Кәсіподақ көшбасшыларына арналған тағылымды семинар

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының (БКҰ) төрағаларына арналған 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай деңгейлі семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты — кәсіподақ жұмысын жандандыру, төрағалардың біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу.

​Семинардың бағдарламасы

​Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қамтылып, қатысушылар үшін мазмұнды бағыттар ұсынылды:

​Баяндама және ақпарат: Кәсіподақ қызметінің құқықтық негіздері мен заманауи трендтері туралы танымдық баяндама жасалды.

​Видеоролик: Салалық жұмыстардың барысы мен жетістіктерін айшықтайтын арнайы бейнематериал көрсетілді.

​Интеллектуалды сайыс: Қатысушылардың білімі мен тапқырлығын сынаған “Ой дода” интерактивті ойыны ұйымдастырылып, жиынға ерекше серпін берді.

​Әлеуметтік қолдау

​Семинар барысында кәсіподақ мүшелері үшін ең өзекті мәселелердің бірі — жазғы сауықтыру демалысы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Демалыс орындарына жолдама алу тәртібі мен жеңілдіктер жайында егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

​Марапаттау рәсімі

​Іс-шара соңында “Ой дода” сайысының жеңімпаздары мен кәсіподақ жұмысына белсене араласып жүрген мүшелер ерекше аталып өтті:

​Сайыс жүлдегерлеріне арнайы дипломдар табысталды.

​Белсенді мүшелерге кәсіподақ комитеті атынан бағалы сый-сияпаттар берілді.

​Түйін: Бұл іс-шара аудандық кәсіподақ ұйымының жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, мүшелер арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

2026 жылғы 21-24 сәуір аралығында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды қадағалау бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Білім және ғылым қызметкерлері Сайрам аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында аудандық кәсіподақ комитетінің мамандарының қатысуымен мекемедегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне мекеме басшылары, кәсіподақ комитетінің төрағалары, техникалық инспекторларының қатысуымен қоғамдық бақылау, жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.

– ұжымдық шарт (келісім) міндеттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруы;

– ҚР Еңбек кодексінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарын және еңбекті қорғауға қатысты өзге де мемлекеттік актілерді түсіндіру жұмыстары;

– ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты таоаптарының орындалуы;

– еңбекті қорғау бойынша құжаттарды дұрыс жүргізілуі;

– қызметкерлердің еңбекті қорғау бойынша біліктіліктерін арттыру;

– Еңбек қорғау бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстары туралы;

Іс-шаралар барысында анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар кәсіподақ комитеті төрағалары және ұйым басшыларымен бірлесе отырып мекемелерде «Еңбекті қорғау сағаты», «Еңбекті қорғау күні», «Қауіпсіздік онкүндігі», «Еңбекті қорғау мәселесін түсіндіру күндері» өткізілді.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұлттық кітап күні атап өтілді

Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Атаулы жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов қатысып, мерекемен құттықтады.

Қазақстанда Ұлттық кітап күні 2024 жылы Үкімет қаулысымен ресми түрде бекітілді. Айтулы датаға сәйкес оқуға деген құштарлық – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды құндылықтардың бірі.

Қоғамды дамытудағы басты факторлардың бірі – ұлттық құндылықтарды арттырып, кейінгі ұрпаққа мұра ету. Бұл міндет кітапқа деген қызығушылық пен оқу мәдениетін нығайту арқылы жүзеге асады. Жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту – елдің рухани, мәдени, ғылыми мүдделері мен білім беру салаларын нығайтудың негізгі бағыттарының бірі.

Аталған іс-шараға облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек қатысып, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, әдебиетті насихаттауға, рухани дамуды қолдауға бағытталған іс-шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді. Жиын соңында елеулі еңбек еткен аудан/қалалық білім бөлімдерінің оқулықтарға жауапты әдіскерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026”

2026 жылдың сәуір айының 23 күні Қазығұрт ауылындағы “Жеңіс” спорт мектебінде «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026” аудандық жарысы өткізілді

Қазығұрт ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23 сәуір күні аудандық “Ұстаз барысы – 2026” жарысы өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен жарысқа барлық жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың қортындысына сәйкес жеңімпаз болған, жүлдегер болған ұстаздарымызға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

“Ұстаз барысы – 2026” жарысына белсен қатысқан ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жас буынның әскери дайындығы – ел ертеңінің кепілі

Төлеби ауданында орналасқан «Спутник» сауықтыру орталығында өткен оқу-дала жиынының ашылу рәсімі болып өтті.

Аталған жиын Түркістан облысының білім саласындағы жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, 10-сынып оқушылары бірнеше күн бойы әскери дайындық бағытында тәжірибелік білім алуда.

Іс-шараға өз тарапымыздан демеушілік қолдау көрсетіп, жас ұрпақтың мұндай маңызды бастамаларға белсенді қатысуына үлес қосуға тырыстық.

Жиынның негізгі мақсаты – оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде бекіту, оларды тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке баулу.

Ашылу барысында Мемлекеттік Әнұран орындалып, қатысушыларға сәттілік тілеп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

Алдағы күндері оқушылар саптық және тактикалық дайындықтан өтіп, алғашқы медициналық көмек көрсету мен төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгереді.

Осындай шаралар жасөспірімдердің шыңдалып, елжанды азамат болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

Жастарымыздың жігері мықты, болашағы нұрлы болсын!

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты №10 «Асыл мұра» жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13-28 сәуір аралығында 28 сәуір -“Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні” мерекелік іс-шаралар түзіліп,13 сәуір күні ашылу салтанатын өткізді. 14 сәуір күні мектептің инспекторы Еркинов Нұрдаулет Мүслімұлы “Еңбекті қорғау талаптары және жауапкершілік” тақырыбында баяндама оқыды. Ондағы мақсат қызметкерлер мен оқушылар арасында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Базарбаева Ақмарал Зулпыхаровна алдағы уақытта осы мерекеге түзілген іс-шараға белсене қатысуларын тілге тиек етіп кетті. Қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру- мектеп ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі. Әрқайысымыз қауіпсіздік мәдениетін сақтасақ, жұмысымыз да нәтижелі әрі сапалы болады.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Аудандық іс шара

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы – Түлкібас ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай аудандық бастауыш кәсіподақ комитеттерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары жүргізілген. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишевтің қатысуымен өткізілген іс шараларды қортындылау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен қосымша түсіндірме семинар жұмыстары төмендегі күнтізбе бойынша өткізілді.

15.04.2026ж Макаренко ат. ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 17.

16.04.2026ж Б.Момышұлы ат. ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 11.

17.04.2026ж М.Лермонтолв ат. ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 12.

20.04.2026ж Майлыкент ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 11.

Аудан мектептерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары «Ұжымдық шарттың» талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

Мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары ҚРЕК-181, ҚРЕК-182 бабтарының 1-тармақтары бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрақты қадағалануда.

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаз мінбері!

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы Жанкент ЖББМ Аскарова Лаззат Уалихановна – тарих пәнінің мұғалімі. Білімі: жоғары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, “Тарих, құқық және экономика негіздері” Педагог-сарапшы біліктілік санатының иесі Аскарова Лаззат Уалихановна оқушыларға білім берумен қатар, бірнеше үздік нәтижелерге қол жеткізді. 2019ж. Абай Құнанбаевтың -175 жылдығына арналған Республикалық байқауында дарынды балаларды жігерлендіруге белсенділік танытып, жас ұрпақты өнерге, шәкірттерінің бойына еңбекқорлық қасиетті дарыту жолында ерінбей еңбек еткені үшін Аскарова Л.У. алғыс хатпен марапатталды.

2019ж. “Менің кіші Отаным” тақырыбында өткізілген жас тарихшылардың ІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде “Кішкентай Отанымның символы” номинациясы бойынша бойынша оқушысын жоғары деңгейде дайындағаны үшін Аскарова Л.У. алғыс хатпен марапатталды.

2019-2020жж. Тарих және география пәндерінен “Критериалды бағалаудың білім сапасын арттырудағы рөлі” тақырыбында өткен аудандық семинарда үлгілі сабағын жоғары деңгейде өткізгені үшін Аскарова Л.У. марапатталды.

2021ж. “Менің кіші Отаным” тақырыбында өткізілген жас тарихшылардың республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде “Менің туған өлкем” номинациясы бойынша оқушысы жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін Аскарова Л.У. марапатталады.

2021ж. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз білімін, біліктілігін жоғары дәрежеде таныстқаны үшін “ Құрмет грамотасымен” Аскарова Л.У. марапатталады.

2021-2022 жж. Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған “Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту саласындағы жаңашылдығы” тақырыбында Республикалық ғылыми-шығармашылық байқауында шәкірті жеңімпаз болған үшін Аскарова Л.У. марапатталады.

2022ж. Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Аскарова Л.У. “Құрмет грамотасымен”марапатталады.

2023ж. Жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз білімін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Аскарова Л.У. марапатталады.

2024ж. Еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін ел ертеңі өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім берудегі қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық еңбегі үшін Аскарова Л.У. марапатталады.

2025ж. Жас ұрпақты саналы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері мен ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістерін жоғары дәрежеде танытқаны және өскелең ұрпақтың рухани зияткерлік деңгейін дамыту жолында аянбай еңбек етіп, “Мектептің жүрегі-тірегі” номинациясы бойынша ІІ орын иеленгені үшін Аскарова Л.У. марапатталады.

2025ж. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғмдық даму министрлігі.Республикалық “Жаңашыл ұстаз” Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ұстаздар арасындағы “Үздік педагог-2025”атты байқауына ұсынған жұмысы үшін Аскарова Л.У. марапатталады.

2025ж. Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі

Еліміздің педагогикасының дәрежесін көтеріп, болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің дамуына үлес қосып, сапалы білім берумен қатар педагогикалық ізденіс жолындағы еңбегі үшін Аскарова Л.У марапатталады.

2025ж. Республикалық “Жаңашыл үздік ұстаз” баспасы ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы “Нұрлы жас буын” атты байқауына жұмысын ұсынып оқушысы І дәрежелі дипломмен марапатталғаны үшін Аскарова Л.У.марапатталады.

2025ж. Дарын Республикалық Ғылыми- практикалық орталығы “Ақбота” зияткерлік олимпиада жеңімпаздары (І,ІІ дәрежелі диплом)

2026ж. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасындағы “Яссауитану”Республикалық байқауының аудардық кезеңінде оқушысы ІІІ орынмен марапатталды.

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026» аудандық жарысы өткізілді

Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 сәуір күні аудандық «Ұстаз барысы – 2026» жарысы өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен жарысқа барлық жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың қортындысына сәйкес жеңімпаз болған, жүлдегер болған ұстаздарымызға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Ұстаз барысы – 2026» жарысына белсен қатысқан ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Аудандық іс шара

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектеп” комммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған “ОЙ ДОДА” атты мұғалімдер бәйгесі өткізілді.

Байқауға мектеп ұстаздарынан құрылған 5 топ қатысып өнер көрсетті. Қатысушылар өз бойындағы ұстаздық ұлағаттарымен бірге командалық ынтымақтастықтарын көрсете білді.

Байқауға аудандық кәсіподақ ұйымы маманы С.Бейсенов және “Тұран” мектеп гимназиясы мұғалімі Т. Аралбаев қатысты. Мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Сәдібеков ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарып, іс-шараны өз деңгейінде өткізді. Байқау жеңімпаздары Алғыс хаттармен марапатталып, командаларға сыйлықтар табысталды.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 3 4 5 6 7 90