов Бақытжанмен бірге отбасылық құндылықтарды берік ұстанып, Рамазан мен Бағлан атты қос ұлды тәрбиелеп, өнегелі ұрпақ өсіру жолында үздіксіз еңбек етіп келеді.

Еңбегімен ел құрметіне бөленген Гүлжаухар Тұрсынқызы – білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті де тәжірибелі әдіскер. Оның кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы мен жаңашылдығы – ұстаздар қауымына үлгі, ал жеткен жетістіктері – жүйелі еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қосып, талай биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

Қайнар жалпы білім беретін мектеп базасында Төлеби аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Әкелер мектебімен “Әке өнегесі – ұлттық тәрбиенің алтын қазығы” тақырыбында семинар болып өтті.

Скминардың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын, әке балаларға өмірлік тәжірибе, білім және дағдыларды үйрететінін, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететінін, түсіндіру.

Іс-шара барысында мектеп әкелері мен қонақтар өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Әкенің отбасыдағы жауапкершілігі, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында мазмұнды ойлар ортаға салынды.

Семинарға белсенділік танытып, қатысқан әкелер мен ұстаздарға Төлеби аудандық білім бөлімі мен төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары табысталды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мақтанышқа толы тарихи сәт!

Түркістан қаласында өткен салтанатты іс-шарада Арыс қаласының М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Аубакирова Лаззат Турсынбековна Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өз қолынан “Ерен еңбегі үшін” медалін алды.

Бұл – жылдар бойы білім саласында аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиесіне бар жүрегін арнаған ұстаз еңбегінің биік бағасы. Лаззат Турсынбековнаның кәсібіне деген сүйіспеншілігі, жауапкершілігі мен табандылығы – әріптестеріне үлгі, жас мамандарға бағыт-бағдар.

Осындай жоғары деңгейде, ел Президентінің өз қолынан марапат алу – кез келген жанға бұйыра бермейтін зор мәртебе. Бұл тек жеке жетістік қана емес, тұтас ұжымның, мектептің абыройы мен беделінің артуы.

Құрметті Лаззат Турсынбековна!

Сізді осы айтулы марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз, алар асуларыңыз әлі алда болсын!

Шәкірттеріңіздің биіктен көрінуіне қосқан үлесіңіз еселене берсін! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Облыстық әдіскерлер спартакиадасы

26-27 наурыз күндері Түркістан қаласында білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және достық пен ынтымақтастықты насихаттау мақсатында өткен облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.

Өткен жылы бастау алған бұл сайыс биыл да өз жалғасын тауып, әдіскерлер спорттың волейбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ түрлерінен бақтарын сынады. Екі күн бойы қызу тартысқа, бәсеке толы ойындармен қатар, ұжымдық бірлік мен жоғары командалық рухтың куәсі болдық.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Тоғызқұмалақтан

І орын – Созақ ауданы;

ІІ орын – Шардара ауданы;

ІІІ орын – Жетісай, Ордабасы аудандары.

Үстел теннисінен

І орын – Отырар ауданы;

ІІ орын – Түлкібас ауданы;

ІІІ орын – Ордабасы, Жетісай аудандары.

Волейболдан

І орын – Түлкібас ауданы;

ІІ орын – Жетісай ауданы;

ІІІ орын – Созақ, Ордабасы аудандары.

Ал, жалпы командалық есеп бойынша

І орынға – Түлкібас ауданы;

ІІ орынға – Жетісай ауданы;

ІІІ орынға – Созақ ауданының әдіскерлері ие болды.

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғ.Орынов және облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, барша білім қызметкерлерін спортпен тұрақты шұғылданып, рухани шыңдалуға шақырды. Спартакиада жеңімпаздарына арнайы дипломдар, медальдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерімен мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы қатысып, ұстаздар құттықтап, марапаттап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесімен құттықталып, игі тілектер айтылды.

Мерекелік жиында бірқатар ұстаздарға:

– «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің,

– «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табысталды.

Сонымен қатар кәсіподақ белсенділері:

– «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен,

– Түркістан облысы білім басқармасының марапатымен,

– Түркістан облыстық және Арыс қалалық «AMANAT» партиясының марапаттарымен,

– Арыс қалалық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен грамотасымен марапатталды.

Шара соңында кәсіподақ белсенділері Наурыз мерекесіне орай жүрекжарды тілектерін білдіріп, ел бірлігі мен татулығының арта беруіне ниеттестіктерін жеткізді.

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз баршаңызға құт-береке, молшылық пен ырыс әкелсін!

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Қаласаңыз, осы постты тағы да ресми стильде немесе әлеуметтік желіге қысқа нұсқа етіп те өзгертіп бере аламын.

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Бүгін 2026 жылы 19 наурыз күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел өткізіліп, «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесімен құттықтады.Іс-шарада бірқатар ұстаздар «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырды.Сонымен қатар «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен, Түркістан облысы білім басқармасының марапаты, Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының марапаты,Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамотасымен,Ордабасы ауданының әкім марапаты,Ордабасы ауданының мәслихат төрағасының марапаты, Ордабасы аудандық «AMANAT» партиясының марапаты және Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің марапаттарымен марапаттады.

Кәсіподақ белсенділері Наурыз мерекесіне орай жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдады. Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз баршаңызға құт-береке,бірлік пен ынтымақ әкелсін.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Түлкібас ауданы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 17.03.2026 жылы «Аманат» партиясының мәжіліс залында, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз-2026» мерекесіне орай аудандық білім саласының дамуына өскелен ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан үлестерін атап өту мақсатында:

Түркістан облысының білім басқармасының «Құрмет грамотары» және «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен.

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен».

Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ – ҰСТАЗДАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен              8 наурыз – «Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне арналған «Әйел – әлемнің нәзік жыры» тақырыбымен мәдени іс-шара өткізілді.

Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысының міндет атқарушы Б.Полатова, аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы қоғамдық негізде төрағасы, С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры С.Айтынбетов, аудандық мәслихаттың депутаты, №57 жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Альтаев қатысып, барша нәзік жанды ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, аудан әкімі Б.Асановтың, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаевтың, аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен алғыс хаттарымен марапаттады.

8 наурыз – «Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне арналған шараның соңы қонцерттік бағдарламамен жалғасын тауып, қорытындыланды.

Мереке құтты болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық білім саласы кәсіподақ комитетінің қолдауымен 05 наурыз күні «Мақтаарал» мәдениет үйінде 8 наурыз – «Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне орай «Ана – өмір шуағый атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен іс-шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Бейсенбаев, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Б.Полатова, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, Бақ өкілдері мен ұлағатты ұстаздар қатысты.

Мерекеге орай ұйымдастылған іс-шара барысында білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарымызға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің, аудан әкімі Б.Асановтың, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаевтың, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары мен марапаттары табысталды.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен Мақтаарал ауданының білім бөлімі әдіскері – Сулейменова Сауле Лайыковна.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Құрмет грамотасымен» А.Тұяқбаев атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы – Шамуратова Базаркул Камаловна, Ш.Бектасов атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы – Бусаханова Райхан Турткульбаевна, С.Рахымов атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы – Тортаева Жамила Смадияровна, М.Тоқжігітов атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы – Доскалова Айман Романовна.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Алғыс хатымен» №57 ЖББМ БКҰ төрағасы Абишева Сандуғаш Кудайбергеновна, Қ.Қайсенов атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы – Балкыбекова Бактыгул Карамановна, Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы – Уразимбетова Ултуар Ахмедовна, А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы – Намазбаева Акерке Абдураимовна марапатталды.

Сонымен қатар бар ғұмырын ағарту саласына арнап, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымызға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздарымыз көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

8 наурыз – «Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесі баршаңызға құтты болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі

​         Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде – Әділеттілік, заң және тәртіп: 2026 жылғы Конституциялық реформа бойынша талқылау, насихаттау жұмыстары жайлы, – облыстық кәсіподақ комитетінің 2026 жылғы 1 қаңтарға кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ органдары жайлы статистикалық есебі, – облыстық кәсіподақ комитетіне 2025 жылы түскен кәсіподақ мүшелік жарнасы және оны пайдалану туралы, – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен өткен оқыту семинарларының қорытындысы және т.б. мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Ә.Тастанбеков хабарлама жасады. Төраға Б.Еркінбек өз пікірін білдіріп, реформаның әділетті, заңға негізделген және халық мүддесін бірінші орынға қоятын мемлекет қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін, ондағы өзгерістер қоғамдағы сенімді нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашатынын айтты.

Статистикалық есеп жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Б.Қилыбай хабарлады. Б.Еркінбек кәсіподақ ұйымына мүшелікке ынталандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, осы бағытта ұйымдастыру іс-шараларына тұрақты көңіл бөліп отыру қажеттігін алға тартты.

Облыстық кәсіподақ комитетіне 2025 жылы түскен кәсіподақ мүшелік жарнасы және оны пайдалану туралы облыстық кәсіподақ комитетінің қаржы бөлімінің меңгерушісі Р.Жолдықараева есеп берді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінде бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен өткен оқыту семинарыны қорытындысы туралы бөлім басшысы Ғабит Ақбердиев хабарлама жасады. Семинар аясында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары құқықтық сауақтылықтарын арттырып, кәсіподақ ұйымы жұмысына қатысты практикалық түсіндірмелер алды.

Аталған мәселелерді талқылауға Ордабасы, Түлкібас, Шардара, Арыс аудандық, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, Д.Әбішев, Ұ.Жұман, Ж.Мұхаев ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты. Қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Б.Еркінбек мәжіліс соңында, аудандық, қалалық кәсіподақ комитетінің бұрын қызмет еткен ардагер және белсенді төрағаларына кәсіподақ қозғалысын ілгерілету жолындағы жұмыстарын ескеріп облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етті.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 5 6 7 8 9 90