Аудандық іс шара

Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітірушілер мен басқа да оқу жылын аяқтаған оқушылар үшін Соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау тек оқушыларға емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке.

Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз.

Сіздерді бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейміз. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

«Соңғы қоңырау» мерекесіне орай Сайрам аудандық кәсіподақ комитеті «Айнабұлақ» НОМ, «Бес-кепе» НОМ, С.Рахимов ат ЖББМ, № 41 Оразалиев ат ЖББМ, № 92 «Ақсу» ЖББМ ұстаздарын облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі, Республикалық «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасы, Түркістан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы,облыстық кәсіподақ комитетінің және аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады.

«Соңғы қоңырау» мерекесі құтты болсын!

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

«ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Мырзакент кентінде орналасқан Мақтаарал мәдениет үйінде «Олимпиада жүлдегерлері – ел мақтанышы» атты Республикалық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған іс-шара өткізілді.

Шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Пулатова, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанова, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, ата-аналар, БАҚ өкілдері мен Республикалық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Ұлағатты ұстаздарымызбен ата-аналарды және жеңімпаз оқушыларымызға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараны аудан әкімі Б.Асанов құттықтау сөзімен ашып, барша ұстаздар мен оқушыларға шынайы лебізін білдіріп, болашақта Мақтаарал ауданының атын тек Республика деңгейінде ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейде де таныта берулеріне шынайы тілеулес екенін жеткізді.

Мерекелік шара барысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген оқушыларымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында өлшеусіз еңбегін сіңірген мектеп директорларына, мектеп директорларының орынбасарларына, пән мұғалімдеріне және оқушыларымыздың ата-аналарына Түркістан облысы білім басқармасының, Мақтаарал ауданы әкімінің, аудандық білім бөлімінің және аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары табысталып, тапсырылды.

Сонымен қатар Республикалық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған 53 ұстазымызға Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан Қырғыз Республикасында орналасқан «Ыстық көл» демалыс аймағына барып, демалып қайтуы үшін тегін жолдамалардың сертификаттары табысталды.

Шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздарымызбен ата-аналарымыз, оқушыларымыз көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Өскелең ұрпағымыздың болашағы баянды, келешегі кемел болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық жарыс

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ардагері, Жоғары Кеңестің депутаты, Түркістан облысының құрметті депутаты, Келес және Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы Бейсенәлі Қырғызалиевті еске алуға арналған әйелдер арасындағы «Волейбол» және «Арқан тарту» спорт түрлерінен мектепаралық жарыс өткізілді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Т.Артыков және Бейсенәлі Қырғызалиевтің ұлы Қырғызалиев Нұралы Бейсенәліұлы құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Тартысты өткен аудандық жарыстың қорытындысы бойынша «Арқан тарту» ұлттық спорт түрінен: І орын – №1 «О.Есімов» ЖББМ

ІІ орын – №2 «Ө.Жәнібеков» атындағы мектеп-гимназиясы

ІІІ орын – №21 ЖББМ

Әйелдер арасындағы волейбол жарысы бойынша: Бас жүлде-№46 «Абай» ЖББМ

І орын – №20 «Т.Бердияров» ЖББМ

ІІ орын – №11 «Жолбасшы» ЖББМ

ІІІ-орын – №37 «Р.Қошқарбаев» ЖББМ

Жеңімпаз командалар чемпиондар кубогымен, медальдармен, ақшалай сертификаттармен және білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Арқан тарту ұлттық спорт түрінен: І орын – 50 000 теңге

ІІ орын – 40 000 теңге

ІІІ орын – 30 000 теңге

Волейбол спорт түрінен: Бас жүлде – 200 000 теңге

І орын – 150 000 теңге

ІІ орын – 120 000 теңге

ІІІ-орын – 90 000 теңге

Сонымен қатар, «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша және белсенді қатысқан спортшыларға арнайы Құрмет грамоталары табысталды.

Әділ төрелік еткен 8 төрешіге қаржылай сыйақылар мен арнайы марапаттар берілді.

Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз!

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрат Асылбекұлы Төлебаевтың ұйымдастыруымен 2026 жылдың 6 мамыр күні «7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай тағылымы мол дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ауданымыздың білім саласындағы қызметкерлер мен белсенді кәсіподақ мүшелері қатысып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы азаматтардың ерлігі мен еңбегі кеңінен дәріптелді.Кездесу барысында Отан алдындағы борыш, патриоттық тәрбие, жас ұрпаққа үлгі боларлық құндылықтар жөнінде мазмұнды пікірлер айтылып, ашық ой алмасу өтті. Бұл шара – елге қызмет етудің маңызын ұғындырып, бірлік пен ынтымақтастықты нығайта түскен, рухани мәні зор басқосу болды.Іс-шарада бірқатар ұстаздар «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырды.Сонымен қатар «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен,Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамотасымен және Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің марапаттарымен марапаттады.

Кәсіподақ белсенділері «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

Барша Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтай отырып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін атқарып жүрген еңбектеріне алғыс білдіреміз!

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен іс-шаралар жоспары негізінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс-шаралар жасалып өтілді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күні аудандық кәсіподақ комитеті бекіткен іс-шара негізінде жасалды. Еңбекті қорғау күніне байланысты көрнекіліктер, плакаттар ілінді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мектептің кәсіподақ төрағалары мұғалімдерге слайдтар бойынша кең ауқымды ақпарат берді. Ұстаздар арасында үлкен пікірталас орын алды. Мектепте еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді және мақсатты зерделеу жүргізілді. Ұйым басшыларымен қауіпсіздік талаптары туралы кеңестер өткізілді. Ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылды, еңбекті қорғаудың жай-күйіне қатысты көп мәліметтер берілді.

Бұл іс-шараға белсене қатысқан мұғалімдерді аудандық кәсіподақ комитеті алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттады.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Ұстаз барысы – 2026» анықталды

2026 жылдың 29-30 сәуір күндері Ордабасы ауданы, Темірлан спорт кешенінде Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында қазақ күресінің мәртебесін көтеріп, спортқа баулу, ұлттық рухты қалыптастыру, кәсіптік өсуіне ықпал ету, мұғалім еңбегінің мәртебесін көтеру мақсатында “Ұстаз барысы – 2026” жарысы өткізілді.

Облыс көлемінде өткен жарысқа 150-ге жуық спортшы 7 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өз ара сынға түссе, түйе балуан бәсекесінде 15 балуан күш сынасты. Кіл мықтылар бәсекесінде Мақтаарал ауданының балуаны Заиров Заир “Ұстаз барысы” атанып, облыстық кәсіподақ комитеті атынан арнайы “Түйе балуаны” белбеуі мен қаржылай сыйлық тапсырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:

1 – орынды Төлеби ауданы,

2 – орынды Отырар ауданы,

3 – орынды Ордабасы аудандары иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек, облыстық маслихат депутаты Әбіш Дулат, Ордабасы аудандық маслихатының төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, “Ұстаз барысы” жарысының негізін қалаушы Самат Тілеулиев құттықтап, білім берумен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақтың қалыптасуына үлгі болып жүрген балуандарымызға алғыс білдірді.

Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен, медальдармен және облыстық кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Қазақстан Республикасы мектептерінде еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Бәйдібек ауданы, «Қаратау» жалпы білім беретін мектебінде арнайы жоспар құрылып, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған маңызды күн болып табылады.

Государственные услуги Казахстана

Өткізілген іс-шаралар:

Мектепте бекітілген жоспарға сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды:

Сынып сағаттары

«Еңбек қауіпсіздігі – басты талап» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Дөңгелек үстел

Мұғалімдер мен қызметкерлер арасында «Еңбекті қорғау – өмірді қорғау» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды.

Түсіндіру жұмыстары

Еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, қызметкерлерге қауіпсіздік талаптары ескертілді.

Көрнекілік жұмыстары

Мектеп дәліздеріне қауіпсіздік ережелері бойынша бұрыштар, плакаттар ілінді.

Ашық сабақтар және әңгіме сағаттары

Оқушыларға еңбек мәдениеті мен қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Қауіпсіздік бойынша тексеріс

Мектеп ғимаратында қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді.

 

Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс- шара

Бәйдібек ауданы,  “Мыңбұлақ жалпы білім беретін мектепте” «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында қадағалау іс-шарасы» өткізілді.

Іс-шараға мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, кәсіподақ комитетінің мүшелері, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі еңбек инспекторы қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлер мен оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек және оқу ортасын қалыптастыру, сондай-ақ өндірістік және оқу үдерісі барысында туындауы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу.

Қадағалау барысында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:

  • мектептің ішкі еңбек тәртібінің сақталуы;
  • еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың орындалуы;
  • оқу кабинеттерінің, зертханалардың және техникалық бөлмелердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
  • қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өту жағдайы;
  • еңбек қауіпсіздігіне қатысты құжаттамалардың жүргізілу сапасы;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының ұйымдастырылу деңгейі.

Қоғамдық бақылау тобы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, еңбек қауіпсіздігіне қатысты барлық қажетті құжаттарды зерделеп, олардың талапқа сай жүргізілуіне талдау жасады. Сонымен қатар, білім беру мекемесіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейіне жан-жақты баға берілді.

Іс-шара барысында анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, оларды жою жолдары түсіндірілді. Қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру қажеттілігі атап өтілді.

Жалпы, жүргізілген қоғамдық бақылау іс-шарасы мектеп ұжымында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау деңгейін арттыруға және қызметкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге оң әсерін тигізеді.

 

Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

“Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ” КММ-де “Дүниежүзілік Еңбекті қорғау” күніне орай ерекше форматта «Жаңа дәуірдің жарық жұлдызы» атты мұғалімдер сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Аталған іс-шара бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ерназарова Рыскул Анасратдиновнаның ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Сайыстың басты мақсаты – ұстаздардың шығармашылық әлеуетін ашу, кәсіби шеберлігін шыңдау, жаңашыл идеяларын насихаттау және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды.

Сайысқа әр пәннің үздік мұғалімдері қатысып, өз білімдері мен біліктерін жан-жақты көрсетті:

С. Серикбаева (орыс тілі мен әдебиеті),

Ө. Айтбаев (көркем еңбек),

Л. Батанова (ағылшын тілі),

Г. Коскараева (қазақ тілі мен әдебиеті),

Ж. Турегельдиева (бастауыш сынып),

З. Валиева (тарих),

А. Джусипова (математика).

Білім мен білікті, шеберлік пен шабытты ұштастырған сайыста қатысушылар өздерін таныстырып, портфолиоларын қорғап, шеберлік сабақтарын өткізіп, түрлі педагогикалық жағдаяттарды шығармашылықпен шеше білді. Әр ұстаз жаңа дәуір мұғалімінің жарқын бейнесін танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сайыс қорытындысы бойынша:

«Жаңа дәуірдің жарық жұлдызы» – Бас жүлде: З. Валиева

«Заманауи ұстаз» – І орын: Л. Батанова

«Жаңашыл зияткер мұғалім» – ІІ орын: Ж. Турегельдиева

«Жаңашыл көшбасшы» – ІІ орын: С. Серикбаева

III орын:

«Шәкірт жүрегінің тірегі» – Г. Коскараева “Цифрлы маман” – А. Джусипова

Номинация:

«Шығармашыл, ізденімпаз ұстаз» – Ө. Айтбаев.

Ұлағатты ұстаздарымызға демеуші болып, сыйлықтарымен қуантқан Жетісай аудандық кәсіподақ комитетіне алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Бірлік пен береке, білім мен ізденіс әрдайым қатар жүре берсін! Ұйымдастырушы ұстаздарымызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

2026 жылы «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай Сауран ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен Jalil Abdullaev зияткерлік мектебінде «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігін басқару жүйесі» тақырыбында маңызды семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима қатысып, оның қолдауымен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны басқару тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ төрағалары, техникалық еңбек инспекторлары және сала мамандары қатысып, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ еңбек мәдениетін қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің өкілдері сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жан-жақты баяндалды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін ортаға салды. Әсіресе, алдын алу шараларын күшейту, еңбек заңнамасын жүйелі түсіндіру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар соңында еңбек саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталып, олардың кәсіби жетістіктері жоғары бағаланды.

Сонымен қатар, дәл осы күні Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектепте де осындай мазмұндағы іс-шара ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар ұжымда қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға және кәсіподақ қызметінің беделін арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 2 3 4 5 90