Аудандық семинар

2026 жылы «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай Сауран ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен Jalil Abdullaev зияткерлік мектебінде «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігін басқару жүйесі» тақырыбында маңызды семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима қатысып, оның қолдауымен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны басқару тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ төрағалары, техникалық еңбек инспекторлары және сала мамандары қатысып, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ еңбек мәдениетін қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің өкілдері сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жан-жақты баяндалды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін ортаға салды. Әсіресе, алдын алу шараларын күшейту, еңбек заңнамасын жүйелі түсіндіру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар соңында еңбек саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталып, олардың кәсіби жетістіктері жоғары бағаланды.

Сонымен қатар, дәл осы күні Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектепте де осындай мазмұндағы іс-шара ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар ұжымда қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға және кәсіподақ қызметінің беделін арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мүшелігіне 63 мектеп 22 балалар бақшасы тіркелген. Барлық білім беру мекемелерінде «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» жұмыстарын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарлары жасалған.

Осыған сәйкес оқу жылының басында қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру, еңбекті қорғау бойынша аудандық білім беру мекемелерінде бастауыш кәсіподақ ұймдарының атқару комитеттерінде «Кәсіподақтар туралы» заң, бастауыш ұйым туралы Ереже және басқада нормативті құжаттар негізінде, оның орындалуын қадағалап отыру бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілеріне жүктелген.

Аудандық кәсіподақ комитетінің мүшелік бастауыш кәсіподақ комитетерінің төрағаларының қатысуымен кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзушылыққа жол бермеуін қамтамасыз ету мақсатында, 28-сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай ауданның барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинар жиналыстар өткізіліп, мақсатты нұсқамалар берілді.

Аудан көлемінде барлық білім беру мекемелерінде өткізілген іс-шараларды қортындылау мақсатында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишевтің қатысуымен білім беру мекемелерінде өткізілген іс-шараларды қортындылау және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының қатысуымен қосымша түсіндірме жұмыстар төмендегі мектептерде күнтізбе бойынша өткізілді.

15.04.2026ж Макаренко атындағы ЖББ мектебінде -17 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

16.04.2026ж Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебінде -11 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

17.04.2026ж М.Лермонтов атындағы ЖББ мектебінде -11 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

20.04.2026ж «Майлыкент» ЖББ мектебінде -11 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Аудан мектептерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары «Ұжымдық шарт» талаптарына сай ұйымдастырылған. Еңбекті қорғау инспекторлары арнайы оқу курсынан өткен. Білім беру саласында қызмет етіп жүрген кәсіподақ мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары ҚРЕК-181, ҚРЕК-182 баптары бойынша жұмыстардың тұрақты жүргізілуі қадағалануда.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар

Сайрам ауданы, М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында 28 сәуір күні «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай «Білім мекемелерінде қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі» атты семинар өтті.

Семинарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.К.Сейдалиева ашып, 28-сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күнінің атап өту идеясы, ХЕҰ бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында өтетіні туралы айтты. Әрі қарай семинарға қатысушыларды еңбекті қорғау күнімен құттықтап, семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Аудандық кәсіподақ комитетінің маман – заңгері Х.Эрметов кәсіподақ қозғалысы еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбек ақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді. Кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары білім беру ұйымдарында жарақаттану жағдайларына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыс атқаруда. Кәсіподақ тарапынан жұмыс барысында білім мекемелерінің қызметкерлерінің қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік–профилақтикалық шаралар өткізілуде.

Білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау жағдайын бақылау бойынша методикалық нұсқаулықтармен таныстырып өтті. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтарымен, нұсқаулықтардың талаптарын сақтау міндеттері жайлы айтты. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері мен құқықтары туралы. Жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу кезіндегі жауапкершілік түрлерімен, білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау бойынша құжаттардың тізімімен таныстырып өтті. Сонымен бірге кәсіподақтан ішкі қоғамдық бақылауды техникалық инспекторлармен, мекемедегі өндірістік кеңес жүзеге асыратыны туралы айтылды.

Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Р.Искакова ұжымдық шартқа қосымша келісіммен өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәлімет беріп, кәсіподақ жұмысындағы өзекті мәселелерге ерекше көңіл бөлді.

Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мекемеде еңбек қатынастары бойынша туындайтын мәселелер туралы сұрақтар қойды. Сұрақтарға толық және қанағатты жауап берілді

Семинар барысында КК төрағалары арасында еңбек қатынастары және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша викторина өткізілді. Сұрақтар бойынша белсенділік көрсеткендерге сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында кәсіподақ жұмысына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіподақ комитетінің төрағалары марапатталды.

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Жамбыл атындағы мектеп-лицей базасында 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты жиын өткізілді. Аталған жиынға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары және кәсіподақ активтері қатысты. Жиынды кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Пәзілбек ашып, құттықтау сөз сөйледі. Кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Е. Қасым баяндама жасады, білім бөлімінің бас маманы Б. Бекмұрат құттықтау, сөз сөйледі. Темір мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы О. Аметова құттықтау сөз сөйледі. Кәсіподақ активтерін марапаттау болды. Соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» аудандық жарысы өтті

Сайрам ауданы білім бөлімінің, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Сайрам аудандық комитеті және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлескен жоспары негізінде аудан мұғалімдерінің арасында қазақ күресінен «Ұстаз барысы-2026» аудандық жарысы өтті.

Жарыстың мақсаты педагогтар арасында қазақ күресінің мәртебесін көтеріп, спортқа баулу, тұғырлы тұлға және ұлттық рухты қалыптастыру қағидаларын насихаттау, ұстаздардың физикалық, психологиялық және денсаулықтарын нығайту.Ұстаздар жарыс ережесіне сәйкес, 6 салмақ дәрежесі бойынша күресті. Аудан деңгейінде өткен жарысқа білім мекемелерінің тек қана ұстаздары қатысып , жеңімпаздарды анықтады.

60 кг.

І-орын – Қорған Заңғар Бағдайұлы;

ІІ-орын-Жамалашов Алишер Анарбекұлы;

ІІІ-орын-Байтаев Меиржан Базарбайұлы;

66 кг.

І-орын -Сейдуалы Бағдат Есімбекұлы;

ІІ-орын -Нұрқожа Қуаныш Еркінұлы;

ІІІ- орын -Джахан Жарас Жеңісұлы;

74 кг.

І-орын- Серікбай Махат Муратжанұлы;

ІІ-орын- Оралбек Айбек Мырзабекұлы;

ІІІ-орын-Абдигаппаров Умиджан Пайзирахманович;

82 кг.

І- орын -Айнабеков Елдос Амангелдіұлы;

ІІ-орын- Бәйділда Олжас Мухтарұлы;

ІІІ-орын-Абдез Манас Тлеуқабылұлы;

90 кг.

І- орын- Туяқбаев Жандос Үсенұлы;

ІІ-орын- Бегмуратов Муратали Шамурадұлы;

ІІІ- орын –Мамбет Бағлан Қуандықұлы;

100 кг.

І-орын- Батырбек Нұрболат Бахыталиұлы;

ІІ-орын- Бектасов Самат Муратұлы;

ІІІ- орын –Бегалиев С.Ж.

“Ұстаз барысы” атағына Айнабеков Елдос Амангелдіұлы иеленді.

«Ұстаз барысы-2026» жарысқа белсене қатысқан ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік серік болсын!

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Сарыағаш ауданы №48 І.Жансүгіров, №33 Б.Момышұлы, №67 Тәжібаев, №39 Айбергенов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараға Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті қолдау білдіріп, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайын жасау – кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Еңбекті қорғау – әрбір қызметкердің қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда жұмыс істеуінің маңызды кепілі. Осыған орай ұйымдастырылған мұндай шаралар еңбек адамдарының денсаулығына деген қамқорлықты арттырып, қауіпсіз еңбек мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

28 сәуір-Дүние жүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Созақ ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінде іс-шараға байланысты семинар  өткізілді. Семинарда бірқатар білім қызметкерлеріне аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің тарапынан марапаттаулар мен сый-сияпаттарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым табыстады.

 

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026» АУДАНДЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Келес аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 26 сәуір күні «Ұстаз барысы – 2026» аудандық жарысы өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен жарысқа жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Келес аудандық білім бөлімі және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталары мен чемпиондық белбеулер табысталды. Марапаттарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Артыков Нұрлан Тастемірұлы табыстады.

«Ұстаз барысы – 2026» жарысына белсенді қатысқан барлық ұстаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық спорттық іс шара

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Келес аудандық Білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетіне еңбегі сіңген, ұлағатты ұстаз, білікті басшы Айтқұлов Пердебай Әкімбайұлын еске алуға арналған жарыс жоғары деңгейде өткізілді.

Ұлттық рух пен салауатты өмір салтын ұштастырған бұл тағылымды шараға ауданның 12 ауыл әкімшілігінен жиналған ерлер және әйелдер арасында «Асық ату», «Бес асық», «Үстел теннисі», «Арқан тарту» және “Воллейбол”сынды спорт түрлерінен 567-ге жуық спортсүйер қауым қатысып, бақ сынасты. Жарыстың салтанатты ашылуында ел ағалары Исабай ата, Зұлпыхар ата, Жорабек ата, Айдар ата ізгі тілектерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Іс-шараның шымылдығын ашқан олар мұндай жарыстардың жас ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызы зор екенін ерекше атап өтті. 2026 жылдың қорытындысы бойынша үздік ойыншылар Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Артыков Нұрлан Тастемірұлының атынан ақшалай сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жеке спорт түрлері бойынша үздіктер:

Волейболдан – Сұңқарова Айман “Бал Мерей” б/б, Үстел теннисінен – Серғазиев Ардақ, Нақыпбекова Назира №46 жббм, Бес асықтан – Жұманова Эльмира, Еркеева Аякөз, Асылбекова Айгерім №19 Б.Майлин жббм-нің ұстаздары Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша «Арқан тарту» ұлттық ойынынан:

Ерлер арасында:

І орын – Абай а/ә

ІІ орын – Ошақты а/ә

ІІІ орын – Қошқарата а/ә

Әйелдер арасында:

І орын – Абай а/ә

ІІ орын – Бірлесу а/ә

ІІІ орын – Ұшқын а/ә

Жүлдегер командалар 50 000, 40 000, 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бес асық ұлттық ойынынан:

І орын – Алпамыс батыр а/ә

ІІ орын – Ұшқын а/ә

ІІІ орын – Ошақты а/ә

Асық ату (ерлер командалары):

І орын – Алпамыс батыр а/ә

ІІ орын – Қошқарата а/ә

ІІІ орын – Абай а/ә

Үстел теннисінен:

І орын – Ошақты а/ә

ІІ орын – Қошқарата а/ә

ІІІ орын – Абай а/ә

Волейбол (әйелдер):

Бас жүлде – Қошқарата а/ә

І орын – Кәсіподақ қ/к

ІІ орын – Ұшқын а/ә

ІІІ орын – Ошақты а/ә

Волейбол (ерлер):

Бас жүлде – Кәсіподақ қ/к

І орын – Біртілек а/ә

ІІ орын – Абай а/ә

ІІІ орын – Ұшқын а/ә

Сонымен қатар «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша және белсенді қатысушыларға арнайы марапаттар табысталды. Әділ төрелік жасаған 12 төреші де қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жарыс – тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рухты көтерген, ел бірлігін нығайтқан, ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеген тағылымды шара болды.

Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне шексіз алғыс білдіреміз!

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

«Ұзын ата» жалпы білім беретін мектеп КММ-де 28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай 2026 жылы 23 сәуір күні үйірме жетекшісі Н. Қалдаровтың ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік пен спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында спорттық ойындар өткізді.

Мақсаты :

Салауатты өмір салтын насихаттау, білімалушыларды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға баулу және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Спорттық ойындар мен жаттығулар арқылы қатысушылардың физикалық белсенділігін арттыру, икемділік пен шапшаңдықтарын арттыру.

Зиянды әдеттерден аулақ болуға, дұрыс тамақтануға, достыққа бір-бірін сыйлауға, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу. Спорт нұсқаушысы: Т.Исаев

 

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 2 3 4 5 6 90