Аудандық іс шара

2026 жылғы 13 сәуірде І. Есенберлин атындағы жалпы білім беретін мектепте «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында қадағалау іс-шарасы» өткізілді.

Аталған іс-шара Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлебаев Қайрат Асылбекұлының қатысуымен бірлесе ұйымдастырылды.

Іс-шараға мектеп басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, кәсіподақ комитетінің мүшелері, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі еңбек инспекторы қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлер мен оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек және оқу ортасын қалыптастыру, сондай-ақ өндірістік және оқу үдерісі барысында туындауы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу.

Қадағалау барысында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:

  • мектептің ішкі еңбек тәртібінің сақталуы;
  • еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың орындалуы;
  • оқу кабинеттерінің, зертханалардың және техникалық бөлмелердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
  • қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өту жағдайы;
  • еңбек қауіпсіздігіне қатысты құжаттамалардың жүргізілу сапасы;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының ұйымдастырылу деңгейі.

Қоғамдық бақылау тобы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, еңбек қауіпсіздігіне қатысты барлық қажетті құжаттарды зерделеп, олардың талапқа сай жүргізілуіне талдау жасады. Сонымен қатар, білім беру мекемесіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейіне жан-жақты баға берілді.

Іс-шара барысында анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, оларды жою жолдары түсіндірілді. Қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру қажеттілігі атап өтілді.

Жалпы, жүргізілген қоғамдық бақылау іс-шарасы мектеп ұжымында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау деңгейін арттыруға және қызметкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге оң әсерін тигізеді.

 

Ордабасы ауандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» – Бауыржан Момышұлы! Ұстаз – ұлағатты есім. Ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың бойына адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін сіңіретін, өмірге бағыт-бағдар беретін, жүрек жылуымен айналасына шуақ шашатын ерекше тұлға. Ұстаз – әрдайым қолдау көрсетіп, шәкіртінің жетістігіне қуана білетін, болашағына сенім ұялататын жан. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам мен халықтың үмітін арқалаған сенімді өкіл. Ол өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.Осындай ардақты ұстаздардың бірі –Құлмаханбет Қарлығаш Мұратқызы. Ордабасы ауданы, Қызылжар елді мекеніндегі «Қызылжар» жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, 6 жылдан бері жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқан білікті маман.

Қарлығаш Мұратқызы 1999 жылы 15 қаңтарда Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетіне түсіп, 2020 жылы үздік дипломмен бітірген. Сол жылы еңбек жолын «Қызылжар» жалпы білім беретін мектебінде бастаған.Ол – өз ісіне адал, жаңашылдыққа жаны жақын, кәсіби шеберлігі жоғары ұстаз. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, оларды биік белестерге жетелеуде. Сонымен қатар, жас ұрпақты отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге, білімді әрі тәрбиелі болуға баулып келеді.

«Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» демекші,Қарлығаш Мұратқызының шәкірттері де түрлі білім бәйгелерінде топ жарып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Ұстаз еңбегі әрдайым бағаланып, аудандық, облыстық деңгейде алғыс хаттар мен марапатталған.

  1. Құрмет грамотасы. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының құрмет грамотасымен марапатталған. 2020 жыл.
  2. Мадақтама. Ордабасы ауданының білім бөлімінің «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Көркем шығармаларды оқу пәндеріне кіріктіріп оқыту тәжірибесі» тақырыбында аудандық тәжірибелік – әдістемелік семинарда озық педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекетін жаңаша әдіс- тәсілдерін көрсете білгені үшін аудандық мадақтамамен марапатталған.№2304(19/02)/2026 жыл.
  3. Мұғалімдер арасында өткен аудандық пән олимпиадасының аудандық кезеңінің ІІІ орын иегері. 2025 жыл.
  4. Республикалық «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ орын. 2024-2025 оқу жылы. № ZS24A3589-0579-6392
  5. Республикалық «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі ІІІ орын.
  6. 5-6 сыныптарға арналған Республикалық пән олипиадасының І орын иегері.2025-2026 ж.
  7. Аудандық «Фараби геометриялық олимпиадасы» Диплом IІІ дәрежелі. Алматы 2025 ж
  8. Республикалық «Ақбота» зияткерлік олипмиадасы (Жаратылыстану-математикалық бағыт) ІІІ орын Диплом.
  9. Түркістан облысының 2-11 сынып оқушылары арасында өткен «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасында оқушысы III орын алғаны үшін Дипломмен марапатталған.Түркістан, 2026 жыл.

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай: «Мұғалім – мектептің жүрегі». Осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаз әлі талай дарынды шәкірт тәрбиелеп, олардың биік шыңдарды бағындыруына жол ашары сөзсіз.Ұстаз болу – жүректің батылдығы, жанның тазалығы, рухтың биіктігі. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған Қарлығаш Мұратқызы– тек білікті ұстаз ғана емес, отбасылы, үш баланың ардақты анасы. Ол ұстаздық пен аналықты қатар алып жүріп, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде үлкен үлгі көрсетіп келеді. Осындай жан-жақты, жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген ұлағатты ұстаз.

Ұстаздық жолыңыз әрдайым табысты болып, шәкірттеріңіз білім мен тәрбиеде биіктерден көріне берсін. Еткен еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтап, алар асуларыңыз көбейе берсін. Сіздей жан-жақты, ізденімпаз, жүрегі кең ұстаздар – ел болашағының кепілі.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Республикалық ұлттық турнир

Келестік ұстаздарымыз 2026 жылғы 11 сәуірде Шымкент қаласында өткен республикалық ұлттық турнирде асық ату, бес асық және тоғызқұмалақ ойындары бойынша әртүрлі жас санаттарында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс барысында спортшылар ұлттық ойындардың қыр-сырын терең меңгергенін дәлелдеп, жоғары шеберлік, мергендік, логикалық ойлау қабілеті мен табандылық танытты.

Аталған турнир ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, олардың дамуына серпін беріп, қатысушылардың тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік жасады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып, Келестік ұстаздарымызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздар әлемі – шабыт пен шеберлік

2026 жылдың 10 сәуір күні №39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдер арасында ерекше шығармашылық сайыс өтті. Шараның басты мақсаты — ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына жол ашу.
Сайыс кезеңдері:
Ұстаздарымыз 5 түрлі бағыт бойынша бақ сынасты:
Сәлемдесу (Топты таныстыру)
Көрініс (Шығармашылық қойылым)
Мәнерлеп оқу (Сөз өнері)
Өз өнері (Ерекше қабілеттер)
Ұлттық тағамдар (Дәстүр мен дәм)
Әділ қазылар алқасы:
Сайысқа арнайы шақырылған құрметті қонақтар төрелік етті:
Алибекова Айгүл Тасқызы – Жетісай ауданы білім бөлімінің әдіскері.
Бейсенов Сәкен Нұрлыбаевич – Жетісай ауданы кәсіподақ комитетінің маманы.
Аманова Гүльжазира Сайлауовна – Белсенді ата-ана.
Садибеков Бауыржан – №42 С. Қожанов атындағы мектептің БКҰ төрағасы.
Қатысушы топтар:
«Neo-Ұстаздар» (Жетекшісі: Алдабергенова Перизат)
«Шабыт» (Жетекшісі: Толыбаева Айнұр)
«Пай-пай, шіркін» (Жетекшісі: Ажибекова Баян)
«Самғау» (Жетекшісі: Колбаева Орынкүл)
Қорытынды:
Қызу тартыс пен шынайы шабытқа толы сайыстың нәтижесінде:
БАС ЖҮЛДЕ – «Самғау» командасының қанжығасына байланды!
Барлық қатысушыларға Жетісай ауданы кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. Ұстаздардың бірлігі мен шығармашылығын арттырған бұл кеш есте қаларлық сәттерге толы болды!

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Шардара қаласындағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподақ ұйымының» төрағасы Ұлықбек Жұман Назарұлының қатысумен, арнайы кездесу өтті.

Ұлт болашағының бастауы мектеп арқауы кәсіподақ – дегендей кәсіподақ мүшелерінің ой-пікірімен бөлісті.

Сенеканың «Қай портқа тоқтайтынын білмеген кеменің, ешуақытта айы оңынан тумайды». – деген көреген сөзі ұрпаққа жеткен.

Ендіше әруақытта келешек көкжиегіміз жарқын, болашақ кемеміздің айқын болып, айымыз оңынан тусын әріптестер!

 

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кездесулер болып өтті

2026 жылдың 9 сәуірі күні Қазығұрт ауданында «Қазығұрт ауданының білім саласындағы өзекті мәселелері» тақырыбында сала қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматов, облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Еркінбек, мемлекеттік еңбек инспекторы А.Смадияр, сала ардагері Н.Байғұт және басқалар қатысты.

Кездесудің басы аудандағы С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тыныс-тіршілігімен танысудан басталып, сала ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ата-аналар, білім саласы жанашырларының қатысуымен дөңгелек үстелге ұласты. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарындағы еңбек дауларының көбеюі, сондай-ақ сала қызметкерлерінің құқықтарын заң аясында қорғау, сапалы білім мен тәрбиеге көңіл бөлу тақырыптары әңгімеге арқау болып, түрлі деңгейдегі даулардың алдын алу, болдырмау, даулы мәселелерді бірлесе отырып шешу жолдары талқыға түсті.

Балаларға сапалы білім мен тәрбие беру, ол үшін ата-аналармен байланысты барынша жандандыру, орын алған дауларды ушықтырмай, дер кезінде жергілікті жерде билік өкілдері мен зиялы қауым өкілдерін қатыстыра отырып шешу жолдары көрсетілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек аталған мәселелердің алдын алу, шешу жұмыстарындағы кәсіподақтың рөлін айрықша көрсетіп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық, еңбек жағдайларын жақсарту кәсіподақтың негізгі міндеті екендігін айтып өтті.

Әрі қарай жоғарыда аталған мәселе ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен талқыға түсіп, жеке қабылдау өткізіліп, онда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылдау бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесулер жоғары деңгейде өткізіліп, сала қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҚОЛАЙЛЫ ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРТАСЫ — ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ЖӘНЕ КҮШТІ ҰЙЫМҒА АПАРАТЫН ЖОЛ»

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай №71 жалпы білім беретін мектепте өткен бұл іс-шара — ұжымдағы ахуалды жақсарту мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне баса назар аударудың тамаша үлгісі. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Ой-Дода» интеллектуалды сайысы тек білімді сынап қана қоймай, әріптестер арасындағы ауызбіршілікті де нығайтқаны көрініп тұр.

Мұндай іс-шаралардың маңызы туралы қысқаша түйін:

Іс-шараның негізгі бағыттары

  • Психоәлеуметтік орта: Жұмыс орнындағы стрессті азайту және моральдық қолдау көрсету — жұмыс өнімділігінің кепілі.
  • Интеллектуалды жарыс: Командалық жұмыс арқылы мәселелерді бірлесіп шешу дағдысын дамыту.
  • Кәсіподақ қолдауы: Аудандық кәсіподақ комитетінің атсалысуы — еңбек адамына деген шынайы құрметтің белгісі.

Неліктен бұл маңызды?

  1. Қауіпсіздік мәдениеті: Еңбекті қорғау тек техникалық қауіпсіздік емес, сонымен қатар жан тыныштығы мен жайлы орта.
  2. Мотивация: Марапаттар мен сый-сияпаттар мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің еңбегі еленгенін сезінуге мүмкіндік береді.
  3. Ұйымның мықтылығы: “Күшті ұйым” концепциясы әрбір мүшенің әлеуетін ашуға негізделген.

Құттықтаймыз!

Сайысқа қатысқан төрт команданың да тартысты ойын көрсетуі — №71 ЖББМ ұжымының біліктілігі мен белсенділігін айқындайды.

Осындай бастамалар мектептің тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер үшін екінші үйіне айналуына септігін тигізеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз!

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім беру саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарымызды көтермелеу мақсатында құрмет көрсету жұмыстары жүргізілді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырған іс-шарасына Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы А.Қошқаров пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков қатысып, марапатқа ие болған кәсіподақ мүшелеріне жылы лебіздерін білдіріп, «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төсбелігісі мен Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, Түркістан облысының білім басқармасының, Аманат паритясының Түркістан облыстық филиалының марапаттары мен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төсбелгілерін табыстады.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Аудандық мәдени іс шара

Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған ерекше сән-салтанатпен мерекелік іс-шара өтті. Көктемнің шуақты шуағымен келген бұл думанды мереке ұлттың бай дәстүрі мен рухани құндылықтарын дәріптеген тағылымды басқосуға айналды.

Бұл мерекелік шарада ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек еткен ардагер ұстаздар мен білім саласында үздік жетістіктерге жетіп жүрген мұғалімдер ерекше ілтипатқа бөленді.

Салтанатты кеш барысында білім саласына, кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды, зейнеткерлік демалыста отырған, зейнетке шыққан ардагер ағайларымыз бен апайларымызды Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков Республикалық «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің, Түркістан облыстық білім басқармасы мен Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен, «Ұлағатты ұстаз», «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен, және Аудандық білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен Алғыс хаттар табыстады.

Білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында өткен облыстық спартакиадаға қатысып, жетістікке қол жеткізген спортшылар да салтанатты түрде құрметке бөленді. Дүбірлі додада өздерінің ептілігі мен шеберлігін танытып, жүлделі орындарға ие болған волейбол, асық ату, теннис, бес асық спорт түрлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы марапаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, мұғалімдерге демалыс орындарына арналған шипажай жолдамалары табысталып, ұстаздар қауымына деген зор құрмет айқын көрініс тапты.

Мерекелік шара барысында халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Қатысушылар арасында тартысты да қызықты арқан тарту сайысы ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, қазақ халқының ғибратты дәстүрлерінің бірі – тұсау кесу рәсімі де көпшілік алдында орындалып, ұлттық тәрбиенің маңызы дәріптелді.

Шара аясында ұлттық нақыштағы әсем киімдер киген қатысушылардың көркі мерекенің ажарын одан әрі айшықтай түсті. Көздің жауын алатын ұлттық киім үлгілері халқымыздың сән-салтанаты мен мәдениетінің байлығын паш етті. Сонымен бірге, жиналған қауымға арналған танымдық сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, қатысушылардың білімдері мен тапқырлықтары сынға түсті.

Кеш барысында әсем әндер шырқалып, ұлттық нақыштағы билер орындалып, мерекенің шырайын кіргізді. Көңілді әуен мен шаттыққа толы думан көпшіліктің көңілін көтеріп, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.

Осындай тағылымы мол, берекелі басқосу арқылы Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға, халықтық дәстүрлерді жаңғыртуға өз үлесін қосты. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі барша жұртқа құт-береке, молшылық пен игілік әкелсін деген ізгі тілекпен мерекелік шара жоғары деңгейде аталып өтті.

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

2025 жылғы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының иегері. Әрдайым ізденіспен алға бастап келесіз, Ұстаздарға бағыт беріп биік мақсат көресіз. Еңбегіңіз ел есінде із қалдырған асыл жан, Білім жолын нұрландырып шабыт беріп жүресіз.

Молжігіт Гүлжаухар Тұрсынқызы – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөлімінің әдіскері. 2005 жылдан бері Ордабасы ауданының білім бөлімінде бастауыш сынып әдіскері болып жұмыс істейді. 2016 жылы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен әдіскерлер арасында өткен «Үздік педагогикалық идеялар» фестивалінде 1 орын иеленді.

2018 жылы 24-25 қазанда өткен республикалық Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

2023 жылы «Бастауыш сыныптардағы сын жұмыстарды жүргізу әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік құралы облыс көлемінде таратылды.

2024 жылы «Оқу сауаттылығы» 4 сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы облыс көлемінде таратылды.

2025 жылдың 6 қараша күні Шымкент қаласында «Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа парадигмалары: бастауыш буынға жаңа қадам» тақырыбында өткен республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясында «Оқу сауаттылығы креативті ойлаудан функционалдық оқуға дейін» тақырыбында баяндама жасады.

2025 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Жұмыс жылдары ішінде аудан, облыс, республика деңгейінде тәжірибелік семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізген байқаулар мен олимпиадаларда мұғалімдер мен оқушылар облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындар иеленіп, жетістіктер көрсетті.

2024-2025 оқу жылы барысындағы бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктеріне тоқталатын болсақ:

Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Білім берудегі жаңа инновациялық тәсілдер: тәжірибе, ізденіс, қолдану” тақырыбында республика көлемінде тәжірибелік семинар өткізді.

Облыстық “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” олимпиадасында Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құлпиева Ұлдана Нұрлыбекқызы 1 орын иеленді.

Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқауында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Исмагулова Нургуль Жетписбаевна 1 орынды иеленді.

Түркістан облысы мұғалімдерінің арасында өтілген «ІҮ Ыбырай жазулары» байқауының облыстық кезеңінде Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлмира жүлдеді ІІ орынды иеленді.

Облыстық «Педагогикалық дуэт» байқауында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Шалхар Гаухар мен Ерманова Гүлрайхон жүлделі 3 орын иеленді.

Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында «Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қырықбаева Ұлжан Манатқызы 1 орын иеленіп, республикалық қорытынды кезеңде 3 орын иеленді.

3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасында облыстық кезеңге қатысқан 10 оқушының 3-еуі орын, 3-еуі 2 орын, 3-еуі 3 орын, 1 оқушы ынталындыру грамотасымен марапатталды. Республикалық кезеңде М.Исламқұлов ат.жббм 4 сынып оқушысы Тұрарбек Нұрдаулет 1 орын, Ш.Уәлиханов ат.ЖББМ 3 сынып оқушысы Асқар Айша 3 орын иеленді.

2-4 сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» ХҮІІІ математикалық турнирінің облыстық кезеңіне қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындар иеленді: 1 орынды – 2 оқушы, 2 орынды -2 оқушы, 3-орынды -2 оқушы иеленді. Республикалық кезеңде А.Иманов ат.жббм 4 сынып оқушысы Айтбек Балауса 3 орын иеленді.

Өмірдегі сенімді серігі,жолдасы әрі әріптесі Бекпейісов Бақытжанмен бірге отбасылық құндылықтарды берік ұстанып, Рамазан мен Бағлан атты қос ұлды тәрбиелеп, өнегелі ұрпақ өсіру жолында үздіксіз еңбек етіп келеді.

Еңбегімен ел құрметіне бөленген Гүлжаухар Тұрсынқызы – білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті де тәжірибелі әдіскер. Оның кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы мен жаңашылдығы – ұстаздар қауымына үлгі, ал жеткен жетістіктері – жүйелі еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қосып, талай биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 4 5 6 7 8 90